Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" (2022 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жария етілді)

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің 2022 жылғы 20 маусымдағы Жолдауы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сəйкес Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Парламентіне "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" Жол дауын (бұдан əрі – КК жолдауы) ұсынады.

      Конституциялық Кеңестің бұл Жолдауы оның өткен 26 жыл ішіндегі қызметінің нəтижелерін көрсететін қорытынды құжат болып табылады. Қолданыстағы Конституция қабылданғаннан кейін құрылған Конституциялық Кеңес құқықтық мемлекеттің қағидаттарын бекіту ісіне лайықты үлес қосты.

I.

      Осыған дейінгі Жолдау жария етілген соң өткен жыл қазақстандық мемлекеттіліктің дамуы үшін айрықша оқиға – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тəуелсіздігінің 30 жылдығымен есте қалды.

      1991 жылғы 16 желтоқсан əлемдегі жаһандық бетбұрыстар аясында əрбір қазақстандықтың, азаматтық қоғамның, мемлекеттік аппараттың жəне жалпы еліміздің өмірін түбегейлі өзгерткен шын мəніндегі тарихи дəуір болды.

      Бұл үрдісте 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ерекше орын алады. Ұлттық мүдделермен бірге əлемдік қоғамдастық қабылдаған құндылықтарды жариялай отырып, ол конституционализм негіздерін, демократиялық, құқықтық, зайырлы жəне əлеуметтік мемлекет идеалдарын біртіндеп орнықтыруды қамтамасыз етті.

      Конституция қолданыста болған уақыт ішінде мемлекеттік тəуелсіздіктің негізгі компоненттерін қалыптастыру жəне нығайту бойынша терең реформалар жүзеге асырылды. Олардың тиімділігі Қазақстанда жəне одан тыс жерлерде расталды.

      Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдас тықтың танылған мүшесіне, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді, жаһандық жəне өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықаралық құқық талаптарын орындау саласындағы бірқатар ірі бастамаларды іске асырудың шабыттандырушысы мен ұйымдастырушысына айналды.

      Қазақстанның эволюциялық стратегиясын жалғастыру үшін Республика Президенті Қ.К.Тоқаев саяси реформалардың төрт пакеті шеңберінде елді одан əрі демократияландыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды іске асыруда.

      Экономикалық жүйе мен əлеуметтік қатынастарды одан əрі дəйекті реформалау, мемлекеттік органдарды ұйымдастыру жəне олардың қызметін жетілдіру, жоғары мемлекеттік биліктің маңызды шешімдер қабылдауына азаматтық қоғам өкілдерін тарту бойынша əзірленген стратегиялық шаралар мемлекеттік жоспарлаудың қағидатты құжаттарында көрініс тапты.

      Тек саяси салада ғана оннан астам заң қабылданды. Парламент, саяси партиялар жəне т.б. туралы заңнамаға нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі туралы" жаңа Заң қабылданды.

      Алайда, 2020-2022 жылдар Қазақстан үшін елеулі сынақтардың уақыты болды.

      Қазақстанды да қамтыған дүниежүзілік COVID-19 пандемиясы Конституцияның 29-бабында бекі тілген азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы кепілдерінің беріктігіне, сондай-ақ төтенше жағдайларда мемлекеттік аппараттың жұмы сына үлкен сын болды. Ел Президенті енгізген төтен ше жағдай режимі, мемлекет пен қоғамның материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық жəне өзге де ресурстарын жұмылдыру қатерді еңсеруге мүмкіндік берді. Жалпы, елімізде бұрын-соңды белгісіз құқықтық режим тетіктері құрылды, олар арнайы əдебиеттерде "құтқару конституционализмі" деп аталды.

      Еліміз 2022 жылғы қаңтар айының басында ауыр сынақтарға тап болды. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағының жəне Конституцияның кепілі – Мемлекет басшысының батыл шешімдерінің арқа сында мемлекетіміздің тұтастығы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің болашағы сақталып қалды.

      Республика Президенті 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы бірқатар сөздерінде Жаңа Қазақстанның тұжырымдамасы туралы жария етті. Жаңа Қазақстан мемлекеттік аппаратты жаңартуды жəне қоғамдық құндылықтарды қайта жүктеуді білдіреді.

      Конституциялық Кеңестің пікірінше, Қазақстанның осы бағыттар бойынша дамуы конституционализмді одан əрі нығайтуға, қолданыстағы Негізгі Заңда көзделген ережелердің жаңартылуына, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, жаңа конституциялық құндылықтарды жоғары саяси-құқықтық деңгейде тұжырымдауға жəне бекітуге ықпал ететін болады.

      Өз жиынтығында бұл Қазақстан Республикасы дамуының, оның қоғамдық құрылысының, мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің тұрақтылығы мен серпінділігін, адам мен азаматтың бірқатар құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекеттің, жергілікті өзін-өзі басқару институтының тыныс-тіршілігінің жаңа мазмұнмен қарыштап қанығуын қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев тың биылғы жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында реформалардың жаңа пакеті ұсынылды, олар аталған Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында нақтыланды.

      Бұл жүйелі шаралар кешені белсенді трансформация кезеңіне өткен қоғамға жəне қазіргі уақытта Жаңа Қазақстанды құруда қауіпсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты қамтамасыз етудің берік саяси-құқықтық іргетасын қалауға арналған.

      Қоғамдық өмірдің барлық жақтарын монополиядан арылту, əлеуметтік əділеттілік ахуалын құру көзделген. Басты назар əлеуметтік саясатқа, халықтың табысын арттыруға жəне кедейліктің алдын алу шараларына, саяси өзгерістердің егжей-тегжейлі бағдарламасына, азаматтардың мүдделерін ілгерілетуге жəне биліктің ашықтығына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыруға, қоғамды мемлекетпен мүдделі ынтымақтастыққа тартуға аударылды.

      Заң жəне тəртіп еліміздің қарқынды дамуының негізгі кепілі болып танылды.

      Жолдауда қойылған мақсаттар мен жүйелі реформалардың белгіленген саяси-құқықтық ресурстары конституционализмді одан əрі нығайтуға бағытталған.

      Республика Президенті ұсынған ірі бастамалардың іске асырылуы еліміздің саяси жүйесі мен əкімшілік-аумақтық құрылымын айтарлықтай өзгертеді.

      "Өз мəні бойынша олар Қазақстанның билік институттарын қалыптастыру мен өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделіне көшуін, жаңа саяси мəдениеттің орнығуын білдіреді", деп есептейді Қазақстанның Президенті Қ.К. Тоқаев.

      Оларды іске асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу орынды деп танылды.

      5 маусымда өткен республикалық референдумда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданып, қоғам мен мемлекетті одан əрі жаңғырту үшін қажетті құқықтық негіздер қаланды.

      Ағымдағы жылдың соңына дейін көптеген конституциялық жəне өзге де заңдарды, сондай-ақ оларды іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы дайындық шараларын қабылдау қажет. Конституцияға түзетулермен бірге олардың орындалуы Жаңа Қазақстан құрылысының ортақ мақсат тарына қол жеткізуге ықпал етеді.

      Осылайша, бүкіл конституциялық кеңістіктің одан əрі демократиялық эволюциясының векторы дəйекті түрде түзетілетін болады.

II.

      Конституциялық Кеңес 1996-2022 жылдар ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз еткен квази-соттық мемлекеттік орган болды. Конституцияның 71- 74 жəне 78-баптарында бекітілген айрықша мəртебесі мен өкілеттіктеріне байланысты Кеңес Негізгі Заңның нормаларына ресми түсіндірме, Конституцияға өзгерістер мен толық тырулар жобалары бойынша қорытындылар берді, заңдар мен халықаралық шарттардың Конституцияға сəйкестігін қарады. Оның барлық субъектілер үшін орындалуы міндетті шешімдерінде прогрессивті конституциялық-құқықтық доктрина, негізгі құқықтық институттардың креативті түсінігі қалыптасты.

      Осы орайда Конституциялық Кеңес Конституцияның рухы мен əрпін басшылыққа алып, əрқашан құқық үстемдігінің шеңберінде қызмет етті. Қоғам мен мемлекет эволюциясының сұраныстарына сай конституциялық бақылау органының құзыреті кеңейтіліп, қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері жетілдіріліп тұрды.

      Конституциялық Кеңестің шешімдері бүкіл құқықтық жүйенің эволюциясына оң əсер етті жəне барлық субъектілер үшін міндетті құқықтың жалпы қағидаттарын тұжырымдады. Оның құқықтық ұстанымдары мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен барлық тармақтарының конституциялық өкілеттіктеріне жəне тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесіне сəйкес үйлесімді өзара іс-қимылын қамта масыз етуге; заң шығару процесінде жəне құқық қолдану практикасында конституциялық заңдылықты, адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін сақтауға ықпал етті.

      Конституциялық Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының жасампаздық əлеуетін неғұрлым толық ашуға, ағымдағы заңнаманың оған сəйкес келтірілуін қамтамасыз етуге, материалдық жəне процестік құқық салаларын дамыту үшін бағдарларды айқындауға мүмкіндік берді.

      Сондықтан Конституциялық Кеңестің Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қайшы келмейтін нормативтік қаулыларын қолданыстағы құқық құрамында сақтау заңды.

      Конституциялық Кеңес қызметінің негізгі қорытындылары.

      1996 жылдың ақпан айынан бастап Конституциялық Кеңеске 200-ден астам өтініш келіп түсті, оның ішінде:

      - Мемлекет басшысынан - 27;

      - Парламент Палаталары төрағаларынан жəне оның депутаттарынан - 77;

      - Премьер-Министрден - 27;

      - соттардан - 71 ұсыныс.

      Конституциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады. Конституциялық новеллалардың Негізгі Заңға енгізілуіне байланысты Конституциялық Кеңес өзінің жекелеген шешімдерін қайта қарады (1998, 2007 жəне 2017 жылдары).

      30 заң мен халықаралық шарт жалпы не ішінара конституциялық емес деп танылды. Жоғары қоғам дық резонанс тудырған бірқатар заңдардың Конституцияға сəйкестігі расталды. Олардың ішінде: Қазақстанда кейбір жер санаттарына жеке меншік енгізген Жер кодексі (2003 жыл); қолданыстағы "Саяси партиялар туралы" Заң (2002 жыл) жəне басқалары бар.

      Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі Конституция нормаларын ресми түсіндіру болып табылады. Конституциялық Кеңес осындай 100-ден астам өтінішті қарады. Басты конституциялық институттарды жəне олардың даму перспективаларын түсінуге заңды көзқарастарды белгілейтін, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынас қағидаттарын айқындайтын, адам жəне азамат құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін нығайтатын, сондай-ақ елдің одан əрі конституциялық дамуына қатысты басқа да бірқатар мəселелерді түсіндіретін түсініктемелер берілді.

      Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы 27 жолдау жіберілді, оларда Қазақстанда конституциялық бақылауды жүзеге асыру тəжірибесі негізінде адам құқықтарын қор ғауға, заң шығару процесін жетілдіруге, заңнаманы Конституцияға сəйкес келтіруге, сот құрылысы жəне сот ісін жүргізуге, əкімшілік реформаға қатысты жəне басқа да мəселелер көтерілді.

      Өткен жылдар ішінде Конституциялық Кеңестің əр бес жыл бойынша (2000, 2005, 2010, 2015, 2016 жəне 2020 жылдары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тəуелсіздігінің 30 жылдығына сəйкес қорытынды жолдауларын ұсынудың белгілі бір практикасы қалыптасты.

      Жыл сайынғы жолдаулардың əрқайсысында елдегі конституционализмді бекіту жолындағы оқиғалар мен фактілерге егжей-тегжейлі талдау жасалды, негізгі құқық тық институттарды ғылыми-эмпирикалық түсінудің негіздері қаланды жəне олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар жасалды, Негізгі Заңның талаптарына сəйкес заңнаманы жəне оны қолдану практикасын одан əрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.

      Мысалы, КК-нің 2016 жылғы 16 маусымдағы жолдауында егемендік пен тəуелсіздікті одан əрі нығайту құралдары ретінде: Негізгі Заңның құндылықтарын толық іске асыру, ел Конституциясының үстемдігін жəне тікелей қолданылуын қамтамасыз ету; ғылыми айқындалған индикаторлар негізінде кешенді конституциялық мониторингтің тиімді жүйесін қалыптастыру жəне енгізу; соттардың бастамасы бойынша Негізгі Заңның 78-бабында көзделген конституциялық бақылауды тиімді пайдалану ұсынылды.

      Конституциялық Кеңестің 2020 жылғы 27 мамырдағы жолдауында конституциялық құндылықтарға мойынсыну қоғамдық сананы жаңғыртудың тірегі болуы керек екендігі атап өтілді. Кеңестің пікірінше, заңға бағыну жəне құқықты теріс пайдалануға қарсы көзқарасты ынталандыру маңызды болып табылады.

      Конституциялық Кеңес қоғамның назарын конституциялық патриотизм мəдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмысты одан əрі жалғастыру қажеттігі не аударған болатын. Заңнамада жəне мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық-практикалық қызметінде конституциялық құндылықтарды одан əрі дамыту Қазақстанның Мемлекеттік Тəуелсіздігін орнықты жəне дəйекті нығайтуға ықпал етеді (КК-нің 2019 жылғы 5 маусымдағы жолдауы).

      Саяси-құқықтық реформаның маңызды əдістемелік алғышарттарының бірі ретінде азаматтардың конституциялық патриотизмі, конституциялық тұрғыдан ойлауы жəне мəдениеті, конституциялық-құқықтық дүниетанымы мəселелерін практикалық ұсыныстар əзірлей отырып, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың зерттегені орынды (КК-нің 2017 жылғы 9 маусымдағы жолдауы).

      Конституциялық Кеңес шешімдерінің жиынтығы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық салаларында конституциялық заңдылық деңгейін елеулі түрде арттырады.

III.

      Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының (бұдан əрі – КК нормативтік қаулысы) құқықтық ұстанымдары конституциялық нормалардың өзара логикалық байланысы мен Конституцияның жалпы ережелері жəне қағидаттарымен ұштасуында жүйелі түрде терең доктриналық құқықтық талдау жасау арқылы айқындалды. Конституциялық Кеңестің шешімдеріндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар уəкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалармен қаралды. Олар қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңеске міндетті түрде хабарлап отырды.

      Республика Конституциясының преамбуласы мен бірінші бөлімінде қамтылған жалпы ережелері аса маңызды. Олардың құндылығы Қазақстанның конституциялық құрылысы мен мемлекеттілігінің басты негіздері мен қағидаттарын жариялап, баянды етуімен байланысты. Аталған құндылықтар Конституциялық Кеңестің көптеген қорытынды шешім дерінде ашылған.

      Конституцияның 1-бабының 2-тармағында Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарының қатарында қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу айқындалған.

      Олар мемлекеттің, оның институттарының, қоғамдық бірлестіктердің жəне əрбір азаматтың қызметінде өте маңызды орын алады.

      Конституциялық Кеңестің 1996-2021 жылдар кезеңіндегі бірқатар нормативтік қаулылары Конституцияның нормаларын ресми түсіндіруге, сондай-ақ басқару нысаны мен мемлекеттік құрылыстың нысаны бойынша қабылданатын жəне қолданыстағы заңдарға, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың өзге де мəселелеріне – жоғары мемлекеттік органдардың мəртебесі, оларды қалыптастыру тəртібі, құзыреті, заң шығару процесі мен бір-бірімен өзара қарым-қатынас тетігіне, қатысты болды.

      Мысалы, Конституциялық Кеңестің 2017 жылғы 9 наурыздағы нормативтік қаулысында, басқалармен қатар, мынадай құқықтық ұстанымдар тұжырымдалды: Конституциялық құндылықтар адам мен азамат, қоғам мен мемлекет үшін ең жоғары мəнге ие, мызғымас тұрақтылықпен сипатталады. Олар Негізгі Заңның барлық келесі нормаларының жəне құқық қолдану практикасының мазмұнын анықтайды; Қазақстанның дамыған азаматтық қоғам ретінде қалыптасуы мен дамуының бүкіл жаңа тарихы қазіргі заманғы конституциялық құндылықтарды, Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидаттарын орнықтырумен жəне оларды іске асырумен байланысты; Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республиканың конституциялық құндылықтарын жəне қызметінің түбегейлі қағидаттарын жаңа мазмұнмен толықтырып отырады.

      Конституциялық Кеңес мемлекет өмір сүретін жəне биліктің егеменді ұйымы ретінде əрекет ететін кеңістік мемлекеттік территориямен шектелетінін бірнеше рет атап өтті. Территориялық тұтастық Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің айқындаушы шарты болып табылады жəне мемлекеттің келісімінсіз оның аумағын бөлшектеуге, табиғи ресурстарды рұқсатсыз пайдалануға жəне Қазақстан өңірлерінің мəртебесін өз еркімен өзгертуге жол бермеуді білдіреді. Сондай-ақ ол мемлекеттік шекараның мызғымастығын жəне мемлекеттің ұлттық мүдделері мен егемен теңдігіне нұқсан келтіретін аумақты басқаға беруге тыйым салуды білдіреді.

      Халықаралық қатынастарға түскен кезде субъект ретінде Республика танылады жəне Қазақстанның егемендігі сақталады. Негізгі Заңда көзделген егемендіктің, тəуелсіздіктің жəне конституциялық құрылыстың негіздеріне арналған жалпы ережелер, принциптер мен нормалар (1-5, 10-12, 34, 36, 39-баптар жəне басқалар) бірінші кезекте Конституциямен, тек содан кейін – оған негізделген өзінің заңды күші төмен нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етіледі жəне қорғалады (КК-нің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы, 2009 жылғы 5 қарашадағы нормативтік қаулылары, ККнің 2015 жылғы 16 маусымдағы жолдауы).

      Жеке адамның Қазақстанның егемендігімен тұрақты саяси-құқықтық байланысын Қазақстан Республикасының азаматтық институты білдіреді – ол барлық қазақстандықтар үшін құндылық, берекелі Отанының бар екендігін сезіну, оның жетістіктері мен игілігіне сіңірген еңбегі үшін мақтаныш сезімін білдіреді.

      Конституциялық Кеңес азаматтық институтының мəселелерін реттейтін Негізгі Заңның нормаларын түсіндіре отырып, азаматтық институты Республиканың егемендігінің, тəуелсіздігінің жəне конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылатынын атап көрсетті (КК-нің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы нормативтік қаулысы).

      Конституциялық Кеңестің шешімінде Қазақстанда көп азаматтық, оның ішінде қосарланған азаматтық, институтына жол берілмейтіндігі туралы құқықтық ұстаным білдірілді.

      Конституциялық Кеңестің активінде оның адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары мəселелері жөніндегі шешімдері маңызды орын алады. Адамның, оның өмірінің, құқықтары мен бостандықтарының жоғары құндылығын бекіту арқылы қоғамның барлық салаларында жеке тұлғаның басымдығы қамтамасыз етіледі. Конституциялық Кеңес осы ережелердің жүйе құраушы рөлін үнемі атап отырды:

      - адам құқықтары мен бостандықтарының тізбесіне мемлекет Республика Конституциясының жəне оған сəйкес келетін өзге де нормативтік құқықтық актілер дің нормаларында белгіленген шектерде кепілдік береді. Адамның құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану олардың Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы əрбір адамға таралуын білдіреді. Құқықтар мен бостандықтардан айыра алмайтындығы, Конституцияда жəне оның негізінде қабылданған заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды Конституцияда белгіленген құқықтар мен бостандықтардан ешкім, оның ішінде мемлекетте, айыра ала алмайтынын болжайды. Адамның аталған құқықтары мен бостандықтары заңдардың жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын айқындайды (КК-нің 1996 жылғы 28 қазандағы нормативтік қаулысы);

      - құқықтар мен бостандықтардың нақты бір түрін конституциялық деңгейге көтеру жəне Конституцияда олардың кепілділігі туралы жариялау мемлекетке осы құқықтар мен бостандықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін ерекше міндет жүктеуді көздейді (КК-нің 1999 жылғы 12 наурыздағы жəне 2005 жылғы 29 сəуірдегі нормативтік қаулылары);

      - заң шығарушы заңдарды қабылдау кезінде конституциялық құқықтар мен бостандықтардың мəнін бұрмаламай жəне конституциялық айқындалған мақсаттарға сəйкес келмейтін шектеулерді енгіз бей, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің жол берілетін конституциялық шегін негізге алуға міндетті;

      - адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заң заңдық тұрғыдан дəлме-дəл əрі оның салдарларының болжамды болуы талаптарына сəйкес келуге тиіс, яғни, оның нормалары жеткілікті дəрежеде анық тұжырымдалуы жəне, заң мен сот алдында жұрттың бəрінің теңдігі конституциялық қағидатынан туындайтын заң ережелерін өзінше пайымдау мүмкіндігін жоққа шығара отырып, заңды мінез-құлықты заңсызынан мейлінше айқындықпен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемдерге негізделуге қажет (Негізгі Заңның 14-бабы), өйткені мұндай теңдік құқықтық норманы біркелкі түсінген, түсіндірген жəне қолданған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін (КК-нің 2008 жылғы 27 ақпандағы жəне 2015 жылғы 18 мамырдағы нормативтік қаулылары).

      Конституциялық Кеңестің бірқатар нормативтік қаулылары өмір сүру, денсаулық сақтау, жеке бас бостандығы, сот арқылы қорғалу, жеке меншік, əлеуметтік қамсыздандыру, бірлесу бостандығы, сөз бостандығы құқықтары, заң мен сот алдында жұрттың бəрінің теңдігі конституциялық қағидаты, мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу жəне басқа да мəселелерге қатысты болды.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба жəне Мемлекеттік Гимн Республиканың мемлекеттік бірегейлігі мен егемендігінің, барлық қазақстандықтар үшін ортақ шаңырақ ретіндегі жаңа тəуелсіз мемлекет келбетінің бейнесі болып табылады.

      Конституциялық Кеңес мемлекеттік рəміздерді пайдалану тəртібін құқықтық реттеу мəселелері бойынша: мемлекеттік рəміздерде тек қана қазақ тілін қолдану мемлекеттік тілдің жоғары саяси-құқықтық мəртебесін айғақтайды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ресми пайдалану тəртібін анықтау заң шығарушының құзыретіне жатады жəне конституциялық заңмен белгіленеді, деп түсініктемелер берді (КК-нің 2006 жылғы 6 шілдедегі жəне 2007 жылғы 23 ақпандағы нормативтік қаулылары).

      Конституциялық Кеңес Негізгі Заңның тіл туралы нормаларының мəні мен мазмұнын түсіндіретін, оларды қолданудың шарттары мен тəртібін белгілейтін шешімдер қабылдады:

      - қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде конституциялық жолмен баянды етiлуiнен келiп шығатыны, қазақ тiлi Қазақстан мемлекеттiлiгiн айқындайтын факторлардың бiрi болып табылады, оның егемендiгiн рəмiздейдi жəне Қазақстан халқының бiрлiгiн бiлдiретiн Республиканың конституциялық-құқықтық мəртебесiнiң элементi болып табылады;

      - Конституция əркімге өз қалауы бойынша қарым-қатынас тілін таңдау құқығын береді;

      - мемлекет қоғамда жұмыс істейтін кез келген тілді қорғауға жəне тілдік белгісі бойынша кемсітушіліктің алдын алуға міндетті. Заңнама жəне құқық қолдану практикасы Конституцияның 14-бабы 2-тармағының ешкімді ешқандай, соның ішінде тіліне байланысты, кемсітуге болмайды деген нормасын ескеруге тиіс (КК-нің 1997 жылғы 8 мамырдағы, 2009 жылғы 11 ақпандағы жəне 2015 жылғы 18 мамырдағы нормативтік қаулылары).

      Тəуелсіздік алған сəттен бастап Қазақстанның алдында мемлекеттік егемендіктің құрамдас бөлігі ретінде елдің құқықтық егемендігін қамтамасыз ету міндеті тұрды. Тəуелсіздік жылдары ішінде жоғары халықаралық стандарттарға, қазақстандық дəстүрлерге жəне мемлекеттік басқару мен қоғамдық құрылыстың барлық салаларын серпінді жаңарту мүдделеріне сəйкес келетін жаңа құқық құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

      Ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру нақты стратегиялық жоспарлау негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.

      Ұлттық заңнаманың құрылымдық элементтері мен қағидаттары Конституциялық Кеңестің бірқатар шешімдерінде ашылған:

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы уəкілетті субъектілердің белгіленген тəртіппен қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі нормалар жүйесі ретінде қарастырылады. Оларға Конституция жəне оған сəйкес келетін заңдар, Президент Жарлықтары, Парламент пен оның Палаталарының, Республика Үкіметінің қаулылары, өзге де нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, Республика Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғары заңдық күшке ие (КК-нің 1996 жылғы 28 қазандағы жəне 1997 жылғы 6 наурыздағы нормативтік қаулылары);

      - конституциялық материяның күрделілігі конституциялық реттеу қатынастарының сан алуандығы мен дамып отыратындығында. Қазақстан қоғамы өмірінің барлық жақтарының объективті эволюциясы заңдарды қабылдау кезінде де, қолдану кезінде де конституциялық құндылықтардың, ережелер мен нормалардың мағынасын мүлтіксіз ескеруді, сондай-ақ конституциялық ұғымдық аппаратты пайдалануда ерекше мұқияттылықты талап етеді (КК-нің 2014 жылғы 19 маусымдағы жолдауы).

      Адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі əмбебап халықаралық шарттардың ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияландырылады. Қазақстан олардың қатысушысы болып табылады.

      Ішкі мемлекеттік шаралар Конституцияның үстемдігі негізінде қабылданады, оған Конституциялық Кеңес бірнеше қорытынды шешімдерде назар аударды:

      - Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сай оның нормаларына сəйкес келетін Республиканың халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелері Республиканың қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылады;

      - Қазақстан Республикасының халықаралық шарты немесе оның жекелеген ережелерi белгiленген тəртiппен Негiзгi Заңның 4-бабының 2-тармағына сай Республиканың аумағында ең жоғары заңдық күшi бар Республика Конституциясына қайшы деп танылған жағдайда, мұндай шарт толығымен немесе Конституцияға сəйкес емес деп танылған бөлiгiнде орындауға жатпайды;

      - заңдардан басымдық жəне ратификацияланған халықаралық шарттарды тікелей қолдану заң нормаларына қайшы келген жағдайда мұндай шарттар нормаларының ситуациялық артықшылығын болжайды (КК-нің 2000 жылғы 11 қазандағы жəне 2006 жылғы 18 мамырдағы нормативтік қаулылары);

      - өз Республикасының аумағында азамат оның қолданыстағы құқығының субъектісі болып табылады. Құқық тары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде немесе азамат құқыққа қарсы əрекеттер жасаған жағдайда оған Республиканың тиісті мемлекеттік органдары арқылы Қазақстанның мемлекеттік билігінің юрисдикциясы қолданылады (КК-нің 2001 жылғы 7 мамырдағы нормативтік қаулысы).

      Конституциялық Кеңестің пайымдаған құқықтық ұстанымдарын орындау мақсатында Республиканың кейбір ратификацияланған халықаралық шарттарына, атап айтқанда, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартына жəне 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында құқық тəртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімге түзетулер енгізілді.

      Негізгі Заң кіріспесінің ережелері барлық адамдардың теңдігі жəне кез келген себептер бойынша кемсітушілікке тыйым салу, идеологиялық жəне саяси əралуандық, əркімнің ана тілі мен төл мəдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген іс-əрекетті конституциялық емес деп тану жөніндегі конституциялық нормалармен үйлесімде көпэтностық қоғамның бірегей қазақстандық моделінің құқықтық негізі болып табылады.

      Аталған конституциялық ережелердің іс жүзінде жүзеге асырылуына Біртұтас Ұлтты қалыптастыру жөніндегі магистралдық бағыттарды жүзеге асыру үшін заңдық негіз қалайтын Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдары да ықпал етті:

      - баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаты құқықтар мен міндеттердің теңдігін, мемлекеттің осы құқықтарды тең қорғауын жəне əркімнің заң алдындағы тең жауапкершілігін, қызметтің біртектес түрлерін жүзеге асыратын тиісті құқықтық қатынастардың барлық субъектілері үшін талаптар мен құқықтық жауапкершіліктің бірлігін болжайды (КК-нің 1999 жылғы 10 наурыздағы, 1999 жылғы 29 наурыздағы, 2005 жылғы 31 қаңтардағы нормативтік қаулылары жəне басқалары);

      - Конституцияның 14-бабына сəйкес заң алдында жұрттың бəрі тең, бұл барлық діндер мен діни бірлестіктердің заң алдында теңдігін, кейбір діндер мен діни бірлестіктерге басқаларына қарағанда қандай да бір артықшылықтар берілмеуін, дінге көзқарасына, нанымына байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке тыйым салынуын білдіреді (КК-нің 2002 жылғы 4 сəуірдегі жəне 2009 жылғы 11 ақпандағы нормативтік қаулылары);

      - Республика Конституциясының 20-бабының 1-тармағы сөз бен шығармашылық бостандығына кепілдік береді, бұл əртүрлі нысандарда, оның ішін де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, өз пікірін, көзқарасын, наным-сенімін, идеясын еркін білдіру құқығын көздейді (КК-нің 2004 жылғы 21 сəуірдегі жəне 2008 жылғы 27 ақпандағы нормативтік қаулылары);

      Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бірлесу бостандығы құқығы Қазақстан Республикасында идеологиялық жəне саяси əралуандылық танылатыны туралы Конституцияның Жалпы ережелерінің 5-бабының 1-тармағынан туындайды жəне ерекше түрлері жекелеген заңдармен реттелуі мүмкін бірлесу бостандығы конституциялық құқығына сай келеді (КК-нің 2002 жылғы 11 шілдедегі нормативтік қаулысы).

      Нарықтық экономиканы енгізу жəне дамыту жағдайында меншік қатынастары базалық болып табылады. Оларды құқықтық реттеуде Конституцияның 6-бабының, атап айтқанда, мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жəне бірдей қорғалады деген ережелері шешуші мəнге ие. Бұл конституциялық принциптің мəні Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 3 қарашадағы нормативтік қаулысында ашылған, онда мемлекет екі меншік нысанының субъектілеріне бұзылған құқықтарын қорғау жəне қалпына келтіру үшін тең мүмкіндіктерге кепілдік береді делінген. Бұл ретте мемлекеттік жəне жеке меншік иелері нақты құқықтық қатынастарда ортақ (салықтар), сондай-ақ жеке (шарттық өзара қатынастар) салаларда да сол бір құқықтық режимге бағынады.

      Конституцияның қағидаттары мен нормалары меншік құқығының пайда болуының, өзгеруінің жəне тоқтатылуының барлық кезеңдерінде оның кепілдіктерін жариялайды жəне баянды етеді, қоғам мен мемлекеттің тұрақты əрі қарышты дамуын, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдер шығаруының барлық рəсімдеріне қолданылады (КК-нің 2008 жылғы 23 сəуірдегі, 2011 жылғы 7 желтоқсандағы жəне 2014 жылғы 11 маусымдағы нормативтік қаулылары).

      Конституцияның 26-бабының 3-тармағын, осы нормада аталған шарттар міндетті түрде сақталған жағдайда: біріншіден, мемлекет мұқтажы үшін, екіншіден, заңдарда көзделген айрықша жағдайларда, үшіншіден, оның құны тең бағамен өтелген жағдайда ғана мүліктен күштеп айыруға болады деп түсінген жөн. Бұл ережелер меншік құқығын қорғауға кепілдік береді жəне заң шығарушы жəне құқық қорғаушы органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде олар үшін міндетті болып табылады (КК-нің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы жəне 2005 жылғы 1 шілдедегі нормативтік қаулылары).

      Біртұтас қазақстандық қоғамның өзегі – отбасы институты. Берік отбасылық қатынастар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа халықтың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары – толеранттылық, еңбек сүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкендерге деген құрмет, болашаққа деген ұмтылыс беріледі.

      Конституциялық Кеңес 2015 жылғы 18 мамырдағы нормативтік қаулысында неке мен отбасы, ана мен əке жəне бала мемлекеттің қорғауында екенін жəне Негізгі Заңда тұжырымдалған жоғары мақсаттар мен базалық қағидаттардан заңды түрде туындайтын Республиканың іргелі конституциялық құндылықтарының қатарына жататынын атап өтті. Өз жиынтығында олар ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы, егемендіктің иесі болып табылатын Қазақстан халқының сақталуы мен дамуының шарттары ретінде қарастырылады.

      Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанда тиімді мемлекеттік билік қалыптасып, халықтың сеніміне ие болған қуатты да табысты мемлекет құрылды.

      Мемлекет өзін-өзі жетілдіру қабілетін үнемі қуаттап отырады. Қоғамның сұраныстарына сүйеніп, мемлекеттік қызметтердің бір бөлігін бəсекелес ортаға жібереді, ел азаматтары мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік шараларға қатысуының аясы мен нысандарын кеңейтеді, жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тетіктері мен кепілдіктерін жасайды. Президенттік басқару нысанына парламентаризмнің партиялық бастауларын кеңейту жəне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, депутаттық корпустың Үкіметпен байланыстарын нығайту, олардың өзара жауапкершілігін арттыру жəне Парламенттің Үкіметке бақылауын күшейту жөніндегі шаралар енгізілуде.

      Конституциялық Кеңес мемлекеттік биліктің біртұтастығы жəне тармақтарға бөліну қағидаты; президенттік басқару нысаны; заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі органдарын, прокуратураны жəне басқа да мемлекеттік органдарды құру тəртібі, олардың функциялары мен өкілеттіктері; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне Қарулы Күштерді пайдалану жəне мемлекеттік аппараттың өзге де түбегейлі мəселелері туралы конституциялық нормаларға ресми түсіндірмелер берді, олардың нəтижелері тиісті салалық заңнаманың негізіне бастау болды (КК-нің 1999 жылғы 17 наурыздағы, 1999 жылғы 14 шілдедегі, 2002 жылғы 5 тамыздағы, 2003 жылғы 19 қарашадағы, 2005 жылғы 19 тамыздағы, 2006 жылғы 14 сəуірдегі, 2007 жылғы 18 сəуірдегі, 2007 жылғы 18 маусымдағы, 2015 жылғы 24 ақпандағы нормативтік қаулылары жəне басқалар).

      Мəселен, 2015 жылғы 24 ақпандағы нормативтік қаулысында Кеңес Республика Президентінің жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы Республиканың кəмелетке толған азаматтары сайлайтын халықтың бірден-бір дербестендірілген жоғары өкілі екенін көрсетті. Республика Президентін сайлау оған мемлекеттегі жоғарғы билікті берудің нысаны болып табылады. Оның қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанды басқаруға, ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда халықтың атынан өкілдік етуге жəне оның мүдделерін білдіруге мандат алады. Республика Президентінің шешімдері мен іс-əрекеттері Конституцияның преамбуласында жəне "Жалпы ережелер" деген I бөлімінде, сондай-ақ басқа да ережелері мен нормаларында тұжырымдалған мақсаттарға қол жеткізу мен құндылықтарды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.

      Конституциялық Кеңестің шешімдері парламентаризмді дамытуда үлкен рөл атқарды. Заң шығарушы органның құзыретін түсіну тұрғысынан Конституциялық Кеңестің мынадай құқықтық ұстанымдары маңызды: Конституцияда бекітілген Парламент өкілеттіктерінің тізбесі толық болып табылады жəне оны кеңейту немесе тарылту Негізгі Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана мүмкін. Кеңестің мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің арасындағы айырмашылықтарға, заң шығарушы жəне атқарушы тармақтар арасында нормашығармашылық өкілеттіктерді бөлудің бастауларына қатысты шешімдері де маңызды (КК-нің 1997 жылғы 15 қазандағы жəне 2008 жылғы 15 қазандағы нормативтік қаулылары, сондай-ақ 2013 жылғы 16 мамырдағы қосымша қаулысы).

      Конституциялық Кеңестің бірқатар нормативтік қаулыларында Парламент депутаттарының мəртебесі мəселелерін регламенттейтін конституциялық ережелер нақтыланды.

      Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдарында конституциялық тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесі шеңберінде Парламент пен Үкіметтің өзара қарым-қатынастарының əртүрлі тұстары да көрініс тапты (Үкіметке сенім білдіру туралы мəселені шешу жəне басқалар).

      Конституциялық Кеңес заң шығару процесінің барлық дерлік сатыларының конституциялық аспектілерін қарастырды. Олардың қатарында заң шығару бастамасын іске асыру, заң жобасының Парламент Палаталарында өтуі, заң жобасын жедел деп жариялау, келісу рəсімдерін қолдану, түзетулер енгізу тəртібі, олардың көлемі, заңдарды жариялау мəселелері бар.

      Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларында Үкімет қызметінің кейбір конституциялық-құқықтық аспектілері көрініс тапты. Атап айтқанда, Үкіметтің мемлекеттік меншікті басқару жөніндегі өкілеттігін белгілейтін Конституцияның 66-бабы 4) тармақшасының; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жəне сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолдану жөніндегі өкілеттігі туралы 66-бабы 5) тармақшасының; Премьер-Министрдің Парламенттің алдына Үкіметке сенім жөнінде мəселе қою құқығы туралы 61-бабы 7-тармағының; Үкімет мүшелері болып табылмайтын мемлекеттік саяси қызметшілердің Үкімет отставкаға кеткен жағдайда орнынан түсу мəселелері туралы 70-бабының; Үкіметтің мемлекеттік кіріс терді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына қорытындылар беруі туралы 61-бабы 6-тармағының мазмұны ашылды.

      Сот органдарының өкілеттіктеріне, алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуге, судьяларды тағайындау тəртібі мен олардың мəртебесіне Конституциялық Кеңестің жеті нормативтік қаулысы арналды.

      Прокуратура органдарының құқықтық негіздері, олардың сот ісін жүргізудің түрлеріндегі функциялары мен өкілеттіктері Конституциялық Кеңестің бірнеше рет қарауындағы мəселе болды.

      Конституциялық Кеңес сайлау құқығы мен процесіне қатысты бірнеше нормативтік қаулы қабылдады.

      Конституциялық Кеңес Негізгі Заңның 10, 12-баптарының жəне басқа да ережелерінің нормаларына ресми түсіндірме бере отырып, азаматтық институты Республиканың егемендігінің, тəуелсіздігінің жəне конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылатынын анықтады, өйткені, Конституцияға сəйкес, өз азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады жəне "билікті тікелей республикалық референдум жəне еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді". Осыған байланысты Конституцияда, заңдарда жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құқықтар мен міндеттердің толық көлеміне тек Қазақстан азаматы ғана ие болады.

      Сонымен қатар, Кеңес өзінің шешімдерінде Негізгі Заңның Мəжіліс депутаттығына сайлау үшін бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құруға, партиялық тізімдерге, депутаттыққа кандидаттарды тіркеуге, басқа да сайлау құқығы институттары мен сайлау процесінің сатыларына қатысты жекелеген ережелерін бірізділікке келтірді.

      Конституциялық Кеңес Негізгі Заңға өзгерістер мен толықтырулар жобасына алдын ала конституциялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзінің жаңа функциясын екі рет іске асырды (2019 жылғы 20 наурыздағы жəне 2022 жылғы 4 мамырдағы қорытындылар).

      Тұтастай алғанда, Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері елдегі конституциялық заңдылық режимін нығайтуға ықпал етті. Оларды орындау мəселелері жыл сайын Республика Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысында қаралып отырылды.

      Мүдделі орталық мемлекеттік органдар осы жылдар ішінде Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын, сондай-ақ оның жыл сайынғы жолдауларында қамтылған ұсынымдар мен ұсыныстарды орындауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер мен өзге де шешімдер қабылдады.

      Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдары мен ұсынымдары қазақстандық мемлекеттілікті одан əрі дамытудың қазіргі кезеңінде де аса өзекті болып отыр.

IV.

      Конституциялық Кеңестің Негізгі Заңның 72-бабында қарастырылған өкілеттіктеріне тікелей байланысты емес біраз қызметі бүгінгі күннің талабына да сəйкес келеді. Бұндай жұмысты жүзеге асыра отырып, Кеңес Қазақстанда конституционализмді оның барлық түрлерінде дəйекті бекітуде белсенді рөл атқарды.

      Конституцияның мерейтойларына арналған барлық мемлекеттік органдардың іс-шаралар жоспарларында (Мемлекет басшысы бекіткен) Конституциялық Кеңестің үйлестіруші рөлі көрсетіліп, астана мен өңірлерде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді, Кеңес мүшелері мен оның аппаратының жауапты қызметкерлері еңбек ұжымдарының жиналыстары мен пікірталастарына қатысты, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында пікір айтып, тағы басқа шараларды қамтамасыз етті. Соңғы жылдары ондай жұмыс "Конституция апталығы" аясында жүргізілді.

      Конституциялық Кеңес жүйелі түрде Негізгі Заңның құндылықтарын, ережелері мен нормаларын ғылыми-публицистикалық түсіндіруді жүзеге асырып келеді. Еліміздің Ата Заңын ресми түсіндіру нəтижелері Кеңес басшылығымен авторлар ұжымы шығарған Республика Конституциясына арналған ғылыми-құқықтық түсіндірмелерде берілген (1998, 2004, 2010, 2015 жəне 2018 жылдары).

      "Қазақстан Республикасы: конституционализмді бекіту хроникасы" кітабы үлкен сұранысқа ие болды жəне конституциялық құрылыс бойынша білімді толықтырды. Кітап Республиканың мемлекеттік тəуелсіздігінің барлық құрамдас бөліктерін кезең-кезеңімен құру мен нығайтудың, конституциялық құқықтың біртіндеп дамуының жəне оны құқық үстемдігін, адам мен азаматтың құқықтарын жəне басқа да конституциялық құндылықтарды қамтамасыз етудің бəсекеге қабілетті құралына дəйекті түрде айналдырудың объективті бейнесін көруге мүмкіндік ашты.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай Негізгі Заң мен конституционализмді бекітуге арналған бірқатар қызықты кітаптар жарық көрді: "Тəуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: Елбасы сабақтары", "Қазақстан жəне Венециялық комиссия: құқық арқылы демократия үшін", "Қазақстан Республикасы Конституциясының энциклопедиялық анықтамалығы", "Жыр арқауы – Ата Заң".

      "Қазақстан жолы: конституционализм, адам, бейбітшілік жəне өркендеу" ұжымдық монографиясында (үш тілде) шетелдік саясаткерлер мен мамандар қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылысына талдау жасаған. Ол еңбекте елде демократия стандарттарын, құқық үстемдігі жəне конституционализм қағидаттарын бекіту үдерістеріндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі мен маңызын көрсететін мақалалар бар.

      Белгілі қазақстандық құқықтанушы ғалымдардың конституционализмнің өзекті тақырыптарына арналған еңбектері "Құқық үстемдігін, жалпыадамзаттық құндылықтар мен қазіргі заманғы мемлекеттің басымдықтарын бекіту: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметі" жинағына біріктірілген.

      Аталған басылымдар жоғары оқу орындарына, кітапханаларға беріліп, Конституциялық Кеңестің сайтында орналастырылған. Жалпы, осы тақырыпта қазақстандық конституционалист ғалымдар жаңа доктриналар, ұстанымдар, аргументтер мен қорытындылар дайындады. Оларды талдау жəне қорыту Кеңестің құқықтық ұстанымдарын əзірлеу кезінде өте маңызды. Аталған басылымдар бүгін "Құқық" бағыты жəне өзге де гуманитарлық пəндер бойынша оқу процесінде қолданылады.

      Қолданыстағы қазіргі заманғы сапалы оқулықтардың жетіспеушілігін жою үшін Конституциялық Кеңес алты жоғары оқу орнымен ынтымақтастықта "Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Академиялық курс" екі томдық оқулығын дайындап, басып шығарды.

      Конституциялық Кеңес оқушы жастардың құқықтық мəдениетін тəрбиелеуге жүйелі түрде қатысып келеді. Сол мақсатта конкурстар, рөлдік ойындар, кездесулер, ашық есік күндерін өткізді, оқушылар мен студенттерді Кеңес отырыстарына шақырды.

      2018 жылдан бастап Конституциялық Кеңестің жанында Ғылыми-консультативтік кеңес (ҒКК) жұмыс істейді, оған жиырмадан астам танымал құқықтанушы ғалымдар - құқық теоретиктері, конституционалистер жəне юриспруденцияның басқа салаларының өкілдері кіреді.

      Оның отырыстарына конституционализм, конституциялық құқық ғылымы эволюциясының, заңнаманың басқа салаларының конституциялық бастауларының ең өзекті аспектілері шығарылды. Баяндамашылар ретінде танымал қазақстандық жəне шетелдік мамандар, ғылым докторлары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары сөз сөйледі.

      Осылайша, Конституциялық Кеңес Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі өзінің қоғамдық-саяси миссиясын конституциялық бақылау саласында Конституцияда бекітілген өкілеттіктерді іске асыру арқылы да, сондай-ақ конституциялық құқық ғылымын дамытудағы белсенді қызметі, бұл саладағы конституциялық құқықты түсіну деңгейін жəне білім сапасын арттыру, Негізгі Заңның құндылықтарын насихаттауды кеңейту арқылы да нақты мазмұнмен толықтырды.

      Қазіргі жағдайда жəне таяу болашақта ауқымды реформаларды табысты ілгерілетудің, оның ішінде одан əрі Біртұтас Елді қалыптастырудың, кепілдерінің бірі ретінде қазақстандық конституциялық патриотизмді тəрбиелеу жəне нығайту жөніндегі арнайы жəне мақсатты қызмет талап етіледі. Тəуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғырту ұлттық жəне озық шетелдік тəжірибенің, сондай-ақ жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттардың негізінде жүргізіліп жатыр.

      Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан адам құқықтарын қорғау туралы бірқатар əмбебап халықаралық шарттарға қосылды, осы салада жұмыс істейтін көптеген халықаралық институттардың юрисдикциясын таныды. Олар жоғары құқық қорғау əлеуетін қамтитын жəне халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерімен мойындалған конвенциялық талаптарды елдің заңнамасына енгізуге ықпал етеді.

      Жоғарыда айтылғандар конституциялық-құқықтық бейіндегі халықаралық құрылымдармен, шетелдік конституциялық əділет органдарымен, сондай-ақ шет елдердің танымал ғылыми-зерттеу мекемелерімен жəне құқықтанушы ғалымдарымен өзара іс-қимылда қалыптасып жəне өрбіп жатқан Қазақстандағы конституциялық бақылау эволюциясына да толық көлемде қатысты.

      Қазақстан 1998 жылдан бастап Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясында бақылаушы мəртебесіне ие болды, ал 2012 жылы оның толыққанды мүшесіне айналды. Бұл еуропалық құрылым конституциялық-құқықтық мəселелер бойынша сараптама жəне білім алмасу жөніндегі халықаралық деңгейде танылған форум болып табылады.

      Құқықтық реформаны институционалдық жəне сараптамалық сүйемелдеудің елеулі бірлескен тəжірибесі қалыптасты. Қазақстандық тараптың сұрау салулары бойынша Венециялық комиссия басты заңнамалық актілерге олардың жалпы танылған конституциялық құндылықтарға сəйкестігі тұрғысынан бірнеше рет қорытынды берді. Комиссия мүшелері конституция лық іс жүргізуде сарапшылар ретінде сөз сөйледі, зерттеулер жүргізу жəне ұжымдық монографиялар дайындау кезінде авторлық ұжымдардың құрамына кірді. Конституциялық-құқықтық құрылыстың өзекті мəселелері бойынша бірқатар бірлескен халықаралық конференциялар, форумдар мен оқыту семинарлары өтті.

      2013 жылы Конституциялық Кеңес конституциялық бақылау органдарының халықаралық қауымдастығы болып саналатын Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияға кірді (2011 жылы құрылған). Бұл ұйымның мақсаты негізгі заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету саласында конституциялық соттар мен балама институттар арасында əлемдік деңгейде тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады. Дүниежүзілік конференцияға 118 елдің конституциялық əділет органдары мүше.

      1997 жылдан бастап Конституциялық Кеңес Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының қызметіне қатысып келеді. 2017 жылдан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесі аталған ұйымға төрағалық етіп келеді.

      2013 жылдан бастап Конституциялық Кеңес Азиялық конституциялық соттар жəне оларға теңестірілген институттар қауымдастығының мүшесі болып табылады. Аталған Қауымдастық 2010 жылы Азияның конституциялық əділет органдарының өңірлік форумы ретінде құрылған болатын. Қазіргі уақытта оған 20 мемлекет қатысады. Қазақстанның Конституциялық Кеңесі 2019-2021 жылдары бұл ұйымға Төраға миссиясын атқару шеңберінде бірқатар іс-шаралар кешенін іске асырды. Өткен жылдардағы пандемия жəне басқа да қатерлерге байланысты күрделі жағдайға қарамастан конституционализмді бекіту саласындағы осы іс-шаралар əлемдік жəне өңірлік қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды.

      Қазақстанның көрсетілген халықаралық құрылымдардың жұмысына толыққанды мүше ретінде төрағалық етуі біздің еліміздің Конституциялық Кеңесінің үлкен беделін байқатады. Сондай-ақ, осы құрылымдарға қатысу ұлттық заңнаманы дамыту саласында озық ше телдік құқықтық технологияларға қолжетімділікті, бұл саладағы басқа қатысушы мемлекеттердің ағымдағы проблемалық мəселелері туралы Республиканың хабар дар болуының қосымша арнасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл шетелдік институттармен байланыстарды нығайтуға, оның ішінде елімізде құқықтық жəне демократиялық реформаларды одан əрі жүзеге асыру, халықаралық заң жұртшылығын Конституциямыздың басымдықтарымен таныстыру үшін, мүмкіндік береді.

      Конституциялық Кеңеске ресми сапарлармен БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі жəне басқа да халықаралық ұйымдардың делегациялары келді.

      Шетелдік 30 мыңнан астам заңгерлер мен кəсіби қоғамдық бірлестіктерді біріктіретін Халықаралық заңгерлер одағы Конституциялық Кеңестің көп жылғы серіктесі болып табылады.

      Екіжақты қарым-қатынастар саласында Конституциялық Кеңестің ТМД, Австрия, Алжир, Ауғанстан, Бенин, Болгария, Бразилия, Мажарстан, Германия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Испания, Корея, Латвия, Литва, Македония, Малайзия, Марокко, Моңғолия, Польша, Румыния, Сербия, Словакия, Таиланд, Түркия, Франция, Финляндия, Хорватия жəне т.б. елдердің конституциялық бақылау органдарымен тығыз байланысы бар. Олардың көпшілігімен конституциялық бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.

      Конституциялық Кеңес шетелдік озат ғылыми-зерттеу жəне білім беру мекемелерімен жəне заңгер-ғалымдармен тиімді өзара іс-қимылды жолға қойды. Оның өкілдері конституционализмді одан əрі дамытудың өзекті мəселелеріне арналған халықаралық форумдарға белсенді қатысады.

      Тұтастай алғанда, Конституциялық Кеңестің халықаралық қызметі конституциялық бақылауды жүзеге асыру, құқықтық мемлекет қағидаттарын бекіту жəне елден тыс жерлерде Республиканың қолайлы имиджін жасау процесінде маңызды рөл атқарды. Жыл сайын ынтымақтастық географиясы кеңейіп, тереңдей түсуде. Қазақстанның Конституциялық Кеңесін шетелдік институт тар сенімді жəне құрметті серіктес ретінде қабылдайды.

      Болашақ Конституциялық Соттың Конституциялық Кеңестің тəжірибесін пайдалануы маңызды. Ол мемлекеттің конституциялық бақылау функциясын тиімді жүзеге асыруына, Негізгі Заңның үстемдігі мен тікелей қолданылуын қамтамасыз етуіне тиімді ықпал етпек. Сондай-ақ Қазақстандағы конституционализм мен конституциялық заңдылықты сақтауға, қызметінің стратегиясы мен тактикасының басында құқық үстемдігі мен адамға қамқорлық жасау тұратын еліміздің демократиялық жəне құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайтуға ықпал ететін болады.

      Конституциялық Кеңес

Назад к документу

Заңдар - "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" (2022 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жария етілді) (өзгертулер 20 маусым 2022) S2200000121

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 338142
    Қазақ тілінде 167596
    Орыс тілінде 168590
    Ағылшын тілінде 1956
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы