< Назад к документу

Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді аттестаттау және тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2040. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 223 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 № 223 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Патент заңы" туралы, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы", "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Патенттік сенімді өкілдерді аттестаттау және тіркеу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі басқарма осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының орынбасары Ю.Н.Сыпченковқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Төрайым

Қазақстан Республикасының Әділет   
министрлігі Санаткерлік меншік құқығы 
жөніндегі комитеті төрайымының    
2002 жылғы 4 қарашада N 188     
бұйрығымен бекітілді        

  Қазақстан Республикасының патенттік сенімді
өкілдерін тіркеу және аттестаттау тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент  заңының 36-бабына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңының 46-бабына, "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңының 5-бабына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңының 15-бабына, Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдері туралы  ережеге сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереженің мақсаты Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және аттестаттауды өткізу шарттары мен тәртібін белгілеу болып табылады.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) Апелляциялық комиссия - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің Апелляциялық комиссиясы;
      2) Аттестаттау комиссиясы - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің Аттестаттау комиссиясы;
      3) Тізілім - Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерінің тізілімі;
      4) кандидат - патенттік сенімді өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;
      5) Біліктілік талаптар - Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілге қойылатын біліктілік талаптар;
      6) Комитет - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті;
      7) Патенттік сенімді өкіл - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Комитеттің, оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдарының алдында зияткерлік меншік құқығы саласында өкілдік ету құқығы берілген, Қазақстан Республикасының, оның аумағында тұрақты тұратын азаматы.

  2. Аттестаттау және Апелляциялық комиссиялардың
өкілеттері, қызметін құру және ұйымдастыру тәртібі

      4. Патенттік сенімді өкілдерді аттестаттауды және тіркеуді Комитет жүзеге асырады.

      5. Комитет аттестаттауды және тіркеуді жүзеге асыру үшін, қызметі Ережеге сәйкес жүзеге асырылатын Аттестаттау және Апелляциялық комиссияларды құрады.

      6. Аттестаттау комиссиясы:
      1) кандидаттардың өтініштерін қарайды, оларды емтиханға жіберу туралы шешім қабылдайды;
      2) емтиханды өткізуді ұйымдастырады;
      3) емтихан қабылдайды;
      4) емтихан нәтижелерін қарайды және патенттік сенім өкілдерін, кандидаттарды аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылдайды;
      5) аттестаттау нәтижелері бойынша отырыстардың хаттамалары мен шешімдерін ресімдейді;
      6) осы Ережеде көзделген негіздер бойынша патенттік сенімді өкілдерді Тізілімнен шығару мәселелерін қарайды;
      7) оған заңнамамен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      7. Аттестаттау комиссиясы Комитет қызметкерлері арасынан, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы біліктілігі жоғары мамандардан Комитет төрайымының бұйрығымен құрылады.

      8. Аттестаттау комиссиясының жұмысына Комитет төрайымының бұйрығымен тағайындалған Аттестаттау комиссиясының төрағасы басшылық етеді. Аттестаттау комиссиясының төрағасы Аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады, отырыстарда қарауға арналған мәселелерді дайындауға басшылық етуді жүзеге асырады, Аттестаттау комиссиясының отырыстарында төрағалық етеді және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, өзіне заңнамамен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9. Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оның міндетін уақытша атқару Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

      10. Аттестаттау комиссиясының отырыстары кезінде Аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің қолы қойылатын хаттама жасалады, сондай-ақ жазатын аппаратура қолданылуы мүмкін.

      11. Аттестаттау комиссиясының мүшесі, оның бейтараптылығына күмән келтіретін жағдайлар болса, мәселені қарауға қатыса алмайды және оған (өзіне-өзі) қарсылық білдіріледі.

      12. Аттестаттау комиссиясы өзінің отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізеді.

      13. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің барлық жалпы санының үштен екісі қатысса, отырыс құқықты деп есептеледі.

      14. Аттестаттау комиссиясының өткізілетін орны және уақыты туралы оның мүшелері мен шақырылған тұлғаларға кемінде 10 күнтізбелі күн бұрын хабарланады.

      15. Аттестаттау комиссиясы құжаттарды кезекті отырысында қарайды. Бұл ретте құжаттар отырыс күнінен кемінде бір ай бұрын келіп түсуі қажет.

      16. Қажетті жағдайларда, келіп түскен құжаттар бойынша тексеріс тағайындалуы мүмкін.

      17. Аттестаттау комиссиясының шешімдері, оның отырысқа қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      18. Аттестаттау комиссиясының шешімдері жазбаша түрде тұжырымдалып айтылады, төрағалық етушінің және Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолдары қойылады.

      19. Аттестаттау комиссиясының мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда ерекше пікірін баяндауға құқылы.

      20. Аттестаттау комиссиясының шешімдеріне Апелляциялық комиссияға шағым жасалуы мүмкін.

      21. Апелляциялық комиссия Аттестаттау комиссиясының шешіміне келіп түскен шағымдарды қарайды, өзіне заңнамамен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Апелляциялық комиссия аттестаттау комиссиясы құрылған тәртіппен құрылады.

      23. Апелляциялық комиссияның отырысында шешілуге жататын сұрақтарды қарау Апелляциялық комиссия мүшесінің немесе төрағалық етушінің баяндамасынан басталады. Одан кейін Апелляциялық комиссияның отырысына шақырылған тұлғалар тыңдалады және қажетті материалдар зерттеледі.

      24. Апелляциялық комиссияның шешімдері, оның отырысқа қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      25. Апелляциялық комиссияның шешімдері жазбаша түрде тұжырымдалып айтылады, төрағалық етушінің және Апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

      26. Апелляциялық комиссияның мүшесі, қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін баяндауға құқылы.

      27. Апелляциялық комиссияның шешімдеріне сотқа шағымдануға болады.

  3. Аттестаттауды өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

      28. Кандидат Аттестаттау комиссиясына оны аттестаттауға жіберу туралы өтінішін жібереді.

      29. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жіберіледі.

      30. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) жеке іс парақ және фотосурет;
      2) соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
      3) жоғары білімі туралы дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) еңбек кітапшасының немесе зияткерлік меншік құқығы саласындағы жұмыс тәжірибесін дәлелдейтін жеке еңбек шартының не қабылдау немесе қызметтен босату туралы бұйрықтан алынған, нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
      5-1) патенттік сенім білдірілген өкілдерді атестаттаған үшін   мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
      6) кандидаттың қалауы бойынша, оның біліктілігін сипаттайтын басқа да құжаттар.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 69-НҚ   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).

      31. Осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, Аттестаттау комиссиясының төрағасы немесе оның орынбасары кандидатқа жетіспейтін мәліметтерді немесе құжаттарды екі ай мерзімінде ұсынуы туралы ұсыныс бере отырып, сұрау салу жібереді.

      32. Кандидат белгіленген мерзімде жетіспеген құжаттар мен мәліметтерді жібермеген жағдайда, өтініш қаралмастан қалады және құжаттар қайтарылуға жатады, ол туралы кандидатқа хабарланады.

  4. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары

      33. Аттестаттау комиссиясы аттестациялық істің материалдарын қараудың қорытындысы бойынша, аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      34. Патенттік сенімді өкілдің қызметімен айналысу құқығына өтініш берген кандидатты аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, ол туралы жазбаша хабарланады.

      35. Аттестаттауға жіберілген кандидатқа жіберілгені туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

      36. Кандидатқа аттестаттаудың өтетін орны, күні және уақыты туралы оны өткізуге дейін кемінде 10 күнтізбелі күн бұрын хабарланады.

      37. Кандидат емтихан тапсырарда жеке куәлігін немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ұсынады.

      38. Кандидат емтихан барысында Комитет бекіткен бағдарламаға сәйкес, зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі қызметін жүзеге асыру үшін қажетті теориялық білімін және практикалық дағдыларын көрсетуі тиіс.

      39. Емтихан Комитет белгілеген тәртіппен ауызша түрде жүргізіледі. Емтихан билеттеріне зияткерлік меншік объектілері бойынша теориялық сұрақтар және бір-бір практикалық тапсырма енеді. Сұрақтардың тізілімін Комитет әзірлейді және бекітеді.

      40. Аттестаттау комиссиясы емтихан қорытындысы бойынша кандидатты аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылдайды.

      41. Аттестаттау комиссиясының шешімі екі дана етіп жасалады, оның біреуі аттестаттау ісінде қалады, екіншісі кандидатқа беріледі.

      42. Аттестаттаудан өтпеген кандидат, Аттестаттау комиссиясына кемінде алты айдан кейін аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.

      43. Дәлелді себептермен аттестаттауға келмеген кандидат Аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады. 

      44. Кандидат аттестаттауға екінші рет келмеген жағдайда, оның өтініші қаралмастан қалады.

      45. Аттестаттаудан бас тарту туралы, соның ішінде біліктілік емтиханына жіберуден бас тарту туралы Аттестаттау комиссиясының қабылдаған шешіміне кандидат шешім қабылданған күнінен бастап бір ай мерзімінде Апелляциялық комиссияға шағым жасауына болады.

  5. Патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және
аттестаттау процедурасы

      46. Патенттік сенімді өкілді аттестаттау және тіркеу рәсімі өзіне:
      1) Біліктілік талаптарда көзделген патенттік сенімді өкілге қойылатын талаптардың сақталуын алдын-ала тексеруді;
      2) аттестаттауды;
      3) Тізілімге енгізуді және Тізілімнен алынған мәліметтерді жариялауды қамтиды.

      47. Аттестаттау комиссиясы патенттік сенімді өкілге қойылатын талаптарды алдын ала тексеруді патенттік сенімді өкілдікке кандидаттың өтініші, өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын түпнұсқалы құжаттары немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері негізінде жүргізеді.

      48. Тізілімге барлық тіркелген патенттік сенімді өкілдер туралы мәліметтер және осы мәліметтердің кейінгі уақыттағы өзгерістері енгізіледі. Тізілім жылына кемінде екі рет толық жарияланады. Тізілімге енгізілген мәліметтердің тізімі осы Ережемен белгіленеді. Тізілімді Комитет жүргізеді.

      49. Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерінің Тізіліміндегі жазба мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) куәлік нөмірі ретінде қолданылатын тіркеу нөмірін;
      2) патенттік сенімді өкілді тіркеу күнін;
      3) патенттік сенімді өкілдің тегін, атын, әкесінің атын;
      4) тұрақты тұрғылықты жерінің атауын;
      5) Апелляциялық комиссияның немесе Аттестаттау комиссиясы шешімінің нөмірін және күнін;
      6) хат алмасу үшін мекен-жайын, егер олар болса, сондай-ақ телефон, телетайп, телефакс нөмірлерін, хат жазысу тілдерін;
      7) куәлікті беру немесе жіберу туралы мәліметтерді;
      8) патенттік сенімді өкілдің жұмыс орнының атауын, лауазымын;
      9) қызметті тоқтата тұру туралы мәліметтер.
      Тізілімге өзге де мәліметтер енгізілуі мүмкін.

      50. Патенттік сенімді өкілді тіркеу және оны Тізілімге енгізу оның аттестаттау туралы шешім қабылданған күнінен бастап үш жыл аралығында берілуі тиіс өтініші негізінде жүзеге асырылады. Комитет өтініш келіп түскеннен кейін бір ай ішінде Тізілімге патенттік сенімді өкілдер туралы қажетті мәліметтерді енгізеді.

      51. Патенттік сенімді өкілдер Тізілімге енгізілген мәліметтердің барлық өзгерістері туралы бір ай мерзімінде Комитетке хабарлайды. Бұл талаптың бұзылуы осы Ереженің 62-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Тізілімнен алып тастауға негіз болып табылуы мүмкін.

      52. Патенттік сенімді өкіл ретінде тіркелмеген немесе Тізілімнен алынып тасталған тұлға, өз қызметінде "патенттік сенімді өкіл" мәртебесін пайдалана алмайды.

      53. Патенттік сенімді өкілдер кәсіптік даярлық деңгейін анықтау мақсатында әр бес жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзімнен кейін алты айдан кешікпей өткізілуі тиіс. Аттестаттау осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  6. Куәлікті беру тәртібі және оның
күшін сақтау мерзімі

      54. Тізілімге енгізілген деректер негізінде патенттік сенім білдірілген өкілді атестаттаған үшін  мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат ұсынылған кезде Комитет патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік береді.
       Ескерту: 54-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 69-НҚ   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).

      55. Куәлік мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

      56. Куәлік патенттік сенімді өкілдің өзіне беріледі немесе тапсырыс бойынша поштамен жіберіледі.

      57. Куәліктің қолданылу мерзімі шектелмеген.

      58. Патенттік сенімді өкіл Тізілімнен алынып тасталған жағдайда куәлік жарамсыз деп танылады.

  7. Патенттік сенімді өкілдің қызметін тоқтата тұру

      59. Патенттік сенімді өкілдің қызметі Аттестаттау комиссиясының шешімімен:
      1) Патенттік сенімді өкілдің Аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын тұлғаларға, олардың ішінде Комитет және оның бағынысындағы ұйымдардың қызметкерлеріне жатқызу мерзіміне тоқтатыла тұрады;
      3) осы Ереженің 62-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды анықтау мақсатында.
       Ескерту: 59-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитеті Төрайымының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 7-п   бұйрығымен .

      60. Патенттік сенімді өкілдің осы Ереженің 59-тармағының негіздері бойынша тоқтатылған қызметі, осы негіздер тоқтатылғаннан кейін, аттестаттау комиссиясына берген өтініші бойынша қайта басталуы мүмкін. Егер патенттік сенімді өкілдің қызметін тоқтату мерзімі, Аттестаттау комиссиясының оның қызметін тоқтату туралы шешімі қабылданған күннен кейін үш жылдан аспаған болса, бұл ретте біліктілік емтихан тапсырудың қажеті жоқ.
      Патенттік сенімді өкілдің осы Ереженің 59-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылған қызметі осы Ереженің 62-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталғаннан кейін қайта басталуы мүмкін.
       Ескерту: 60-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитеті Төрайымының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 7-п   бұйрығымен .

      61. Патенттік сенімді өкіл қызметінің тоқтатылуы немесе қайта басталуы туралы мәліметтер тиісті шешім қабылданғаннан кейін бір ай ішінде Тізілімде жарияланады.

8. Тізілімнен алып тастау

      62. Патенттік сенімді өкіл Аттестаттау комиссиясының шешімімен:
      1) өзінің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
      3) патенттік сенімді өкіл өз міндеттерін алақол орындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзған жағдайда;
      4) патенттік сенімді өкілдің кәсіптік қызметінде үш жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
      5) патенттік сенімді өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау шешімі күшіне енген кезде;
      6) патенттік сенімді өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп танылған жағдайда;
      7) патенттік сенімді өкілдің әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған жағдайда;
      8) осы Ереженің 53-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген жағдайда Тізілімнен алынып тасталады.

      63. Тізілімнен алынып тасталған тұлға, ол туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап патенттік сенімді өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оның патенттік сенімді өкіл ретінде тіркелуі туралы куәлігі қайтарылып алынады.

      64. Ереженің 62-тармағы 1), 2), 4)-тармақшаларының негіздері бойынша Тізілімнен алынып тасталған патенттік сенімді өкіл Тізілімнен алып тастау туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде Аттестаттау комиссиясына шығару және өтініш беру үшін негіздер тоқтатылу шартымен, біліктілік емтиханды қайта тапсырмай-ақ патенттік сенімді өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы Ереженің 62-тармағы негіздерінің тоқтатылуы фактісін құжаттамалық растаулар бойынша анықтайды.

9. Патенттік сенімді өкілді тіркеу туралы мәліметтерді
жариялау және тіркеуді жарамсыз деп тану туралы 

      65. Патенттік сенімді өкілді тіркеу туралы мәліметтерді жариялау Тізілімде тіркеу шартымен жүргізіледі.

      66. Патенттік сенімді өкіл ретінде тіркеу туралы мәліметтерді жариялау кезінде, Комитет "Өнеркәсіптік меншік - Промышленная собственность" ресми бюллетенінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді жариялайды:
      1) тегі, аты, әкесінің аты;
      2) тіркеу нөмірі;
      3) жұмыс орны, лауазымы;
      4) хат алмасу үшін мекен-жайы;
      5) өнеркәсіптік меншік объектілері, білім салалары бойынша шектеулер;
      6) хат алмасу тілдері.

      67. Комитет жыл сайын "Өнеркәсіптік меншік - Промышленная собственность" ресми бюллетенінде патенттік сенімді өкіл және Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерін тіркеуге қатысты өзгерістер туралы мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      68. Комитет "Өнеркәсіптік меншік - Промышленная собственность" ресми бюллетенінде патенттік сенімді өкілді Тізілімнен алып тастау туралы мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді аттестаттау және тіркеу ережесін бекіту туралы (өзгертулер 04 қараша 2002) V020002040_

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 302966
    Қазақ тілінде 150638
    Орыс тілінде 150734
    Ағылшын тілінде 1594
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы