< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 15 қарашадағы № 72-VII ҚРЗ.

      Баспасөз релизі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 8) тармақшасындағы "ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ағымдағы шотындағы ақшаға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.";

      3) 741-баптың екінші бөлігі 7) тармақшасындағы "ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ағымдағы шотындағы ақшаға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыру;".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:

      161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы "ағымдағы шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      28-баптың 13-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат, оның ішінде жоспарлар, хабарландырулар, қатысушылар, қорытындылар, жасалған шарттар, шарттық міндеттемелердің орындалуы және ақы төлеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша ақпарат.".

      5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "ағымдағы шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 3-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім

      1. Көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен ерікті негізде жасасатын және жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған келісімдер кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім деп түсініледі.

      2. Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім шарттарының орындалуын мониторингтеуді, сондай-ақ оның қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың ұсынатын мәліметтері негізінде жүзеге асырады.";

      3) 61-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;

      6-2) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;";

      4) 62-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;

      11-2) уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;";

      5) 63-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;

      7-2) көмірсутектер және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;";

      6) 215-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Мерзімдік" деген сөз "Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірілмей тоқсан сайын ұсынылатын есепті қоспағанда, мерзімдік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 8) тармақшасындағы "ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ағымдағы шотындағы ақшаға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.".

      8. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен талапқа сәйкес конкурс қорытындылары бойынша айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында айқындалған және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес навигациялық спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;";

      2) 45-баптың 6-тармағында:

      үшінші бөлікте:

      "төлемдердің" деген сөз "басқа да міндетті төлемдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші бөлік алып тасталсын.

      9. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-20) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-20) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беруге ұсынған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;";

      2) 12-бапта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділікті ұйымдастыру үшін берілген, радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды алған жеке және заңды тұлғалар осындай рұқсаттарды алған кезден бастап екі жылдан аспайтын мерзімде берілген рұқсаттарды пайдалану аумағындағы әрбір елді мекендегі халықтың кемінде отыз пайызына сапасы бойынша ең төмен шекті мәндерге сәйкес келетін көрсетілетін байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну үшін техникалық инфрақұрылымның болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы уәкілетті орган берген радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттар шеңберінде өзіне осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдаған байланыс операторларына қолданылмайды.";

      7-тармақтың 6) тармақшасындағы "оң нәтижелері болмаса;" деген сөздер "оң нәтижелері болмаса, бас тартылады." деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;

      8-1-тармақ 4) тармақшасындағы "төлемақы төлемегенде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады." деген сөздер "төлемақы төлемегенде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат берілгеннен кейін екі жыл өткен соң ол пайдаланылатын әрбір елді мекендегі және (немесе) аумақтағы халықтың кемінде отыз пайызына көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен асырмай ұзартылуы мүмкін.

      Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес іргелес жатқан мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізу қажет болған жағдайда өтінімді қарау мерзімі, бірақ алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін, бұл жөнінде өтінім беруші алдын ала электрондық нысанда хабардар етіледі.

      Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ресімдеу және беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      3) 18-бапта:

      1-тармақтағы "конкурстық негізде" деген сөздер "жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс (немесе аукцион) негізінде бөліп берілгеннен кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "1-тармағының 1) тармақшасына" деген сөздер "1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ "конкурстың" деген сөзден кейін "(немесе аукционның)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "конкурс (немесе аукцион) өткiзу қағидаларына" деген сөздер "жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімдігін есептеуді жүргізу қағидаларына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;

      11-2) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы – мемлекет жүз пайыз қатысатын, өзіне әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды басқару функциялары, сондай-ақ оларды ендіру, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының субъектілеріне консультациялық көмек көрсету және әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;";

      2) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындайды;";

      "24-3) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;";

      3) 15-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Одан әрі сақталуы нақты қауіп төндіретін және дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілер пайдаланылмайтын әскери мүлік деп танылмайды және жойылуға жатады.

      Оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды жою тәртібін Қорғаныс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.";

      4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-29), 26-30) және 26-31) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-29) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;

      26-30) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      5) 26-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қорғаныс министрлігіне бекітуге енгізеді.

      6. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арнаулы мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының қызмет көрсетуіне жатқызылуы мүмкін.

      Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.".

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы "тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды." деген сөздер "тауарларды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады.".

      12. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 3-тармағы "тауар биржаларынан тыс" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 10) тармақшасындағы "ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ағымдағы шотындағы ақшаға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы "ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ағымдағы шотындағы ақшаға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.";

      3) 98-баптың бірінші бөлігі 22) тармақшасындағы "ағымдағы шотындағы ақшадан өндіріп алуға болмайды." деген сөздер "ағымдағы шотындағы ақшадан;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.".

      14. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) ғылыми тағылымдама – "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, ғалымдардың таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіптік құзыреттерді дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда тағылымдамадан өтуі;";

      19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1) жетекші ғалым – уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры – инвестициялық кірісі ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталатын, қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры;";

      23-1) тармақша "қаржыландыру" деген сөзден кейін ", іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағы "қаржыландыру" деген сөзден кейін ", іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) апелляциялық комиссия туралы ережені бекітеді;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекітеді;";

      "14-1) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекітеді;";

      4) 4-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-4), 5-5), 14-1), 15-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-4) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін бекіту;

      5-5) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу;";

      "14-1) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу;";

      "15-1) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      "17-1) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;";

      5) 5-баптың 4-5) және 4-6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-5) уәкілетті органға базалық қаржыландыру субъектілерінің және осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      4-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;";

      6) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғалардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына және конкурс шарттарына сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуға құқығы бар.";

      7) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) апелляциялық комиссия;";

      8) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Апелляциялық комиссия

      1. Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады.

      2. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, сарапшылардың қатарынан, сондай-ақ ғалымдар болып табылатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшелерінен қалыптастырылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы, мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.

      3. Апелляциялық комиссия мыналарды:

      1) ұлттық ғылыми кеңестердің қабылданған шешімдері бойынша конкурстарға қатысушылардың келіспейтіні туралы жолданымдарын;

      2) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің сақтауы мәселелерін;

      3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ұлттық ғылыми кеңестердің қарауының нәтижелері бойынша жолданымдарды қарайды.

      4. Апелляциялық комиссия мыналарды:

      1) өтінімдері ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың жолданымдарын;

      2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі жолданымдарды;

      3) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру мониторингінің қорытындыларын қараудың мәселелері жөніндегі жолданымдарды;

      4) иесі бүркемеленген жолданымдарды;

      5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған жолданымдарды;

      6) апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес басқа да жолданымдарды қарамайды.

      5. Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша конкурстарға қатысушылардың жолданымдарын және уәкілетті органның ұсынымдарын қарау тәртібі апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.

      6. Апелляциялық комиссия өз құзыреті шегінде өтініш берушілердің жолданымдарын, оның ішінде олардың қатысуымен объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.

      7. Апелляциялық комиссияның шешімдері ұлттық ғылыми кеңестердің, уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалардың міндетті түрде орындауына жатады.

      8. Уәкілетті орган апелляциялық комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      9) 19-бапта:

      5-тармақ бесінші абзацындағы "қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату)" деген сөздерден кейін ", осы Заңның 27-1-бабына сәйкес ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің құрылымына Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі кіреді.

      Ұлттық ғылыми кеңес мүшесінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексінің талаптары мен ережелерін бұзуы осы мүшені ұлттық ғылыми кеңестің құрамынан шығару үшін негіз болып табылады.";

      10) 24-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда бір мезгілде әртүрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымы және уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.";

      11) 25-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Базалық қаржыландыру іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарға бөлінбейді.";

      2-тармақ "қамтамасыз етуге," деген сөздерден кейін "жетекші ғалымдардың," деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 26-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      13) 27-баптың 1 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде жүзеге асырылады. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы бөлінуі мүмкін.";

      "11. Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, жекеше әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында айқындалады.";

      14) 6-тарау мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру

      1. Іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдарға қаржыландыру археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім беру, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бес жылдан аспайтын мерзімде ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, еңбекке ақы төлеуді, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтиды.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар уәкілетті органға жібереді.

      Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға берілген өтінімдерді уәкілетті орган Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына және одан әрі тиісті ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жібереді.

      Уәкілетті орган іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерімен бірге Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға жібереді.

      4. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.

      5. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдар ұлттық ғылыми кеңестерге жыл сайынғы есептерді ұсынады.".

      15. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтауға және жүргізуге, ішкі істер органдары үшін көші-қон процестерін есепке алу, бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі жұмыстарды автоматтандыруға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.".

      16. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-1-бабында көзделген кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады, сондай-ақ олардың шарттарының орындалуын мониторингтеуді, мониторинг қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды жүзеге асырады;".

      17. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      "3. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындауға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.".

      18. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі "Бұл ретте" деген сөздерден кейін "инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және осы Заңның 46-бабы 1-1-тармағының шарттары сақталған кезде инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің біркелкілігі сақтала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 32-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасының бірінші бөлігі "меншікті" деген сөзден кейін "немесе меншікті және қарыздық" деген сөздермен толықтырылсын;

      "1-1. Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылған жағдайда:

      1) әлеуетті жекеше әріптес және оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс;

      2) әлеуетті жекеше әріптестің және (немесе) оның қатысушыларының (акционерлерінің) меншікті немесе меншікті және қарыздық қаражатының жиынтық мөлшері осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Бұл ретте әлеуетті жекеше әріптестің қатысушысы (акционері) әлеуетті жекеше әріптестіктің құрылтай құжаттарында мұндай міндетті көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;

      3) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, осы Заңның ақпарат беру жөніндегі талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат бергені үшін жауаптылық әлеуетті жекеше әріптестің қатысушыларына да (акционерлеріне де) қолданылады.";

      3) 46-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары елеулі болып табылады және олар мұндай өзгерістердің бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) оң болған (бюджет шығыстарын ұлғайтпаған, мемлекеттік кірісті ұлғайтқан) жағдайда, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және (немесе) әлеуметтік тиімділігі сақталған не ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу кезінде оның талаптарында мұндай өзгерістердің көзделу жағдайлары қосылмайды.".

      19. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      11-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушы (қатысушылар) және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында ол іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.".

      20. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қаржылық есептілік бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайын есеп береді;";

      2) 32-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы "ақы төлеуден басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады." деген сөздер "ақы төлеуден;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.".

      21. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бастапқы баға – әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен бола алмайтын баға;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) келісу комиссиясы – тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтаруы салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;";

      мынадай мазмұндағы 18-1), 21-1), 22-1), 23-1) және 31-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – осы Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;";

      "21-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық дерекқор;";

      "22-1) негіздемелік келісім – тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілермен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында жасалатын келісім;";

      "23-1) офтейк-келісімшарт – тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалған, өндіруге жоспарланған тауарларды болашақта кепілдендірілген түрде сатып алу жөніндегі келісім;";

      "31-1) форматтық-логикалық бақылау – мемлекеттік сатып алу веб-порталында орнатылатын, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өзінің уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған банктік шотына әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші ақша енгізген кезде оның:

      конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етумен;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етумен;

      авансты қамтамасыз етумен (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда);

      осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізумен (бар болса) байланысты операцияларын көрсету үшін пайдаланатын әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің жеке шоты;";

      мынадай мазмұндағы 34) және 35) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34) электрондық дүкен – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор айқындаған, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған, уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын бірыңғай ақпараттық жүйе;

      35) электрондық тауарлар каталогі – сатып алынатын тауарларды автоматтандырылған түрде сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақпараттық кіші жүйесі.";

      2) 4-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

      4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы;";

      3) 5-баптың 3 және 12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.";

      "12. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы Заңның 29-бабы 4-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының құпиялылығын қамтамасыз етеді.";

      4) 6-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның жұмыскері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де жұмыстар, қызметтер көрсетсе және (немесе) көрсеткен болса, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың нысанасы құрылыс-монтаждау жұмыстары, техникалық қадағалауды жүзеге асыру және жобаны басқару жөніндегі инжирингтік көрсетілетін қызметтер болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге тапсырыс беруші, бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.";

      1-1-тармақта:

      "мемлекеттік мүлік туралы" деген сөздер "квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының бір конкурс (аукцион) лотына қатысуға құқығы жоқ.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің және оның үлестес тұлғасының сол бір құрылыс объектісінде инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.

      Инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің және оның үлестес тұлғасының сол бір құрылыс объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.";

      5) 7-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оларға қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін бірнеше заңды тұлғалар, ведомстволар және ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.";

      6) 8-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган айқындайтын тізбесі бойынша;

      2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган айқындайтын тізбесі бойынша, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, оларды бір лотқа біріктіру арқылы жүзеге асырады.

      4. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам не оның орынбасары конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып анықталады.";

      7) 9-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

      2) қаржылық тұрғыдан орнықты болуы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы.

      Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен айқындалады;

      3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы;

      5) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген біліктілік талаптары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған немесе электрондық көшірмесін ұсынады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8) 11-бапта:

      тақырып "өнім берушінің" деген сөздерден кейін ", өнім берушінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша беретін ақпараттың анықтығын уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында, оның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде анықтауы мүмкін.";

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "өнім берушінің" деген сөздерден кейін ", өнім берушінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер

      1. Уәкілетті орган:

      1) мыналардың:

      тапсырыс берушілердің;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың;

      шағымдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      2) әлеуетті өнім берушілердің паспорттарының базасын қалыптастырады және жүргізеді.

      2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.

      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.

      Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшаларында және 50-бабында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.

      4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі:

      1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің;

      2) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;

      3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бұған жиынтығында мынадай шарттарды:

      1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;

      2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;

      3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы шарттарын қанағаттандыратын жағдайлар қосылмайды.

      5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

      6. Егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның оны осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.

      Келісу комиссиясы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің жолданымын қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді.

      Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы шешім шығарады.

      7. Келісу комиссиясының құрамына міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      8. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілген тізілімнен алып тасталады.

      9. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді алып тастауға мыналар негіз болып табылады:

      1) осы баптың 8-тармағының бірінші және екінші бөліктерде белгіленген мерзімдердің өтуі;

      2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

      3) келісу комиссиясының әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы жолданымын қарау қорытындылары бойынша қабылдаған уәкілетті органның шешімі.

      10. Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

      11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар мүдделі тұлғалардың танысуына төлемақы алынбастан, қолжетімді болуға тиіс.

      12. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 2), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді.

      13. Шағымдар тізілімі әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қараудың және берілген нұсқамалардың (хабарламалардың) нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қамтиды.

      14. Әлеуетті өнім берушілердің паспорттарының базасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерден алынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді қамтитын және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын электрондық дерекқорды білдіреді.";

      10) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Электрондық тауарлар каталогі

      1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу электрондық тауарлар каталогінен жүзеге асырылады.

      2. Электрондық тауарлар каталогінен тауарларды мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен, уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.";

      11) 13-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс);";

      5) тармақшадағы "биржалары арқылы жүзеге асырылады." деген сөздер "биржалары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері бәсекелестік тәсілдер деп танылады.";

      "2-1. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындау кезінде мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін таңдауға ұмтылады.";

      12) 16-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 11-3), 11-4) және 11-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-3) электрондық депозитарийді қалыптастырады және жүргізеді;

      11-4) сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды;

      11-5) келісу комиссиясының үлгілік ережесі мен жұмыс тәртібін бекітеді;";

      13) 17, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктері

      Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:

      1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын, электрондық тауарлар каталогін дамытуды, қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік сатып алу веб-порталын, электрондық тауарлар каталогін дамыту бойынша жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

      3) әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (оған қол жеткізу) бойынша ақылы негізде қызметтер көрсетеді. Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы (оған қол жеткізуі) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

      Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (оған қол жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктерін жүзеге асыруға мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор шеккен шығындардың толық өтелуін қамтамасыз етуге тиіс;

      4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді;

      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталында, электрондық тауарлар каталогінде орналастырылған мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;

      8) электрондық тауарлар каталогін ендіруді, толықтыруды жүзеге асырады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің аталған каталогке тауарларды орналастыруы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      9) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құралдарын пайдалана отырып, осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурсқа (аукционға) және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;

      10) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша электрондық дүкенді айқындау талаптары мен тәртібін айқындайды;

      11) кейіннен мемлекеттік меншікке бере отырып, электрондық дүкенді сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      12) электрондық тауарлар каталогін қалыптастыру және ұсыну тәртібін айқындайды;

      13) электрондық тауарлар каталогін қалыптастыру және толықтыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      14) мемлекеттік сатып алу веб-порталы, электрондық тауарлар каталогі арқылы электрондық қызметтер көрсетеді;

      15) анықтамалықты ендіре отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ендіруді және оны қолдап отыруды жүзеге асырады.";

      "19-бап. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі

      1. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алудың мониторингін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және онда қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді, сондай-ақ оны мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады.

      4. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепте барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері де қамтылуға тиіс.

      5. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.";

      "20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мыналарды:

      1) өзара байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін көздейтін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      2) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

      Тауарлар берудің, қызметтер көрсетудің кемінде бес орны болған жағдайда, лотта тауарлар берудің, қызметтер көрсетудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.

      2. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысады.";

      14) 21-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық өзіндік ерекшелік, жобалау-сметалық құжаттама және оның кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс;";

      4-1-тармақ алып тасталсын;

      15) 22-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың талаптары жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылады, онда конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшелік және осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылады.";

      16) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлау

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңның 22-бабының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыруды орналастыруға құқылы.

      2. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыру орналастырылған жағдайда, жиынтығында мынадай шарттардың орындалуы:

      1) осы Заңның 22-бабына сәйкес бекітілген конкурстық құжаттаманың өзгермеуі;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыру мемлекеттік сатып алу веб-порталында күнтізбелік отыз күннен он екі айға дейінгі мерзімде, бірақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабархат орналастырылған күнге дейін ағымдағы қаржы жылының аяқталу мерзімінен кешіктірілмей орналастырылуы шартымен, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынатын соңғы күнінің мерзімі мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.";

      17) 25-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны таңдауға құқылы. Кепілдік ақшалай жарнаны беруге осы Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда жол беріледі;";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өз ақшасын осы Заңда көзделген есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға арналған банктік шотқа есепке жазуына жол берілмейді.";

      18) 26-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әлеуетті өнім беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын баға демпингтік баға деп танылады.";

      19) 27-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы қажет болған кезде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

      Сараптама комиссиясын құру және (немесе) сарапшыны айқындау тәртібі, сондай-ақ сарапшыларға қойылатын талаптар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға;";

      20) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары ашылмайды.";

      21) 30-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін." деген сөздер "сатып алынған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) инвестициялық құрамдас бөлігі бар, офтейк-келісімшарттар қолданылатын тауарлар сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Офтейк-келісімшарттарды жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджет негізінде жүзеге асырылады.";

      22) 4-тарау мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2 және 31-3-баптармен толықтырылсын:

      "31-1-бап. Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

      1. Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      31-2-бап. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

      1. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мен олардың өлшемшарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      31-3-бап. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

      1. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.";

      23) 32, 33 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

      2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.

      3. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамада тауарларды олардың біртекті түрлері және оларды беру орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

      Тауарларды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, лотта тауарларды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.

      4. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде аукцион өткізіледі;

      2) екінші кезеңде аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      5. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабархатқа, аукционға қатысуға арналған өтінімге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарына, 22, 22-1, 23, 24 және 25-баптарына сәйкес айқындалады.

      33-бап. Аукцион өткізу

      1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукциондық құжаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.

      Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен күннен кейінгі жұмыс күні аукционды өткізу күні болып табылады.

      2. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету арқылы өткізіледі.

      Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.

      3. Аукционды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукционды өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.

      5. Аукционды өткізу кезінде аукционға кез келген қатысушы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.

      6. Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес.

      7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.

      8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.

      9. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, тауардың басқа ұсыныстардан бұрынырақ ұсынылған бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.

      10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукционда бірінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.

      34-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау

      1. Аукциондық комиссия біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.

      2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімінен бастайды.

      3. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырылады. Бұл ретте аукционға қалған қатысушылардың өтінімдері ашылмайды.

      Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама қалыптастырылады. Мұндай жағдайларда аукциондық комиссия бағасы ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарауға көшеді.

      4. Аукциондық комиссия аукцион өткізілген және (немесе) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған әрбір өтінімін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

      Сараптама комиссиясын құру және (немесе) сарапшыны айқындау тәртібі, сондай-ақ сарапшыларға қойылатын талаптар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      6. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия:

      1) аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға;

      2) аукционға қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға құқылы.

      Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      7. Егер аукционға қатысуға арналған өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.";

      24) 35-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп танылған әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау аяқталған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және аукциондық комиссияның барлық мүшесі мен аукционға қатысуға арналған өтінімдерді берген барлық әлеуетті өнім берушіні электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, онда орналастырылады.

      2. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:

      1) осы Заңның 34-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы ақпарат;

      2) қабылданбау себептерін егжей-тегжейлі сипаттап, оның ішінде біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аукционға қатысуға арналған өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;

      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер.";

      25) 36-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер аукционға қатысушылардың барлығы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылса;

      4) егер аукционға қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша аукционға бір ғана қатысушы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылса, өткізілмеді деп танылады.";

      26) 6-тараудың тақырыбы "сұрату тәсілімен" деген сөздерден кейін "және электрондық дүкен арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 37-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін кемінде бес орын болған жағдайда, лотта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.";

      28) 38-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жүзеге асыру;" деген сөздер "жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

      29) 6-тарау мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:

      "38-1-бап. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.

      2. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.";

      30) 39-бапта:

      3-тармақта:

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақшаның бесінші абзацы "адамдар" деген сөзден кейін ", аудармашылар, сарапшылар" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) тармақша алып тасталсын;

      27) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) мемлекеттік органның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, шаруашылық серіктестіктерден және өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;";

      "29) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттiк кәсiпорындарының сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының сотталғандарды және (немесе) жаза мерзімін өтегендерді не пробация қызметінде есепте тұрғандарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде жұмысқа орналастыру мақсатында осы Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген көлемнен аспайтын көлемде, тапсырыс берушімен жасалған шарт шеңберінде тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуына жол беріледі;";

      37) тармақша алып тасталсын;

      42) және 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді сатып алуы;";

      "53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдардың), күзету және оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      31) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

      3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.

      Есепте мыналар қамтылуға тиіс:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;

      2) осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесі;

      3) өнім берушіні таңдау негіздемесі;

      4) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары.

      4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам не орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе аппарат басшысының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      5. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған адам осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу қағидаттарының сақталуына дербес жауапты болады.

      6. Осы баптың 1-тармағының талабы өзі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары өзі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 18), 23), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.";

      32) 43-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тапсырыс берушілер нәтижеге бағдарланған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар (сервистік модель бойынша шарттар) жасасуға құқылы.

      Нәтижеге бағдарланған шарттар (сервистік модель бойынша шарттар) бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.";

      7, 9, 11, 12 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізбесе, тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты ұсынбаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жібереді.

      Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.";

      "9. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізуге міндетті.

      Бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізу мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші осы шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.";

      "11. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.

      Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң және авансты қамтамасыз етудің (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) мынадай түрлерiнiң бiрiн:

      1) өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны;

      2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі;

      3) уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.

      Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартының объектісі болып табылады.

      Тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.

      Сақтандыру сомасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартында айқындалады және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмайды.

      Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн электрондық әмияндағы ақшаны тұтастай не оның бір бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.

      Өнім беруші енгiзген электрондық әмияндағы ақшаны мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.

      12. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) өнім берушіге қайтарады.

      Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) өнім берушіге қайтарылмайды.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.

      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) электрондық әмиян арқылы енгізген кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындағанына дейін тиісті соманы автоматты түрде бұғаттайды.

      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өнім берушінің электрондық әмиянына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақшалай соманы, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) қайтаруды автоматты түрде жүзеге асырады.";

      "14. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бір қаржы жылы мерзіміне жасалады.

      Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы шартты бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасасуға жол беріледі.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды үш жылдан асатын мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      16-тармақ алып тасталсын;

      23-1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.

      Осы тармақтың ережесі осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.";

      33) 45-баптың 2-тармағында:

      3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Көрсетілетін көлік қызметтерін, көрсетілетін байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;";

      "7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;";

      9) тармақшадағы "аспайтын мерзімге жол беріледі." деген сөздер "аспайтын мерзімге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде;

      11) өнім беруші ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде ақша алушының деректемелерін өзгерту бөлігінде жол беріледі.";

      34) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

      Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді.";

      35) 47-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен апелляциялық комиссияға шағым жасауға құқылы.";

      36) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне уәкілетті органға берілетін шағымда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, тұрған жері;

      2) шағым берген тұлғаның атауы, тұрған жері;

      3) өз шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;

      4) қажет болған кезде растаушы құжаттар қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың нақты фактілеріне нұсқама;

      5) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағым жасалған әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері.

      Шағым берген тұлғаның дәлелдерін растайтын құжаттар шағымға қоса берілуі мүмкін.".

      22. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 54) тармақшасындағы "акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі" деген сөздер алып тасталсын.

      23. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-бапта:

      10-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "8) берілген банктік қарыздар бойынша" деген сөздер "9) берілген банктік қарыздар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "негізгі борыш сомасы мөлшерінде, өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "негізгі борыш сомасы мөлшерінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      11-тармақтың екінші бөлігі "ағымдағы шотындағы ақшаға," деген сөздерден кейін "әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы "ағымдағы шотындағы ақшаны," деген сөздерден кейін "әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаны," деген сөздермен толықтырылсын.

      24. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 23-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) конкурс;

      2) баға ұсыныстарын сұрату;

      3) бір көзден алу;

      4) тауар биржалары арқылы тәсілімен жүзеге асырылады.

      Тауар биржалары арқылы тәсілімен сатып алу сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін, биржалық сауданың үлгілік қағидаларына және биржалық тауарлар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.";

      9-тармақтағы "2-тармағының" деген сөздер "2-тармағы бірінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етуге;".

      25. "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;";

      2) 16-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Пайдаланылмайтын деп танылған оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі болмаған кезде не пайдаланылмайтын деп танылған оқ-дәрілерді одан әрі сақтау нақты қауіп төндірген кезде уәкілетті орган оларды жою туралы шешім қабылдайды.

      Пайдаланылмайтын деп танылған оқ-дәрілерді жоюдың нақты қауіптілік өлшемшарттары, сондай-ақ тәртібі пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында белгіленеді.";

      3) 22-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тауарларды (өнімдерді) дайындаудың технологиялық мерзімі үш жылдан асатын уақытты құрайтын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес оларды дайындауға, сынау мен тапсыруға қажетті және жеткілікті үш жылдан асатын мерзімге жасалуы мүмкін.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағының 1) және 2) тармақшаларын;

      2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағы 22) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 32) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 21-тармағының 11) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс);".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 15 қараша 2021) Z2100000072

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 322123
    Қазақ тілінде 159912
    Орыс тілінде 160265
    Ағылшын тілінде 1946
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы