Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ыстамбұл әуежайындағы теракт: 36 адам қаза тапты, 60 адам ауруханаға жеткізілді

29 Маусым 2016, 09:12
0
Ататүрік атындағы халықаралық әуежай. Ыстамбұл.
Ататүрік атындағы халықаралық әуежай. Ыстамбұл.

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының рейстерді қабылдап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Haberturk телеарнасына сілтеме жасап.

"Біз әуежайды аштық, әуе хабарламалары қалпына келтірілді", - деп келтіреді премьердің мәлімдемесін телеарна.

Осыған дейін Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында таңғы сағат 8.00-ге дейін барлық рейстің тоқтатылғаны хабарланған еді. 

Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 60 адам ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда шабуылды екі лаңкес жасаған, олар граната лақтырған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай