Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 745 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған органдардың (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар) басшыларына:

      1) мыналар:

      мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту;

      мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ұйымдар) штат санының лимиттерін белгілеу;

      мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты, сондай-ақ ұйымдардың әкімшілік шығыстарын қысқарту туралы шешімдерді дербес қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұйымдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты және олардың штат санын қысқарту нәтижесінде босаған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) қаражатын:

      мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбекақысын қызмет нәтижелері бойынша төлеуді енгізуге;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбекақысын үстемеақылар белгілеу жолымен арттыруға пайдалану құқығы берілсін.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Жарлыққа сәйкес қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған кезде өтемақылар төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органның басшысы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп босайтын қызметкерлерді қайта даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша шараларды қабылдайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

Назад к документу

Заңдар - "Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы (өзгертулер 18 қыркүйек 2018) U1800000745

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 745 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған органдардың (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар) басшыларына:

      1) мыналар:

      мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту;

      мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ұйымдар) штат санының лимиттерін белгілеу;

      мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты, сондай-ақ ұйымдардың әкімшілік шығыстарын қысқарту туралы шешімдерді дербес қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұйымдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты және олардың штат санын қысқарту нәтижесінде босаған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) қаражатын:

      мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбекақысын қызмет нәтижелері бойынша төлеуді енгізуге;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбекақысын үстемеақылар белгілеу жолымен арттыруға пайдалану құқығы берілсін.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Жарлыққа сәйкес қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған кезде өтемақылар төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет және Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органның басшысы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп босайтын қызметкерлерді қайта даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша шараларды қабылдайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341007
    Қазақ тілінде 168982
    Орыс тілінде 170020
    Ағылшын тілінде 2005
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы