14 қазан 2014 09:59

WikiLeaks сайтының негізін қалаушы өз киім желісін шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джулиан Ассанж. ©Ridus.ru Джулиан Ассанж. ©Ridus.ru

Саяси әшкерелеулермен айналысатын WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж өз киім желісін шығарады, - деп хабарлайды РИА Новости Times of India басылымына сілтеме жасап.


Саяси әшкерелеулермен айналысатын WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж өз киім желісін шығарады, - деп хабарлайды РИА Новости Times of India басылымына сілтеме жасап.

Қазір Джулиан Ассанж Franchisee India үнді компаниясымен қызметтестігінде үнді тұтынушыларына арнап жеке киім линиясын жасаумен айналысып жатыр. "Үндістан - бұл WikiLeaks сайтынан хабардар елдердің бірі, және Джулиан өзіне келіп түскен бұл ұсыныстан шабыт алды", - дейді WikiLeaks өкілі. Оның айтуынша, WikiLeaks брендінің монетизациясы негізінде жеке қайырымдылық жәрдемімен күн көріп отырған сайтқа қосымша табыс әкеледі.

Киім оңтүстікамерикалық революционер Че Гевараның суреті стилінде жасалған Джулиан Ассанжтың суретімен әрленеді. Ұйым әр елде киім сатумен айналысатын агенттермен келісімшарт жасады. Бұлардың қатарында Франция, Германия, Австрия, Швейцария, Испания және Португалия елдері бар.

Джулиан Ассанж 2006 жылы WikiLeaks сайтында жасаған жұмысымен танымал болды. Сайт құпия құжаттарды жариялау үшін құрылған. WikiLeaks айналасындағы дау 2010 жылдың аяғында АҚШ қызметінің дипломатиялық құжаттардың жарияланған кезде шықты. Бастапқыда Джулиан Ассанж 2010 жылдың желтоқсан айында Лондонда ұсталды. Оны жыныстық қылмыс бойынша күдікті деп тапқан Швеция оған айып тақпады, ал қамауға алу туралы еуропалық ордер полицияға куәлік беруге бармай, Швециядан Ұлыбританияға кетіп қалуы соттың іс қарауына негіз болды.

Джулиан Ассанж 2012 жылдың шілде айынан бері Ұлыбритания аумағында, Эквадор елшілігін паналап жүр. Британ жоғарғы соты WikiLeaks сайтының негізін қалаушысын Швецияға экстрадициялау туралы қаулы шығарды. Джулиан Ассанж болса оны АҚШ билігіне тапсыруы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Онда Джулиан өлім жазасына кесілуі мүмкін. Эквадор оған баспана беру туралы шешім шығарды, бірақ Ұлыбритания үкіметі Швеция алдындағы "міндетін атқаруға" бел байлап отыр. Елшілік ғимаратының алдында полиция жасағы күзетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети