Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 20 маусымдағы № 128-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 961-баптың 3-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) географиялық нұсқамалар;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауарлар шығарылған жерлердің атаулары;";

      2) 999-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өнеркәсiптiк үлгiге патент – он жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін сараптама ұйымы патент иеленушінің өтінішхаты бойынша әр жолы бес жылға ұзартуы мүмкін. Бұл ретте патенттің жалпы қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап жиырма бес жылдан аспауға тиіс.";

      3) 1027-баптың 1-тармағындағы "таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар" деген сөздер "белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1031-баптың үшінші бөлігіндегі "таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар" деген сөздер "белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 56-тараудың 3-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Параграф 3. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы

      1033-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын құқықтық қорғау шарттары

      1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оларды "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай беріледі.

      2. Географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты болатын тауарды сәйкестендіретін белгілеме географиялық нұсқама болып табылады. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің оның сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе басты түрде осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты пайдаланылуы нәтижесінде белгілі болған белгілеме тауар шығарылған жердің атауы болып табылады. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс.

      4. Тауар өндірілетін географиялық объектінің шекаралары, сондай-ақ белгіленуі үшін географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы пайдаланылатын тауардың ерекше қасиеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Көрсетілген талаптардың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Географиялық объектiнiң атауын білдіргенімен немесе атауы болғанымен Қазақстан Республикасында белгiлi бiр тауар түрінің өндірілген жеріне байланысты емес белгiлемесi ретiнде жалпыға бірдей қолдануға енген белгiлеме осы параграфтың қағидаларына сәйкес географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы болып танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатпайды. Көрсетілген мән-жай мұндай атауды жосықсыз пайдалану арқылы құқықтары бұзылған тұлғаны оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәсілдермен, оның iшiнде жосықсыз бәсекелестік туралы қағидалардың негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды.

      6. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы ретінде құқықтық қорғау берілмейтін белгілемелер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

      1034-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы

      1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы нұсқама мен атауды тауарға, қаптамаға, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және оларды осы тауарды азаматтық айналымға енгiзуге байланысты өзгеше түрде пайдалануға құқылы.

      2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сай келетiн тауардың белгiлемесі үшiн географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын бiрнеше тұлға бiрлесiп те, бiр-бiрiне тәуелсiз де тiркетуi мүмкiн. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы мұндай тұлғалардың әрқайсысына тиесілі болады.

      3. Тіркелген географиялық нұсқамамен және тауар шығарылған жердiң атауымен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлемені алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға көрсетілген географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы оны одан әрi пайдалану құқығын сақтайды.

      4. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын иелiктен шығаруға, оны басқаға беру туралы өзге де мәмiлелерге, оларды лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.

      1035-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын құқықтық қорғаудың қолданылу саласы

      1. Қазақстан Республикасында республика аумағындағы географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғау берiледi.

      2. Егер басқа мемлекеттегi географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы тауар шығарылған елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, оларға Қазақстан Республикасында заңда белгіленген тәртіппен құқықтық қорғау берiледi.

      1036-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі

      Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.

      Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беретiн шарттар сақталған кезде оның иесiнің соңғы қолданылу жылы iшiнде берген өтiнiші бойынша он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз рет жүргiзiлуi мүмкiн.

      1037-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын құқыққа сыйымсыз пайдалануға байланысты әрекеттер үшін жауаптылық

      1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының иесіне оның шеккен залалдарын өтеуге міндетті.

      2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      3. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы, жарнама, анықтамалықтар, шоттар контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған сайман, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан алып қойылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.

      4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауды талап етуге құқылы.

      5. Жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындаумен немесе қызметтерді көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайшалардан географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауға міндетті.

      6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушыдан сот бұзушылықтың сипатын, географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.

      7. "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, құқық иеленушінің тауар өндірілетін географиялық объектінің шекараларына және белгіленуі үшін географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы пайдаланылатын тауардың ерекше қасиеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының олар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      222-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "222-бап. Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану

      1. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған соларға ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, –

      сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Қазақстан Республикасында тiркелмеген тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне, географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатысты ескертпе таңбалауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, –

      Ескертпе. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.".

      3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 60-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген тапсырма бойынша өкілдер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларды немесе өзге де құжаттарды сұратуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.";

      2) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. Тегін заң көмегін көрсету

      1. Судья істі сот талқылауына дайындаған кезде немесе сот істі қараған кезде мына адамдардың:

      1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың;

      2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың;

      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің;

      4) алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көпбалалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің;

      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің;

      6) кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлердің;

      7) заңға сәйкес ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың істерін қараған кезде оларды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.

      2. Адвокат, заң консультанты көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      Адвокат, заң консультанты көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, адамның заң көмегіне ақы төлеуден және өзінің атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы өтінішхатына осы адамның бюджет қаражаты есебінен заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.

      4. Сот адамды заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды. Шығарылған ұйғарыммен келіспейтіні туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.

      5. Адамды заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы сот ұйғарымы азаматтық істі қарайтын соттың тұрған жеріндегі аумақтық адвокаттар алқасына және тиісті заң консультанттары палатасына жазбаша түрде немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында дереу жіберіледі, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың немесе заң консультантының сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.".

      4. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "I тарау", "II тарау", "III тарау", "IV тарау" және "V тарау" деген сөздер тиісінше "1-тарау", "2-тарау", "3-тарау", "4-тарау" және "5-тарау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін" деген сөздер "негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін, сондай-ақ бастапқы кодын (бастапқы мәтінді)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзімді баспа басылымдарында құқыққа сыйымды түрде жарияланған жекелеген мақалалар мен көлемі шағын туындыларды, өзге де құқыққа сыйымды түрде жарияланған жазбаша шығармалардан қысқаша үзінділерді (иллюстрациялармен немесе иллюстрацияларсыз) кіріс алмай қайта шығаруы және олардың көшірмелерін білім алушылар мен педагогтерге емтихандар, аудиториялық сабақтар өткізу және өз бетінше дайындалу үшін осыған қажетті мөлшерде беру.";

      4) 43-баптың 4-тармағында:

      "шарттар негізінде" деген сөздер "шарттардың негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын бірнеше ұйымға мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаруға өкілеттіктер берілген жағдайда, берілген өкілеттіктер көлемі және (немесе) аумағы және (немесе) басқару салалары бойынша ерекшеленуге тиіс.";

      5) 44-бапта:

      1-тармақтағы "III тарауына" деген сөздер "2 және 3-тарауларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-тармақ "құжаттарды" деген сөзден кейін "жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 45-бапта:

      1) тармақша "пайдаланушылармен" деген сөзден кейін "жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;";

      7) 46-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "есептер беріп тұруға" деген сөздер "есептерді ұйымның интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы беріп тұруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Сыйақыны бөлу және төлеу құқық иеленушінің азаматтық белгісі, тұратын елі, санаты және өзге де негіздер бойынша кемсітусіз, әділ жүзеге асырылуға тиіс.";

      үшінші сөйлем "арналған" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнаулы қорларға жіберілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      5), 6), 7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі туралы хабар беру мақсатында интернет-ресурс құруға, интернет-ресурстың тәулік бойғы режимде қолжетімділігін, онда орналастырылатын ақпараттың ашықтығын, сондай-ақ осындай ақпараттың өтеусіз негізде берілуін қамтамасыз етуге;

      6) авторлық немесе сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге құқық иеленушінің атын, ал мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен өзара мүдделілік білдіру туралы шарттар бойынша құқықтар берілген жағдайда – осындай ұйымның атауын қоса алғанда, өзіне басқаруға берілген құқықтар, сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;

      7) ұйым өкілдері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;";

      "9) пайдаланушының атауын және оның тұрған жерін, сондай-ақ осындай шарттың жасалған күнін қоса алғанда, пайдаланушылармен жасалған шарттар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;";

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының аумағында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы шарттар жасасуға;

      11) уәкілетті органды жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жалпы жиналыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында хабардар етуге, сондай-ақ оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым өзінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілігіне аудит жүргізу, сондай-ақ сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді жүзеге асыру кезінде ақшамен операциялардың жүргізілуін және құжаттамалық ресімделуін, жиналған сыйақыны бөлудің осындай ұйым бекіткен әдістемеде көзделген талаптарға сәйкестігін, арнайы қорлардан жүзеге асырылған нысаналы түсімдер мен төлемдердің есепке алынуын, осындай ұйымның қызметіне қойылатын және осы бапта белгіленген өзге де талаптардың сақталуын тексеру үшін екі жылда кемінде бір рет тәуелсіз аудиторлық ұйымды тартуға міндетті.

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аудиторлық қорытындыны және тексеру нәтижелерін тиісті бухгалтерлік (қаржылық) есептілікпен бірге бекітілген (қол қойылған) күннен бастап бір ай мерзімде өзінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті, олар құқық иеленушілер үшін бес жыл бойы ашық қолжетімділікте болуға тиіс.

      Аудитке және тексерілуге жататын бухгалтерлік (қаржылық) есептілік және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өзге де ақпарат құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын ақпаратқа, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатқызылмайды.

      Аудит және тексеру жүргізуге арналған шығыстар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым шығыстарының құрамына енгізіледі.";

      2-тармақтың үшінші бөлігіндегі "көрсетілген мерзім" деген сөздер "осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 46-2-бапта:

      4-тармақтағы "жазбаша түрде" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақта:

      "4) басқа мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын осындай ұйымдарымен өзара мүдделілік білдіру туралы қолданыстағы шарттардың болуын;";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган ұйымның осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жыл ішінде алуға құқылы емес.";

      9) 47-1-бап 8) тармақшасындағы "тартылған жағдайларда кері қайтарып алуы мүмкін." деген сөздер "тартылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) авторларға, орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі сыйақы мөлшерлемелерінен төмен сыйақы мөлшерлемелері қолданылған жағдайларда кері қайтарып алуы мүмкін.".

      5. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде мәліметтердің күшін жою;";

      2) 5-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;

      3) 8-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өтінім бергені үшін ақы төленген жағдайда өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және олардың өздеріне белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.";

      төртінші бөліктегі "өтінім берушінің атауын" деген сөздер "өтініш беруші – заңды тұлғаның атауын не жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "екі ай" деген сөздер "үш ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш беруші жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесі болған кезде сараптама ұйымы өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтініш беруші шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Осымен бір мезгілде өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауалнамасының көшiрмелерi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.";

      4-тармақтағы "бiр ай мерзiмде" деген сөздер "бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "бес жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      "сараптама ұйымы он" деген сөздер "сараптама ұйымы бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өтінім берушіге он" деген сөздер "өтініш берушіге бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "негiзiнде он" деген сөздер "негiзiнде бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өтiнiм берушiге он" деген сөздер "өтiнiш берушiге бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 20-2-баптың 3-тармағы 3) тармақшасындағы "мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады." деген сөздер "мәліметтерге сәйкес келмеуі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.";

      6) 22-3-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.";

      4-тармақ 2) тармақшасындағы "берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы." деген сөздер "берген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) өтініш берушінің дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.";

      7) 22-4, 22-5 және 22-6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-4-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.

      Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.

      Уәкілетті органның жанынан құрылатын аттестаттау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.

      Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Аттестаттауға мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;

      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;

      3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.

      3. Аттестаттауға зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.

      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:

      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;

      3) осы Заңның 22-6-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.

      Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.

      22-5-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері

      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:

      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;

      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

      3) селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;

      4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;

      5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.

      Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.

      3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.

      22-6-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою

      1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен аттестаттау комиссиясының шешімімен:

      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;

      3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;

      4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;

      5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;

      6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;

      7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.

      2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.

      3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.

      4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне белгі қойылады.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне тиісті жазба енгізу;

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.

      Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.";

      8) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "өтінім берушінің атын (атауын)" деген сөздер "өтініш беруші – заңды тұлғаның атауын не жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      2-1) және 2-2) тармақшалар "конвенциясына" деген сөзден кейін "немесе 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "зияткерлік қызмет" деген сөздер "зияткерлік шығармашылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 1-тармағындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою;";

      4) 5-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша әр жолы бес жылға ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте патенттің жалпы қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап жиырма бес жылдан аспауға тиіс.";

      5) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Патенттер мыналарға:

      1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына;

      2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне;

      3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді.";

      6) 7-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "диагностикалық," деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтағы "3-тармағында" деген сөздер "3 және 3-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 14-1-баптың 3-тармағы 3) тармақшасындағы "мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады." деген сөздер "мәліметтерге сәйкес келмеуі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      8) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады.";

      9) 18-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;

      10) 19-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;

      11) 30-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Қорғау құжатын және (немесе) еуразиялық патентті жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату";

      1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент сот шешiмiнiң негiзiнде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

      Патент иеленуші қорғау құжатына және (немесе) еуразиялық патентке өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін қамтамасыз ететін формулаға, сипаттамаға, сызбаларға немесе бейнеге өзгерістер енгізген жағдайда, қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент ішінара жарамсыз деп танылады. Өзгерістер енгізілген қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент сол нөмірмен қолданылуын жалғастырады.";

      12) 32-2-бапта:

      3-тармақтағы "өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін" деген сөздер "үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 33-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) қорғау құжатын және (немесе) еуразиялық патентті жарамсыз деп тану туралы;";

      14) 7-тарау мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі

      1. Жаңашылдық және бірегейлік талаптарына сәйкес келетін өнеркәсіптік үлгі Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгі алғаш рет жария етілген (ашылған) күннен бастап үш жыл бойы тіркеусіз және қорғау құжатын берусіз қорғалуы мүмкін.

      Егер тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі алғаш рет жария етілген (ашылған) күнге дейін ешқандай бірдей өнеркәсіптік үлгі жария етілмесе (ашылмаса), тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі жаңа болып саналады.

      Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің бірегейлігі осы Заңның 8-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқықты қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      2. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі, егер ол көрмеде жария етілсе, көрмеге қойылса, саудада пайдаланылса немесе Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік қызметтің осы секторында маманданған орталарда дұрыс хабарланса, алғаш рет жария етілген (ашылған) болып саналады.

      Құпиялылықтың ескертілген немесе топшыланған шарттарында үшінші тұлғаға ғана ашылған тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі жария етілген болып саналмайды.

      3. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің авторлық құқығы осы Заңның 9-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздерде айқындалады.

      4. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқық мыналарға:

      1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына);

      2) егер жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушіге;

      3) құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға), оның ішінде басқаға беру тәртібімен тиісті құқық алған адамға (адамдарға);

      4) осы тармақта көзделген адамдардың арасында келісім болған жағдайда, оларға бірге тиесілі болады.

      5. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің иесі осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетілген пайдалану әрекеттеріне, егер дау айтылып отырған пайдалану оның тіркелмеген өнеркәсіптік үлгісін көшірудің салдары болып табылған жағдайда ғана кедергі жасауға құқылы.

      Дау айтылып отырған пайдалану, егер ол жария етілген өнеркәсіптік үлгі туралы мәліметтерді білмеген адам болып негізді түрде саналуы мүмкін автордың басқа өнеркәсіптік үлгіні жасау жөніндегі тәуелсіз жұмысының нәтижесінде пайда болса, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіні көшірудің салдары болып есептелмеуге тиіс.";

      15) 36, 36-1 және 36-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер

      3. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.

      3) осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      5. Өтініш берушінің, патент иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша істерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен істерді жүргізуді өтініш беруші де және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.

      Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ уәкілетті органдағы және оның ұйымдарындағы мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.

      36-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері

      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

      3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;

      36-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;

      4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі қойылады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.".

      7. "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы";

      2) кіріспедегі "тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын" деген сөздер "тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-баптың 3), 5), 9), 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;";

      "5) өтініш беруші – тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға;";

      "9) тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану – тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын олар қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің, географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу;

      10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;

      11) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс;";

      4) 2-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.";

      5) 3-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) –Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";

      2-тармақта:

      1) тармақша "тауар белгілерін және тауар" деген сөздер "тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшаның екінші, үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;

      тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын;";

      "Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

      4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою;";

      6) 6-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:" деген сөздер "Ажыратылатын реңкi жоқ немесе тек мынадай:" деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар элементтерден тұратын белгілемелерді тауар белгілері ретінде тіркеуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер өтінім берілген күнге белгілеме пайдалану нәтижесінде ажыратылатын реңкке ие болса, көрсетілген белгілемелер тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін. Ажыратылатын реңк деп бір жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажыратуға мүмкіндік беретін белгілемелердің сипаттамалары түсініледі.";

      7) 9-баптың 4-тармағындағы "бір ай мерзімде" деген сөздер "екі ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі

      1. Өтінімге сараптама кезең-кезеңімен:

      1) алдын ала сараптама – өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде;

      2) барысында мәлімделетін белгілеменің осы Заңның 6 және 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілетін толық сараптама өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.

      2. Сараптаманың кез келген кезеңінде сараптама ұйымы қосымша материалдарды сұратуға құқылы, олар өтініш берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуға тиіс.

      Өтініш беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды не көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады және өтінім кері қайтарып алынған деп есептеледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.";

      9) мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:

      "11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылықтар

      1. Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 6 және 7-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.

      2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.

      3. Өтініш берушінің мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өзінің жазбаша ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде білдіруге құқығы бар.

      4. Сараптама ұйымы мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.

      5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.";

      10) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.";

      11) 14-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөліктегі "бір ай" деген сөздер "он жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлама жіберіледі.";

      12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау

      Ұжымдық тауар белгісін қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, тауар белгісін тіркеуге қатысты мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ интернет-ресурсында орналастырады.";

      13) 19-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауар белгісі тіркелген тауарларда және (немесе) олардың қаптамасында тауар белгісі иесiнiң немесе осындай құқық осы Заңның 21-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес шарт негiзiнде берiлген немесе ұсынылған тұлғаның тауар белгісін қолдануы оны пайдаланудың дәлелi болып есептеледi. Тауар белгісімен белгiленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайшажазуларда, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, өзге де iскерлiк құжаттамада, сондай-ақ домендік атауда қолдану, тауар белгісіне құқықты беру, оның ішінде Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану, сондай-ақ оны айналымға өзгеше енгiзу тауар белгісін пайдалану болып танылуы мүмкiн.";

      14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау

      1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай беріледі.

      2. Географиялық нұсқаманы пайдаланудың айрықша құқығы осы географиялық объектіде белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен айқындалатын тауарды бірлесіп те, бір-біріне тәуелсіз де өндіретін бірнеше тұлғаға берілуі мүмкін.

      Тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығы осы географиялық объектіде ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарды бірлесіп те, бір-біріне тәуелсіз де өндіретін бірнеше тұлғаға берілуі мүмкін.

      3. Шет мемлекеттегі географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге, егер көрсетілген белгілемелер тауар шығарылған елде осындайлар ретінде қорғалса, жол беріледі. Көрсетілген географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығына тауар шығарылған елде оларды пайдалану құқықтары қорғалатын тұлғалар ғана ие бола алады.";

      15) 26-бапта:

      тақырыптағы "Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретінде тіркелетін белгілер" деген сөздер "Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретінде тіркелетін белгілемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Тауар шығарылған" деген сөздер "Географиялық нұсқама және тауар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      16) 27, 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде тіркелмейтін белгілемелер

      1. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде мынадай:

      1) тауар өндірілген жерге қатысты жаңылысуға алып келуі мүмкін географиялық объектiлердiң атауларын білдіретін;

      2) тауар өндiрiлген нақты жердi формальды түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн;

      3) географиялық объектiлердiң тауарлардың өндірілген жерiмен байланысты емес атауын қамтитын;

      4) сол түрдегі тауарға қатысты географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы ретінде бұрын тіркелген;

      5) егер осындай географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің осындай атауын пайдалану тұтынушыны тауарға, оны дайындаушыға қатысты жаңылысуға алып келетіндей болса, басқа тұлғаның атына бұрын тіркелген белгілемемен бірдей немесе оған ұқсас белгілемелер тiркелмейдi.

      2. Географиялық объектінің атауын білдіргенімен немесе қамтығанымен, бірақ Қазақстан Республикасында белгілі бір тауар түрінің өндірілген жерімен байланысты емес оның белгілемесі ретінде жалпыға бірдей қолдануға енген белгілеме географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы болып танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаттары үшін тіркелуге жатпайды.

      28-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге арналған өтінімді беру және оны кері қайтарып алу

      1. Өтінім сараптама ұйымына:

      географиялық нұсқаманы тіркеуге және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге (бұдан әрі – географиялық нұсқамаға арналған өтінім);

      тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге (бұдан әрі – тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім) беріледі.

      2. Өтініш беруші (өтініш берушілер) географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілгенге дейін оларды қараудың кез келген кезеңінде кері қайтарып алуы мүмкін.

      29-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге қойылатын талаптар

      1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім бір географиялық нұсқамаға қатысты болуға тиіс.

      Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім тауар шығарылған бір жерге қатысты болуға тиіс.

      2. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) өтініш берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) тұрған жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеу туралы және (немесе) осындай географиялық нұсқамаға құқық беру туралы өтініш;

      2) мәлімделетін белгілеме;

      3) өзіне қатысты географиялық нұсқаманы мемлекеттік тіркеу сұралатын тауар түрі;

      4) тауар шығарылған (өндірілген) жердің нұсқамасы (географиялық объектінің шекаралары);

      5) тауар сипаттамаларының оның шығарылған (өндірілген) жерімен байланысына қатысты мәліметтер;

      6) тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде айқындалатын, оның сапасының, репутациясының және (немесе) өзге де сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда);

      7) егер бұл тауардың сипаттамаларын қалыптастыруға және сақтауға елеулі әсер етсе, тауарды өндіру тәсілінің сипаттамасы, сондай-ақ оны сақтау мен тасу шарттары туралы ақпарат;

      8) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, тауар өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын мәліметтер.

      3. Егер атауы географиялық нұсқама ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге осы географиялық объектінің шекараларында өтініш берушінің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін, тауар өндірісінің кем дегенде бір сатысын жүзеге асыратыны туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы және (немесе) басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.

      4. Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауардың ерекше қасиеттерінің және басқа да сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда) қамтылуға тиіс.

      5. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге жергілікті атқарушы органның мәлімделген тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.

      6. Бұрын тіркелген географиялық нұсқамаға және Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар шығарылған жердің атауына құқық беруге арналған өтінімге жергілікті атқарушы органның тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы, сондай-ақ мәлімделген тауар саласына жататын уәкілетті орган берген, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауардың сипаттамалары мен ерекше қасиеттерінің болуын растайтын құжат қоса беріледі.

      7. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттар қоса беріледі. Іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда өтінімге сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.

      8. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім және оларға қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, онда өтініш беруші өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын ұсынуға тиіс.";

      17) 8-тараудың тақырыбындағы "Тауар шығарылған жер" деген сөздер "Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 30-бапта:

      1-тармақта:

      "Өтінім" деген сөз "Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "отыз жұмыс күні" деген сөздер "үш ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "оның осы Заңның" деген сөздер "олардың осы Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша бұл мерзім өтінішхат сұрау салуға жауап ұсыну мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      19) мынадай мазмұндағы 30-1 және 30-2-баптармен толықтырылсын:

      "30-1-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтерді жариялау

      1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін олар туралы мәліметтер апта сайын бюллетеньде жарияланады.

      Шет тілінде материалдары бар, географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді жариялау олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасы болған кезде жүргізіледі.

      2. Берілген географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:

      1) мәлімделетін белгілеме;

      2) өтініш беруші туралы деректер, оның ішінде өтініш берушінің және оның өкілінің мекенжайы;

      3) тауардың түрі;

      4) тауар шығарылған жерді көрсету (географиялық объектінің шекаралары).

      30-2-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге қарсы қарсылықтар

      1. Кез келген мүдделі тұлға географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.

      3. Өтініш берушінің берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өз ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде білдіруге құқығы бар.

      4. Сараптама ұйымы осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген, мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.

      20) 31 және 32-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Сараптама нәтижелері бойынша шешімдер

      1. Сараптама нәтижелері бойынша мынадай:

      1) географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы;

      2) географиялық нұсқаманы тіркеуден және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы;

      3) тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы;

      4) тауар шығарылған жердің атауын тіркеуден және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      2. Өтініш берушіге осы баптың 1-тармағында көзделген шешім туралы хабарлама жіберіледі.

      Осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өтініш берушіге тиісті сараптама қорытындылары да жіберіледі.

      3. Өтініш беруші өзіне тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.

      Сараптама ұйымы түпкілікті қорытындының негізінде осы баптың 1-тармағында көзделген шешімді қабылдайды.

      4. Өтініш беруші географиялық нұсқаманы және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркегені, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркегені үшін сараптама ұйымының көрсетілетін қызметіне ақы төлеуді өзіне тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жүргізеді. Аталған көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы құжат ұсынылмаған кезде географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім кері қайтарып алынды деп танылады және олар бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

      5. Түпкілікті қорытындымен келіспеген кезде өтініш беруші осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қарсылық бере алады.

      32-бап. Өтініш берушінің құқықтары

      1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама жүргізу кезінде өтініш берушіге осы Заңның 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құқықтар беріледі.

      2. Өтінім берушінің осы Заңның талаптары сақталған жағдайда, өтінім бойынша шешім қабылданғанға дейін географиялық нұсқамаға арналған өтінімді тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге және керісінше өзгертуге құқығы бар.";

      21) 9-тараудың тақырыбындағы "Тауар шығарылған жер" деген сөздер "Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 33, 34, 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі

      1. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне мыналарды:

      географиялық нұсқаманы не тауар шығарылған жердің атауын;

      олардың тіркелген нөмірі мен күнін;

      тауардың ерекше қасиеттерінің, сапасының, репутациясының және басқа да сипаттарының сипаттамасын;

      тұрғылықты жерін (тұрған жерін) көрсете отырып, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының барлық иелері туралы мәліметтерді;

      өтінімдердің нөмірі мен берілген күнін;

      көрсетілген мәліметтердің барлық кейінгі өзгерістерін, сондай-ақ тіркеуге қатысты басқа да мәліметтерді енгізеді.

      2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі тіркеу туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер туралы сараптама ұйымын хабардар етуге міндетті. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама ұйымы тиісінше Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді.

      3. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімі және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады. Мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме береді.

      34-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері

      1. Мыналарды:

      географиялық нұсқаманы тіркеу оның географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады;

      тауар шығарылған жердің атауын тіркеу көрсетілген географиялық объектінің аумағында өндірілетін тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады.

      2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

      3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі:

      тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты оның белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары;

      өзіне қатысты тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда, иесінің оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген өтінішхаты бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырады.

      4. Географиялық нұсқаманы немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат осы Заңның 29-бабының 6-тармағында көзделген құжаттармен бір мезгілде ұсынылады. Тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

      5. Осы баптың 3-тармағында белгіленген өтінішхатты беру мерзімі тіркеудің қолданылу мерзімі өткеннен кейін алты ай ішінде иесінің берген өтініші бойынша қайта басталады.

      35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау

      Географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы

      1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы куәлікпен куәландырылады және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.

      Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      2. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жер атауының тіркелу фактісін және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарға қатысты оларды пайдаланудың айрықша құқығын растайды.

      Үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган белгілейді.";

      23) 10-тараудың тақырыбындағы "Тауар шығарылған жер" деген сөздер "Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 37-бапта:

      "37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану шарттары

      1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесiне оларды пайдалану құқығы тиесілі болады. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы оның иесінде Географиялық нұсқамалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде оларды пайдалану құқығы тіркелген күннен бастап туындайды.";

      2-тармақтағы "тауар шығарылған жер" деген сөздер "географиялық нұсқамамен және тауар шығарылған жердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тауарлар" деген сөз "географиялық нұсқамаларды және тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Тауар шығарылған жер", "тауар шығарылған жер" деген сөздер тиісінше "Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің", "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Ескертпе таңбалау

      Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесi географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатар тұстан латынның R әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауды, "тіркелген географиялық нұсқама", "тiркелген тауар шығарылған жердің атауы", "зарегистрированное географическое указание", "зарегистрированное наименование места происхождения товара" немесе "тірк. ГН", "тiрк. ТШЖА", "рег. ГУ", "рег. НМПТ" деген сөз белгiлемелерін соға алады.";

      26) 11-тараудың тақырыбындағы "Тауар шығарылған жер" деген сөздер "Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 39-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге дау айту";

      1-тармақтағы "тауар шығарылған жердің атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "Егер тауар" деген сөздер "Егер географиялық нұсқаманы және тауар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тауар шығарылған жердiң атауын тiркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының берiлуiне" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жер атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қарсылық берген адамның, сондай-ақ пайдалану құқығы иесінің дауды қарауға қатысуға құқығы бар.";

      28) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғауды тоқтату және оларды жарамсыз деп тану

      1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау мынадай:

      1) осы географиялық объектіге тән жағдайлар жойылған және осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатысты Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген сипаттамалары бар тауарды өндіру мүмкін болмаған;

      2) тауар шығарылған елде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.

      2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылуы мынадай:

      1) осы Заңның 34-бабында белгiленген мерзімі өткен;

      2) тауар Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттерін, сапасын, репутациясын және басқа да сипаттамаларын жоғалтқан;

      3) сараптама ұйымына географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің тиісті өтініші берілген;

      4) географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған;

      5) құқық иеленуші Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа да сипаттамалары бар тауарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған;

      6) осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған;

      7) шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тауар шығарылған елде осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына құқығын жоғалтқан жағдайларда тоқтатылады.

      3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) оларды пайдалану құқығын ұсыну осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында көрсетілген негіздер бойынша апелляциялық кеңестің немесе соттың шешімі бойынша жарамсыз деп танылады.

      4. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы жазба енгізеді және бұл туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында орналастырады.";

      29) 12-тараудың тақырыбындағы "Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар шығарылатын" деген сөздер "Тауар белгілері иелерінің құқықтарын және географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 41-бапта:

      2-тармақта:

      2) тармақшадағы "тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 41-2-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.

      4. Апелляциялық кеңес отырыс өткізілетін күнді мынадай:

      1) тараптар, оның ішінде қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхатын берген жағдайды қоспағанда, қарсылықты мәлімдеуші келмеген;

      2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген;

      3) тараптардың дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайларда ауыстыруға құқылы.";

      32) 42-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша "құқығын немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "және Тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне" деген сөздер ", Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 43-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық";

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "келісімінсіз немесе" деген сөздер "келісімінсіз немесе географиялық нұсқама және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құқықты немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      "Тауар белгісін немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "(құқық иеленушінің) немесе" деген сөздер "(құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ "құқықты немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 44-бапта:

      тақырып "(құқық иеленушінің) немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      "(құқық иеленушінің) немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "(құқық иеленушіге) немесе" деген сөздер "(құқық иеленушіге) немесе географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқама және тауар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      "тауар белгісін немесе" деген сөздерден кейін "географиялық нұсқаманы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқама және тауар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 45-баптағы "тауар шығарылған" деген сөздер "географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 46, 46-1 және 46-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер

      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы ) болып табылатын;

      3) осы Заңның 46-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұру үшін себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.

      5. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.

      Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және оның ұйымдарында өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.

      46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері

      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

      3) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;

      46-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою

      8. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:

      "38) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді.";

      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-2) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді;".

      9. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      "қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздер "қазақ немесе орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екi айдан кешiктiрiлмей" деген сөздер "екi ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15, 15-1 және 15-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.

      3) осы Заңның 15-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      5. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.

      Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда өзінің өтініш беруші, құқық иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, құқық иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.

      15-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері

      1) интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;

      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеуге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

      3) интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      15-2 бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою

      10. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      21-баптың 7), 8), 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

      8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдердi тiркеу жөніндегі қызметті, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұйымдастыру;

      9) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерге сараптама жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстап тұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес;";

      "11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;".

      11. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      37-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар құқықтық ақпарат беруге, құқықтық консультация беруге, адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруіне әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты болып табылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың, заң консультанттарының құқықтық консультация беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.

      5. "Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың, заң консультанттарының соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.".

      12. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 22-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді;";

      2) 23-баптың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      13) адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;";

      3) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) заң консультанттары осы Заңда белгіленген тәртіппен;";

      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар

      1. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар.

      2. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

      1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

      2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

      3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

      6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

      7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      3. Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және тұрған жеріне қарамастан алуға құқылы.

      5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.";

      5) 28-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады.";

      6) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі

      Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын заң консультанттарының палаталары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырады.";

      7) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш иесі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;";

      8) 80-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;";

      9) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:

      "86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу

      1. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      2. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      3. Заң консультанты көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне, іссапар, көлік шығыстарына ақы төлеу және оның құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты басқа да шығыстарын өтеу соттардың ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 20 маусым 2022) Z2200000128

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341007
    Қазақ тілінде 168982
    Орыс тілінде 170020
    Ағылшын тілінде 2005
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы