Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 96-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 116-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "электрондық сауда алаңдарынан" деген сөздер "тауар биржаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 124-1-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "электрондық сауда алаңдарынан" деген сөздер "тауар биржаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 14-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-тарау мынадай мазмұндағы 32-2-баппен толықтырылсын:

      "32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары

      Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады.

      Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:

      1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.".

      3. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1-1) және 2) тармақшалардағы "заңды тұлға" деген сөздер "кәсіпкерлік субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) биржалық қамтамасыз ету – биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасына немесе тауар биржасының клирингтік орталығына жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылым;

      3) биржалық сауда – тауар биржасында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес электрондық нысанда биржалық сауда-саттық өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5), 6), 7), 10) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) биржалық сауда-саттық – тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;

      6) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;

      7) биржалық тауар – осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген стандартталған немесе стандартталмаған тауар;";

      "10) клиент – осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;";

      "11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал стандартталған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;";

      мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-3) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;";

      14-1) тармақшадағы "брокерлердің" деген сөз "тауар биржаларының, брокерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-3) сауда лоты – биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;";

      16-1) және 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) стандартталған тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген біртекті тауар және (немесе) бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келетін, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын, түрлі өндірушілерден шыққан партиялар бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие тауар, оның ішінде көміртегі бірліктері;

      16-2) стандартталмаған тауар – стандартталған тауарларды, көміртегі бірлігін, жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген тауар;";

      мынадай мазмұндағы 16-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-3) стандартты аукцион режимі – биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) – аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) тауар биржасының мүшелері – осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;";

      18) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақшадағы "тауар биржасына" деген сөздер "тауар биржасында биржалық саудаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-бапта:

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      6-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-3), 10-4) және 10-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда, биржалық сауда қағидаларында көзделген жағдайларда бір сауда сессиясында сауда лотының ең жоғары мөлшерін белгілейді;

      10-4) биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін және стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      3) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тауар биржасы және оның міндеттері";

      4) 6-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік "биржасының" деген сөзден кейін "электрондық" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тауар биржасының жарғылық капиталы мыналарды құрайды:

      биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде алты жүз мың еселенген мөлшері;

      стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін – Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшері.

      Тауар биржалары жарғылық капиталды жүз пайыз ақшалай баламада қалыптастырады.

      Ақшалай баламада қалыптастырылған жарғылық капитал тауар биржасының арнайы банктік шотындағы төмендемейтін ақшалай қалдықты білдіреді.";

      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері

      Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:

      1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;

      2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;

      3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;

      4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.";

      6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Биржалық сауда қағидалары

      1. Биржалық сауда қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржалық саудаға қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Биржалық сауда қағидалары мыналарды қамтиды:

      1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;

      2) индустриялық сертификаты бар дилерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;

      3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;

      4) биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;

      5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;

      6) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимдерінде биржалық сауда-саттық өткізу тәртібі;

      7) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;

      8) биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауар түрлерімен биржалық сауда-саттық өткізуге (биржалық мәмілелер жасауға) қойылатын ерекше шарттар (сауда режимі, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін биржалық тауардың ай сайынғы (тоқсан сайынғы) көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);

      9) стандартталмаған тауарлармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығын арттыруды көздейтін, тауарлармен жасалатын биржалық сауда тәртібі;

      10) биржалық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау тәртібі;

      11) биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;

      12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;

      13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;

      14) тауар биржасындағы биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;

      15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;

      16) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;

      17) тауар биржасында биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді есепке алу және тіркеу, сондай-ақ стандартталған тауарлармен биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібі;

      18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;

      19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;

      20) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды өткізу тәртібі;

      21) өткізілетін биржалық сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;

      22) биржалық саудаға қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;

      23) тауарлар мен сауда-саттықты тауар биржасында секциялар бойынша бөлу және әрбір секцияға жекелеген талаптар қою тәртібі.

      Мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыратын секцияларға жекелеген талаптар мыналарды қамтиды:

      тиісті стандартталған тауарды өткізуге жол берілетін тауар биржаларына қойылатын талаптар және тауар биржаларының осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібі;

      тиісті стандартталған тауармен биржалық саудаға қатысушыларға қойылатын талаптар;

      тиісті стандартталған тауармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар.

      3. Тауар биржасы биржалық сауда қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.";

      7) 11-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8) 13-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) биржалық саудаға қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;

      11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;";

      3-тармақ "дилерлік" деген сөзден кейін ", маркет-мейкерлік" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Тауар биржалары және биржалық саудаға қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.";

      9) 13-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік сатып алу тауар биржасында биржалық сауда қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      10) 13-2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) биржалық сауда қағидаларын сақтауға;";

      11) мынадай мазмұндағы 13-3-баппен толықтырылсын:

      "13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы

      Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы мамандандырылған тауар биржаларына жатады.";

      12) 14-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тауар биржасының мүшелері жасаған мәмілелердің көлеміне қарай сараланған биржалық алым белгілеуге құқығы бар.

      Индустриялық сертификаты бар және тауар биржасында өздері өндіретін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дилерлер үшін сараланған алым жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығының артуын ескере отырып және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып белгіленеді;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Биржалық саудаға қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және биржалық саудаға қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.";

      13) 15-бапта:

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен" деген сөздер "биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржалық саудаға қатысушыларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.";

      14) 15-1-бапта:

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "аукционға" деген сөз "биржалық саудаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "сауданың үлгілік" деген сөздер "сауда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Тауар биржалары биржалық сауда-саттықты қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізген кезде биржалық мәмілелерді сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.";

      15) 17-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.";

      16) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Брокерлердің, дилерлердің және маркет-мейкерлердің қызметі. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия";

      17) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өздері өндіретін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өзге қосымша талаптарсыз индустриялық сертификатты көрсете отырып тауар биржасында дилерлер ретінде аккредиттеледі.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:

      1) брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;

      2) тауар биржасында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;

      3) осы Заңның 21-бабының 3-тармағында көзделген әрекеттердің біреуі қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі реттен артық жасалғанда тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.";

      18) 19-1-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің, тауар биржасының өтініші бойынша;";

      19) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы

      1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.

      2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.

      Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.

      3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:

      1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;

      2) биржалық сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);

      3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);

      4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;

      5) биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен биржалық сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.";

      20) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі

      1. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Маркет-мейкер биржалық сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржалық сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.

      3. Маркет-мейкердің биржалық сауда-саттыққа дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.

      4. Маркет-мейкердің қызметі базалық активі стандартталған тауарлар болып табылатын биржалық сауда-саттықта ғана мерзімді келісімшарттармен жүзеге асырылады.

      5. Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржалық сауда қағидаларында белгіленеді.";

      21) 23-баптың 2-тармағындағы "Брокерлер" деген сөз "Маркет-мейкерлер, брокерлер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспе "мазутты" деген сөзден кейін ", жол битумын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-бапта:

      5) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша ", жол битумы" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерту мақсатында мұнай өнімдері базаларының резервуарында және (немесе) автожанармай құю станцияларының ыдыстарында жүзеге асырылатын компаундирлеу мұнай өнімдерін өндіруге жатпайды;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      3) 7-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      8), 21) және 21-4) тармақшалар алып тасталсын;

      4) 8-баптың 10-2) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 12-бапта:

      1-тармақтың 4), 5) және 9) тармақшалары алып тасталсын;

      2-тармақтағы "4), 5)," және "9)," деген цифрлар алып тасталсын;

      3-тармақта:

      6) тармақшадағы "мұнай өнімдері өндірісін" деген сөздер "жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдері өндірісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "мұнай өнімдерінің" деген сөздер "жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-бап алып тасталсын;

      7) 19-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жол битумын өткізуге қолданылмайды.";

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін осындай ыдыстардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) өткізуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жол битумын өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізу мұнай өнімдерін сақтауға арналған тиісті резервуарлардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) жүзеге асырылуы мүмкін.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.

      Мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.

      Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін сатып алу жағдайын қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттары жоқ мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.";

      8) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін өткізу жағдайын қоспағанда, мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту, сондай-ақ теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.";

      9) 21-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мұнай берушінің меншікті алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын мазут пен жол битумын мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында басқа мұнай берушіге өткізу жағдайларына қолданылмайды.";

      6-тармақ "берушілер" деген сөзден кейін ", жол битумын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге жатпайды.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің және 4-тармағының ережелері мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізуге қолданылмайды.";

      10) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "өткізушілер" деген сөзден кейін ", автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу жағдайын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      13) тармақша алып тасталсын;

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) топтық резервуарлық қондырғы – ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекіту және реттеу арматурасынан, газ құбырларынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған инженерлік құрылыс, оны пайдалану Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған;";

      мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "36-1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі – тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған техникалық құрылғылар мен бағдарламалық қамтылым кешені;";

      43) тармақша алып тасталсын;

      2) 6-бапта:

      7) тармақшадағы "электрондық сауда алаңдарынан" деген сөздер "тауар биржаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 18-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-6) тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 7-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы "электрондық сауда алаңдарынан" деген сөздер "тауар биржаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-бапта:

      3-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және автогаз құю станцияларының иелері;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің субъектілерін есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды.";

      5) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғының иесі береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.";

      6) 17-бапта:

      4-тармақта:

      "5) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар мен автогаз құю станциялары иелерінің;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылған тұтынушыларды осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.";

      9-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымының өкілдері немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;";

      "5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.";

      7) 19-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату ұйымымен немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесімен не Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

      4. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.";

      8) 20-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу";

      1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі – өнім беру жоспары) шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.";

      "5. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тауарлық газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында көтерме саудада өткізуді немесе сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында тауар биржаларынан тыс өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      9) 27-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) заңды негіздерде сатып алынған сұйытылған мұнай газы топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өнім беру жоспарынан тыс өткізілген жағдайда – газ толтыру станцияларының иелері;";

      5-тармақ алып тасталсын;

      10) 27-1-бапта:

      1-тармақтағы "ай" деген сөз "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "айдың" деген сөз "тоқсанның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде, осы баптың 11-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады.";

      4 және 5-тармақтарда:

      "электрондық сауда алаңдары", "Электрондық сауда алаңдары" деген сөздер тиісінше "тауар биржалары", "Тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "айдың" деген сөз "тоқсанның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі "айдың" деген сөз "тоқсанның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "айдың" деген сөз "тоқсанның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мыналар:

      1) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;

      2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері кейіннен топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге жататын көлемде;

      3) газ толтыру пункттерінің иелері кейіннен тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері берген бірегей кодтары бар тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге жататын көлемде, өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына ие болады.";

      екінші бөліктегі "3)" деген цифр "1)" деген цифрмен ауыстырылсын;

      12-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген;

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шикі газды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық келісімшартта көрсетілген жобаның өзін-өзі ақтауы кезеңі ішінде аталған инвестициялық жобаны іске асыру кезінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қолданылмайды.";

      11) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу

      1. Мыналар сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырады:

      1) тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру станцияларының иелері;

      2) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру пункттерінің иелері;

      3) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізген жағдайда, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;

      4) автомобиль көлігі құралдарына сұйытылған мұнай газын құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, автогаз құю станцияларының иелері;

      5) сұйытылған мұнай газы өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізілген жағдайда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері.

      2. Топтық резервуарлық қондырғылардың иелері олардың сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесіне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық сызбасын өзгертуді топтық резервуарлық қондырғылардың иелері осы тұлғалар есебінен жүзеге асырады.

      4. Сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу тұтынушы мен топтық резервуарлық қондырғылардың иесі арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты негізінде жүзеге асырылады.

      5. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.

      Бұл ретте тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын құюға газ толтыру пункттерінде жол беріледі.

      6. Газ толтыру пункттерінің иелері:

      1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;

      2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан зерттеп-қарауға;

      3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері беретін бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру пункті иесінің тауар белгісімен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруді жүзеге асыруға;

      4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;

      5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.

      7. Мыналарға:

      1) қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға;

      2) нақ сол бір газ толтыру станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына;

      3) сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына тыйым салынады.

      8. Сұйытылған мұнай газын тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған үй ішіндегі газ жабдығын пайдаланатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері оның сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі тұрғынжай ішіндегі газ жабдығына қолданылмайды.";

      12) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары мыналарды:

      1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар және олардың осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібін;

      2) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танудың негіздері мен тәртібін;

      3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен үйлестіру тәртібін;

      4) тұрмыстық баллондарға қойылатын талаптарды және оларды сәйкестендіру тәртібін;

      5) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондар есепке алынатын шарттарды;

      6) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу тәртібін белгілейді.";

      13) 30-баптың 5 және 6-тармақтарындағы "және газ желісі ұйымдары" деген сөздер "ұйымдары және топтық резервуарлық қондырғылардың иелері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      19-1-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы "бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.".

      7. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;

      2-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік емес бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік емес сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;";

      11-2) тармақша алып тасталсын;

      2) 6-бапта:

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субъект туралы жиналуы және өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып жасалған мәліметтер субъектінің немесе оның заңды өкілінің талап етуі бойынша не соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша бір жұмыс күні ішінде дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен алып тасталады.";

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары және жалпыға бірдей қолжетімді көздерден алынған дербес деректерді жинаудың, өңдеудің ерекшеліктері

      1. Осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) субъектінің дербес деректерін жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде жол беріледі.

      4. Осы баптың 3-тармағының талаптары орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ақпарат жарияланған жағдайларда ақпарат иеленушілерге қолданылмайды.

      5. Ақпарат көзіне сілтеме болған жағдайда, осы баптың 3 және 4-тармақтарының негізінде жарияланған дербес деректерді үшінші тұлғалардың қайта жинауына, өңдеуіне және таратуына жол беріледі.

      6. Осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді трансшекаралық беру түрінде дербес деректерді өңдеу, дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру субъектінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      7. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарда дербес деректерді жинау, өңдеу ерекшеліктері осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      8. Дербес деректерді өңдеу нақты, алдын ала айқындалған және заңды мақсаттарға жетумен шектелуге тиіс. Дербес деректерді жинау мақсаттарымен үйлеспейтіндей етіп дербес деректерді өңдеуге жол берілмейді.

      9. Мазмұны мен көлемі дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты артық болып табылатын дербес деректер өңделуге жатпайды.";

      4) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинау және (немесе) өңдеу кезінде келісім мемлекеттік сервис арқылы беріледі.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім мыналарды қамтиды:

      1) оператордың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

      2) субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      3) дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім қолданыста болатын мерзім немесе кезең;

      4) оператордың дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы мәліметтер;

      5) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болуы не болмауы туралы мәліметтер;

      6) дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы туралы мәліметтер;

      7) субъектіге байланысты жиналатын деректердің тізбесі;

      8) меншік иесі және (немесе) оператор айқындайтын өзге де мәліметтер.";

      5) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Мемлекеттік сервис

      1. Меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректер бар ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, осы Заңның 9-бабының 1), 2), 9) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне тартылған өздерінің ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік сервиспен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

      Интеграция Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған мәліметтерді, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі нормалары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Өзге жағдайларда мемлекеттік сервиспен интеграция ерікті негізде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік сервиспен интеграциялау тәртібін уәкілетті орган айқындайды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында айқындалады.

      2. Мыналар мемлекеттік сервис арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (одан бас тартуы);

      2) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімді кері қайтарып алуы;

      3) субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерімен жасалатын әрекеттер туралы хабардар ету (қол жеткізу, қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою);

      4) субъектіге мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерін жинауға және (немесе) өңдеуге келісімі бар меншік иелері және (немесе) операторлар туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы Заңның 9-бабының 4), 6), 8) және 9-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі оның дербес деректеріне қол жеткізуге (жинауға және өңдеуге) сұрау салулардың бастамашылары туралы мемлекеттік сервис арқылы хабардар ету қамтамасыз етіледі.

      8-2-бап. Мемлекеттік емес сервис

      1. Меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімін алу жөніндегі рәсімдерді оңтайландыру мақсатында мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректерді қамтитын ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимылы болмаған жағдайда, мемлекеттік емес сервистерді пайдалануға құқылы.

      2. Мыналар мемлекеттік емес сервис арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (одан бас тартуы);

      2) субъектіні оның дербес деректерімен жасалатын әрекеттер (қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою) туралы хабардар ету;

      3) субъектіні үшінші тұлғалардың оның дербес деректеріне қол жеткізуі туралы хабардар ету.";

      6) 9-баптың 1), 6) және 9-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқық қорғау органдарының, соттардың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайтын және қарайтын өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асырған;";

      "6) Қазақстан Республикасының адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, журналистiң заңды кәсiптік қызметi және (немесе) теле-, радиоарналардың, мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпарат агенттіктерінің, желілік басылымдардың қызметі не ғылыми, әдеби немесе өзге де шығармашылық қызмет жүзеге асырылған;";

      "9-1) салықтық (кедендік) әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;";

      7) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді субъектінің мемлекеттік сервис арқылы расталған келісімі болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ала алады.";

      8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер бұл ретте өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда дербес деректерді таратуға жол беріледі.";

      9) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректерді жинау және өңдеу анықталған кезде;";

      10) 22-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға осы Заңға және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес:";

      4) тармақшадағы "беруді қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті." деген сөздер "беруді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген әрекеттерді тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға міндетті.";

      11) 24-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратуға, үшінші тұлғаларға беруге және трансшекаралық беруге келісімін кері қайтарып алуға;";

      12) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) оператордың дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясатын айқындайтын құжаттарды бекітуге;";

      "3-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша меншік иесінің және (немесе) оператордың осы Заңның талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тәсілдер мен рәсімдер туралы ақпарат беруге;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) субъектінің өтініші бойынша өзіне қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдерде хабарлауға;

      7) субъектіге немесе оның заңды өкіліне ақпарат беруден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдерде дәлелді жауап ұсынуға;";

      13) 27-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құрады, сондай-ақ оны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындайды;";

      "7-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      7-3) мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін интеграциялануын келіседі;

      7-4) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекітеді;".

      8. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшаның 46-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

46.

Тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия

1. Биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттық.
2. Стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттық.

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

      ".

      9. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;".

      10. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 46-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-2) көпфакторлы аутентификациялау – әртүрлі параметрлер комбинациясының, оның ішінде парольдерді немесе аутентификациялық белгілерді (цифрлық сертификаттарды, токендерді, смарт-карталарды, бірреттік парольдердің генераторларын және биометриялық сәйкестендіру құралдарын) генерациялаудың және енгізудің көмегімен пайдаланушының шынайылығын тексеру тәсілі;";

      2) 36-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кезінде көпфакторлы аутентификациялау қолданылады.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға және өңдеуге келісімі дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы беріледі.

      4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін немесе олардың заңды өкілдерін дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы автоматты режимде дербес деректер субъектілері немесе олардың заңды өкілдері "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда дербес деректерді ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы хабардар етуге міндетті.";

      3) 44-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетіндей етіп интеграциялау дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.".

      11. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      18-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын.

      12. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      23-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "сауданың үлгілік" деген сөздер "сауда" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 7) тармақшасының бесінші, алтыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын және 10) тармақшасын;

      2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2 және 11-тармақтарын;

      3) 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 10) тармақшасының он алтыншы абзацын;

      4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 7) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтары және 8) тармақшасы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3. Мыналар:

      1) осы Заң қабылданғанға дейін жұмыс істеген тауар биржалары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес ақшалай баламада енгізу арқылы жарғылық капиталды ұлғайтуды жүзеге асырады деп белгіленсін.

      Осы талап орындалмаған жағдайда, тауар биржасы сауда-саттықты стандартталмаған тауарлармен ғана жүзеге асырады;

      2) осы Заң қолданысқа енгізілген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректерді қамтитын ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасайтын меншік иелері және (немесе) операторлар, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1), 2) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне тартылған өздерінің ақпараттандыру объектілерін дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялауды қамтамасыз етеді;

      3) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімін алған меншік иелері және (немесе) операторлар субъектінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерін жинауды және (немесе) өңдеуді бұдан кейін де жүзеге асыратын жағдайда, дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне аталған келісім туралы мәліметтер жібереді деп белгіленсін. Осы тармақшада көрсетілген ақпаратты дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне беруді меншік иелері және (немесе) операторлар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 30 желтоқсан 2021) Z2100000096

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 334828
    Қазақ тілінде 166000
    Орыс тілінде 166873
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы