< Назад к документу

Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 қыркүйекте № 7349 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Шортанды аудандық мәслихатының шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының әкімдігі

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ С-46/3 шешімімен
бекітілген

Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысының негізінде әзірленді және Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шортанды ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, Шортанды ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 9 мамыр – Жеңiс күнi;

      2) 1 қазан – Қарттар күні;

      3) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.09.2020 № С-63/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы дербес шоттарына аудару жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысының жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

      9. Осы Қағидалар Шортанды ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      еңбек ардагерлері;

      "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;

      ең төмен және зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер;

      барлық топтағы мүгедектер;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру);

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      өмірлік қиын жағдайға тап болған, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар (отбасылар);

      аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Әлеуметтік көмек белгіленеді:

      1) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерде:

      Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      Қарттар күніне:

      ең төмен және зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      барлық топтағы мүгедектерге;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға;

      2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескерместен жылына бір рет:

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      мемлекеттік медициналық ұйымдармен жұмысқа орналасу туралы шарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттеріне оқу орнымен жасасқан шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құнының мөлшерінде төлеуге.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей көрсетіледі.

      3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, жылына бір рет:

      табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      – шұғыл емделуге (ота жасау);

      – кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;

      4) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде жыл сайынғы өтініш беру бойынша:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді және телефон байланысының қызметтері үшін абоненттік ақыны ұсынылған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге коммуналдық қызметтерді төлеу үшін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.09.2020 № С-63/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқанда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шортанды ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шортанды ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2020 № С-69/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Шортанды аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 29 тамыздағы
  № С-46/3 шешіміне
  қосымша

Шортанды аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашада аудандық "Вести", "Өрлеу" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № С-44/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5211 тіркелген, 2016 жылғы 30 қаңтарда аудандық "Вести", "Өрлеу" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      3. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 11 мамырдағы № С-3/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5407 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      4. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 4 тамыздағы № С-6/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5504 тіркелген, 2016 жылғы 29 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      5. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 2 қазандағы № С-31/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6806 тіркелген, 2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Назад к документу

Заңдар - Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 29 тамыз 2019) V19BR007349

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 300725
    Қазақ тілінде 149571
    Орыс тілінде 149574
    Ағылшын тілінде 1580
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы