Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 312 Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж. N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95, 98, 102-құжаттар;№N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 209-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацында "декларацияда" деген сөзден кейін ", есепте" деген сөзбен толықтырылсын;
      ескерту мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасы да қосылған құн салығының есепке жатқызылған сомасын өсіріп көрсетуді білдіреді.".

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  кодексіне  (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж. N 1, 4-құжат, N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) бүкіл мәтін бойынша "уәкілетті мемлекеттік орган", "Уәкілетті мемлекеттік орган", "уәкілетті мемлекеттік органмен", "уәкілетті мемлекеттік органның", "уәкілетті мемлекеттік органымен", "уәкілетті мемлекеттік органға", "Уәкілетті мемлекеттік органға", "Уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "Уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органымен", "уәкілетті органға",
"Уәкілетті органға", "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "31) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      3) 15-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық салық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.";
      5 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
 
      "15-1-бап. Уәкілетті органның функциясы
 
      Уәкілетті орган:
      1) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      3) салық органдарына басшылықты жүзеге асырады;
      4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның құзыретін айқындайды;
      5) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асырады;
      6) белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің, салық салынатын объектілердің және салық салынуға байланысты объектілердің есебін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және төленген есебін жүргізеді;
      7) салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуына және жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы аударылуына салық бақылауын жүзеге асырады;
      8) мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ оны өткізген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады.";

      5) 16-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "әзірлеуге" деген сөз "өз құзыреті шегінде әзірлеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 49-баптың бірінші абзацында "қолдануға құқылы" деген сөздер
"қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде "өндіріп алуға құқылы" деген сөздер "өндіріп алады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 52-баптың 1-тармағында:
      "өндіріп алуға құқылы" деген сөздер "өндіріп алады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 53-баптың 1-тармағында:
      "жүргізуге құқылы" деген сөз "жүргізеді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 55-бапта "жүгінуге құқылы" деген сөздер "жүгінеді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 56-баптың 1-тармағында "қолдануға құқылы" деген сөздер "қолданады" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 339-баптың 10-тармағы алып тасталсын;

      13) 451-баптың 3-тармағындағы және 466-баптың 7-тармағындағы
"облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне"
деген сөздер "уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық салық бөлімшелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 520-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      15) 524-баптың 9-тармағы алып тасталсын.

      3. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж.,  N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның", "Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға", "уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 1-тармағы:
      10) тармақша "сондай-ақ" деген сөзден кейін "тауарлар туралы мәліметтерді, оның ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақшада "санитарлық" деген сөз "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      27) тармақша "сақтау бойынша" деген сөздерден кейін ", оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "44) уәкілетті орган - кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      3) 14-бап алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
 
      "17-1-бап. Уәкілетті органның функциялары
 
      Уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;

      3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
      4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық
жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік
бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;
      6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;
      8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
      10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің қатысушыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.";

      5) 26-баптың 2-тармағында "тұратын" деген сөзден кейін ", оның ішінде тәуекелдерді бағалауға және басқаруға қатысты және сол кезде пайдаланылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 37-баптың 3 және 4-тармақтарында "орама", "орамасы" деген сөздерден кейін "және (немесе) ыдыс", "және (немесе) ыдысы" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 46-баптың мәтіні "кеден органы", "Кеден органының", "Кеден органдарының", "кеден органдары" деген сөздердің алдынан тиісінше "бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа," "Бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 47-баптың 1-тармағында "Кеден бекеттері" деген сөздер
"Мамандандырылған кеден мекемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 63-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) меншігінде осы Кодекстің 81-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған көлік құралдары болуға;";
      4) тармақшадағы "етуге тиіс." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) әрбір көлік құралында оның орнын сигнал беру арқылы анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдық болуға тиіс";

      10) 64-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Осы бапта белгіленген өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда, кеден тасымалдаушысы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тиісті өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлайды.";

      11) 76-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ "аталған адамдар" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін жерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 82-баптың 2-тармағының екінші сөйлемінде "Тауарларды қайта" деген сөздер "Тауарларды жеткізудің технологиялық процесі жүру жолында тауарларды түсірместен көлік түрін өзгертуді көздейтін жағдайларды қоспағанда, тауарларды қайта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 84-баптың 3-тармағы "төлеу бойынша" деген сөздерден кейін ", осы баптың 2-тармағын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 86-бапта:
      1-тармақта "көлік құралының келгендігі" деген сөздерден кейін "межелі кеден органында" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы хабарламаны кеден органы жеткізуді бақылау құжаттары мен көлік, сондай-ақ коммерциялық құжаттарды растау немесе олардың электрондық форматын  электрондық цифрлық қолтаңбамен тіркеу жолымен жүзеге асырады.";

      15) 87-бапта "айналдырылғанға дейін" деген сөздерден кейін ", не тауар мен көлік құралы кеден ісі саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 88-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "жайластырылған бөлігі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мамандандырылған көлік-экспедиция ұйымдары тасымалдайтын экспресс-жүктерді сұрыптауға және өңдеуге арналған үй-жайлар" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 89-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тауардың сипатына қарай қажетті тиеу-түсіру техникасымен және таразы жабдығымен қамтамасыз етілуге тиіс;";
      4-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кеден төлемдері мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету;";

      18) 90-баптың 2-тармағындағы:
      бірінші бөлік "өкілеттіктері бар тұлға" деген сөздерден кейін "немесе тауарды сақтауға қабылдаған уақытша сақтау қоймасының өкілі" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлікте "орналастырылса" деген сөз "мәлімделсе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19) 91-баптың 1-тармағында "екі айдан" деген сөздер "қысқаша
декларация тіркелген күннен бастап қоса алғанда, күнтізбелік алпыс күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 93-баптың 2-тармағы "сақтау қоймаларында" деген сөздерден кейін "немесе осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда көлік құралында" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 104-бапта:
      5) тармақшада "санитарлық" деген сөз "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "болуға тиіс." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға тиіс.";

      22) 106-баптың 3-тармағындағы "өзге кедендік режимдермен
орналастырылуы мүмкін" деген сөздер "кеден органының қызмет аймағындағы өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуға не тиісті кедендік режиммен орналастырылуға тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 110-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Тауар және көлік құралы кеден ісі саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылған жағдайда, уақытша сақтау қоймасындағы жүкті ұстауды, есепке қоюды, орналастыруды жүзеге асырған орган қойманың иесімен шарт жасасады.";

      24) 125-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.";

      25) 128-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Бұл ретте тауардың кедендік құны кеден қоймасының кедендік режимімен орналастырған кезде мәлімделгеннен төмен болмауы тиіс.";

      26) 130-баптың 1-тармағының 7) тармақшадағы "болуға тиіс." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      27) 142-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.";

      28) 143-бапта:
      1-тармақ "дүкенінде сату" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "өткізу пункттерінде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ халықаралық тасымалдауды орындайтын әуе және теңіз кемелерінің бортында" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 157-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) шарттардың (келісім шарттардың) және олардың негізінде тауардың өңдеуі жүргізілетін басқа да құжаттардың күні мен нөмірі, өңдеудің өндірістік процесінің мерзімі;";

      30) 160-баптың 1-тармағында "дәлелді сұратуы бойынша кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен" деген сөздер "жазбаша өтініші бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 162-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.";

      32) 172-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      33) 174-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
      "2) егер тауарлар сатып алу-сату шарты бойынша әкетілсе;";

      34) 190-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және (немесе) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда жол беріледі.";

      35) 192-бапта:
      1-тармақта:
      екінші бөлікте "дәлелді" деген сөз "жазбаша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешімі декларантқа жазбаша нысанда беріледі, шешімнің екінші данасы кедендік жүк декларациясымен бірге кеден органында сақталады.
      Тауарларды уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде декларант кедендік тексеріп қарау үшін кеден органына осы тауарларды, ал тауарлар кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, өздері тұрған қызмет аймағында тауарлардың бар-жоғы және өзгеріссіз қалыпта тұрғандығы туралы кеден органының қорытындысын ұсынуға міндетті.";

      36) 194-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Бұл ретте кеден қоймасы режимін аяқтау және тауарларды уақытша әкелу мерзімін жаңарту үшін пайдаланылмаған мерзімге жаңа кедендік жүк декларациясы ресімделеді.";

      37) 210-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Тауарлардың кері экспорты кезінде алдыңғы кедендік режиммен орналастырылған күнгі кедендік құн қолданылады.";

      38) 211-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "тауарларды" деген сөздің алдынан "егер келісім шарттың талаптарында басқа мерзім көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      39) 223-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Бұл ретте тауарлардың кедендік құны тиісті кедендік режиммен орналастыру кезінде кедендік құнды айқындау ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді.";

      40) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "240-бап. Еркін қоймалардағы тауарлармен жүргізілетін
                операциялар
 
      1. Еркін қоймаларда қайта өңдеуге арналған тауарлар үшін қайта өңдеу жөніндегі:
      әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамалары сақталатын монтаждауды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, әкелінген тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу; оларды қалпына келтіруді қоса алғанда, оларды жөндеу, қайта өңдеу процесінде тауарларды толық немесе ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін жеңілдетуге арналған кейбір тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол беріледі.
      2. Олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлар үшін технологиялық жабдық және оған қосалқы бөлшектер ретінде тиеу-түсіру техникасын, еркін қоймада пайдаланылатын өзге де техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі.
      3. Қайта өңдеу өнімдері үшін тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі:
      тауарлар партияларын бөлшектеу, жөнелтімдерді түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен немесе жұмыс жағдайына келтірумен байланысты қарапайым операциялар, тиімді орналастыру мақсатында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтеріне орналастыру, тестілеу операцияларын жасауға жол беріледі.
      4. Қайта өңдеуге арналған тауарлар және қайта өңдеу өнімдері үшін бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі:
      тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу ағынын келтірумен), сақтаудың қолайлы температуралық режимін жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозиядан қорғайтын жабынды жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу операцияларын жасауға жол беріледі.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген еркін қоймаға
орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органына хабарлана отырып жүргізіледі және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодын өзгертпеуге тиіс.";

      41) 245-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте қайта өңделген тауарлардың кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.";

      42) 246-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы "тиіс." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға;";
      7) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс.";

      43) 248-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен
толықтырылсын:
      "7) қызмет аймағында еркін қойма құрылатын кеден органының ол қойманың біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы.";

      44) 268-баптың 3-тармағы "уақытша әкелінген" деген сөздерден кейін "және уақытша әкетілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      45) мынадай мазмұндағы 269-1, 269-2, 269-3-баптармен толықтырылсын:
 
      "269-1-бап. Декларациялаудың конклюденттік нысаны кезінде
                 өткізу пункттерін жайластыруға қатысты жалпы
                 ережелер
 
      1. Өткізу пункттерінде декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдану мақсаты үшін "жасыл және қызыл дәліздер" жүйесін қолдану үшін орындар жайластырылады.
      2. "Жасыл және қызыл дәліздер" жүйесін қолдану Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның декларациялау нысанын және кедендік ресімдеу үшін оған сәйкес дәлізді және өзі өткізетін тауарларды кедендік бақылауды дербес таңдауын көздейді.
      3. Кәмелетке толмаған адамдар өткізетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін декларациялау нысаны мен оған сәйкес дәлізді таңдауды оларды ертіп жүрген адам жүргізеді.
 
      269-2-бап. Халықаралық өткізу пунктінде "жасыл және
                 қызыл дәліздер" жүйесін қолдану
 
      1. "Жасыл дәліз" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін және қол жүгінде және алып келе жатқан багажында осы Кодекстің 289-бабына сәйкес міндетті түрде жазбаша декларациялануға жататын тауарлары жоқ жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдікпен өткізу тәртібі.
      "Жасыл дәлізде" кедендік бақылаудың кейбір нысандарының қолданылмауы адамдардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау міндетінен босатылуын білдірмейді.
      2. "Қызыл дәліз" - қол жүгінде және алып келе жатқан багажында осы Кодекстің 265-бабына сәйкес міндетті жазбаша декларациялануға жататын тауарлары бар жеке тұлғаларға қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылау нысандарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік бақылау тәртібі.
      3. "Жасыл және қызыл" дәліздердің басталуы мен аяқталуын кедендік бақылау аймағының шегінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі белгілейді.
 
      269-3-бап. "Жасыл және қызыл дәліздерді" қолдану үшін
                 шекарадағы өткізу пункттеріне қойылатын талаптар
 
      1. "Жасыл және қызыл дәліздер" жүйесі шекарадағы өткізу пунктінің кедендік бақылау аймағында "жасыл дәліз" талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бір дәліз және "қызыл дәлізге" қойылатын талаптарды ескеріп жабдықталған кем дегенде бір дәліз болған кезде қолданылады.
      2. "Жасыл және қызыл дәліздерді" жайластыруға қолданылатын
талаптарды уәкілетті орган белгілейді.";

      46) 275-баптың 1-тармағы "табыс ету талап етілмейді" деген сөздерден кейін "және мұндай жағдайларда кедендік рәсімдеу көлік және коммерциялық құжаттарға кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      47) 297-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталып, 1) тармақшадағы "алым" деген сөз "алым жатады" деген сөздермен
ауыстырылсын;

      48) 306-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "кірістің бір бөлігі", ", оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріс" деген сөздермен толықтырылсын;

      49) 309-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өзінде ақпарат жазылған ақпарат тасығыштарды (магнитті дискілер, магнитті таспалар, компакт-дискілер, флоппи-дискілер және басқалар) әкелген кезде кедендік құнға, мәміленің нысанасы көрсетілген тасығыштарда жазылған ақпарат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.";

      50) 316-бапта:
      1-тармақта:
      "растау үшін декларант" деген сөздерден кейін "жазбаша және (немесе) электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақшада "егер декларант бере алса, жіберуші" деген сөздер "заңнамасы кедендік декларацияны толтыруды көздемейтін елдерді қоспағанда, жөнелтуші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "декларант бұл үшін қажетті" деген сөздерден кейін "жазбаша және (немесе) электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      51) 317-баптың 1-тармағында:
      "кеден органына" деген сөздерден кейін "жазбаша және (немесе) электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      52) 318-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында:
      төртінші абзацында "дәйектемесіз декларациялау" деген сөздерден кейін ", оның ішінде декларацияланатын тауар шыққан елдің Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодының сәйкессіздігі" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "егер, сатушы кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде кіріс алса, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерден алған кірісі болса;";
      2-тармақта:
      1) тармақша "(қабылдау актісі) және" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Сатушыға кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде түскен кіріске, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған кіріске байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, сатып алу-сатудың не айырбастың сыртқы сауда шарты (келісім шарты) және (немесе) жарғылық капиталында мәміленің әрбір қатысушысының айналысында жүрген дауыс беретін акциялары немесе резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) 5 немесе одан да көп проценттері тікелей немесе жанама резидентке тиесілі резидент еместің және үшінші тұлғаның шот-фактурасы (инвойсы) тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.
      Бұл ретте түзетуді резидент емес тұлға өз атынан үшінші тұлғаға түпкілікті қайта сату жөніндегі мәліметтермен ұсынатын құжаттар бойынша резидент жүргізеді.";
      5-тармақта "экспорт режимінде" деген сөздер және "немесе тауарды еркін айналым үшін шығарғаннан" деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ "тауарларға ғана" деген сөздердің алдынан ", оның ішінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды және шығарылған елі өзгеруіне байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      53) 320-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      54) 321-бапта:
      1-тармақта "кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген болса," деген сөздер "осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
       2-тармақта "мәліметтерін пайдалана отырып" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шет мемлекеттермен деректер алмасу және Осы Кодекстің 314-бабының 2-тармағында айқындалған деректердің негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

         55) мынадай мазмұндағы 321-1-баппен толықтырылсын:
 
       "321-1-бап. Тауарлардың кедендік құнын айқындауға
                   қатысты қосымша ережелер
 
       Кеден ісі саласындағы қылмыстық істерді және әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді қарау кезінде кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізуден болатын кедендік төлемдер мен салықтар бойынша залалды белгілеу максатында тауарлардың кедендік құнын айқындау Қазақстан Рсспубликасының заннамасында белгіленген тәртіппен сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады.
       Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өткізілген тауарларға қатысты және кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген тауарларға қатысты өсімпұлды қоса алғанда, төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы шекарадан өткен күні, ал егер де мұндай күнді анықтау мүмкін болмаса, кеден органдары осындай тауарларды анықтаған күні қолданылатын ставкалар негізге алына отырып есептеледі.
      Кеден органына тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары туралы, мөлшері, шығарылған елі туралы нақты мәліметтерді ұсынбауға байланысты кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын анықтау мүмкін болмаған кезде кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кедендік төлемдер мен салықтардың ставкаларының анағұрлым көп шамасының, тауардың мөлшері мен шығарылған елінің негізінде анықталады.";

      56) 322-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) лицензия алушы тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушілер болып табылады;".

      57) 325-баптағы "және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын" деген сөздер алып тасталсын;

      58) 327-бап "төлемдердің" деген сөзден кейін "және салықтардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      59) 338-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "қолданылады"
деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен
толықтырылсын:
      "12) осы Кодекстің 370-бабына сәйкес тауарларды шартты түрде шығару кезінде қолданылады.";

      60) 339-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      61) 346-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы "төлеу есебіне" деген сөздерден кейін ", өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде," деген сөздермен толықтырылсын;

      62) 350-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Егер хабарламаға шағым жасалған жағдайда хабарламадағы талаптарды орындау мерзімін есептеу шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешімнің заңды күшіне енген күнін қоса есептегенге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте шағымдану өсімпұл есептеуді тоқтата тұруға негіз болмайды.";

      63) 354-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.";

      64) 357-баптың 3-тармағында "заңдарына" деген сөз "салық заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65) 380-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы межелі кеден органында қысқаша декларацияны тіркеген күнді қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі.";
      3-тармақтағы "дәлелді өтініші" деген сөздер "жазбаша өтініші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      66) 382-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы "және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты" деген сөздер алып тасталсын;

      67) 383-бапта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "заңнамасында кедендік декларацияны ресімдеу көзделмеген елдерден басқа, жөнелтуші елдің кедендік жүк декларациясы;";
      17) тармақшаның бесінші абзацы "тауарлардың" деген сөзден кейін "әкелінуін және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;

      68) 385-бапта:
      2-тармақта "Кеден органы" деген сөздер алып тасталсын және "өзгертуге және толықтыруға рұқсат етеді" деген сөздер "өзгертуі және толықтыруы мүмкін" деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақтағы "дәлелді өтініші" деген сөздер "жазбаша өтініші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Ресімдеу мерзімі осы Кодекстің 440-бабында белгіленген мерзімнен асатын кедендік жүк декларациялары жойылуға жатады.";
      8-тармақта "дәлелді өтініші" деген сөздер "жазбаша өтініші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69) 387-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Уақытша кедендік декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда және (немесе) келісімшарттың тараптары өзара тәуелді тұлғалар болып табылса, өзара тәуелді тараптар арасында бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде тауарларды жеткізуге бір уақытша кедендік декларация беріліп, кейіннен саны бойынша байланысты емес нақты сатып алушылардың бірнеше толық кедендік жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісімшарты) беріледі.";

      70) 390-бапта:
      "Кеден органдары" деген сөздердің алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы кеден органдары тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде декларант ұсынылған ақпараттың дұрыс еместігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.";

      71) мынадай мазмұндағы 393-1-баппен толықтырылсын:
 
      "393-1-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шартты шығару
 
      1. Шартты шығаруға:
      шектеулер сақтала отырып оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген;
      кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін айналыс үшін қайта өңдеу, уақытша әкелу (әкету), еркін қойма және еркін кеден аймағы кедендік режимдеріне орналастырылған;
      оларға қатысты осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылатын тауарлар мен көлік құралдары жатады.
      2. Шартты шығару кезінде тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
      3. Оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда ғана пайдаланыла алады.
      4. Еркін айналыс үшін шығаруға мәлімделген тауарлар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалған сәтіне дейін шартты шығарылған деп саналады.
      5. Шартты шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады.";

      72) 394-бапта:
      бірінші бөлікте "заңдарына" деген сөз "заңнамасына" деген сөзбен ауыстырылып, "заңды тұлға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер" деген сөздермен толықтырылсын;

      73) 395-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "салықтардың төленуін" деген сөздерден кейін ", егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе," деген сөздермен толықтырылсын;

      74) 397-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы "алдында" деген сөзден кейін ", егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе," деген сөздермен толықтырылсын;

      75) 398-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) кеден органына кеден брокерінің штатындағы мамандар туралы мәліметтерді ұсыну;";

      76) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "400-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын
                біліктілік талаптары
 
      Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай біліктілік талаптарына сай болу қажет:
      1) осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютер құрал-жабдығының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкілдік беруші тұлғалардың мүліктері мен мүдделеріне зиян келтіргені үшін кеден брокерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы.";

      77) 401-бапта:
      "Заңды тұлға" деген сөздер алып тасталып, 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеден брокері ретіндегі қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін жол беріледі.";
      2-тармақтың 1) тармақшасында "заңды" деген сөз "мүдделі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      78) 403-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      79) 407 және 408-баптар алып тасталсын;

      80) 419-баптың 2-тармағы "не оны алмастырушы адам" деген сөздерден кейін "тиісті бұйрықты ресімдей отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      81) мынадай мазмұндағы 420-1-баппен толықтырылсын:
 
       "420-1-бап.   Кеден органдарының зияткерлік меншік
                   құқығын қорғауына қатысты қосымша ережелер
 
       Кеден органдары сот шешіміне сәйкес жойылуға жататын контрафактылы тауарларды тиісті мемлекеттік органға беруге міндетті.
       Контрафактылы тауарды жою жөніндегі сот шешімі шығарылған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.";

      82) 424-баптың 7-тармағындағы "кедендік" деген сөзден кейін
", фискалдық және болжамдық" деген сөздермен толықтырылсын;

      83) 432-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "432-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан
                кейінгі кедендік бақылау
 
      Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды, жеке тексеріп қарауды қоспағанда, осы Кодекстің 441-бабында көзделген нысандарда жүзеге асырады.";

      84) 433-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.";

      85) 442-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. 442-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрату және оларды тексеру, егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергі жасамауға тиіс.";

      86) 453-бапта:
      1-тармақ "жіктелуі" деген сөздерден кейін, ", сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлікте "сарапшылары" деген сөз "мамандары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша "қаулы" деген сөзден кейін "немесе ұйғарым" деген
сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлікте "не қаулыда" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын ", қаулыда не ұйғарымда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "не қаулымен", "не қаулыға" деген сөздер ", қаулымен не ұйғарыммен", ", қаулыға не ұйғарымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      87) 468-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде "мүмкіндік беретін" деген сөздерден кейін ", талдау мен тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      88) мынадай мазмұндағы 469-1-баппен толықтырылсын:
 
      "469-1-бап. Алдын ала ақпарат беру
 
      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласында лицензиясы бар тұлғалар кеден органдарына электрондық түрде жүк, жолаушылар, көлік құралдары және жүру бағыты туралы алдын ала ақпаратты береді.
      Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      Алдын ала ақпаратты беру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.";

      89) 481-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді;";
 
      90) 506-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қызметке жарамдылығы туралы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларының медициналық қорытындысының болуы;";
      3) тармақшасында "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91) 507-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "Жас мамандарды", "жас
мамандар" деген сөздер "Жаңадан қабылданғандарды", ", жаңадан
қабылданғандар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      92) 508-бап алып тасталсын;

      93) 515-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Уәкілетті орган бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелерінің, кедендердің, мамандандырылған кеден мекемелерінің басшылары және олардың орынбасарлары атқарып отырған басшылық қызметінде үздіксіз болғанына үш жыл өткеннен кейін сол кеден органында не басқа кеден органына ротациялануы мүмкін;";

      94) 516-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты міндеттерді және шектеулерді сақтамауы;";

      95) 518-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "қызметкерлеріне"
деген сөздер "лауазымды адамдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 26 шілде 2007) Z070000312_

Соңғы құжаттар
Соңғы рет өзгертілген
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 337326
    Қазақ тілінде 167195
    Орыс тілінде 168176
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы