Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысы бойынша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 2 нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелерi А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак қатысқан құрамда:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы А.Т. Қожахметовтің,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.И. Лукиннің,

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Г.Ж. Мергенованың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ә.Қ. Шындалиевтің,

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары С.С. Сәрсеновтың қатысуымен

      өзінің ашық отырысында Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2) тармақшасының нормасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

      Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Ә.А. Темірбековтің хабарламасын, отырысқа қатысушылардың, сарапшылар – А.Н. Ахпанов пен М.Ш. Қоғамовтың сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Парламентаризм институтының, Республикалық адвокаттар алқасының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің, Каспий университетінің, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының қорытындыларын, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің басқа да материалдарын зерделеп, заңнаманы талдай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

      анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2021 жылғы 2 қарашада Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 2) тармақшасының нормасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келіп түсті.

      Ұсынысқа қарағанда, аталған соттың іс жүргізуінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыс, яғни аса ауыр қылмыс, жасады деп айыпталған Н.Н. Ивановқа қатысты қылмыстық іс бар.

      Сот істі алдын ала тыңдаудың нәтижелері бойынша Н.Н. Ивановтың істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхатын қанағаттандырудан Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сілтеме жасай отырып, бас тартқан, оған сәйкес оның қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сотталушы сот шешімімен келіспей, Заңның 2-бабы 2) тармақшасын адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тану туралы ұсыныспен соттың Конституциялық Кеңеске жүгінуі туралы өтінішхат мәлімдеген.

      Аудандық сот Заңның 2-бабының 2) тармақшасы сотталушының Республика Конституциясының 75-бабының 2-тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 631-бабының бірінші бөлігінде көзделген ісін алқабилердің қатысуымен қарауға құқығына нұқсан келтіреді, деп есептейді, өйткені Заңның бұл нормасының қолданылуы салдарынан айыпталушының аталған құқығы істі сотта қарау кезінде жүзеге асырыла алмайды.

      Сондықтан сот Конституцияның 78-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрып, Конституциялық Кеңеске Заңның 2-бабының 2) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінді.

      Заңның 2-бабы 2) тармақшасының конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

      1. Конституцияның 75-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.

      Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыруға алқабилер ретінде азаматтардың қатысуы ерекше конституциялық-құқықтық маңызға ие. Конституциялық Кеңес аталған ережелердің мазмұнын аша отырып, қылмыстық істі соттың алқабилердің қатысуымен қарау мүмкіндігі (Негізгі Заңның 75-бабының 2-тармағы) айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғаудың Конституцияда бекітілген процестік кепілдіктерінің қатарына жататынын, оларды іске асыру тетігі заңмен белгіленетінін түсіндірген болатын. Егер конституциялық норманың өзінде оның заңда немесе өзге де нормативтік құқықтық актіде көзделген (белгіленген) жағдайларда және (немесе) тәртіппен іске асырылатыны туралы нұсқау қамтылса (мысалы, Конституцияның 75-бабының 2-тармағы), онда Конституция нормасының тікелей қолданылуын іске асыру кезінде тиісті заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің ережелерін ескерген жөн (2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулы).

      Алқабилер қатысатын қылмыстық сот ісін жүргізудің нақты моделін заңнамалық реттеу, басқалармен қатар, қылмыстық істердің осындай соттың соттылығына жатқызылуын айқындауды қамтиды. Конституциямен соттардың, соның ішінде алқабилер қатысатын соттың, соттылығына жататын қылмыстық істердің санаттарын айқындау заң шығарушының құзыретіне жатқызылған. Ол бұл мәселені істердің өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігі мен қоғамдық маңыздылығын, оларды тез және тиімді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, шешуге уәкілетті (1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 нормативтік қаулы). Бұл ретте оның дискрециясы абсолютті болып табылмайды және ол қолданатын шаралар Негізгі Заңның, соның ішінде 75-бабы 2-тармағының, нормаларын неғұрлым толық іске асыруға, сот ісін жүргізудің осы нысанынан негізсіз бас тартуға және баршаның заң мен сот алдында теңдігі қағидатын бұзуға жол бермеуге бағытталуға тиіс.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен, ҚПК-нің 631-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған барлық аса ауыр қылмыстарды жатқызу есебінен алқабилер қатысатын соттың соттылығы кеңейтілген. Алайда соттылық туралы жаңа ережелерді қолданысқа енгізу 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдырылған.

      Конституциялық Кеңес бірнеше рет атап өткендей, егер заңда немесе оны қолданысқа енгізу туралы актіде басқа мерзім белгіленген болса, онда оны қолданысқа енгізгеннен кейін ғана, яғни заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде белгіленген мерзімде, заң құқықтық қатынастарды реттеп, белгілі бір заңдық салдарды туындата бастайды (1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 және 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулылар).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында да заңнамалық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, егер актілердің өздерінде немесе оларды қолданысқа енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, қолданысқа енгізіледі деп бекітілген. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, кіші бөлімдерін, параграфтарын, тарауларын, баптарын, баптарының бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтастай бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн (42-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы және 4-тармағы).

      2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын Заңмен белгіленген үш жылдық кезең, әзірлеушілердің пікірінше, құқық қорғау, әсіресе сот жүйесін, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды алқабилердің қатысуымен сот қарайтын қылмыстық істер санының артуы жағдайында тиісті жұмыс атқаруға дайындау үшін қажет.

      Конституциялық Кеңес нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді кейінге қалдыру мерзімдері ақылға қонымды болуы және жаңа нормативтік ережелердің тиісті қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, кадрлық және өзге де жағдайлар жасауға бағытталуға тиіс деп пайымдайды.

      Осылайша, Заңның 2-бабының 2) тармақшасы өзінің мазмұны бойынша Негізгі Заңның 13-бабы 2-тармағының, 62-бабы 8-тармағының және 75-бабы 2-тармағының ережелерімен келіседі.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

      қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

      3. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

Назад к документу

Заңдар - Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысы бойынша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы (өзгертулер 24 қараша 2021) S2100000002

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 340637
    Қазақ тілінде 168790
    Орыс тілінде 169849
    Ағылшын тілінде 1998
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы