Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1905. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 552 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 552 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы", 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында  азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы "ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" N 1808, 2001 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi бағдарламасын бекiту туралы" N 1207 қаулыларын iске асыру мақсатында бұйырамын: Қараныз K090193; қараныз P061216
      1. Қоса берiлiп отырған Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi А.А.Белоногқа жүктелсiн.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрлігінің
2002 жылғы 11 маусымдағы 
N 575 бұйрығымен     
бекітілген          

Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын
жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы", 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" N 1808, 2001 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi бағдарламасын бекiту туралы" N 1208 қаулыларына сәйкес әзiрленген, ЖҚТБ ауруының алдын алудың арнайы шараларын өткiзудің тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан азаматтары мен республика аумағындағы өзге де адамдардың адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыруын анықтауға бағытталған. Қараныз K090193; қараныз P061216

      2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      ерiктi тексеру - толық ақпарат негiзiнде адамдарды олардың ықыласы бойынша тексеру;
      аты-жөнiн атамай тексерiлу - адамдардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпей тексерiлуi;
      құпия түрде тексеру - нәтижесi туралы тек тексерілуші мен оған тiкелей көмек көрсеткен медициналық қызметкер ғана бiлетiн тексеру. Құпия түрде тексерудің нәтижелерi жарияланбайды және тексерілушi мен медициналық қызметкерден басқа ешкімге берiлмейдi;
      мiндеттi түрде тексеру - толық ақпарат негiзiнде тексерiлуші өз қызметiн бұдан әрi жалғастыру жағдайы (қан мен басқа да биологиялық сұйықтықтардың, органдар мен тiндердiң доноры) ретiнде өтуге тиiс тексеру;
      клиникалық көрсеткiштер бойынша тексеру - клиникалық көрсеткiштерi бар адамдарды толық ақпарат негiзiнде олардың келiсiмi бойынша тексеру;
      толық ақпарат негiзiнде тексеру - тексерiлушіні тек тестіден өтер алдындағы консультация беру барысында оған түсiнiктi тiлде АҚТҚ-ға тексерудің барлық зардаптары туралы, сондай-ақ осы тексеруге балама (мысалы, басқа жерде өту мүмкіндiгi) туралы толық ақпарат алғаннан кейiн ғана орындалатын АҚТҚ-ға тексеру;
      психологиялық-әлеуметтiк консультация беру - консультация алушының мiнез-құлқы ерекшелiктерiне байланысты тексерудің мiндеттерi мен себептерiн талқылау, АҚТҚ инфекциясын жұқтыру қаупiнiң дәрежесiн бағалау, тестiнiң нәтижелерiн хабарлағаннан кейiн көңiл-күйi жағдайы мен тесттің нәтижелерiн хабарлағаннан кейiн болуы ықтимал зардаптарды анықтау, қауiпсiз мiнез-құлық дағдыларына үйрету мақсаты бар консультация алушы мен консультант арасындағы құпия түрдегi әңгiмелесу;
      мәжбүрлеп тексеру - тексерушi жағынан келiсiм алуға қарамастан белгіленген тәртіппен уәкiлеттi құқық қорғау органы берген қаулы бойынша толық ақпарат негiзiнде АҚТҚ-ға тексеру. Мұндай тексерудің нәтижелерi тексерілушіні мәжбүрлеп тексеруге жiберген жаққа ғана берiледi.

      3. Қазақстан Республикасында тексерудiң мынадай түрлерi жүргiзiледi:
      ерiктi - толық ақпарат негiзiнде аты-жөнiн атамай немесе құпия түрдегi;
      мiндеттi түрде - құпия түрде толық ақпарат негiзiнде алынған тексерілушінің келiсiмiмен тексеру;
      клиникалық көрсеткіштер бойынша - толық ақпарат негiзiнде алынған аты-жөнiн атамай немесе құпия түрдегi;
      мәжбүрлеп - уәкiлеттi құқық қорғау органының қаулысы бойынша АҚТҚ-ға тексеру.

      4. АҚТҚ-ға тексерудің мақсаты:
      1) гемотрансфузия мен трансплантация қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) эпидемиологиялық мониторингтi: эпидемияны болжау мен бiрiншi кезектегi тәртiппен алдын алу бағдарламаларын ұсынуды қажет ететiн топтарды анықтау үшiн АҚТҚ-инфекциясының таралу деңгейiн, халықтың жекелеген топтарының зақымдалу деңгейiн бағалауды жүргiзу;
      3) АҚТҚ-инфекциясының диагнозын анықтау болып табылады.

2. Ерiктi тексеру

      5. АҚТҚ-ға медициналық куәландырудан өтуге ықылас білдiрген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар тексерілушінің талғамы бойынша: құжаттарын көрсетпей (аты-жөнiн атамай), құжаттарды немесе өзi туралы деректердi көрсете отырып, (дәрiгерлiк құпияны сақтай отырып, құпия түрде) тексерiледi.

3. Мiндетті түрде тексеру

      6. Қан мен өзге де биологиялық сұйықтықтарды, ағзалар мен тiндердi тапсыратын донор әрбiр тапсырған кезде мiндеттi түрде тексерiледi.

4. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер
бойынша тексеру (ересектер мен балаларды)

      Ескерту: 4-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 648 бұйрығымен.

      7. Шығу тегi белгiсiз синдромдар мен белгiлер:
      1) ұзақтығы 1 айдан астам қызба;
      2) бездердің екi және одан да астам топтарының 1 айдан астам ұлғаюы;
      3) ұзақтығы 1 айдан астам диарея;
      4) түсiндiруге болмайтын дене салмағының 10 % және одан астам азаюы.

      8. Болжамды немесе расталған науқастанулар:
      1) ұзаққа созылатын қайталанатын пневмония мен әдеттегi емдеуге бой бермейтiн созылмалы бронхиттер;
      2) пневмоцистi пневмония;
      3) өкпедегi және өкпе сыртындағы туберкулез;
      4) әдеттегi емдеуге бой бермейтiн қайталанатын ұзаққа созылатын пиодермиялар;
      5) өңештiң, бронхтардың, кеңiрдектің, өкпенің, ауыз бен мұрын қуыстарының шырышты қабықтарының кандидозы;
      6) терең микоздар (криптококкоз, споротрихоз, аспергиллез, изоспороз, гистоплазмоз, стронгилоидоз, актиномикоз және т.б.);
      7) Капоша саркомасы;
      8) тiлдің түктi лейкоплакиясы;
      9) сепсис, iшкi ағзалардың ұзаққа созылған және қайталанатын ерiндi-бактериялық аурулары;
      10) бас миының лимфомасы;
      11) жiтiлеу менингиттi энцефалит;
      12) үдемелi ошақты лейкоэнцефалопатия;
      13) орталық нерв жүйесiнiң токсоплазмозы;
      14) бұрын денi сау адамдардағы бастапқы шала естiлiк;
      15) жыныстық қатынас жолымен берiлетiн өте ауыр түрде өтетiн жұқпалар (ЖЖБЖ) - сифилис, гонорея, урогенитальды хламидиоз, генитальды ұшық, вирустық папиломатоз, трихомониаз және т.б.;
      16) күллi ағзаға тараған цитомегаловирусты инфекция;
      17) қарапайым ұшық вирусынан туындаған созылмалы күллi ағзаға тараған инфекция;
      18) 60 жасқа дейiнгi адамдардың белбеуленiп қайталанатын темiреткемен ауыруы;
      19) әйелдердің этиологиясы түсiнiксiз жыныс мүшелерiнің ауыр түрдегi созылмалы қабынған аурулары;
      20) әйелдердiң жыныс мүшелерi төңiрегiнде жаңадан инвазиялық iсiктердің пайда болуы;
      21) В, С, Д гепатитi;
      22) мононуклеоз (науқастанғаннан бастап 3 айдан кейiн);
      23) жүйелi түрде қан құюды алатын гемофилиямен және басқа да  аурулармен ауыратын науқастар;
      24) цитамегаловирустық, герпестік көз аурулары;
      25) жыныстық қатынас жолдарымен берілетін инфекциялармен ауырғандар;
      26) иммундық тапшылық жағдайы.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 648 бұйрығымен.

      9. Басқа жағдайлар:
      1) жүкті әйелдер есепке алынған кезде және 30 апталық мерзімде, сондай-ақ тексерілмеген жүкті әйелдердің перзетханаға түскенінде немесе жүктілікті жасанды түрде үзу алдында;
      2) АҚТҚ жұқтырған аналардан туған балалар;
      3) қан, оның компоненттері және басқа биологиялық материалдар рецепиенттері гемотранфузиядан соң 6 айдан кейін.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 648 бұйрығымен.

      9-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторы мен түзету мекемелеріне түсетіндер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша түскен кезде және 6 ай сайын тексеріледі. V040002876
      Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 648 бұйрығымен.

      10. Аталған белгiлер, синдромдар, сырқаттар мен жай-күйлерi бар адамдар тесттен өтуден бас тартуға құқылы және олардың бас тартуы оларға медициналық көмек көрсетуге байланысты әртүрлi шектеулер үшiн негiз бола алмайды.

5. АҚТҚ-ға мәжбүрлеп тексеру

      11. АҚТҚ-ға мәжбүрлеп тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. K090193

6. Қорытынды ережелер

      12. АҚТҚ-ға тексерудi АҚТҚ жұқпалы ауруын ИФА-диагностикалаумен айналысу құқығына мемлекеттiк лицензиясы бар барлық зертханалар жүргiзедi. АҚТҚ-ны растайтын сарысулар қайта бақылау жасау үшiн ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес аумақтық орталықтарына жiберiледi.

      13. Тестiлеудің нәтижелерi тексерілушінің өзiне тестiлеуден кейiнгi психологиялық-әлеуметтiк консультация берудiң барысында хабарланады. Тексерілушіге психологиялық әлеуметтiк консультация беру мүмкiн болмағанда құқық қорғау органдарының қаулысы бойынша мәжбүрлеп тестiлеу жағдайынан басқа жағымды нәтижелердi ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтың дәрiгерi хабарлайды.

      14. Азаматтарға АҚТҚ-ға антиденелерге тексерудiң жағымсыз нәтижелерiн растайтын анықтама-сертификаттарды беруге тек шетелге барған кезде, қабылдайтын ел анықтама-сертификатты талап еткен жағдайда ғана рұқсат етiледi. Анықтама-сертификат егер тексерілуші тексерiлуге келген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда ғана берiлуi мүмкін. Анықтама-сертификатты беру ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықта жүргiзіледi.

      15. АҚТҚ-ның тасымалдануы туралы ақтық нәтиженi республикалық  ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталығының референс - зертханасы бередi.

      16. Қызметтiк мiндеттемелерiн орындауға байланысты адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландыруды жүргiзу мен оның нәтижесi туралы мәлiметтерге ие болған медициналық қызметкерлер мен өзге де адамдар заңмен қорғалатын бұл мәліметтерді құпия түрде сақтауға мiндеттi.

      17. Осы Ереженің орындалуы үшiн жауаптылық пен оны iс жүзiнде жүзеге асыру жергiлiктi атқарушы органдарының денсаулық сақтау департаменттерiне, басқармаларына, бөлiмдерiне жүктеледi.

Назад к документу

Заңдар - Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесiн бекiту туралы (өзгертулер 11 маусым 2002) V020001905_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341350
    Қазақ тілінде 169144
    Орыс тілінде 170191
    Ағылшын тілінде 2015
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы