Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Түркістан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 742 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс

      Ескерту. Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылды – ҚР Президентінің 14.01.2022 № 772 Жарлығымен.

      Түркістан облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 22 сағат 00 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Түркістан облысының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.

      2. Түркістан облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.

      3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Түркістан облысының комендатурасы құрылып, оған "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.

      Түркістан облысының коменданты болып Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков тағайындалсын.

      4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:

      1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

      2) Түркістан облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;

      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

      4) Түркістан облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;

      5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

      6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

      7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;

      8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

      5. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Түркістан облысының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.

      6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Назад к документу

Заңдар - Түркістан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы (өзгертулер 05 қаңтар 2022) U2200000742

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 335163
    Қазақ тілінде 166155
    Орыс тілінде 167053
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы