Ыстамбұлдағы терактіден кейін ДАИШ-пен байланысы бар деген күдікпен 60-қа жуық адам ұсталды

13 Қаңтар 2016, 10:46
0
Ыстамбұлдағы терактіден кейін ДАИШ-пен байланысы бар деген күдікпен 60-қа жуық адам ұсталды - © REUTERS
© REUTERS

Түрік полициясы 12 қаңтарда Ыстамбұлдағы терактіден кейін елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс провинциаларында жүргізілген операциялар кезінде ДАИШ-қа қатысы бар деген күдікпен 59 адамды ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы Sabah газетіне сілтеме жасап.

Операцияның 22 мекен-жай бойынша бір уақытта жүргізілгені айтылады. Полицияның мәліметінше, күдіктілердің жартысы Сирияда ДАИШ-қа қосылуды жоспарлап жүрген, қалған жартысы лаңкестік ұйымның тапсырысымен Түркияда терактілерді жоспарлаған. Осыған дейін түрік БАҚ-тары ДАИШ-тың Анкарада жарылыстарды ұйымдастырмақ болған мүшелерін ұстағанын хабарлаған еді. 

Жойқын жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 14.20-да Сұлтанахмет алаңындағы трамвай аялдамасы маңында болған. Сол кезде аялдамада Германиядан келген саяхатшылар болыпты. Болжам бойынша, жарылысты жанкешті жасаған. Қазақстан СІМ Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр. Осыған дейін Түкия билігінің бұқаралық ақпарат құралдарына Ыстамбұлдағы жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салғаны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай