Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Янукович Путиннің сөзін "саяси шоу" деп атады

23 Маусым 2015, 08:41
0
Виктор Янукович пен Габриэль Гейтхаус. ©BBC кадры
Виктор Янукович пен Габриэль Гейтхаус. ©BBC кадры

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Ресей президенті Владимир Путиннің "Украина мемлекет емес" деген сөзін "саяси шоу элементі" деп атады. "Білесіздер ме, бұл сондай саяси шоудың элементтері", - деді Янукович BBC арнасының тілшісі Габриель Гейтхаусқа берген сұхбатында. Бұл оның биліктен кеткеннен кейін батыс БАҚ-тарына берген тұңғыш сұхбаты болды.

Украинаның бұрынғы басшысы оның билігінің екі елдің қарым-қатынасында қақтығыстың алдын алу түрінде болғанын айтты. Екі елдің арасындағы қарым-қатынастың өршіп кетуін Янукович Киевтің үлкен қателігі деп атады.

"Біз, екі ел ретінде, тарихи шындық пен бүгінгінің шындығынан тату көршілік қарым-қатынастан қол үздік. Көршіні таңдамайды дейді. Олар болса біздің көршіміз ғой", - деді Янукович.

Ол 2014 жылдың ақпан айында Киевтегі оппозиционерлер мен милицияның қақтығысы кезінде қаза болған жүзден аса адамның өліміне билікті басып алғысы келген радикалдар жауапкершілік алады. 

Януковичтің айтуынша, ол қысым көрсетуден бас тартуға тырысты. "Мен қантөгіске қарсы болдым. Ешқандай да билікті адамның бір тамшы қанына тұрмайды деп есептедім. Сондықтан Украинада қан төгілмесе екен дедім. Украинада соғыс болмауы үшін қолымнан келгенін жасадым", - деді ол.

Экс-президент құқық қорғау органдарына шеруге шыққандарға қарсы қару қолдану туралы бұйрықты бермегенін айтады және милицияны оларға оқ атқан радикалдар айдап салды деп есептейді. 

Сонымен бірге, Янукович Межигорьедегі резиденциядан табылған байлықтың өзіне тиесілі емес екенін мәлімдеді. "Резиденцияға келер болсақ, оның технологиялар екенін білесіздер ғой. Бұл технологиялар. Мен президенттің міндеттерін атқардым, халықаралық кездесулер өткізетін қандай да бір орным болуы керек еді", - деп мәлімдеді ол. 

Януковичтің сөзіне қарағанда, резиденция аймағында оның иелігінде тек ауданы 630 шаршы метр болатын үй болған, сол үйді ол жеке қаражатына - 3 миллион долларға сатып алыпты және арнайы заңдастырылыпты. Ал қалған зат, оның айтуынша, иелігінде болған емес, оның ішінде страустары бар хайуанаттары бағы да оның мүлкі емес екен. Януковичтің айтуынша, ол "сол жақта мекендеген страустарға" жағдай жасаған. 

Еске салайық, Янукович өткен жылдың ақпан айында оппозициямен жүзден аса адамның өлімімен аяқталған көпайлық қарсыласуының аясында қызметінен босатылған еді. Бұдан кейін ол Ресейге қашып кетті.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай