< Назад к документу

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметті жүзеге асыру қағидаларын және шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 86 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 21243 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметті жүзеге асыру қағидалары және шарттары бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 86 Қаулыға
1-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды. Қағидалар сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық банкінің филиалдарына қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Банктер туралы заңның 29-бабының 12-тармағында көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.

      Рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалының бизнес-жоспары;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары;

      5) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген құжаттар;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар меншікті үй-жайдың болуын растайтын мәліметтер мен құжаттар.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі туралы мәліметтер аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылындағы қаржылық есептілікті (бар болса шоғырландырылғанды қоса алғанда) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бизнес-жоспарында төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпарат қамтылады:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалының толық құрылымын, қаржылық перспективаларды (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг жоспары (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының клиентурасын қалыптастыру), сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты ашу;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалының мақсаттары мен міндеттерінің сипаттамасы және ұсынуға жоспарланған қызмет түрлері;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалының таяу арадағы 5 (бес) қаржылық (операциялық) жылға арналған қызметінің, дамуының, бағыттарының стратегиясы және қызметінің ауқымы;

      таяу арадағы 5 (бес) қаржылық (операциялық) жылға арналған толық жылдық қаржылық жоспар (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспары (банк қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және таяу арадағы 5 (бес) қаржылық (операциялық) жылда оларды басқару тәсілдері);

      таяу арадағы 5 (бес) қаржылық (операциялық) жылға арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы, өзге де құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс.

      6. Өтініш оған қоса берілетін құжаттармен бірге қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

      Уәкілетті орган өтінішті Банктер туралы заңның 23-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде қарайды.

      7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган оларды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      8. Ұсынылған құжаттар Қағидалардың 11-тармағында көзделген рұқсат беруден бас тарту негіздерін қоспағанда, Банктер туралы заңның және Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне оларды жою және Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хат жібереді.

      Уәкілетті орган Қағидаларда көзделген, тазартулары, қосып жазулары не сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      9. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы хабарламаны не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты шешім қабылданған күннен кейінгі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (Банктер туралы заңның 23-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне жібереді).

      10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      11. Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтайшысы - жеке тұлғаның не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі құрылтайшысы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:

      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;

      қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан лицензиядан айыру не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің құрылтайшы - жеке тұлғасы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, қаржы ұйымының бас бухгалтері қызметінде болған жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.

      Көрсетілген талап қаржы ұйымын қалыпқа келтіру туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, қаржы ұйымын төлемге қабілетсіз деп тану туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады;

      2) бизнес-жоспар немесе ұсынылатын өзге де құжаттар:

      алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жыл өткеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің рентабельді болатынын;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тәуекелді шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниет білдіретінін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өз қызметінің жоспарларына сәйкес ұйымдық құрылымы болатынын;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін есептік және бақылау құрылымы болатынын көрсетпейді.

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкінің филиалын
ашуға рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

      _______________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (болған кезде), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті Қазақстан Республикасының бейрезидент-

      банкінің атынан беруге өкілеттігін растайтын нотариат

      _________________________________________________________________________

      куәландырған немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа сілтеме)

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауы

      (кім қабылдаған)

      Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы _____ жылғы

      "___" ________________ №_______ шешіміне сәйкес

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің ашылатын

      _________________________________________________ ашуға рұқсат беруді сұрайды

                        филиалының атауы және орналасқан жері)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің лауазымды тұлғасының не

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік

      берген тұлғаның қолы, күні)

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің филиалын
ашуға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі туралы мәлімет __________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауы) 20___ жылғы "___" _____________________

      1. Орналасқан жері және нақты мекенжайы ____________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      2. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер) ______________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _____________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      __________________________ жүзеге асыру құқығына лицензия.

      5. Қызметтің түрі __________________________________________________________

                  (қызметтің негізгі түрлерін көрсету)

      6. ________________________________________________________________________

                  (ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг, кім берді)

      өтінішін беру күніне халықаралық шәкіл бойынша Қазақстан Республикасы

      бейрезидент- банкіінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі.

      7. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде ірі

      қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру

      болды ма _______

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      8. Құрылтайшы – жеке тұлға _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      1) туған күні _______________________________________________________________

      2) туған жері _______________________________________________________________

      3) азаматтығы _____________________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері_____________________________

      ________________________________________________________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)______________________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы __________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй) ___________________________________

      8) білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5

      9) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5

      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта құрылтайшы – жеке тұлғаның бүкіл еңбек қызметi, сондай-ақ тиісті басқару органдарына мүше болуы, оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ құрылтайшы – жеке тұлғаның еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      11) оларға қатысты құрылтайшы – жеке тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасы бейрезиденті-заңды тұлғасының мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғасының орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы – жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы – жеке тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет;

      12) құрылтайшы – жеке тұлғаның бұрын қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соқтырған қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе резиденті құрылтайшы-жеке тұлға болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының - ірі қатысушысының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер

                  (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі)

      13) құрылтайшы – жеке тұлғаның бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын заңды тұлға – эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға – ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

                                    (иә (жоқ), ұйымның

                        атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетілсін)

      14) құрылтайшы – жеке тұлға бұрын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің уәкілетті органына Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

                              (иә (жоқ),

                  құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

                  жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,

                  тәртiптiк жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      15) құрылтайшы – жеке тұлғада азаматтығы бар елде немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының _________ жоқ екендігі туралы мәліметтерді, (иә, жоқ) құжатты қоса бере отырып растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не құрылтайшы – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжат. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болғанда)

      (құрылтайшы-жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________ Күні _______________________

      9. Құрылтайшы – заңды тұлға _______________________________________________

                                                (атауы)

      1) Орналасқан жері және нақты мекенжайы ____________________________________

      2) мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер) ______________________

      3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ______________________________________

      4) қызмет түрі ____________________________________________________________

                        (қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі)

      5) құрылтайшы – заңды тұлғаның басшысы _____________________________________

                        (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса), туған күні)

      6) соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық

      проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма _____

      олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      7) оларға қатысты құрылтайшы – заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғасының атауы және орналасқан жері

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғасы қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғасының орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы – заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы – заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20___ жылғы "___" _____________

      Құрылтайшы - заңды тұлға басшысының қолы

      ______________________

      10. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші басшысы

      (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға)

      1) туған күні ____________________________________________________

      2) туған жері ___________________________________________________

      3) азаматтығы __________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ___________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _________________________

      _______________________________________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)_______________________

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      10) еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ, тиісті басқару органдарында мүше болуы), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі:

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

      11) жарғылық капиталға қатысуы немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-заңды тұлғалардың акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасының атауы және орналасқан жері

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасы қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соқтырған қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымы заңды тұлғаның заңды тұлға - ірі қатысушының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      13) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушысы (ірі акционері), заңды тұлға – эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      14) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші

      басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) сот

      талқылауларында жауапкер ретінде тартылды ма ____________________

      күні, сот талқылауындағы жауапкер ұйымның атауы,

                  қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетіледі)

      15) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

                  құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы

      тәртiптiк жаза қолдану туралы актінің деректемелері) Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын. Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының бірінші басшысы

      (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) өз қолымен

      баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _____________________

      Күні ______________________

      11. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының басшысы _____

      1) туған күні ______________________________________________________________

      2) туған жері ____________________________________________________________

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ___________________________

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _______________________________________

      6) тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ____________________________________

      7) телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)______________________

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi, сондай-ақ (тиісті басқару органдарына мүше болуы), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі:

      11) жарғылық капиталға немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-заңды тұлғалардың акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасы бейрезиденті-заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасы бейрезиденті-заңды тұлғаның атауы мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының және Қазақстан Республикасы бейрезиденті-заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының басшысы қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соқтырған қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының бірінші басшысы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымы заңды тұлғаның заңды тұлға - ірі қатысушының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер

      _________

                  ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі)

      13) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының басшысы бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын заңды тұлға – эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға – ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетілсін)

      14) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының басшысы

      жауапкер ретінде сот талқылауына тартылды ма ________________________________

      күнін, ұйымның атауын, сот талқылауындағы жауапкерді,

      қаралып отырған мәселені және соттың шешімін көрсету)

      15) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының басшысы бұрын уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқарушы органының басшысы өз

                  қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _____________________

      Күні ______________________

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің филиалын
ашуға рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

(Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкінде басылады)

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат

      № ______                                    20__ жылғы "___" ____________

      Осы рұқсат ________________________________________________________________

                        (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауы)

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсаттың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) ________________________ _____________________

                                    (қолы)                   (тегі, инициалы)

  Қаулыға
2-қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметті жүзеге асыру қағидалары және шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру қағидалары және шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық банктерінің филиалдарына да қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметті жүзеге асыру тәртібі және шарттары

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) Банктер туралы заңның 30-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында, 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген банктік және өзге де операцияларды;

      2) Банктер туралы заңның 30-бабы 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген банктік операцияларды;

      2) егер бұл филиал туралы ережеде көзделсе Банктер туралы заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, Банктер туралы заңның 30-бабы 2-1-тармағының бірінші бөлігінде (Банктер туралы заңның 30-бабы 11-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операцияларды қоспағанда) көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз қызметінде Банктер туралы заңның 75-бабының 4-тармағын басшылыққа алады.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк қызметін операцияларды жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын қағидалар және ішкі қағидалар болған кезде ғана жүзеге асырады.

      6. Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларды Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалының Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларын Банктер туралы заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің тиісті басқару органы бекітеді.

      8. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) Банктер туралы заңның 48-бабы 1-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) қаржылық қадағалау органының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің барлық немесе жекелеген мәні бойынша ұқсас банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы не одан айыруы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы.

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметті жүзеге асыру қағидаларын және шарттарын бекіту туралы (өзгертулер 21 қыркүйек 2020) V2000021243

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 303432
    Қазақ тілінде 150868
    Орыс тілінде 150955
    Ағылшын тілінде 1609
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы