30 желтоқсан 2019 | 09:38

Зеленский Донбасста босатылған украиналықтармен кездесті

© facebook.com/president.gov.ua

Украина Президенті Владимир Зеленский Донбасста босатылған украиналықтарды Киевтегі Борисполь әуежайында ұшақ трапынан күтіп алды, - деп хабарлайды "112 Украина".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина Президенті Владимир Зеленский Донбасста босатылған украиналықтарды Киевтегі Борисполь әуежайында ұшақ трапынан күтіп алды, - деп хабарлайды "112 Украина".

Зеленский ұшақтан түскен әрбір украиналықпен қол алысып, құшақтасты. Бірінші болып әскерилер шықты. 

Реклама
Реклама

"Біз өз адамдарымызды қайтардық, 81 адам босатылды, 76-сы қазір Украинада, Украина бақылайтын аумақта, ал қалған алтауы оккупацияланған аймақта жүр", - деді Зеленский әуежайдағы брифингте. 

"Украина Президенті "Беркут" бұрынғы сарбаздарын айырбастау туралы да пікір білдірді. "Зеленскийдің айтуынша, бұл екінші тараптың талабы болған және бұл шешім дұрыс екенін еш күмән келтірмейтінін айтты. "Егер менде тағы 100 "бүркітші" болса, оның орнына маған бір тыңшыны берсе, мен оларға ойланбастан 100 "бүркітшіні" берер ем және тыңшыны аман қайтарар едім", - деді ол. 

Айта кетейік, 29 желтоқсанда Донбаста екі жылда бірінші рет тұтқындарды айырбастау операциясы жүрді. Киев Донбассқа 120-дан аса адамды берді, ал Украина бақылайтын аймаққа 76 адам қайтарылды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная