Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 3 қаңтардағы № 101-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-11) мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлеу және бекіту;";

      2) 92-баптың 3-тармағында:

      "қатарынан екі жыл" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер учаскесiнің меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күн жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталған кез деп есептеледі.";

      3) 94-баптың 2-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін ұсынылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім – бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымсыз пайдалануды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін мерзім бір жыл болып белгіленеді.";

      төртінші бөліктегі "үшінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 145-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау:

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;

      осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      5) мынадай мазмұндағы 145-1-баппен толықтырылсын:

      "145-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды аумақтық бөлімшенің жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – бақылау субъектісі) қатысты жүргізеді.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе ұтымсыз пайдаланудың уақтылы жолын кесу және алдын алу, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мақсаты бойынша пайдаланбау және (немесе) оларды ұтымсыз пайдалану фактілері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қашықтан зондтау деректері негізінде жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында аумақтық бөлімшенің есепке алуына жатады, ол нөмірленген, тігілген және аумақтық бөлімшенің мөрімен бекемделген болуға тиіс.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жыл сайын ағымдағы жылғы қыркүйек пен қараша аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау жасалады, ол бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне жіберіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалмайды.

      7. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауда бұзушылықтың сипаты, оны жою тәртібі, нұсқауды орындау және анықталған бұзушылықты жою арқылы оның орындалуы туралы ақпаратты жіберу мерзімдері көрсетіледі.

      8. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау бақылау субъектісіне қолма-қол табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында және аумақтық бөлімшенің жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат арқылы жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауды алғаны туралы бірінші белгі қойылған күн оны алған күн болып есептеледі.

      9. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауды орындау үшін мерзім оны алған күннен бастап бір жыл болып белгіленеді.

      10. Бақылау субъектісі Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқауды орындау мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге анықталған бұзушылықты жою арқылы оның орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      11. Аумақтық бөлімшенің жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары бақылау субъектісінен Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың орындалғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін жерді қашықтан зондтау деректерін қолдану арқылы оның анықтығына бақылау жүргізеді.

      12. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың белгіленген мерзімде, оның ішінде бақылау субъектісінің оның орындалғаны туралы ақпаратты жібермеуі түрінде орындалмауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.";

      6) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өз құзыреті шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалары барлық мемлекеттік органдар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін міндетті.";

      7) 148-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар беруге;".

      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:

      1) 1-баптың 57-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 36-баптың 20-2) тармақшасы алып тасталсын.

      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 3-баптың 1-тармағының 68-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 41-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.

      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен берілетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.";

      "Монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, қосалқы мердігерлікке беретін мемлекеттік тапсырманың міндетті көлемі айқындалуы мүмкін.";

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелердің көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі қызметін денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік тапсырмаларға:

      1) оны техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша;

      2) қоғамдық сананы жаңғырту, этносаралық қатынастар мен ішкі саяси тұрақтылық, шетелдегі отандастар мен ел ішіндегі қандастарды қолдау, қоғамдық даму, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету салаларындағы;

      3) аэроғарыш қызметі саласындағы;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

      5) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада және паралимпиада комитеттеріне берілетін;

      7) мәдениет және туристік қызмет салаларындағы, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы;

      8) білім, ғылым салаларындағы;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарын медициналық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы;

      10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесінің медицина қызметкерлері мен өзге де қызметкерлері үшін оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;

      11) кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасының су жолдары мен шлюздерін күтіп-ұстау бойынша;

      12) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және дамыту бойынша;

      13) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, сондай-ақ геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру бойынша;

      14) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу бойынша;

      15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша;

      16) елді мекендердің құрылыс салынған аумағындағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу бойынша;

      17) жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша;

      18) жалпы мемлекеттік маңызы бар қала құрылысы құжаттарын әзірлеу және жетілдіру бойынша;

      19) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында энергия үнемдеу шеңберінде іс-шаралар өткізу және энергия тиімділігін арттыру бойынша;

      20) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы;

      21) мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды жасау, жаңарту және басып шығару, мемлекеттік геодезиялық желілерді жасау, дамыту және жұмыс жағдайында ұстау, техникалық жобаларды жасау, Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру және жүргізу, Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын жасау және дамыту бойынша;

      22) әлеуметтік-еңбек саласындағы;

      23) мұнай және газ конденсатын есепке алу, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы өндірістік көрсеткіштерінің диспетчерлік қызметтерін көрсету бойынша;

      24) көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы;

      25) халықтың көші-қоны саласындағы;

      26) мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісуі бойынша өзге де міндеттерді орындау бойынша тапсырыстар жатқызылуы мүмкін.

      Бұл тізбе түпкілікті болып табылады және кеңінен түсіндірілуге жатпайды.

      4-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;

      2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;

      3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;

      4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.

      Мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген белгілерге сай келмейтін тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосуға тыйым салынады. Осы тармақты бұза отырып жасалған мәмілелерді мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.";

      3) 154-3-баптың 2-тармағында:

      "Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге білікті заңды тұлғалар тартылады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      4) 154-4-баптың 3-тармағында:

      "Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыруға, қажет болған жағдайда, білікті заңды тұлғалар тартылады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      5) 155-2-баптың 2-тармағында:

      "Республикалық және жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, білікті заңды тұлғалар тартылады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      6) 155-3-баптың 3-тармағында:

      "Республикалық және жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыруға, қажет болған жағдайда, білікті заңды тұлғалар тартылады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      7) 176-баптың 1) тармақшасындағы "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 179-баптың 4-тармағындағы "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды" деген сөздер алып тасталсын.

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 83-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптардың, реттеуді қатаңдатудың бәсекелес ортаның жай-күйіне әсерін бағалау жүргізіледі.

      Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.";

      2) 90-1-бапта:

      1-тармақтағы "атқарушы орган, оның ведомствосы" деген сөздер "мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 90-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық

      Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.";

      4) 90-6-бапта:

      13) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-1) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      20-2) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;";

      27) тармақша "ұсыныстарды және" деген сөздерден кейін "мемлекеттік кәсіпорындар," деген сөздермен толықтырылсын;

      29) тармақша "мемлекеттік монополия" деген сөздерден кейін ", арнайы құқық" деген сөздермен толықтырылсын;

      39-1) тармақша алып тасталсын;

      39-2) және 39-3) тармақшалардағы "және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 39-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-4) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған, экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне осы Кодекстің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады;";

      5) 90-7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.

      Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған тұлғалар монополияға қарсы органға сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім уәжді өтініш алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады;";

      6) 116-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы "мемлекеттік монополия" деген сөздерден кейін ", арнайы құқық" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "120-бап. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу

      1. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.

      Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.

      2. Монополияға қарсы орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді.

      3. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жазбаша түрде мыналарды:

      1) тауарларға мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;

      2) өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын негіздеуші материалдарды бере отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға бағалардың алдағы өзгеруі (көтерілуі және (немесе) төмендеуі) және олардың өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептері туралы хабарламаны беруге міндетті.

      4. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспауға тиіс.

      5. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында осы Кодексте белгіленген мерзімдерде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.

      6. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде хабарламаны немесе ақпаратты қарау мерзімі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      7. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.

      8. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.";

      8) 168-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "нарық субъектілері)" деген сөздерден кейін "немесе әлеуетті бәсекелестер" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 172-бапта:

      2-тармақтағы "бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау және бағалау" деген сөздер "бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ "мемлекеттік монополия" деген сөздерден кейін ", арнайы құқық" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 174-баптың 11) тармақшасындағы "жасау сияқты әрекеттерiне тыйым салынады." деген сөздер "жасау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) негізгі қуатқа тең қолжетімділік бермеу сияқты әрекеттерiне тыйым салынады.";

      11) 175-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзацта түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақшаның төртінші абзацындағы "салыстырмалы" деген сөз "тиісті немесе салыстырмалы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 15-тарау мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:

      "176-1-бап. Негізгі қуатқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету

      1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауары, инфрақұрылым объектісі (бұдан әрі – негізгі қуатты иеленуші) негізгі қуат болып табылады, оларға қол жеткізбей басқа да нарық субъектілері тиісті немесе сабақтас тауар нарығында тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыра алмайды.

      2. Нарық субъектісінің тауары, инфрақұрылым объектісі мынадай шарттардың жиынтығы кезінде:

      1) технологиялық ерекшеліктерге байланысты тауарды, инфрақұрылым объектісін қайталау мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан орынсыз болса;

      2) негізгі қуатты иеленуші тиісті тауарды, инфрақұрылым объектісін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы болса;

      3) негізгі қуатты иеленушіде тиісті тауарға, инфрақұрылым объектісіне қолжетімділікті беру мүмкіндігі болса;

      4) негізгі қуатты иеленушінің тиісті тауарға, инфрақұрылым объектісіне қол жеткізуден негізсіз бас тартуы бәсекелестікке теріс әсер ететін болса;

      5) негізгі қуатты иеленушінің тиісті тауар көлеміне, инфрақұрылым объектісіне қолжетімділік биржалық сауда-саттық арқылы берілмесе, негізгі қуат деп танылады.

      3. Тиісті негізгі қуатқа қол жеткізудің өзге тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген жағдайды қоспағанда, негізгі қуатты иеленушілер монополияға қарсы орган бекітетін негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларына сәйкес басқа да нарық субъектілеріне негізгі қуатқа тең қолжетімділік беруге міндетті.

      Егер негізгі қуат шикізат тауары болып табылған жағдайда, тиісті негізгі қуатты иеленушілер оған көрсетілген шикізатты пайдаланатын тауар өндірушілерге ғана тең қолжетімділік беруге міндетті.

      Егер негізгі қуат бағдарламалық өнім болып табылған жағдайда, оған қолжетімділік Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Негізгі қуатқа тең қолжетімділік нарықтық шарттармен беріледі.

      5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптар одан әрі қайта сату мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар пайдаланатын көлемде негізгі қуатты иеленушілерге қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қолданылмайды.";

      13) 177-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым ғұрыптарына, парасаттылық, зерделілік пен әділдік талаптарына қайшы келетін және басқа да нарық субъектілеріне – бәсекелестерге зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) немесе бірнеше нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған кез келген әрекеттері жосықсыз бәсекелестік болып табылады.";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жосықсыз бәсекелестікке оның ішінде мынадай әрекеттер жатады:";

      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау.";

      14) 16-тарау мынадай мазмұндағы 191-1-баппен толықтырылсын:

      "191-1-бап. Тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау

      Шартты бұзу кезінде тұтынушыға шарт жасасу кезінде бұрын көзделмеген немесе болған талаптардан артық талаптар қою, сондай-ақ тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастырмау тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау болып табылады.

      Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру тәртібін монополияға қарсы орган айқындайды.";

      15) 192-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.

      Осы Кодексте белгіленген өлшемшарттарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.

      Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырлсын:

      "4-1. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін құруды, кеңейтуді және (немесе) өзгертуді көздейтін құқықтық актілердің жобалары монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісуге жатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз құруға, кеңейтуге және (немесе) өзгертуге тыйым салынады және бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, монополияға қарсы орган бұзушылықтар мен олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарады.";

      16) 193-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "193-бап. Мемлекеттік монополия және арнайы құқық

      1. Осы Кодексте көзделген тәртіппен енгізілетін, бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға мемлекеттің айрықша құқығы мемлекеттік монополия болып табылады.

      Бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға нарық субъектісінің заңда бекітілетін айрықша немесе артықшылықты құқығы арнайы құқық болып табылады.

      2. Мемлекет тауарларды бәсекелестік нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оны пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекіту не нарық субъектісіне заңмен арнайы құқық беру арқылы бәсекелестікті шектеуге құқылы.

      3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын, мемлекеттік техникалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік арнайы құқық субъектісі бола алады.

      4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайыздан азы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны арнайы құқық субъектісі деп айқындауға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны арнайы құқық субъектісі деп айқындау мүмкін болмаған кезде ғана жол беріледі.

      5. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.

      6. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілеріне:

      1) тауарларды өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатпайтын тауарларды өндіруге;

      2) басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға;

      3) мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа байланысты құқықтарды басқаға қайта беруге;

      4) өндірілетін немесе өткізілетін тауарларға мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен белгілеген бағалардан ерекшеленетін бағаларды белгілеуге тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шектеулер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекеттік техникалық қызметке және Тауарларды таңбалау мен қадағалап отырудың бірыңғай операторына қолданылмайды.

      Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісіне негізгі қызметін қайта бастағанға дейінгі кезеңге технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді.

      7. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жария мүдделі ұйымдар болып табылады және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес міндеттерді атқарады.

      Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері әрбір қызмет түрі бойынша, оның ішінде технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

      8. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді.

      10. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің осы баптың 6-тармағында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды осы Кодекске сәйкес монополияға қарсы орган жүзеге асырады.

      11. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген кезде мынадай шарттар сақталады:

      1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс;

      2) мемлекеттік монополия, арнайы құқық қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай мерзім бойы осы тауарды өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы;

      3) нарық субъектілеріне мемлекеттік монополияны, арнайы құқықты енгізу нәтижесінде келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      12. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру аталған субъект осы баптың талаптарын күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған немесе ол тауар нарығындағы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Монополияға қарсы орган бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік монополияның, арнайы құқықтың жекелеген субъектілерінің қызметіне жыл сайын талдау жүргізеді және есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатқызылған қызметті бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар жібереді.

      Бәсекелес ортаға беру кезінде тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайдың туындауына және (немесе) бәсекелестікті шектеуге жол берілмейді.

      14. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын еншілес ұйымдарының, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне қолданылмайды.";

      17) 194-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар мемлекеттік функцияларды іске асырған немесе мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткен кезде олардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актілер не шешімдер қабылдаудан көрінетін, бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) нарық субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділік бермеу.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде:

      1) нарықтың жаңа субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді шектеуге;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өз мазмұны бойынша мемлекеттік қолдау нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер жүктеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген алымдар мен өзге де төлемдерді алуға;

      4) мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың қызметін, егер бұл әрекет бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, үйлестіруге тыйым салынады.

      3-2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу, жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы осы баптың 3-1-тармағының талаптары сақтала отырып, монополияға қарсы органмен келісуге жатады.

      Монополияға қарсы органмен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу, жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы келісілген кезде мыналар есепке алынады:

      1) тауар нарығының шоғырлану деңгейі;

      2) тауар нарығына кірудің экономикалық, технологиялық, әкімшілік кедергілерінің болуы;

      3) шағын, орта кәсіпкерліктің қатысу үлесі;

      4) нарықтың жаңа субъектілерінің пайда болу серпіні;

      5) тауар нарығының теңгерімі, ішкі сұранысты қанағаттандыру;

      6) тиісті тауар нарығында кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысу деңгейі;

      7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген тауар нарығындағы мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және бәсекелестікті дамыту көрсеткіштеріне қол жеткізу;

      8) тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі ескеріле отырып, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының басымдығын айқындайтын өзге де құжатпен расталған мән-жайлар.

      3-3. Осы баптың 1, 2, 3-1 және 3-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған, экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру кезінде қолданылмайды.";

      18) 195-1-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы "тәртібін көздейтін" деген сөздерден кейін ", монополияға қарсы орган бекітетін әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және ендіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда:

      1) монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және ендіру кезеңдері;

      2) монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және ендіру жөніндегі іс-шаралардың мазмұны;

      3) нарық субъектісінің қызметімен байланысты монополияға қарсы комплаенс-тәуекелдерге бағалау жүргізу әдісі (әдістері);

      4) монополияға қарсы комплаенс-тәуекелдерді ішкі бақылау жүйесін құру;

      5) монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісінің жұмыс істеу тиімділігіне бағалау жүргізу әдісі (әдістері);

      6) монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және ендіру жөніндегі өзге де ережелер көзделеді.

      6. Нарық субъектісінде тиімді жұмыс істейтін монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісінің болуы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде ескеріледі.";

      19) 196-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау монополияға қарсы орган бекітетін, бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелерге сәйкес:

      1) тауар нарықтарында;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында жүргізіледі.";

      11-тармақта:

      екінші бөлікте:

      "бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау" деген сөздер "бәсекелестіктің жай-күйін талдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында талдау монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген кезеңдер негізінде жүргізіледі.";

      20) 199-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген сол бір ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін байқаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.";

      21) мынадай мазмұндағы 210-1-баппен толықтырылсын:

      "210-1-бап. Сенім білдірілген адам

      1. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелердің орындалуына сараптамалық бағалау жүргізу үшін нарық субъектісі осы баптың талаптарына сәйкес айқындалатын сенім білдірілген адамды тартуға құқылы.

      2. Экономикалық шоғырланудың нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар адам сенім білдірілген адам болып табылады.

      3. Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасында монополияға қарсы орган бекітетін үлгілік нысан бойынша шарт жасалады.

      Сенім білдірілген адам монополияға қарсы органды шарт жасалғаны туралы ол күшіне енген күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      4. Сенім білдірілген адам экономикалық шоғырлануға қатысушыларға қатысты тәуелсіз болуға тиіс.

      Мынадай:

      1) экономикалық шоғырлануға қатысушы болып табылатын не экономикалық шоғырлануға қатысушымен бір тұлғалар тобына кіретін;

      2) экономикалық шоғырлануға қатысушының бәсекелесі болып табылатын және (немесе) осындай тұлғамен бір тұлғалар тобына кіретін не экономикалық шоғырлануға қатысушының бәсекелесі болып табылатын тұлғамен бір тұлғалар тобына кіретін адам сенім білдірілген адам ретінде тартыла алмайды.

      5. Сенім білдірілген адам нарық субъектісінің экономикалық, мінез-құлықтық, ұйымдастырушылық, құрылымдық және өзге де, оның ішінде мыналарға:

      1) нарық субъектісінің бөлінуіне немесе оның құрамынан заңды тұлғаның бөлініп шығуына;

      2) нарық субъектісінің мүлікті, мүліктік және өзге де құқықтарды үшінші тұлғаларға өткізуіне, беруіне;

      3) мүдделер қақтығысын болғызбау үшін тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілерін немесе нарық субъектісінің құрылымдық бөлімшелерін басқару функцияларын бөлуге;

      4) тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге, инвестицияларды бағыттауға, тауар нарығындағы мінез-құлықтың әлеуметтік, экономикалық және өзге де шарттарын орындауға;

      5) нарық субъектісінің тауарларына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға қатысты талаптар мен міндеттемелерді орындауына сараптамалық баға береді.

      6. Сенім білдірілген адам монополияға қарсы органға нарық субъектісінің экономикалық шоғырлануға келісім беруі туралы монополияға қарсы органның шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелерді орындауы туралы сараптамалық қорытынды жібереді.

      7. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы жазбаша міндеттеме берілген жағдайда, сенім білдірілген адамның құпия ақпаратты және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, тиісті нарық субъектісінің сенім білдірілген адамның өз функцияларын іске асыруы үшін қажетті электрондық және қағаз құжаттарға, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге), электрондық және басқа да ақпарат жеткізгіштеріне қол жеткізуіне құқығы бар.

      8. Сенім білдірілген адам өзінің арнайы білімінің шегінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ өзіне ұсынылған материалдар мен мәліметтер сараптамалық қорытынды ұсыну үшін жеткіліксіз болған жағдайда, сараптамалық қорытынды ұсынудан бас тартуға құқылы.

      9. Көрінеу жалған сараптамалық қорытынды ұсынғаны үшін сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      10. Монополияға қарсы орган сенім білдірілген адамдардың тізілімін монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

      Сенім білдірілген адамдардың тізіліміне кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері ұсынатын кандидаттар енгізіледі.

      11. Сенім білдірілген адамның көрсететін қызметтеріне шартқа сәйкес нарық субъектісінің қаражаты есебінен ақы төленеді.";

      22) 216-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "бұзылуы" деген сөзден кейін "немесе оның белгілері" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 218-бапта:

      5-тармақтағы "тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні" деген сөздер "тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Біріктірілген тергеп-тексеруді жүргізудің мерзімі уақыты бойынша бірінші тергеп-тексеруді жүргізу басталған күннен бастап есептеледі.";

      24) 221-баптың тақырыбындағы "мен міндеттері" деген сөздер алып тасталсын;

      25) 222-бапта:

      тақырып "және қайта бастау" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда – монополияға қарсы орган, қылмыстық қудалау органдары шешім қабылдаған, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру үшін маңызы бар басқа іс бойынша сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – осы тергеп-тексеру объектісіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды басқа тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап;

      3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда – монополияға қарсы органға сарапшының қорытындысы ұсынылған күннен бастап;

      4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта басталады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдары тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшірмесі осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сарапшыға және тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау туралы ұйғарымның көшірмесі осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.";

      26) 224-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.

      Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.

      Келісу комиссиясы қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар хаттамамен ресімделеді және келісу комиссиясының отырысы өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.

      Келісу комиссиясының ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, лауазымды адам (лауазымды адамдар) бес жұмыс күні ішінде уәжді қорытынды қалыптастырады, ол лауазымды адам (лауазымды адамдар) уәжді қорытындыны қалыптастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісу комиссиясының қарауына жатады.".

      5. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу;

      3-2) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін, оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу;";

      2) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу;

      3-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу;";

      3) 131-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;

      4) 140-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      5, 6 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      5) 144-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсатында ақпарат жинауды шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің өзі бекітетін тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.";

      4-тармақтағы "мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына" деген сөздер "көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 179-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын.

      6. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      96-баптың 2) тармақшасында:

      "банкті" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын" деген сөздермен толықтырылып, "банктер санатына" деген сөздер "банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары санатына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "оған" деген сөз "оларға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      24) және 135) тармақшалар "жүзеге асыруға болмайтын," деген сөздерден кейін "бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      200) тармақшадағы "қағидаларына сәйкес" деген сөздерден кейін "бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      245) және 246) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "245) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;

      246) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;";

      2) 196-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.";

      3) 245-баптың 1, 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағаларды мемлекеттік реттеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыстағы көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттарға, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүзеге асырылады.

      Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша жартыжылдықта бір реттен жиілетпей, жартыжылдықтың үшінші айының онынан кешіктірмей бекітеді.

      2. Уәкілетті орган жартыжылдықтың бірінші айының онынан кешіктірмей жартыжылдықта бір реттен жиілетпей монополияға қарсы органмен келісу бойынша өндірушінің дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларын, бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесіне енгізілген, бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекітеді.

      3. Уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті бағаны, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаны бекітеді.";

      "7. Бағалық реттеуге жататын, дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген дәрілік препараттарды саудалық атаулары бойынша дәрілік заттарға шекті бағасыз көтерме және бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына шекті бағасыз сатып алуға және бірлесіп төлеуге жол берілмейді.";

      4) 246-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін көрсетуге арналған дәрiлiк заттар – халықаралық патенттелмеген атауларымен, ал пациенттің жеке көтере алмау жағдайында дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органының шешімі негізінде Қазақстан Республикасында тілкелген дәрілік заттардың саудалық атауларымен сатып алынады. Көпкомпонентті дәрілік зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.";

      5) 270-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) медицина қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетуі кезінде пациенттің өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда олардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға;".

      8. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.".

      9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-5-бап алып тасталсын;

      2) 10-6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелерінің бірлестіктері, жай серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері және өзге де субъектілер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылар) болып табылады.".

      10. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "тапсырысқа" деген сөз "тапсырмаға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      24-3) тармақша алып тасталсын;

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы (операторлары), жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;";

      2) 4-баптың 1-2) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 5-баптың 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының операторын (операторларын) конкурстық негізде айқындайды;";

      4) 9-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі.";

      5) 12-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы "аспайтын)" деген сөзден кейін "және осы Заңның 13-бабы 3-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "аспайтын)" деген сөзден кейін "және осы Заңның 13-бабы 3-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 13-бапта:

      3-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында, оның ішінде орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге сатуды жүзеге асыруға міндетті.

      Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының үлесін уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындайды.

      Орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының нақты көлемін есептеу тәртібі, сондай-ақ осы талаптың орындалуын мониторингтеу және бағаларды қалыптастыру тәртібі электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Электр энергиясын өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға өткізетін энергия өндіруші ұйымдар үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының көлемі уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындаған үлес және өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға өткізілген электр энергиясы шегеріле отырып, өткізілген электр энергиясының көлемі негізге алына отырып есептеледі.

      Бұл ретте электр энергиясын одан әрі сатусыз өз мұқтажы үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады.

      Егер энергия өндіруші ұйым сауда-саттық қорытындылары бойынша осы тармақшаның үшінші бөлігінде көрсетілген көлемді өткізбеген жағдайда, энергия өндіруші ұйым мұндай көлемді орталықтандырылған сауда-саттықтан тыс өткізуге құқылы;";

      3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға:

      1) электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);

      2) жүйелік оператор қалыптастыратын қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіндегі, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.

      Қуат нарығын тұтынушылардың тізбесі жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүйелік оператор қуат нарығын тұтынушылар құрамының өзгеру фактісі бойынша жаңартып отырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізудің мынадай жағдайларына:

      қуаттардың авариялық істен шығу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүйелік оператор растаған, электр энергиясын өндірудің, берудің техникалық мүмкіндігінің болмауы немесе шектелуі себебінен, тұтынушы электр энергиясын сатуға шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруді қысқарту немесе тоқтату кезеңіне қолданылмайды.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия өндіруші ұйым тарапынан электр энергиясын беруді тоқтатудың жүйелік оператор растаған себептері жойылғанға дейін электр энергиясын тұтынушыға өткізуге құқылы;

      тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушыларға;

      тұтынушының оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын жиынтық көлемде;

      тұтынушы қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіне енгізілген кезден бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге қолданылмайды.";

      7) 15-5-бапта:

      2-тармақтағы "және үшінші" деген сөздер ", үшінші және төртінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы "және үшінші" деген сөздер ", үшінші және төртінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 15-тармақтардағы "және үшінші" деген сөздер ", үшінші және төртінші" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру – концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;";

      2) 8-баптың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 12-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады;";

      4) 13-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды;";

      5) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын" деген сөздер алып тасталып, төртінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық" деген сөздер "Концессиялық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 7) тармақшасындағы "сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар" деген сөздер "шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 3-2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі.".

      15. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 13-баптың 4-5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 133-бапта:

      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "төмен болған;" деген сөздер "төмен болған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.".

      16. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      16-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      17. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшаның 15-жолы 3-бағанының 2-тармағындағы "адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы)," деген сөздер алып тасталсын.

      18. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      19. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыру – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтерді қамтитын көрсетілетін қызметтер;";

      2) 19-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 25-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын.

      20. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      8-баптың 5) тармақшасы "монополия" деген сөзден кейін ", арнайы құқық" деген сөздермен толықтырылсын.

      21. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 18-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 5-баптың 2-тармағының 22-1) тармақшасы алып тасталсын.

      22. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының екінші бөлігіндегі "2)," деген цифр алып тасталсын;

      2) 12-баптың 10-тармағындағы "2)," деген цифр алып тасталсын;

      3) 39-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      "еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде" деген сөздер алып тасталсын;

      "аварияларды", "туындаған кезде" деген сөздер тиісінше "технологиялық бұзылуларды", "туындаған кезде қажетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) осы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген жағдайда, өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      "27) монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы.

      Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысының болуы жөніндегі талап ұлттық қауіпсіздік органдарының, сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды;";

      38) тармақша алып тасталсын;

      39) тармақшаның төртінші абзацындағы "өткізілетін;" деген сөз "сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу;" деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзацы алып тасталсын;

      45) тармақша "көрмелердің" деген сөздің алдынан "осы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын.

      23. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 5) тармақшасындағы ", еңбек ресурстарын дамыту орталығының" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді жүзеге асырады;";

      3) 8-бап алып тасталсын;

      4) 16-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:";

      5) 25-баптың 2-тармағы "жұмыс беруші" деген сөздерден кейін ", оның ішінде өтемақы жарналары есебінен," деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2022 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын;

      2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацын, 6) және 7) тармақшаларын, 9) тармақшасының үшінші абзацын және 16) тармақшасын, 13 және 20-тармақтарын;

      3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 5) тармақшасын және 23-тармағынының 5) тармақшасын;

      4) 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағын;

      5) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 03 қаңтар 2022) Z2200000101

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 334829
    Қазақ тілінде 166001
    Орыс тілінде 166873
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы