23 қазан 2016 12:31

Ван Дамм АҚШ-ты Ресеймен достасуға шақырды: Путинмен арақ ішу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tmz.com © tmz.com

Голливуд актері Жан-Клод Ван Дамм TMZ порталына берген сұхбатында, АҚШ-қа Дональд Трамп сияқты президенттің керектігін айтты. Сонымен қатар Ақ үйге "ресейлік кибершабуылдарға" алаңдамай, Ресейге ұшып барып Владимир Путинмен арақ ішіп достасуға әрекет жасау керектігін айтты.

"Мен Американы жақсы көремін. Мен бір тиынсыз осы елге келіп, осы адамдардың арқасында жұлдыз болдым. Маған осы жерде жақсы. Алайда қазіргу уақытта, АҚШ-қа кәсіби тұрғыдан қарау қажет, себебі сіздердің мәселелеріңіз көп. Мен көп саяхаттаймын - Гонконгта тұрамын, Америкаға келемін, Еуропаға барамын. Мен Ресей президенті Путинмен, Италияның экс-премьері Сильвио Берлусконимен, Қытайдағы адамдармен, Дональд Трамппен кездестім", - деді актер. 

Ван Дамның айтуынша, Америка мен Ресей - екі алпауыт мемлекет, сондықтан олар әлемдегі бейбітшілік үшін қол алысуы тиіс. Басқа мемлекеттер әлсіз. Актер өз сөзінің соңында АҚШ-қа Трам секілді президенттердің керектігін айтты. 

АҚШ-та президент сайлауы 8 қараша күні өтеді. Los Angeles Times газетінің соңғы санағы бойынша Трамп (44,3) өз қарсыласы Хиллари Клинтоннан (44,1) біршма озған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети