< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 34-VII ҚРЗ.

      Баспасөз релизі

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 11-баптың 5-тармағы "гранттар," деген сөзден кейін "шетелдіктер үшін туристік жарналар," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 51-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар;";

      3) 52-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) шетелдіктер үшін туристік жарналар;".

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) туристік қызмет.";

      2) 284-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "(фабрика, зауыт, цех)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 286-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерін құрайды;";

      4) 292-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты да қоса беріледі.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ономастика саласындағы уәкілетті орган – ономастика саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      8) тармақшадағы "уәкілетті орган" деген сөздер "тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:

      "24-2-бап. Ономастика саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Ономастика саласындағы уәкілетті орган:

      1) республикалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;

      2) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіреді;

      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      3) 25-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган:";

      5-1) тармақшадағы "терминология және ономастика комиссияларының" деген сөздер "терминология комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша алып тасталсын.

      4. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      26-баптың 2-тармағындағы "туристік жолдамалармен" деген сөздер "туризм мақсатымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-10-тармақпен толықтырылсын:

      "2-10. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады.";

      2) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:

      "1-5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді.";

      3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

      "31) шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді.".

      6. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "(гид-аудармашы)", "(гид-аудармашылардың)", "(гид-аудармашылар)", "(аудармашы гидті)", "(аудармашы гидтердің)", "(гид-аудармашымен)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 1-бапта:

      1) және 1-1) тармақшалар алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;

      "2) гид – Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға;";

      2-1), 2-2), 2-3) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;";

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) сақтандыру сертификаты – сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) туризм – туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) туризм инфрақұрылымы – туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) туризм нұсқаушысы – тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, кәсіптік даярланған жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) туристендіру картасы – туристер қызығушылық танытатын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі аумақтар;";

      "8-1) туристік агент (бұдан әрі – турагент) – турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі – турагенттік қызмет) – жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;";

      "13-1) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу – жұмыскердің Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген туристік қызметтерге жұмсаған шығындарын жұмыс берушінің өтеуі;";

      17) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;";

      "19) туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі – туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

      26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) экскурсовод – Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік көрікті жерлермен таныстыру жөнінде экскурсиялық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға.";

      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады:

      1) туроператорлар;

      2) турагенттер;

      3) Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары;

      4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер;

      5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;

      6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары.";

      4) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері;";

      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау

      1. Қазақстан Республикасында туризм:

      1) туризм түрлері бойынша;

      2) салалық қағидат бойынша;

      3) субъектілік қағидат бойынша;

      4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады.

      2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды.

      3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары деп түсінілетін келу туризмi;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмi.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары ішкі туризм болып табылады.

      5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады.

      6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады.

      7. Объектілік қағидат бойынша туристердің нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.";

      6) 1-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна

      1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем шетелдіктер үшін туристік жарна болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген туристерді орналастыру орындарын қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары деп танылады.

      Шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін туристік жарнаны алуды және жергілікті бюджетке аударуды жүзеге асыруға міндетті.";

      7) 9-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы ", келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді" деген сөздер "туризм мен келу туризмін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-бап мынадай мазмұндағы 10-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-4) шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекітеді;";

      9) 11-бапта:

      20-5) және 20-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;

      20-6) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 20-9), 20-10), 20-11), 20-12), 20-13), 20-14), 20-15), 20-16), 20-17), 20-18), 20-19), 20-20), 20-21), 20-22), 20-23), 20-24) және 20-25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-9) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;

      20-10) туристендіру картасын бекітеді;

      20-11) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      20-12) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекітеді;

      20-13) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      20-14) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      20-15) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      20-16) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      20-17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;

      20-18) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      20-19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      20-20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      20-21) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      20-22) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;

      20-23) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

      20-24) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;

      20-25) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;";

      10) 12-бапта:

      1-тармақта:

      9) тармақшадағы "және өз бетінше туризмді дамытуға" деген сөздер алып тасталсын;

      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 13-5), 13-6), 13-7), 13-8), 13-9), 13-10), 13-11), 13-12) және 13-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;

      13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;

      13-8) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

      13-9) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;

      13-10) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      13-11) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

      13-12) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;

      13-13) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;";

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "және өз бетінше туризмді дамытуға" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-баптармен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Басым туристік аумақтар

      1. Туристендіру картасының республикалық деңгейдегі объектілері тізбесіне енгізілген, туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады.

      3. Басым туристік аумақ:

      синергетикалық әсер есебінен аумақтың туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру;

      туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік және басқаларын) шоғырландыру мақсатында құрылады.

      4. Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау

      Басым туристік аумақта инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес преференциялар беріледі.

      14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері

      Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі:

      1) келу туризмі мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану мен дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады;

      3) ұлттық туристік брендтерді әзірлейді және халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;

      4) туристік саладағы маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылу мониторингін үйлестіреді және жүргізеді;

      5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;

      6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;

      7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіреді.";

      12) 15 және 15-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

      1. Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

      2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;

      келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;

      турагенттік қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

      Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді.

      Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.

      3. Турагент туроператор қалыптастырған туристік өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге ұсынады және өткізеді.

      Турагенттің туристік өнімді ұсынуы және өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта мыналар қамтылуға тиіс:

      туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер;

      турагенттің туроператор атынан туристермен мәмілелер жасауға өкілеттіктері;

      турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар талап қойған жағдайдағы туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл тәртібі;

      туристік маршруттың сипаттамасы;

      туристік өнім туралы анық ақпарат және туристік өнім туралы ақпарат бермегені немесе анық емес ақпарат бергені үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауаптылығы.

      Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде осы қызметтерді кімнің көрсетуге тиіс болғанына немесе кімнің көрсеткеніне қарамастан, туристерге туристік өнімге кіретін қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      4. Діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      "15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар

      1. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтің, экскурсоводтың, туризм нұсқаушысының, турагенттің қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.

      2. Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберетін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.

      3. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны жіберетін өтініш берушілер хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді және туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.";

      13) 27-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператор-әуе кемесімен жалданушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.";

      14) 27-2-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:

      шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда осы субъектінің кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілері болмаған кезде ол енгізген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;

      банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектісі енгізген банк кепілдігін осы субъектіге қайтаруды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, осы субъект жүйеге кірген кезден бастап үш жылдан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері үшін аударымдарды келесі күнтізбелік жылға есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      15) 27-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласындағы туристік қызметтерді көрсеткені анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай мән-жай анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметке арналған лицензияның (лицензияға қосымшаның) қолданысын тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.";

      16) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

      Бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпаратты талдау нысанында жүзеге асырады.

      Мыналар талдау үшін ақпарат көздері болып табылады:

      ресми статистикалық ақпарат;

      мемлекеттік органдардың ақпараты;

      дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараты;

      ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның ақпараты;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараты;

      туристік қызмет субъектілерінен келіп түсетін ақпарат.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.

      Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      4. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      5. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

      6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.".

      7. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 2-тармағында:

      3) тармақшадағы "және аудан орталықтарымен" деген сөздер ", аудан орталықтарымен және елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша "мекендермен" деген сөзден кейін "және елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілерімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 13-бапта:

      1-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілеріне дейін облыстық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілеріне дейін аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;".

      8. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) аңшы иттер – аңшылықта пайдаланылатын иттердің ұлттық және басқа да тұқымдары;";

      2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерін және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;";

      62) тармақшадағы ", жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру" деген сөздер алып тасталсын;

      69) тармақшадағы "жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және" деген сөздер "жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 76-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "76-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;";

      3) 22-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті" деген сөздер "аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 26-баптың 1-3-тармағының үшінші бөлігіндегі "жануарлар дүниесі объектілерін" деген сөздер "балық ресурстары мен басқа да су жануарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 29-баптың 1-тармағында:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.";

      6) 34-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "Жануарларды аулау" деген сөздер "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 38-баптың 5-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аң аулауды жүргізу мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеместен аушы жыртқыш құстарды қолданып;";

      27) тармақша алып тасталсын;

      8) 50-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру шарттары;";

      9) 52-баптың 2-тармағының 8-2) тармақшасындағы "жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және" деген сөздер "жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау," деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 56-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы "алып қоюға құқығы бар." деген сөздер "алып қоюға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің аумағында және оның жағалау белдеуінде олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын тоқтатуға құқығы бар.".

      9. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      2) 8-баптың бірінші бөлігінің 14-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      3) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыреті

      Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады:

      1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеуге қатысу;

      3) туризм және рекреация инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту;

      4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      4) 38-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында:

      "(ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа)" деген сөздер алып тасталсын;

      "орналастыру" деген сөз "салу және орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты:

      1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу;

      2) зейнеткерлерден, мүгедектерден, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу;

      3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады.";

      5) 43-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар санын реттеуге жол беріледі.";

      6) 45-баптың 5-тармағы:

      "аулауды" деген сөзден кейін ", жануарлар дүниесін ортақ пайдалануды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "орталықтарды," деген сөзден кейін "жабайы жануарларды өсіру мен ұстауға арналған вольерлерді," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жануарлар дүниесін ортақ пайдалану;".

      10. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 49-баптың бірінші бөлігінің 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік әрекетке қатысы бары туралы мәліметтер болған кезде, себептері түсіндірілместен;".

      11. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-қосымшаның 87-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

87.

Туристік операторлық қызметке арналған лицензия

1) шығу туризмі саласындағы

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

2) келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы

      ";

      2) 3-қосымшаның 32 және 33-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:".

      "32. Туристік агенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      33. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші, он сегізінші – жиырмасыншы, жиырма жетінші – жиырма тоғызыншы, отыз екінші – отыз алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасының бесінші абзацын, 9) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші – жетінші, жиырма үшінші – жиырма алтыншы абзацтарын, 11-тармағын;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағын, 5-тармағын, 6-тармағы 3) тармақшасының сегізінші абзацын, 6), 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының сегізінші, он бірінші – он жетінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 10) тармақшасының оныншы – он бесінші абзацтарын, 11) тармақшасының оныншы, он бірінші және жиырмасыншы абзацтарын, 7-тармағын;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының жиырма төртінші абзацын, 9) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Туроператорлық қызметке арналған лицензия негізінде туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар осы Заңның 1-бабының 11-тармағы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшаға сәйкес қызметтің кіші түрінің атауын ескере отырып, лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 30 сәуір 2021) Z2100000034

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 322317
    Қазақ тілінде 160015
    Орыс тілінде 160356
    Ағылшын тілінде 1946
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы