Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25378 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Жамбыл облысының Тараз қаласы және Байзақ ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Р.Дәулет тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Назад к документу

Заңдар - Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы (өзгертулер 25 қараша 2021) V21G0025378

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 338059
    Қазақ тілінде 167553
    Орыс тілінде 168550
    Ағылшын тілінде 1956
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы