Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 мамырдағы N 409-II заңы

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 238-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):

      28-баптың 2-тармағы "негiзiнде прокурорға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудi қозғау туралы қаулының негiзiнде сот орындаушысына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 201-құжат):

      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және
              оларды тағайындау тәртiбi

      1. Сот приставтарының бөлiмшелерiн:
      1) жергiлiктi соттарда - атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады.
      2. Сот приставтарының бөлiмшелерiне аға сот приставтары басшылық етедi.
      Аға сот приставы:
      1) өзi басқаратын бөлiмшенiң жұмысын ұйымдастырып, оған бақылау жасайды және сот приставтарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
      2) жоғары тұрған ұйымдардың және лауазымды адамдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсыныстарының, нұсқаулары мен өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
      3) бағыныстылық тәртiбiмен сот приставтарының iс-әрекетiне жасалған шағымдарды қарайды.
      3. Жергiлiктi соттарда сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган:
      1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
      2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсiби даярлығын арттырумен айналысады;
      3) сот приставтары қызметiнiң тәжiрибесiн қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) сот приставтары қызметiнiң статистикалық есебiн жүргiзумен айналысады;
      5) басқа мемлекеттiк және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарын орындауды және соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара әрекет жасауды қамтамасыз етедi;
      6) сот приставтарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жүзеге асырады.
      5. Жергiлiктi соттарда сот приставтарын уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      6. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын тиiсiнше уәкiлеттi органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.";

      2) 7-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы "адамдарды" деген сөзден кейiн "сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 8-баптың 6-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету тиiсiнше уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүктеледi.";

      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Сот приставтарының қызметiн бақылау

      Жергiлiктi соттарда сот приставтарының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жүзеге асырады.".

      3. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат):

      20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Сот актiсiн және сот орындаушысының сауалын
               орындау ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Республикасы сотының жеке тұлғадан ақша өндiрiп алу туралы сот aктici, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сот iстi қарайтын жердегi тиiстi бөлiмшелерiне ұсынылады.
      2. Сот орындаушысының заңды тұлғаның банк шоттарының бар екендiгi және олардың нөмiрлерi, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттары жөнiндегi ақпаратты сұратып алуы туралы прокурор санкция берген сауалы, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң атқару құжаты орындалатын жердегi тиiстi бөлiмшелерiне берiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сот актiсiн немесе сот орындаушысының сауалын алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде олардың көшiрмелерiн орындау үшiн барлық банктерге жiбередi.
      4. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейiнгi операциялық күннен кешiктiрмей ақша өндiрiп алынатын тұлғалардың банк шоттарының бар екендiгi не олардың жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi сотқа (сот орындаушысына) жiберуге мiндеттi. Банк шоттарының бар екендiгi туралы мәлiметтер банк шоттарының барлық қажеттi деректемелерi мен олар бойынша қалдықтардың мөлшерiн қамтуға тиiс.
      5. Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәлiметтердi алғаннан кейiн ақша өндiрiп алу туралы сот актiсiн орындау жөнiндегi мiндет жүктелетiн банктi (банктердi) айқындайды және сондай банкке (банктерге) тиiстi атқару құжатын қоса тiркей отырып нұсқау жiбередi.
      6. Егер сот орындаушысының ақша өндiрiп алынуға тиiстi тұлғаның банк шотында ақшаның бар екендiгi туралы мәлiметi болса, онда сот орындаушысының тиiстi атқару құжаты қоса тiркелген нұсқауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне түспей, тiкелей тиiстi банкке орындауға ұсынылады.".

      4. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):

      1) 1-бапта "шаруашылық" деген сөз "әкiмшiлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдары

      1. Осы Заңның 5-бабында тiзiп келтiрiлген атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен бөлiмдерiнiң сот орындаушыларына жүктеледi.
      2. Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады.
      3. Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқарушылық iс-әрекеттi бұл жайында заңда тiкелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады.";

      3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Атқарушылық ic жүргiзу органдарының жүйесi
                және құзыреті

      1. Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесiн:
      1) атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      2) уәкiлеттi органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
      3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардағы бөлiмдерi (аумақтық бөлiмдер) құрайды. Аумақтық бөлiмдердiң банктерде ағымдағы шоттары, сондай-ақ мөрлерi мен мөртабандары болуы мүмкiн.
      2. Уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережемен айқындалады.
      Уәкiлеттi органның аумақтық органдарының және аумақтық бөлiмдерiнiң өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.";

      4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Атқару құжаттарының тiзбесi

      1. Мыналар атқару құжаттары болып табылады:
      1) сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
      4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде  көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;
      5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде  көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
      6) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
      2. Атқару құжаты жоғалған жағдайда атқару құжатын берген орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен беретiн оның дубликаты өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.";

      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негiздерi

      Сот орындаушысы осы Заңмен белгiленген тәртiппен өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған атқару құжаты мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негiз болып табылады.";

      6) 7-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзiмдерде:
      1) сот актiлерi негiзiнде берiлетiн сот бұйрықтары мен атқару парақтары - үш жыл iшiнде;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған сот қаулылары - егер заңмен өзге мерзiмдер белгiленбесе, бiр жыл iшiнде;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары - бiр жыл iшiнде;
      4) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде берiлуi мүмкiн.
      2. Аталған мерзiмдер:
      1) мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде сот актiлерi негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - сот актiсi заңды күшiне енген не сот актiсiн орындаудың мерзiмiн ұзарту немесе оған мәулет беру кезiнде белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап, ал сот актiсi дереу орындалуға тиiс болған жағдайларда - ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезiнде - қаулы шығарылған күннен бастап;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулыларын орындау кезiнде - мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен бастан;
      4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша - олар берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.";

      7) 8-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "үзiледi" деген сөз алып тасталып, нүктенiң орнына нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) борышкердi iздестiру кезiнде үзiледi.";
      3-тармақ "жүргiзiлмеген, өндiрiп алушыға қайтарылмаған күннен бастап" деген сөздер "жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылып, осы сөздерден кейiн ", не өндiрушiнiң борышкердiң тұратын жерiн анықтаған немесе өндiрушiнiң борышкердiң тұратын жерiн анықтағандығы туралы хабарлаған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Атқару құжатын орындауға ұсынуға арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе орындалатын жердегi сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.";

      9) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Атқару құжатын iс жүргiзуге қабылдау

      Сот орындаушысы өзiне заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн атқару құжаты келiп түскеннен кейiн үш тәулiктен кешiктiрмей атқарушылық іс жүргiзудi қозғап, бұл туралы қаулы шығарады.
      Сот орындаушысы сонымен бiр мезгiлде атқару құжаттарын қамтамасыз ету жөнiнде осы Заңда көзделген шараларды қабылдайды.
      Бұл орайда сот орындаушысы борышкердiң дәлелдi жазбаша өтiнiшi бойынша, дереу орындалуға тиiс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерiктi орындау үшiн атқарушылық ic жүргiзу қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм белгiлейдi.";

      10) 11-баптың 1-тармағындағы:
      "Құжат" деген сөз "Атқару құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш күн мерзiмде" деген сөздер "бiр күн iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қайтару туралы қаулыда атқару құжаты қайтарылып отырған негiздер көрсетiлуге тиiс.";

      11) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Атқарушылық әрекеттердi орындау мерзiмдерi

      1. Атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық ic жүргiзу қозғалған күннен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс, бұған мерзiмдi өндiрiп алу туралы атқару құжаттары, сондай-ақ заң актiлерiнде өзге де орындау мерзiмдерi белгiленген жағдайлар қосылмайды.
      2. Құрылыстарды бұзуға, технологиялық операцияларды жүргiзуге байланысты атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, сауда-саттық өткiзудi, борышкердiң мүлкiн iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқару құжаттары бойынша орындау төрт ай мерзiмде аяқталуға тиiс.
      3. Осы Заңда көзделген негiздер бойынша атқару құжаттарын орындау тоқтатыла тұрған, мерзiмi ұзартылған, мәулет берiлген не кейiнге қалдырылған уақыт атқарушылық iс жүргiзу мерзiмiне кiрмейдi.";

      12) 14-бапта:
      "өтiнiшi бойынша" деген сөздерден кейiн "он күнге дейiнгi мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
      "немесе сот орындаушылары органының басшысы" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 15-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы баптың 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiзiмдемеден шығару (мүлiкке тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлiктiң бөлiгiнде ғана атқарушылық iс-әрекет тоқтатыла тұрады не оны бағалау нәтижелерi дауланады.";

      14) 16-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сот орындаушысы, өндiрiп алушы немесе борышкер сот актiсiн түсiндiру туралы, не орындау мерзiмiн ұзарту және оған мәулет беру туралы, сот актiсiн орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы өтiнiш жасаған;";
      4) тармақшадағы "шағым берiлген" деген сөздер "өндiрiп алушы, борышкер сотқа шағым берген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) борышкер не өндiрiп алушы елдi мекен шегiнен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарында мерзiмдi әскери қызмет өткеруiне байланысты тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкiн.";

      15) 17-баптың 2) тармақшасында:
      "5)," саны алып тасталсын;
      "iссапардан қайтқанда, демалыстан қайтқанда" деген сөздер "iссапардан, демалыстан, мерзiмдi әскери қызметтiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен, Қазақстан Республикасының басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарынан қайтқанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "немесе борышкерге iздеу салынғанға" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 18-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Борышкердiң жүрген жерi белгiсiз болған жағдайда сот орындаушысы iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы арқылы борышкердi iздестiрудi жариялау туралы ұсыныспен сотқа жүгiнуге міндетті. Бұл ретте атқару құжатының түпнұсқасы өндіріп алушыға қайтарып берiледi, ол атқару құжатын борышкердiң жүрген жерi анықталған кезде мәжбүрлеп орындатуға беруге құқылы, көшiрмесi борышкер iздестiрiлетiн кезеңде сот орындаушысының бақылауында болады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Борышкердi iздестiрудi соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүзеге асырады.";

      17) 20-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "тоқтатылады" деген сөз алып тасталып, нүктенiң орнына нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса;
      7) атқару құжатының өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемiнде орындалса;
      8) заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса, тоқтатылады.";
      2-тармақ:
      "Атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған жағдайларда" деген сөздерден кейiн "бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қайта бастауға болмайды" деген сөздердiң алдынан ", атқару құжатының орындауға берiлу мерзiмiн сот қалпына келтiрген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      18) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы

      Атқарушылық iс жүргiзу:
      1) осы Заңның 21-бабында аталған негiздер бойынша атқару құжаты қайтарылған;
      2) осы Заңның 20-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған;
      3) соттың немесе құжат берген басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледi.";

      19) 21-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақшасындағы "немесе соттың шешiмiнде аталған белгiлi бiр заттарды борышкерден алудан" деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшасындағы ", сот ұйғарымы бойынша борышкерге iздеу салу жағдайларын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшасындағы "өндiрiп алушыға қайтарылады" деген сөздер алып тасталып, нүктенiң орнына нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) егер сот борышкерге қатысты iздеу жарияласа, өндiрiп алушыға қайтарылады.";

      20) 23-бап "сот орындаушысы" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ өндiрiп алушы немесе борышкер" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 24-баптың 3-тармағындағы "борышкердiң жаңа тұрғылықты жерi" деген сөздерден кейiн ", оның жаңа жұмыс орны, жаңа орналасқан жерi бойынша не борышкер мүлкiнiң жаңа тұрған жерi" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 25-баптың 2-тармағындағы "сот рұқсатымен және" деген сөздер алып тасталсын;

      23) 32-баптың 3-тармағындағы "органның" деген сөз "аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету
               жөнiндегi атқарушылық iс-әрекет жасау негiздерi

      Сот орындаушысы атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде өз бастамасы бойынша шаралар қолдануға құқылы, ал өндiрiп алушының өтiнiшi бойынша шаралар қолдануға мiндеттi.";

      25) 34-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, кейiнге қалдыру, мерзiмiн ұзарту немесе мәулет беру aтқapу құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөнiнде бұрын белгiленген шараларды жоюға әкеп соқпайды.";

      26) 40-баптың 1-тармағы "тұрады" деген сөзден кейiн ", бұл жөнiнде борышкердiң мүлкiне тыйым салу туралы қаулы шығарылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Борышкер мүлкiнiң тiзiмдемесi

      1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы және орындау жөнiндегi шығындарды өтеуге қажеттi мөлшерде борышкердiң мүлкiн тiзiмдейдi. Сот орындаушысы тiзiмдеуге түскен заттарға сүргi салуы мүмкін.
      2. Мүлiктi тiзiмдеу борышкердiң және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс. Атқарушылық iс-әрекет жасалатындығы туралы алдын ала хабарланған борышкер болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi болмаған жағдайда, тiзiмдеу куәгерлердiң қатысуымен жасалады.
      3. Мүлiктер тiзiмдемесiне әр заттың атауы, оның ерекше белгiлерi (салмағы, метражы, тозу дәрежесi, бұйымның таңбасы және өзге де көрсеткiштерi), әр заттың жеке-жеке бағасы және барлық мүлiктiң құны енгiзiледi.
      Тiзiмдемеге оны жасау кезiнде қатысқан адамдар қол қояды.";

      28) 42-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мүлiктi тiзiмдеу туралы нұсқау (тiзiмдеудi кiм жүргiздi, оны жасау кезiнде қатысқан адамдар, тiзiмделген мүлiктiң жалпы құны);";
      2-тармақта "және оны жасау кезiнде қатысқан адамдар" деген сөздер алып тасталып, "қол қояды" деген сөздерден кейiн "қаулыға мүлiктiң тiзiмдемесi қоса тiркеледi" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 47-баптың 2-тармағында:
      "әдiлет" деген сөз алынып тасталып, "органының" деген сөз "органның" деген сөзбен ауыстырылып, одан кейiн "немесе аумақтық бөлiмнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "депозиттiк", "Депозиттiк" деген сөздер тиiсiнше "ағымдағы", "Ағымдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 53-баптағы "республикалық немесе облыстық ресми баспасөз органдарында" деген сөздер "ресми хабарларды жариялауға құқығы бар мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Сауда-саттық өткiзiлмедi деп жариялау салдары

      1. Сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда өндiрiп алушыға бастапқы бағасы жиырма процентке төмендетiлген бағамен мүлiктi өзiнде қалдыру құқығы берiледi.
      2. Сауда-саттық өткiзiлмедi деп танылған және өндiрiп алушы мүлiктi өзiнде қалдырудан бас тартқан жағдайда сот орындаушысы осы Заңда белгiленген ережелердi сақтай отырып, қайтадан сауда-саттық өткiзудi тағайындайды. Бұл орайда қайталама сауда-саттық үшiн белгiленген баға қатысушылардың бipeуi сауда-саттыққа шығарылған мүлiк құнының алғашқы бағасының елу процентiнен төмен болмауға тиiс жарияланған бағамен мүлiктi сатып алуға келiскен кезге дейiн хабарланған ретпен төмендетiле бередi.
      3. Қайтадан сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда мүлiк өндiрiп алушыға соңғы жарияланған бағамен ұсынылады. Өндiрiп алушы сатылатын мүлiктi өзiнде қалдырудан бac тартқан жағдайда бұл мүлiктен тыйым алып тасталады.";

      32) 59-бапта:
      "Бiрнеше" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан "Бiр немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "50 процентi" деген сөздер "елу процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 60-бапта:
      2-тармақтағы "Еңбекпен түзеу" деген сөздер "Түзеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Сотталушы негiзгi жаза түрiнде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкiм шығарған сотқа Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес төленбеген айыппұл сомасын басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жiберуге құқылы.";

      34) 62-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;
      1-2) мүгедек балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан;";
      6) тармақшада:
      "сыйлықтан," деген сөз алып тасталсын;
      ресми тiлдегi түзетудiң қазақ тiлiндегi мәтiнге қатысы жоқ;
      7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) арнайы мемлекеттiк жәрдемақылардан өндiрiп алуға болмайды;";
      10) тармақша алып тасталсын;

      35) 63-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмece немесе оның табысын және өзге де кiрiсiн растайтын құжаттар ұсынылмаса, алимент бойынша берешек берешектi өндiрiп алу кезiндегi Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерiне сүйенiп айқындалады.
      Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдар үшiн, eгep борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмece, алимент бойынша берешек бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айқындалады.";

      36) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Борышкердi белгiлi бiр iс-әрекеттi жасауға
                 немесе оларды жасаудан тартынуға мiндеттейтiн
                 атқару құжаттарын орындау

      Борышкердi тек өзi ғана жасай алатын iс-әрекеттi жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға мiндеттейтiн атқару құжатын орындау кезiнде сот орындаушысы борышкерге мерзiм белгiлей отырып, осындай iс-әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттiгi туралы хабарлама жiбередi.
      Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолданады.";

      37) мынадай мазмұндағы 68-1, 68-2-баптармен толықтырылсын:

      "68-1-бап. Борышкердi қоныс аударту туралы атқару
                 құжатын орындау

      1. Борышкердi қоныс аударту туралы атқару құжаты сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда қоныс аударту куәгерлердiң қатысуымен мәжбүрлi түрде жүзеге асырылады.
      2. Сот орындаушысы борышкердi қоныс аударту уақыты туралы ресми түрде хабардар етедi. Қоныс аударту уақыты туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң болмауы атқару құжатын орындауға кедергi болмайды.
      3. Қоныс аударту кезiнде босатылатын үй-жайдан шығарылатын мүлiктердiң тiзiмдемесi жасалады және қажет болған жағдайларда шыққан шығын борышкерге жүктелiп, оны сақтау қамтамасыз етiледi.

      68-2-бап. Өндiрiп алушыны қоныстандыру туралы
                атқару құжатын орындау

      1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыны атқару құжатында көрсетiлген үй-жайға қоныстандыруды қамтамасыз етедi.
      Сот орындаушысы өндiрiп алушыны және борышкердi қоныстандыру уақыты туралы ресми түрде хабардар етедi. Қоныстандыру уақыты туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң болмауы атқару құжатының орындалуына кедергi болмайды.
      2. Өндiрiп алушыны қоныстандыру актiмен ресiмделедi және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Қоныстандыру туралы актiнiң нысанын уәкiлеттi орган бекiтеді.";

      38) 69-баптың 2-тармағындағы "депозиттiк" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      39) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) өндiрiп алынған соманы ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығынына;";
      "8-1) атқарушылық iс-әрекеттердi жасау кезiнде сот орындаушысының қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiндегi - қалалық, қала маңындағы және жергiлiктi қатынастағы (таксиден басқа) "қол шығынына;";

      40) 75-бапта:
      1-тармақ "борышкерден" деген сөзден кейiн "өндiрiп алушы немесе мемлекет пайдасына" деген сөздермен толықтырылсын;
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджет қаражаттары есебiнен келтiрiлген шығыстарды өндiрiп алуды және оларды сондай шығыс жасаған органға немесе адамдарға өтеудi сот орындаушысының ұсынысы және шыққан шығындарды растайтын құжаттар негiзiнде сот жүргiзедi.
      5. Сот орындаушысының ұсынысын борышкер мен өндiрiп алушыны хабардар ете отырып сот қарайды, алайда тиiсiнше хабардар етiлген жағдайда олардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Сот ұйғарымының көшiрмесi борышкер мен өндiрiп алушыға үш күн мерзiмде жiберiледi. Соттың ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.";

      41) 76-баптағы "депозиттiк" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      42) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "77-бап. Атқару санкциясы

      1. Атқару құжаты толық мәжбүрлеп орындалғаннан кейiн сот орындаушысы өндiрiп алынған соманың немесе мүлiк құнының он процентi мөлшерiнде борышкерден немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқару құжаттары бойынша он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндiрiп алу туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жiбередi.
      Сот борышкердi сот орындаушысынан келiп түскен ұсыныс туралы хабардар етедi, сот отырысы өтетiн уақыт пен орынды хабарлайды. Сот отырысы өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
      2. Атқару санкциясы республикалық бюджетке аударылады.";

      43) 81-бапта:
      1-тармақтағы "соттар мен басқа да органдардың қаулыларын" деген сөздер "сот актiлерi мен басқа да органдардың актiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "соттар мен басқа да органдардың қаулыларын" деген сөздер "сот актiлерi мен басқа да органдардың актiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "меншiк нысанына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      44) 82-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот орындаушысын мемлекеттiк қызметшiнiң бос орнына орналасуға жарияланған конкурстың нәтижесi бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      45) 83-бапта:
      1-тармақта:
      "бiлiмi" деген сөзден кейiн "бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, өзiнiң iскерлiк және жеке басының қасиетiмен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар" деген сөздер алып тасталсын;

      "3. Сот орындаушыларына қызметтiк куәлiктер берiледi, олар үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтетiн нысанды киiммен, жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етiледi.";

      46) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "84-бап. Сот орындаушысының жауапкершiлiгi

      Сот орындаушысының өзiне жүктелген мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.";

      47) 85-бапта "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 86-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша:
      "қажеттi"деген сөздiң алдынан "өтеусiз' деген сөзбен толықтырылсын;

      "Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеудi, дайындауды талап ететiн жағдайларда үш күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге мiндеттi.";
      14) тармақшадағы "хақылы" деген сөз алып тасталып, нүктенiң орнына нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15) қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзуге;
      16) егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттiлiк туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.";

      49) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:

      "86-1-бап. Аумақтық бөлiмнiң басшысы

      Аумақтық бөлiмнiң басшысы:
      1) өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және сот орындаушыларына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
      2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмнiң ағымдағы шотына өкiм жүргiзуге құқылы және оның жүргiзiлуiне жауапты болады;
      4) сот орындаушыларының iс-әрекетiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;
      5) аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептiлiк жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      6) осы Заңда көзделген атқарушылық iс-әрекеттi жасайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасайды.";

      50) 88-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сот орындаушысы мемлекеттiк қызметшi болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қызметтiк куәлiк көрсетiлгеннен кейiн үйге, үй-жайға немесе мемлекеттiк органның, меншiк нысанына қарамастан, ұйымның аумағына кедергiсiз кiргiзуден бас тартып, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасалған жағдайда, сот орындаушысы ол туралы акт жасайды, ал кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалды орындау орнындағы сотқа бередi.".

      5. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):

      236-бапта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi.
      Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, қылмыспен келтiрiлген залал өндiрiп алынған, алименттер өндiрiп алынған, жарақаттанудан немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтiрiлген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиiстi атқарушылық iс жүргiзу органына орындауға жiбередi.";

      бесiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сот атқару парағына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.".

      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 05 мамыр 2003) Z030000409_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 335163
    Қазақ тілінде 166155
    Орыс тілінде 167053
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы