< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 12 наурыздағы № 15-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123, 124-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      14-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі";

      66, 67 және 68-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 3-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі;";

      3) 14-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.

      Кәсіпкерлік субъектісі, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми түсіндірмесін басшылыққа алса, оның ішінде, егер мұндай түсіндірме кейіннен кері қайтарылып алынса, қате деп танылса немесе мазмұны өзгермеген нақ сол бір нормативтік құқықтық актіге қатысты жаңа, мағынасы бойынша өзге түсіндірме берілсе, мұндайда да адал деп есептеледі.

      Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығару салдарларынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.

      4. Кәсіпкерлік субъектісі жол берген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық тексерулер жүргізу барысында сипатталуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісін куәландыратын дәлелдерді негіздеу және мән-жайларды ашу мемлекеттік органдарға жүктеледі.

      Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілері ұсынған нақты деректер сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгілегенге дейін анық деп есептеледі.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық белгісіздіктері кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына түсіндіріледі.";

      4) 64-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      5) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

      Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау осы Кодекске және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 66, 67 және 68-баптар алып тасталсын;

      7) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың ерекшеліктері

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде осы Кодексте және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тәртіп қолданылады.";

      8) 82-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізілген немесе реттеу қатаңдатылған кезде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына да, сондай-ақ заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне де қолданылмайды.

      Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралып жатқан заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде жүргізілуі мүмкін.";

      9) 109-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "күнтізбелік жиырма бір күн" деген сөздер "күнтізбелік алпыс күн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      7-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі және 37-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын.

      3. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 3-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;";

      3) тармақшада:

      "органдардың және ведомстволардың" деген сөздер "органдар мен олардың ведомстволарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкімдердің" деген сөз "әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді, реттеушілік саясатты іске асыруға жәрдемдеседі.";

      3) 15-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;";

      "2-1) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

      2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын қорытынды беру;

      2-3) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) құқықтық ақпараттандыруды, "Е-заңнама" ақпараттық жүйесін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;";

      4) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

      2-2) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;";

      5) 18-бапта:

      1) тармақшада:

      "органдардың, ведомстволардың" деген сөздер "органдар мен олардың ведомстволарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әкімдіктер мен әкімдердің" деген сөздер "әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "1-1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында, мәслихаттар мен олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдердің аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында бақылау жасау;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      6) 19-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшадағы "автоматтандырылған" деген сөз "бірыңғай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу.";

      7) 23-баптың 1-тармағының 4) және 9-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;";

      "9-3) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету;";

      8) 24-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 4-бапта:

      тақырыптағы "Қазақстан Республикасы қатысушы" деген сөздер "Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ғылыми сараптаманы, халықаралық шарттың жобасын дайындауға қатысқан немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы), оның ішінде шетелдіктер жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;";

      2) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысын алу міндетті.";

      3) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныс енгізген кезде сол бір мезгілде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты енгізеді.

      Егер халықаралық шартты іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса, халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсынысқа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.

      Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.".

      5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 19-20, 81-құжат; № 21-22, 86, 91-құжаттар):

      134-баптың 2-тармағында:

      7-1) тармақшадағы "заңнамалық актілердің жобаларына," деген сөздер "заңнамалық актілердің жобаларына, ратификациялауға жататын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-3) заң жобаларына, ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;".

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;";

      2) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;".

      7. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 18-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сай екендігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.".

      8. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 24, 124-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;";

      2) 16-баптың 3-тармағында:

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әзірленетін реттеушілік саясат консультативтік құжаттарының, заң жобалары тұжырымдамалары жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының, нормативтік құқықтық актілер жобаларының оларға түсіндірме жазбаларымен (олар болған кезде) және салыстырма кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мәтіндерін, ғылыми сараптамалардың қорытындылары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын (олар болған кезде), оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті салалардағы құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты;";

      3) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында көзделген өзге де ақпаратты жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      9. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., № 10, 42-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) ғылыми құқықтық сараптама – ғылыми құқықтық сараптама объектілерін олардың сапасын, негізділігін, жобаның ғылыми пысықталуын бағалау, оны қабылдаудың ықтимал жағымсыз әлеуметтік және құқықтық салдарларын айқындау, ұсынылатын нормалардың құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне сәйкестігі бөлігінде тәуелсіз кәсіби сараптамалық талдау;

      1-2) ғылыми құқықтық сарапшы – ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;

      1-3) ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімі – ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылатын ғылыми құқықтық сарапшылар тізімі;

      1-4) "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) заң жобасының тұжырымдамасы – Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) заң жобасы тұжырымдамасының жобасы – жария талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес пысықталған, мемлекеттік органның нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу жөніндегі пайымын қамтитын консультативтік құжат;";

      "8) заң сараптамасы – нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйеленген дерекқорына орталықтандырылған қол жеткізу жүйесі;";

      20) тармақша "жүзеге асырылатын," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) нормативтік құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;";

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4) және 32-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) пилоттық жоба – мемлекеттік орган енгізілетін реттеу нәтижесін анықтау мақсатында жүргізетін рәсім;

      32-2) реттеу субъектілері – нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын тұлғалар;

      32-3) реттеушілік жүктеме – уақыт пен адами ресурстар шығындарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында орындалуы міндетті талаптардың белгіленуіне байланысты реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;

      32-4) реттеушілік саясат – нормативтік құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;

      32-5) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеуге жүргізілген құқықтық мониторингтің нәтижелері мен оның қазіргі проблемаларын жария талқылау тәсілдерін қамтитын, белгіленген нысандағы құжат;";

      2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 19-бабымен реттелетін қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;";

      3) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Нормативтік құқықтық актілердегі құқық нормаларының қайшылықтары";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бір нормативтік құқықтық актінің немесе бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары немесе қолданысқа кешірек енгізілген актіге сәйкес келетін норма қолданылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Реттеушілік саясат

      14-1-бап. Реттеушілік саясатты жүзеге асыру

      Реттеушілік саясатты жүзеге асыру мыналарды қамтиды:

      1) мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын талдау және жария талқылау;

      2) жария талқылау нәтижелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қазіргі проблема бойынша шоғырландырылған шешімді тұжырымдау;

      3) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы реттеу енгізу;

      4) реттеу субъектілеріне олардың реттеушілік жүктемесін ескере отырып, жаңа реттеуге дайындалу үшін қажетті мерзімдер беру;

      5) қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалау.

      14-2-бап. Реттеушілік саясаттың міндеттері

      Нормативтік құқықтық актілер арқылы мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

      Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау құқықтар мен бостандықтарды шектеуге, егер мұндай шектеу заңды түрде негізделген мақсаттарға барабар болса және әділдік талаптарына сай келсе, конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшін демократиялық мемлекетте пропорционалды, мөлшерлес және қажетті болып табылса, негіз бола алады.

      14-3-бап. Заңнамалық реттеу қағидаттары

      1. Заң нақты қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыруына негіз болатын қағидаттарды белгілеуге тиіс.

      2. Заңнамалық реттеу қағидаттары оларды іске асырудың нақты тетіктерін аша отырып белгіленуге тиіс.

      3. Заңдардың нормалары оларда белгіленген қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс, ал қағидаттарға қайшы келген жағдайда соларға сәйкес келтірілуге тиіс.";

      5) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдардың, ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары, құқықтық және қоғамдық мониторинг нәтижелері, консультативтік құжаттарды, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі арқылы алынған ұсынымдарды талқылау нәтижелері ескеріледі.";

      6) 16-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заң жобаларын дайындауды перспективалық жоспарлау Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және онда, өз шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиялары бөлінісінде заң жобаларын дайындау болжанатын Қазақстан Республикасы заңнамасының салалары (аялары) көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде Заң жобалау жұмыстарының жоспарына ұсыныстар жібереді.";

      7-тармақта:

      бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдарды, ұйымдарды және лауазымды адамдарды көрсетуді қамтуға тиіс.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын дайындауға қолданылмайды.";

      7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Заң жобаларын әзірлеушілер

      1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, олармен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларының әзірлеушілері бола алады.

      2. Парламент депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.

      3. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ олармен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар енгізе алады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, заң жобасын әзірлеуді бір ай мерзімде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалған заң жобалары Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын келісу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, анағұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайды.";

      8) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі

      1. Осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.

      2. Өзге де органдар, ұйымдар және азаматтар заң жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе осындай бастамашылық жобаларды орталық мемлекеттік органдардың қарауына беруге құқылы.

      Орталық мемлекеттік органдар оларды өздері әзірлейтін заң жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуі мен қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.

      3. Орталық мемлекеттік орган, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заң жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе оны дайындауға шарттық негізде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне, ғылыми мекемелерге, өзге де ұйымдарға, жекелеген ғалымдар мен ұжымдарға, оның ішінде шетелдіктерге, тиісті салалардағы сарапшыларға бөлінген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, тапсырыс бере алады.

      4. Орталық мемлекеттік орган заң жобасын әзірлеу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес консультативтік құжатты және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңестерімен (бұдан әрі – сараптама кеңестері) міндетті түрде талқылауға жатады.

      Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдау мен пікірсайысты қамтиды.

      Реттелуі жоспарланып отырған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай талқылаулар жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.

      Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      Заң жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.

      Консультативтік құжаттарды және заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ заң жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.

      5. Егер заң жобасында ұсынылып отырған құқық нормасы алдын ала сынамалауды талап ететін болса, онда осы құқық нормасы өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуының белгілі бір мерзімдерімен шектеледі және пилоттық жоба жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік орган пилоттық жоба шеңберінде сынамаланатын құқық нормасын қолдану практикасына талдау жүргізеді, оның барысында оң және жағымсыз салдарлары, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметтік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты жұмсалған шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.

      Сынамаланатын құқық нормасын қолданылу мерзімі бойынша шектеу сынамаланатын құқық нормасына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде алып тасталуы мүмкін.

      Пилоттық жобаларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленеді.

      7. Заң жобаларын әзірлеу олардың тұжырымдамалары негізінде және оларға қатаң сәйкестікте ғана жүзеге асырылады, олар ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қайта қарауға жатады.

      Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      8. Консультативтік құжатты және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларына қолданылмайды.

      9. Әзірлеуші орган заң жобасын әзірлеу кезінде оны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе осындай дайындауды өзінің бөлімшелеріне тапсырады.

      Заң жобаларын әзірлеуге заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеуші органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.

      10. Заң жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатысында қатысуға құқылы.

      Әзірлеуші орган заң жобаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.

      11. Дайындалған заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.

      Мемлекеттік кірістердің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғайтылуы көзделетін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар қоса беріледі.

      Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер мұндай қажеттілік болмаса, онда бұл ілеспе хатта көрсетіледі), Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген заң жобаларын қоспағанда, заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган әзірлеуші органға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.

      Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар міндетті түрде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлейді.

      12. Келісу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес заң жобасы бойынша қорытынды береді, онда заң жобасының жан-жақты пысықталу және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша реттеу нысанасының ашылу фактісін белгілеу қамтылады.

      13. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше белгілемесе, оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заң жобасы бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын дайындауға немесе заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға олардың жоқ екендігін хабарлауға тиіс.

      Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері жазбаша нысанда ұсынылады және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және тиянақты болуға тиіс.

      Алынған ескертулер бойынша заң жобасы пысықталып, қабылданған және қабылданбаған ескертулер, ескертулерді қабылдамау уәждері туралы анықтама жасалады.

      14. Жұмыс тобын құрған әзірлеуші орган заң жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады, оларды жұмыс тобы талқылауға тиіс.";

      9) 18, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу тәртібі

      1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіп қолданылады.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде тұжырымдама әзірленбейді.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының жобаларын және басқа да уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      3. Бір деңгейдегі уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын бірнеше уәкілетті орган әзірлеуі, ал қажет болғанда – қабылдауы мүмкін.

      Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртіппен бірлесіп әзірлейді және уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылданады.

      Бірлескен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері туынды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.

      4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес, өз бастамасы немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша әзірлейді.

      Егер Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшін бір деңгейдегі немесе төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде көрсетілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілерді дайындау туралы тапсырмалар берілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.

      Егер заңдарда және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқылау үшін олар қабылданғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімде уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      5. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында қабылданатын заңға тәуелді басқа нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.

      6. Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әділет органдарының келісуі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      19-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

      1. Әзірлеуші органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңестері консультативтік құжатқа немесе нормативтік құқықтық актінің жобасына өздерінің сараптама қорытындыларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.

      Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама қорытындысын ұсыну үшін әзірлеуші органдар белгілейтін мерзім – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңесінің мүшелеріне хабарлама келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заң жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесінің мүшелері сараптама қорытындыларын белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.

      Бұл ретте тиісті жобаларды келісу кезінде мемлекеттік органдардың әзірлеуші органдардан өзінің сараптама қорытындысын әзірлеуші орган айқындаған мерзімдерде ұсынбаған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптама кеңесінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алуды талап етуіне тыйым салынады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелерін қамтуға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сараптама қорытындысын алу жөніндегі талап орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.

      4. Әзірлеуші орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысымен келіскен кезде консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда әзірлеуші орган келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.

      5. Сараптама қорытындылары сараптама Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе сараптама кеңесі мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымшалар болып табылады.

      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

      7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.

      8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына қолданылмайды.

      20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

      1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында консультативтік құжаттарды және заң жобаларын қоғамдық кеңестермен жария талқылау тәртібі реттеледі.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар қоғамдық кеңестерді азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабардар етеді.

      Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын консультативтік құжат, нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар ұсыну үшін белгіленетін мерзім – қоғамдық кеңес олардың ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарламаны алған кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заң жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмайды.

      Қоғамдық кеңес ұсынымдарды мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.

      Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және он жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңеске тиісті хат жібереді.

      Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.

      Консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын талқылау қорытындысы бойынша дайындалған ұсынымдар нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін міндетті қосымшалар болып табылады.

      4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына қолданылмайды.";

      10) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

      1. Іске асырылуы қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуге алып келуі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалады.";

      11) 21-бап алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Нормативтік құқықтық актілерді дайындаудың оңайлатылған тәртібі

      1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер нормаларының күші жойылады және қолдануға жатпайды.

      Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімін іске асыруға бағытталған нормаларды ғана қамтуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі күшін жойған норманы қамтитын нормативтік құқықтық актіні қабылдау (әзірлеу) құзыретіне кіретін мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оңайлатылған тәртіппен әзірлеуі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуі мүмкін.";

      13) 23-бапта:

      6-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарын, негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.";

      екінші бөлікте:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне" деген сөздер "нормативтік құқықтық актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заң" деген сөз "нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ алып тасталсын;

      14) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңда құқықтық реттеу қағидаттары белгіленеді, сондай-ақ оның мәтінінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар, заңды күшіне енгізгеннен кейін өзге нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.

      Заңның өтпелі ережелерінде ол қолданысқа енгізілгенге дейінгі қатынастарды реттеу тәртібі көрсетіледі, жаңа құқық нормаларына өту мерзімдері мен тәсілдері белгіленеді.

      Заңның қорытынды ережелерінде осы актіні қолданысқа енгізу, бұрын шығарылған актінің күші жойылды деп тану, оның күшін жою туралы нормалар бекітіледі. Осы актіні орындау және дамыту мақсатында қажет болғанда басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді шығаруы туралы талаптар белгіленеді.";

      15) 25-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі "нөмірлерін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ қабылданған күндерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.

      Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.";

      17) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.

      Өзге нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.";

      18) 29-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама қорытындысы және сараптама кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындылары, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары, олар болған кезде;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобасы үшін – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары).";

      19) 30-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "экологиялық," деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары бойынша және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген өзге де актілер бойынша жүргізілмейді.";

      20) 31-бапта:

      тақырыптағы "мен ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтағы "тиісті бейіндегі", "және тиісті бейіндегі жоғары оқу орындары" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Ғылыми құқықтық сараптама объектілеріне ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшы (ғылыми құқықтық сарапшылар) жүргізеді.";

      21) 6-тарау мынадай мазмұндағы 33-2, 33-3, 33-4 және 33-5-баптармен толықтырылсын:

      "33-2-бап. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама

      1. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда оның тұжырымдамасы және оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.

      2. Ғылыми құқықтық сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      3. Ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      33-3-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының құқықтары мен міндеттері

      1. Ғылыми құқықтық сарапшы:

      1) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру үшін, оның ішінде ғылыми сараптама қызметін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша материалдарды қорытынды беруге қажетті көлемде алуға;

      2) орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға;

      3) сараптама қызметін жазбаша өтініш негізінде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

      Сараптама қызметін тоқтата тұру сарапшыны бұрын берген қорытынды бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігінен айырмайды.

      2. Ғылыми құқықтық сарапшы:

      1) ғылыми құқықтық сараптама процесіне тартылмаған өзге де тұлғалармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

      2) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға үшінші тұлғаларды тартуға;

      3) ғылыми құқықтық сараптама нысанасын құрайтын материалдарды және өзіне ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға байланысты белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етуге;

      4) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілетін нормативтік құқықтық акт жобасының атауы мен мазмұнын, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ресми жарияланған кезіне дейін сараптама қорытындысының мазмұнын жария етуге құқылы емес.

      3. Ғылыми құқықтық сарапшы:

      1) өзіне берілген ақпарат пен материалдар негізінде жан-жақты, толық және объективті ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге, сараптама қорытындысына қойылатын талаптарға сәйкес қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген тәуелсіз және объективті жазбаша қорытынды беруге;

      2) ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында көзделген жағдайларда ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартуға;

      3) бұрын берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктер беруге;

      4) бұрын өзі берген қорытындыны түсіндіру үшін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуға міндетті.

      Ғылыми құқықтық сарапшының заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуы ол жүрген не тұратын жермен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.

      33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі

      1. Ғылыми құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде ғылыми құқықтық сарапшы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар ғылыми құқықтық сарапшыға жіберілген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етіп, оны жүргізуден бас тартуға міндетті.

      2. Ғылыми құқықтық сарапшы, егер:

      1) өзіне ғылыми құқықтық сараптамаға жіберілген заң жобасы тұжырымдамасының жобасын және заң жобасын келісу процесіне бұрын қатысса;

      2) әзірлеуші органның қызметкері болып табылса;

      3) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу нысанасы ғылыми білімінің шегінен тыс болса не өзіне ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса не өзінің ғылыми құқықтық сараптаманың объективті және тәуелсіз сараптама қорытындысын беруін болғызбайтын өзге де мән-жайлар болса, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатыса алмайды.

      33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздері

      1. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзуға мыналар негіз болып табылады:

      1) ғылыми құқықтық сарапшының міндеттемелерді орындамауы не бірнеше рет (үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы;

      2) ғылыми құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесінің, мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқаруы;

      3) ғылыми құқықтық сарапшының өтініші;

      4) шартта көзделген өзге де негіздер.

      2. Сот талап қоюды қанағаттандыру немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ғылыми құқықтық сарапшымен шарт осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзылғаннан кейін онымен шарт бір жыл бойы жасалмайды.";

      22) 34-баптың 2-тармағында:

      "6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, сондай-ақ кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Үкіметі және осындай органдар туралы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай органдардың қызметін реттейтін қаулыларында;";

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді.

      Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабар беру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі.

      Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.";

      23) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:

      "35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу

      1. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.

      2. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу:

      1) осы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес әділет органдары бұрын келіскен нормативтік құқықтық актіге қатысты әділет органдарының заң сараптамасын жүргізуін;

      2) мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізуді қамтиды.

      3. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

      1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерге;

      2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерге;

      3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге;

      4) үлгілік нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерге;

      5) тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

      4. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні осындай тіркеуге нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының талаптарын бұза отырып ұсыну;

      2) заң сараптамасы жүргізілгеннен кейінгі кезеңде қабылданған немесе күшіне енген жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшылықтың анықталуы;

      3) осы Заңда белгіленген талаптардың сақталмауы.

      Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мүдделі мемлекеттік орган сот тәртібімен шағым жасай алады.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің күшін оларды шығарған орган жоюға тиіс.

      6. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      24) 37-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "басылымдар" деген сөз "баспасөз басылымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 38, 39 және 41-баптар алып тасталсын;

      26) 42-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "44" деген цифрлар "35-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "4-1. Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері реттеу субъектілеріне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға сәйкес жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс.

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, реттеу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілейтін заңдарды немесе олардың жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып айқындалады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен кем болмайды.

      Реттеушілік құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптарды, міндеттерді немесе жүктемені өзгеше ұлғайтуды белгілейтін жекелеген нормалар, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары оларға міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен бұрын қолданысқа енгізілмейді.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптары орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттары құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.

      Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері реттеу субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бұрын заңдық жауаптылыққа алып келмеген әрекеттер (әрекетсіздік) үшін заңдық жауаптылықты көздейтін не бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым қатаң жауаптылықты белгілейтін заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.

      6. Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын және біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялауға жататын жекелеген тауарлар тізбелерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.";

      27) 43-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтарға жаңа міндеттерді жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.

      4. Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.";

      28) 44-бап алып тасталсын;

      29) 49-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актіде әділет органдары осы Заңның 35-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтаған кезде әділет органдары тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органды бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Уәкілетті орган хабарламада белгіленген мерзімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда, әділет органдары осындай нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      30) 50-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жүргізіледі.";

      "3. Мемлекеттік органдар құқықтық мониторингті қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, азаматтардың ұсынымдарын ескере отырып жүргізеді.";

      31) 51-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізуге құқылы.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғамдық мониторинг нәтижелері тиісті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми интернет-ресурстарында жыл сайын орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторингті өзге де мүдделі тұлғалар жүргізуі мүмкін.";

      32) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу

      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      3. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы Заңның 35-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін оларды жүргізуге жауапты уәкілетті ұйымға қағаз түрінде және электрондық түрде жібереді.

      Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес әділет органдары электрондық түрде тіркеген нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін уәкілетті ұйымға автоматты түрде жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне осы Заңның 35-бабына сәйкес оған қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық акт қағаз түрінде және (немесе) электрондық түрде енгізіледі.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібін айқындайды.

      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін құрады, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетеді.";

      33) 59-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мәні оларды түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және заңнамалық реттеу қағидаттарына толық сәйкестікте ашылуға тиіс.";

      "2-1. Заң нормаларын түсіндіру оларда баянды етілген заңнамалық реттеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 12 наурыз 2021) Z2100000015

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 322320
    Қазақ тілінде 160018
    Орыс тілінде 160356
    Ағылшын тілінде 1946
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы