Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 113-649 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 1261 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 285 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде белгіленген Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – ұзақ мерзімді бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 44 030 000 000 (қырық төрт миллиард отыз миллион) теңгеден аспайтын;

      3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін айқындалсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Әкім А. Кульгинов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы