Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 100-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) 317-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі және екінші бөліктің 2) тармақшасындағы "өте" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздар бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің бұзылуы болмашы болып табылады және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері бір мезгілде мынадай шарттар болған кезде:

      1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке алмағанда) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он бес пайызынан кем болса;

      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі алты айдан кем болса, кепілге салынған мүліктің құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.";

      2) 319-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "Кепіл беруші" деген сөздер "Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кепіл беруші" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 3-баптың 1-тармағында:

      12-5) тармақша "үнемделуін," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің," деген сөздермен толықтырылсын;

      17-1), 29-1), 30), 55), 61), 62-1) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;";

      "29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;";

      "30) инвестициялық ұсыныс – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;";

      "55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      "61) нәтижелердің көрсеткіштері – мемлекеттік органның даму жоспарын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;";

      "62-1) нысаналы индикатор – мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіш;";

      "70) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;";

      2) 4-баптың 3), 4), 6), 10) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

      4) транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есепті міндетті түрде жариялау, сондай-ақ бюджет процесінің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болуы;";

      "6) нәтижелілік қағидаты – ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;";

      "10) уақтылылық қағидаты – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде бюджет қаражатын алушылардың шоттарына аудару;";

      "14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.";

      3) 5-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелер мәслихаттардың жергілікті бюджет туралы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      4) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі "Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен шығыстарын" деген сөздер "Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Республикалық бюджет (жоспарлы кезеңге) шығыстарының өсу қарқыны инфляция бойынша мақсатқа ұлғайтылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейімен шектеледі.

      Ұзақ мерзімді өсу деңгейі жоспарлы кезеңнің алдындағы он жылдағы нақты жалпы ішкі өнімнің орташа өсу мәні ретінде айқындалады.

      Инфляция бойынша мақсат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген жоспарлы кезеңге инфляция бойынша нысаналы бағдардың орталығы ретінде айқындалады.";

      6) 13-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);";

      7) 19-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде жүзеге асырылады.";

      8) 20-баптың 4-тармағында:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.";

      бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;

      9) 21-баптың 4-тармағындағы "республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары" деген сөздер "жалпыұлттық басымдықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша:

      экономиканың құлдырауы немесе экономиканың өсу қарқынының баяулауы кезеңінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды;

      ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде оларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде жұмсалады.";

      11) 29-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын" деген сөздер "Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 31-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын; мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді, ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау қорытындылары бойынша есептерді талқылауды жүргізеді.";

      13) 32-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысты бағытын айқындайды.

      Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджет шығыстарының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.";

      2-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерін, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін қамтиды.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.";

      4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың жылдық көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімінсіз немесе осы Кодекстің 85-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде, 9-1 және 9-3-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер енгізіледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.";

      14) 33-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.";

      3-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері "Қазақстан" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті," деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 36-бап 5) тармақшасындағы "шешуге бағытталады." деген сөздер "шешуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.";

      16) 39-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.

      Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.";

      17) 39-2-бапта:

      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе)" деген сөздер "мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударымдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы шығарылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.";

      18) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар, осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.

      Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.";

      19) 45-баптың 4-2-тармағының бірінші бөлігі "келісу бойынша" деген сөздерден кейін "шығыстардың басқа бағыттарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 49-бапта:

      1-тармақта:

      16) тармақша "заттардың" деген сөзден кейін "және медициналық бұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) тармақша алып тасталсын;

      31) тармақша "куәліктерінің" деген сөзден кейін ", тракторшы-машинист куәліктерінің, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      32) тармақша алып тасталсын:

      33) тармақшадағы "мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің" деген сөздер "iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерiнде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сақтауда тұрған, автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (телнұсқаларының)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) тармақша "жасалғаны үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiнің (телнұсқаларының) берілгені үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      37) тармақша алып тасталсын;

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым;";

      41) тармақшадағы "бергені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады." деген сөздер ", келісім бергені үшін алым;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42) көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия берілгені үшін лицензиялық алым;

      43) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар;";

      21) 50-баптың 1-тармағында:

      1-2) тармақша "қоспағанда," деген сөзден кейін "келіп түскен салықтық аударымдардың елу пайызынан аспайтын мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;";

      8) тармақшадағы "төлемақы;" деген сөз "төлемақы облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;

      22) 51-баптың 1-тармағында:

      7) және 13-1) тармақшалар алып тасталсын;

      15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);

      16) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;";

      21) тармақшадағы "немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені" деген сөздер "ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) тармақшадағы "жұмыс берушілерге" деген сөздер алып тасталсын;

      23) 52-баптың 1-тармағында:

      1-2) тармақша "қоспағанда," деген сөзден кейін "келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша "(жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым)" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;";

      16) тармақшадағы "немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені" деген сөздер "ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 56-1-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;";

      25) 58-бапта:

      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының басым мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органның даму жоспарының жобасы немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;";

      26) 60-баптың 2-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-3) ұлттық жобалар;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;";

      27) 61-баптың 1-1-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "стратегиялық және бағдарламалық құжаттар" деген сөздер "Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшаның үшінші, төртінші және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын;

      бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын;";

      "жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;";

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын;";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері ескеріле отырып әзірленеді.";

      28) 61-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.";

      29) 62-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "62-бап. Мемлекеттік органның даму жоспары және мемлекеттік органның меморандумы";

      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік органның даму жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.

      2. Мемлекеттiк органның даму жоспарында мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары айқындалады.

      3. Мемлекеттiк органның даму жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекiтедi.

      Мемлекеттік органның даму жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның даму жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті әзірлеу тәртібі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бекітуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Aппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Aдам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.

      4. Мемлекеттiк органдардың даму жоспарлары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

      5. Мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

      3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;

      4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсер ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.

      Республикалық бюджетті ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кешіктіріп, бюджет қаражатының күтілетін игерілмеуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын азайтуды көздейтін нақтылау кезінде мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларының мәндері өзгертілуге жатпайды.

      Осы Кодексте белгіленген, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады.

      Осы Кодексте белгіленген, бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын тиісті бюджеттік комиссия қарайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Меморандум Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Елді аумақтық дамыту жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізілуін (орындалуын) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.";

      30) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-бап. Операциялық жоспар

      Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

      Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижесінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспарына сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-шараларын, мемлекеттік органның бекітілген мақсаттарына, міндеттеріне және оның қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі осы іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжатты білдіреді.

      Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның даму жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.";

      31) 65-бапта:

      1-1-тармақта "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бюджет түсімдерін болжау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, бюджет түсімдерін болжау әдістемесінің негізінде жүзеге асырылады.";

      32) 65-1-баптың 2-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларының, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері ұлттық жобалардың, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің негізінде айқындалады.";

      33) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:

      ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

      мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттіліктің есеп-қисабын;

      ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

      2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";

      34) 67-бапта:

      3-тармақтағы "инвестициялық жобаларға" деген сөздер "инвестицияларға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.";

      9-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

      4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;";

      35) 68-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "68-бап. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

      1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі тұрғысынан;

      2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелердің көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.";

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "стратегиялық жоспарлардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";

      үшінші бөліктегі "стратегиялық жоспарлардың", "стратегиялық жоспарларға" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының", "мемлекеттік органдардың даму жоспарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацтағы "аумақтарды дамыту бағдарламасының" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) және 2) тармақшалардағы "аумақтарды дамыту бағдарламаларының" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-2. Ұлттық жобаларды іске асыруға арналған шығыстар ұлттық жобалар іс-шараларының басымдықтары ескеріле отырып және бюджет жүйесінің қағидаттары сақтала отырып, бюджет жобасына қосылады.";

      5-тармақтың үшінші абзацындағы "стратегиялық жоспарлардың", "стратегиялық жоспарларға", "стратегиялық жоспарларды" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының", "мемлекеттік органдардың даму жоспарларына", "мемлекеттік органдардың даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "стратегиялық жоспарлар" деген сөздер "мемлекеттік органдардың даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 69-баптың 3-тармағында:

      "немесе оларды өзгерту" деген сөздер ", өзгерту және (немесе) толықтыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.";

      37) 71-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы;";

      38) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті;";

      4) тармақшаның бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) елдің жалпыұлттық басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін басым бюджеттік қаржыландырудың бағыттарын көрсететін, республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.";

      "Түсіндірме жазбаға мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі;";

      5) тармақшада:

      екінші және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;";

      "жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның даму жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;";

      он екінші абзацтағы "түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады." деген сөздер "түсіндірме жазбаны;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "жергілікті бюджеттік инвестициялар мен шығыстардың атауы көрсетілген төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты қамтитын құжаттарын ұсынады.";

      39) 75-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің 4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;";

      40) 76-баптың 2-тармағындағы "аумақтарды дамыту бағдарламаларының" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 77-баптың екінші бөлігіндегі "стратегиялық жоспарлардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 79-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу;";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) жоғары тұрған бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу;";

      43) 84-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) ұлттық жобалар;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;";

      44) 85-баптың 9-3-тармағының 3) тармақшасындағы "және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер" деген сөздер ", жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 88-бапта:

      1-тармақ 12) тармақшасындағы "жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) бюджет ақшасын есепке жатқызуға және оны мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоты);

      14) мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес есепке жатқызуға және жұмсауға;

      15) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны есепке жатқызуға және қарыз алушылардың жұмсауына байланысты операцияларды есепке алуға (ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) арналады.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.";

      46) 89-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшасын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемеге екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шот.";

      47) 17-тарау мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:

      "89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз

      алушылардың шоттары

      1. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай шоттары болуы мүмкін:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке жатқызу және қарыз алушының жұмсауы үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоты;

      2) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес, қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі операцияларды жүргізуі үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты.

      2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      48) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;";

      49) 91-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      50) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу

      1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.

      2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесінің, кірістерді облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтерінің, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.";

      51) 93-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Есепті қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт толық пайдаланылмаған жағдайда, кезекті қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт сомасы кезекті қаржы жылының кепілдендірілген трансфертінің бір бөлігі ретінде пайдаланылатын, есепті қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің пайдаланылмаған сомасына азайтылады.";

      52) 96-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, тіркеу күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүргізіледі.";

      53) 97-бапта:

      "Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.";

      2-тармақ "квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң" деген сөздерден кейін ", мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік субсидияларды аударуы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға жүзеге асырылады.";

      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.

      Ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы, есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.";

      5-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:";

      6-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салуға байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер мен қосалқы мердігер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы:";

      54) 99-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.";

      "3. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің анықтығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.";

      55) 104-баптың 4-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;";

      56) 106-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;";

      2-2-тармақ алып тасталсын;

      57) 107-бапта:

      1-1 және 1-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;

      2) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

      1-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет мынадай:

      1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың жылдық бекітілген көлемінен он пайыздан астам сомаға азайған немесе ұлғайған;

      2) республикалық бюджет шығыстарының ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеу жағдайларында жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "стратегиялық жоспарларға", "стратегиялық жоспарларды" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың даму жоспарларына", "мемлекеттік органдардың даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-тармақтағы "стратегиялық жоспарларға", "стратегиялық жоспарларды", "стратегиялық жоспарлардың" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың даму жоспарларына", "мемлекеттік органдардың даму жоспарларын", "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58) 111-баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2) Республикалық бюджеттік комиссияда міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің шығыстары бойынша қаражатты он пайыздан асатын көлемде қайта бөлуге жол беріледі;";

      59) 112-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингі, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде алынған бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері туралы есептер ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік даму бағдарламалары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингін жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырады.";

      60) 113-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "стратегиялық жоспарлары мен" деген сөздер "даму жоспарлары мен мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      61) 22-тарау мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:

      "116-1-бап. Шоттардың бірыңғай жоспары

      1. Мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті қамтуды көздейтін, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, бірыңғай бюджеттік сыныптама шоттарын кодтау шоттардың бірыңғай жоспары болып табылады.

      2. Шоттардың бірыңғай жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";

      62) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын:

      "117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік

      1. Бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделген мемлекеттік мекемелер берешегінің жай-күйін мониторингтеу үшін қаржылық есептіліктің құрамына берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік қосылады, ол есептердің мынадай түрлерінен тұрады:

      дебиторлық берешек туралы есеп;

      кредиторлық берешек туралы есеп;

      ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп.

      2. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік тоқсан сайын жасалады.

      3. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      63) 124-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсімдер және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есепті;";

      төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;

      2) тармақшада:

      бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

      жетінші абзацтағы "стратегиялық жоспардың" деген сөздер "мемлекеттік органның даму жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;

      3-1) тармақша алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      64) 126-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "126-бап. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп

      1. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады.

      2. Мемлекеттік орган мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті жыл сайын жасайды және ол есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей бірінші басшының қолтаңбасымен интернет-ресурста (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.";

      65) 127-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер және есепті қаржы жылының нәтижелерін бағалау негізінде түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептен тұрады.

      Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады.

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.

      Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал туралы және салық-бюджет саясатының республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.";

      66) 128-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер жөніндегі баяндамаларын тыңдайды.";

      67) 129-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.";

      "2) жүргізілген бюджеттік мониторинг, нәтижелерді бағалау, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;";

      68) 130-баптың 2-тармағында:

      3) тармақшадағы "облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69) 131-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.";

      "2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен нәтижелерді бағалау, облысты дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;";

      70) 131-1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі "аумақтарды дамыту бағдарламаларының" деген сөздер "облыстың даму жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      71) 132-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы "ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының", "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасының" деген сөздер "облыстың даму жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72) 151-бапта:

      1-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау шеңберінде инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";

      "Даму жоспарларын әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын жоспарлау Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау және (немесе) олар әзірлеген даму құжаттары шеңберінде, инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";

      14-тармақтағы "Бюджеттік инвестицияларды" деген сөздер "Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын қоспағанда, бюджеттік инвестицияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.";

      73) 153-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі "жобаларды жоспарлау" деген сөздерден кейін "және іске асыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1-тармақтағы "Ақпараттандыру" деген сөз "Үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      74) 154-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелері мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.";

      75) 156-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      76) 157-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар инвестициялық ұсыныстарға және бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес іске асырылады.";

      77) 167-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарына сәйкестігі;";

      78) 174-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шарттарда және (немесе) тапсырма шартында айқындалады.";

      79) 176-баптың 1) тармақшасы "ұйымды" деген сөзден кейін "және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияны" деген сөздермен толықтырылсын;

      80) 178-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған талаптармен берілетін бюджеттік кредиттің соңғы алушысы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.";

      81) 180-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) негізгі борышты төлеу басталатын күн.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары кредитордың шешімімен белгіленеді.";

      82) 183-бапта:

      "Жергілікті атқарушы органдарға, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны өтеу графигіне сәйкес негізгі борышты бірінші жоспарлы өтеуге дейін есептелетін сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.";

      83) 184-баптың 4-тармағының екінші бөлігі "Жергілікті атқарушы органдарға," деген сөздерден кейін "азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға," деген сөздермен толықтырылсын;

      84) 187-баптың 2) тармақшасының екінші бөлігі "инвестициялық саясатты іске асыруын" деген сөздерден кейін "және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын" деген сөздермен толықтырылсын;

      85) 192-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар қарыз алушының қаражаты есебінен төленеді.";

      86) 193-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы "капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады." деген сөздер "капиталдандыру (жиынтықтау);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық немесе ішінара есептен шығару арқылы жүзеге асырылады.";

      87) 202-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың заңды тұлғалар қабылдайтын борыштық міндеттемелер бойынша оларға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі кез келген түрдегі және кез келген нысандағы міндеттермелерді үшінші тұлғалар үшін қабылдауына жол берілмейді.";

      88) 203-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      89) 206-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2-2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз шартында белгіленген мерзімде қарыз қаражатының игерілмегені үшін қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.";

      90) 209-баптың 1-тармағы "бағдарламаларды" деген сөзден кейін ", саланы (аяны) дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      91) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-6-баппен толықтырылсын:

      "243-6-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға және одан кейінгі қаржы жылдарына арналған кепiлдендірілген трансферттiң мөлшерін айқындау ерекшеліктері

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 және одан кейінгі қаржы жылдарына арналған кепiлдендірілген трансферттiң мөлшері осы Кодекстің 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 қаржы жылдарына жоспарлы кезеңде 2023 қаржы жылына арналған және 2022 – 2024 қаржы жылдарына жоспарлы кезеңде 2023 және 2024 қаржы жылдарына арналған кепiлдендірілген трансферттің мөлшері осы Кодекстің 24-бабының 2-1-тармағы қолданылмай айқындалады.".

      3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      233-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "233-бап. Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану";

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "акциздік маркалармен" деген сөздер "сәйкестендіру құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "акциздік маркаларды" деген сөздер "сәйкестендіру құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалануды қамтамасыз етуге;";

      2) 116-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;";

      3) 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "123-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейдi.";

      4) 147-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;".

      5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      406-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша "мемлекеттер басшыларының" деген сөздерден кейін ", Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "үкіметтерінің басшылары," деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақша:

      "Армения Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы," деген сөздерден кейін "Армения Республикасы Премьер-министрі Әкімшілігінің Басшысы," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Армения Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы" деген сөздерден кейін ", Армения Республикасы Премьер-министрі Күзет қызметінің бастығы" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақшадағы "Қорғаныс" деген сөз "Қауіпсіздік" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      110-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) темекі бұйымының қорабына сәйкестендіру құралдары жапсырылмаса;".

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 34-бапта:

      6-1-тармағының бірінші бөлігіндегі "тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді есепке жазуға және" деген сөздер "есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-1-тармақтың екінші бөлігінің 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер бойынша берешек;";

      2) 35-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер орындалмаған міндеттемелердің сомасы кепілмен қамтамасыз ету құнының он пайызынан аз болса, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш берген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескере отырып, кепіл нысанасын өтініш жасалған кезде бағалаушы айқындаған нарықтық құны орындалмаған міндеттеменің сомасын жабатын өзге мүлікке ауыстыруды қарауға міндетті.";

      3) 36-баптың 2-2-тармағындағы "Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мүлкі қарыз алушының – жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша", "қанағаттандырған жағдайда," деген сөздер тиісінше "Мүлкі жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының", "алған банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:

      1-8) тармақша "төлем карточкаларын" деген сөздерден кейін "және мобильді төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар жөнінде мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.

      Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;";

      4-4) тармақша алып тасталсын.

      8. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ипотекалық шартта қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету құқығын көрсетуге тыйым салынады.";

      2) 20-баптың 1-1-тармағындағы "жеке тұлғамен жасалған" деген сөздер "жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 20-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепіл берушінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішхатын алған кепіл ұстаушы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аталған өтінішхатты қарауға және егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл беруші мен борышкерге ипотека нысанасын өткізудің ең төмен бағасын көрсете отырып, банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлама жіберіп, кепіл берушіге ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.

      Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерге жіберетін, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарламада өзге мәліметтерден басқа:

      ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті ең төмен бағадан төмен емес бағамен өткізуге нұсқау;

      ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мерзімінің өту күні;

      мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтата тұру және ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуден түсетін ақшаны кепіл ұстаушының банк шотына есепке жатқызу қажеттігі туралы хабар болуға тиіс.

      Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізудің кепіл ұстаушы белгілейтін ең төменгі бағасы жасалған күнінен бастап алты айдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызын құрауға тиіс.

      Бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу кепіл ұстаушы осы мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарлама жіберген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.

      Жылжымайтын мүлікті дербес өткізудің неғұрлым ұзақ мерзімі ипотека шарты тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

      Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерді ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабардар етпеген жағдайда, кепіл беруші кепіл ұстаушыға жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін үш ай мерзімде осы жылмымайтын мүлікті кепіл берушінің бастамасы бойынша жүргізілген, жасалған күнінен бастап алты ай өтпеген бағалау туралы есепте көрсетілген жылжымайтын мүліктің бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес бағамен өткізуге құқылы.";

      4) 21-баптың 2-тармағындағы "аса" деген сөз алып тасталсын;

      5) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сенiм бiлдiрiлген адамды тараптар ипотека шартында не ипотека нысанасын соттан тыс тәртіппен өткізу кезіндегі келісімде айқындайды.

      Егер күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін сенім білдірілген адам тараптардың келісімімен айқындалмаған жағдайда, оны кепіл ұстаушы тағайындайды.";

      6) 25-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "сенiм бiлдiрілген тұлға кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге табыс етеді немесе кепіл берушінің" деген сөздер "сенiм бiлдiрілген адам кепiлге салынған мүлікті бағалауды жүргізеді және кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге бағалау туралы есепті және кепілге салынған мүліктің сауда-саттығы туралы хабарламаны табыс етеді немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Кепілге салынған мүлікті бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеу кепіл ұстаушыға жүктеледі.

      Кепілге салынған мүлікті бағалау туралы есеппен келіспеген кепіл беруші "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін бағалаушылар палатасының сараптама кеңесіне жүгіне алады не оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.

      Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті анық емес деп тануы сенім білдірілген адамның жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін төлеген ақыны бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.

      Сенім білдірілген адам алты ай ішінде кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізбеген жағдайда, оны қайта бағалау жүргізіледі.";

      7) 26-баптың 7-2) тармақшасындағы "жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарызы" деген сөздер "жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар

      "Сауда-саттыққа:

      кепіл ұстаушыны және оның жұмыскерлерін, сондай-ақ тізбесі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған онымен үлестес тұлғаларды;

      егер оның жұмыскері, құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ осы заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлға сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлғаны;

      егер оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлғаны;

      жылжымайтын мүлікті бағалаған бағалаушыны, сондай-ақ оның жақын туыстарын, жұбайын (зайыбын);

      сенім білдірілген адамды қоспағанда, кез келген заңды тұлғалар мен азаматтардың қатысуға құқығы бар.";

      9) 31-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      10) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "жалақының" деген сөзден кейін "екі еселенген" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 21-баптың 3-тармағы "34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 92-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалардың негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.".

      10. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      19-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы "болмаса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады." деген сөздер "болмаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) сот орындаушысының енгізген ұсынуы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.".

      11. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 8), 9) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнаулы бiржолғы жапсырма;

      9) коньяк спирті – көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық толысылған шарапты (шарап материалын) фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың бүкіл кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;";

      "23) этил спиртi – спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қант және крахмал бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазарту жолымен, толысылған шараптан (шарап материалынан) тікелей немесе екі мәрте айдау жолымен және тағамдық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм;";

      2) 3-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;";

      3) 3-1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейді;";

      4) 4-баптың 2-тармағының 4) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;";

      "8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;";

      5) 5-баптың 1, 2, 3, 4, 5, 14 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алкоголь өнiмiне мыналар жатады:

      1) арақтар және айрықша арақтар, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар;

      2) ликер-арақ бұйымдары;

      3) толысылған шарап (шарап материалы);

      4) шараптар;

      5) коньяк;

      6) бренди;

      7) сыра;

      8) сыра сусыны.

      2. Кейіннен сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе оларсыз, күштiлiгi отыз сегiз – қырық бес пайыз, елу пайыз және елу алты пайыз болатын су-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған алкоголь өнiмi арақтар мен айрықша арақтар, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар болып табылады.

      3. Жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, толысылған шарапты (шарап материалын), жүзiм шараптарын, коньякты, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынатын спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым пайыздан басталатын алкоголь өнiмi ликер-арақ бұйымдары болып табылады.

      Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз пайыздан басталатын ликер-арақ бұйымдары күштiлігі жоғары ликер-арақ бұйымдары болып табылады.

      Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым пайыздан отыз пайызға дейiнгi ликер-арақ бұйымдары градусы төмен ликер-арақ бұйымдары болып табылады.

      4. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, тікелей немесе екi мәрте айдау жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын алкоголь өнімі толысылған шарап (шарап материалы) болып табылады.

      5. Толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.";

      "14. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз жетi жарымнан қырық бес пайызға дейiн болатын, түпкiлiктi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң көлемiнен елу пайыздан аспайтын мөлшердегi толысылған шараптан (шарап материалдарынан) алынған, емен сүрегін қатыстырып кемiнде алты ай сақталған этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi бренди болып табылады.

      15. Қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған сыра қайнату өнімі сыра болып табылады.";

      6) 7-баптың 5 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:

      1) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;

      2) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіруге тыйым салынады.";

      "10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

      Лицензия алынған (қайта басталған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.";

      7) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды таңбалау оларды дайындауда пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.";

      8) 9-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;";

      9) 10-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе толысылған шараптың (шарап материалының) импорты алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (толысылған шараптан (шарап материалынан) басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.";

      "3. Еркін қоймаларда этил спирті мен толысылған шарапты (шарап материалын) өндіруге және қайта өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіруге тыйым салынады.".

      12. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      1-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-6) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;";

      мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-7) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;";

      2) 5-баптың 5-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану тәртібін айқындайды;";

      3) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.";

      4) 13-баптың 2-тармағындағы "акциз маркаларынсыз" деген сөздер "сәйкестендіру құралдарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен темекі бұйымдарын таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзыла отырып" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "акциздік таңбалары" деген сөздер "сәйкестендіру құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 21-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіндегі "бала кезінен" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 32-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мөлшерлерде төленеді.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома:

      жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне күніне сегіз сағаттан;

      ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен айқындалады.".

      15. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-15) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-15) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;";

      3) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-11) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау;".

      16. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-бапта:

      19) тармақшадағы "ғана" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;".

      17. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Атқарушылық іс жүргізу мерзіміне мынадай:

      1) атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған;

      2) борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген уақыт кірмейді.";

      2) 47-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы "күшіне енсе, тоқтатылады." деген сөздер "күшіне енсе;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) ипотека "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес тоқтатылса, тоқтатылады.";

      3) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынғаннан және бағалау жүргізілгеннен кейін және мүлік өткізілгенге дейін бір мезгілде бағалау туралы есеппен таныстыра отырып, борышкерге оның жазбаша өтініші бойынша бір айдан аспайтын мерзімде тыйым салынған мүлікті жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес құны бойынша дербес өткізу құқығын береді.

      Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу жөніндегі рәсімдерді тоқтата тұруға негіз болып табылмайды.

      Тұрғынжайды дербес өткізу мерзімі үш айды құрайды, осы мерзім ішінде мүлік сауда-саттыққа шығарыла алмайды.

      Тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығын борышкер бір атқарушылық іс жүргізу бойынша бір реттен асырмай пайдалана алады.

      Сатып алушы мен борышкер немесе сот орындаушысы арасындағы сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан және сатып алушы мүліктің сатып алу құнының мөлшеріндегі ақшалай соманы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, басқа атқарушылық құжаттар шеңберінде салынған, өткізілген мүліктен ауыртпалықтардың күшін мүлікті өткізген не рұқсатымен өткізілген сот орындаушысы жояды.";

      4) 80-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде:

      кепіл ұстаушы және оның жұмыскері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ онымен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар;

      егер оның жұмыскері немесе оның құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлға;

      егер оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлға;

      сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы);

      борышкер қатыса алмайды.

      3. Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.

      Егер электрондық аукционға қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау арқылы мүліктің құнын арттырмаған жағдайларда, онда аукцион өтпеді деп танылады.

      Аукцион өткізілмеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, сот орындаушысы осы Заңда белгіленген қағидаларды сақтай отырып, бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін қайтадан аукцион тағайындайды. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі мүлікті жарияланған бағамен сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, ол елу пайыздан төмен болмауға, ал жылжымайтын мүлікке қатысты электрондық аукционға шығарылған мүліктің бағалау құнынан жетпіс бес пайызға төмен болмауға тиіс.";

      5) 84-бап 3) тармақшасындағы "төлемесе, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды." деген сөздер "төлемесе;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) онлайн режимде екеуден аз тіркелген қатысушылар қатысса, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды.";

      6) 126-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-2) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатының бар-жоғы туралы ақпарат беру туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жүгінуге;

      3-3) атқарушылық құжаттың талаптары орындалған немесе жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрудың күшін жою үшін негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығаруға міндетті. Көрсетілген қаулының көшірмелері дереу борышкерге және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі;";

      7) 167-баптың 11) тармақшасы тоғызыншы абзацындағы "қағидаларын әзірлейді және бекітеді;" деген сөздер "қағидаларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді.".

      18. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      217-баптың бірінші бөлігіндегі "акциздiк таңбаларсыз" деген сөздер "сәйкестендіру құралдарынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы Заңына:

      7-бапта:

      2-тармақтың 7) тармақшасының екінші бөлігіндегі "кредиттік серіктестіктер мен" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есепке жазуға және талап етуге" деген сөздер "есепке жатқызылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшаның 41-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

41.

Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия

1. Арақтар мен айрықша арақтардың, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтардың өндірісі.
2. Ликер-арақ бұйымдарының өндірісі.
3. Толысылған шараптың (шарап материалының) өндірісі.
4. Шарап өндірісі.
5. Коньяк өндірісі.
6. Бренди өндірісі.
7. Сыра өндірісі.
8. Сыра сусынының өндірісі.

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

      ".

      21. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Мыналар:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында көрсетілген мүлікті;

      активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында меншік құқығындағы мүлікті;

      активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарындағы ақшаны алудың (пайда болуының) заңдылығы мәселелері, сондай-ақ осыған байланысты салықтық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша тексеруге жатпайды деп белгіленсін.

      Осы тармақшаның ережесі 2021 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларға қолданылады.

      Осы тармақшаның ережесі:

      Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарға және олардың жұбайына (зайыбына);

      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар мен олардың жұбайына (зайыбына) қолданылмайды;

      2) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттеме пайда болған жылдан кейінгі бірінші есепті кезең үшін ұсынылған жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тексеруге жатпайды деп белгіленсін.".

      22. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      45-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бойынша келісу негізінде, іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді.".

      23. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының талаптары орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.".

      24. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      35-1-баптың 3-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне;".

      25. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-2) мобильдік төлемдер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуге электрондық нысанда бастамашылық жасалған, мобильдік қосымша немесе штрих кодты пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған өзге де жабдық (құрылғы) арқылы алынатын қолма-қол ақшасыз төлемдер;";

      2) 25-бапта:

      4-тармақтың 4) тармақшасы "төлемді" деген сөзден кейін ", оның ішінде мобильдік төлемді" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-1 тармақ алып тасталсын.

      26. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 1-тармағы 21) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.".

      27. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) жосықсыз бағалаушылар тізілімі – бағалаушылар палаталарының "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) куәліктен айыру және (немесе) куәліктің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерінің негізінде жасалған бағалаушылар тізілімі;";

      2) 15-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен және 13) тармақшасындағы "ақпаратты беруге міндетті." деген сөздер "ақпаратты беруге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) ипотека шартын жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмелерін ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасына беруге;";

      "14) бағалаушылардың біліктілігін арттыру курстарынан әрбір үш жыл сайын өтуге;

      15) тапсырыс берушіні жосықсыз бағалаушылар тізілімімен таныстыруға міндетті.";

      үшінші бөлік "12)" деген цифрлардан кейін ", 12-1)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) ипотека шартын жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмесі бар ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға беруге;

      11-2) өз мүшелерінің "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) куәлігінен айыру және (немесе) куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;";

      4) 23-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі "кеңес мүшелерінің" деген сөздерден кейін "және жосықсыз бағалаушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін оқу курсынан өте отырып, бағалаушылар палатасына осы шешімге шағымдану құқығынсыз үш жылды құрайды.";

      4-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған адамдар "бағалаушы" біліктілігін растауға "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл өткен соң жіберіледі.

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қайта қабылданған кезде аталған адамдар "бағалаушы" біліктілігін растауға жіберілмейді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.";

      6) 30-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізу;".

      11) тармақша алып тасталсын.

      28. "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт кесімді баға кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжамды түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.

      Кесімді баға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен айқындалады.

      Кесімді баға осы баптың 2-тармағында көзделген заңда белгіленеді.";

      2) 2-баптағы "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      29. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап.

      Осы Заң:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын;

      алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 15-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын және 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 9) тармақшасын;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1) – 8) тармақшаларын және 27-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16 және 21-тармақтарын;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 4-тармағының 4) тармақшасын, 6-тармағын, 7-тармағы 4) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 11-тармағының 1), 5), 6), 7), 9) тармақшаларын, 12, 13, 18, 20-тармақтарын, 25-тармағы 2) тармақшасының бірінші, үшінші абзацтарын және 28, 29-тармақтарын;

      алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын, 17-тармағының 6) тармақшасын және 27-тармағын;

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын, 7-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын, 11-тармағының 2), 3), 4) 8) тармақшаларын, 25-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының екінші абзацын;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылатын 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын және 19-тармағын;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 61) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналар:

      1) осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 2) тармақшасының және 8-тармағы 1) тармақшасының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған шарттарға қолданылады;

      2) осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарының және 3) тармақшасының, 8-тармағы 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "1-9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мынадай жеке тұлғалар:

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар бойынша мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.

      2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;

      активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттемелерді орындаған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайы (зайыбы) бойынша мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.

      3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;

      активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттемелерді орындаған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайы;

      активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттемелерді орындаған адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайы (зайыбы), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайы (зайыбы) бойынша мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.

      Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;".

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 31 желтоқсан 2021) Z2100000100

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341007
    Қазақ тілінде 168982
    Орыс тілінде 170020
    Ағылшын тілінде 2005
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы