Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 12 наурыз N 347-I

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы" 1993 жылғы 15 қазандағы Z933400_ Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 17, 408-құжат):
      14-баптың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Z960019_ Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат.";
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Ұйымдар сондай-ақ Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергілікті атқарушы органдарға өздерінің қарауындағы өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп пен нысан бойынша табыс етіп отырады.
      Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы белгілейді.";
      3) 11-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацындағы "және авариялық-қалпына келтіру" деген сөздер алып тасталсын.
      3. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Z970100_

Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат):
     14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы 
мүгедектерден, жүкті әйелдерден, сегіз жасқа дейінгі балалары бар 
әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери 
міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер 
алынады.".
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Нарбаев Е.Ә.) 
     
Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 12 наурыз 1999) Z990000347_

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 338142
    Қазақ тілінде 167596
    Орыс тілінде 168590
    Ағылшын тілінде 1956
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы