30 желтоқсан 2014 14:43

Виктор Храпуновтың қызы АҚШ-тағы үйін әнші Бруно Марсқа сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Бруно Марс ©REUTERS Әнші Бруно Марс ©REUTERS

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың қызы Эльвира Калифорниядағы үйін 6,5 миллион долларға сатты. Жылжымайтын мүлікті сатып алған адам - америкалық атақты әнші, композитор Бруно Марс, - деп хабарлайды Variety. Виктор Храпунов - 24 қылмыстық істің фигуранты. 


Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың қызы Эльвира Калифорниядағы үйін 6,5 миллион долларға сатты. Жылжымайтын мүлікті сатып алған адам - америкалық атақты әнші, композитор Бруно Марс, - деп хабарлайды Variety. Виктор Храпунов - 24 қылмыстық істің фигуранты. 

Эльвираның үйі Лос-Анджелестің беделді Студио-сити ауданында орналасқан, ол ауданда атақты адамдар өте көп тұрады. Келісім желтоқсан айында жасалды. Variety Эльвира Кудряшова деп атаған, бірақ оның басқа да фамилиялармен атағы шыққаны аталып өткен. Виктор Храпуновтың қызы ол үйді 2013 жылы шілдеде алған. Журналистердің мәлімдеуінше, ол үйді бір ер адаммен бірігіп алған, ол оның күйеуі де болуы мүмкін. Келісімнің ол кездегі сомасы 5,7 миллион доллар болды. Хранпуновтың қызы үйді сатуға қойғанда 7,8 миллион доллар сұраған.

Еске сала кетейік, 2014 жылы мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелестің округтік сотына Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасына қатысты шағым түскен болатын. Оған қалаға тиесілі жылжымайтын мүліктерді сатып, 300 миллион доллардан астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды. Бұрынғы әкім әлгі қаржыға Калифорния мен Нью-Йорк қаласынан, Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінен кәсіпорындар, виллалар, автокөліктер мен басқа да активтер сатып алды деп мәлімделген болатын. Шағымданушының талабы бойынша, Лос-Анджелестегі сот алдында Виктор Храпунов және оның әйелі Ләйланың, экс-әкімнің асырап алған қызы Эльвираның күйеуі Дмитрий Кудряшов пен асыранды ұлы Ілиястың жұбайы Мәдина Әблязованың да жауап беретіні хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети