12 қаңтар 2015 17:38

"Внуково" әуежайындағы апатқа айыпталушыларды қолдауға арналған кезекті митинг өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апаты бойынша айыпталушыларды қолдауға арналған кезекті митингке тағы 500 адам қатысқалы отыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Ресейдің әуе диспетчерлері кәсіподағының заң бөлімінің басшысы Олег Бабич мәлімдеді.


Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апаты бойынша айыпталушыларды қолдауға арналған кезекті митингке тағы 500 адам қатысқалы отыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Ресейдің әуе диспетчерлері кәсіподағының заң бөлімінің басшысы Олег Бабич мәлімдеді.

Бабичтің айтуынша, митинг 24 қаңтарда болады. Митингті ұйымдастырушылар апаттан кейін қамауға алынған әуе диспетчерлері: Светлана Кривсун, Роман Дунаев пен Александр Кругловтың босап шығуын талап етіп отыр. Айта кетейік, бұған дейін 2014 жылғы қарашаның 8-і күні болған митингке де 500 адам қатысқан еді.

"Митингке қатысуға 500 адамнан арыз түсті. Оған сол күні жұмыста болмаған диспетчерлер де қатысады. Сонымен қатар, 14.00 ауысымын жақтайтындардан бөлек жұмыстан сол күні қайтатындар да бұл митингке қатыса алады", - деді Бабич.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 21 қазанына қараған түні "Внуково" әуежайында Falcon ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ ұшу жолағында қар тазалайтын көлікпен соғысты. Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты. Жеңілмоторлы Falcon ұшағының бортында Total француз энергетика концернінің президенті Кристоф де Маржеримен бірге экипаж мүшелері Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Пикан Яннь Жак Жозеф те қайтыс болды. Кейін РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин осы оқиға бойынша "Внуково" әуежайының қар тазалау жұмыстарына жауапты аэродром қызметінің жетекші инженері Владимир Леденев, әуежайдың ұшуларды басқарушысы Роман Дунаев, әуежайдың диспетчер-стажері Светлана Кривсун және апат кезінде "Внуково" әуежайының ұшу қозғалыстарына жетекшілік еткен диспетчер Александр Круглов ұсталғанын мәлімдеді. Іс фигуранттарының бәріне үй қамауына алу бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети