< Назад к документу

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 24 ақпанда № 6202 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. № 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.

      2. № 2 қосымшаға сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Жумкина
      Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 19
ақпандағы
№ 2./18
шешіміне 1 қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Жезқазған қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган әлеуметтік көмекті жүзеге асырады.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      3. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет келесі атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсетіледі:

      1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      2) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - Ауғанстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары кезеңінде қатысқан тұлғаларға, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      3) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға және бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға;

      4) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларды еске алу күні - Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) тұлғаларға, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарна, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - саяси құғын-сүргін құрбандары мен саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға;

      7) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні - азаматтық және әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға;

      8) 1 қазан – Қарттар күні – жетпіс бес және одан жоғары жастағы адамдарға;

      9) Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі) - 1 және 2 топтағы мүгедектерге.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2 - тарау. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

      9. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе тұрғын жайға келтірілген залалға өтемақы төлеу үшін және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдайдағы тұлғалардың санатына жатқызу үшін түпкілікті негіздемелердің тізбесі мыналар болып табылады:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босау (жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын);

      2) әлеуметтік мәні бар ауруының болуы (он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын);

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі (елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын).

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек тұлғаларға (отбасына) жан басына шаққандағы табысына қарамастан ұсынылады.

      12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар әлеуметтік көмекке бір ай мерзімде жүгіне алады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      13. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы органының келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.

      14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3 - тарау. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір уақытта бірнеше негізде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаларға көмектің бір түрі көрсетіледі.

      17. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе село әкіміне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      18. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті жеке шотқа аудару үшін, өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымынан немесе екінші деңгейдегі банктен ашылған жеке шотын ұсынады.

      20. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе село әкімі бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      21. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 1, 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе село әкіміне жiбередi.

      Село әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      22. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      23. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      24. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе село әкімінен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      25. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      26. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 22 және 23 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе село әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      27. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      28. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.

      29. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4 - тарау. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      31. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5 - тарау. Қорытынды ереже

      33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың
үлгілік Қағидаларына
1-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20____ жылғы "_____"

      _________________________________________________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы __________________________________________________

      __________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      ____________________________________________________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6

      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      ___________________________________________________________________.

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ____________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      ___________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ____________________________________________________

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________________

      _________________________ __________________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _______

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың
үлгілік Қағидаларына
2-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ____________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

  Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 19
ақпандағы
№ 2./18
шешіміне 2 қосымша

Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 5 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (7968) "Сарыарқа", 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (110) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);

      2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 3/44 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3956 тіркелген, 2016 жылғы 27 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 (7999) "Сарыарқа", 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 (141) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);

      3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 13/136 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4393 тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 27 қазандағы № 42 (8055) "Сарыарқа", 2017 жылғы 27 қазандағы № 42 (197) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);

      4. Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы сессиясының № 26/239 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 тіркелген, 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (8101) "Сарыарқа", 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 37 (243) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);

      5. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 39/345 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 (8165) "Сарыарқа", 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 49 (305) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған).

Назад к документу

Заңдар - Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 19 ақпан 2021) V21KB006202

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 303432
    Қазақ тілінде 150868
    Орыс тілінде 150955
    Ағылшын тілінде 1609
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы