Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" туралы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 9 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2798. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 24-25 бабына сай бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" туралы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне кіреді.

      Министр

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрінің 
2004 жылғы 30 наурыздағы   
N 297 бұйрығымен бекітілген 

"Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын
санитарлық тұрғыдан қорғау" жөніндегі
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының аумағында меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.
      2. Осы Ережелерде мынандай терминдер қолданылады:
      1) аурумен қарым-қатынаста болғандарды анықтау - медициналық-санитарлық шараларды қолдану үшін аурумен қарым-қатынаста болғандарды анықтайтын үрдіс;
      2) санитарлық-карантиндік бақылау - республика аумағына жұқпалы, паразитарлық ауруларды, сондай-ақ, адам денсаулығына қауіпті деген заттарды және өнімдерді өткізбеу үшін мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға және жүктерге бақылау жасау;
      3) жұқпалы аурулар - адамдардың өмір сүру ортасында биологиялық факторларының әсерінен пайда болатын және таралатын аурулар;
      4) медициналық (санитарлық) тексеріс - медициналық-санитарлық құжаттарды, көліктерді, керек болған жағдайда экипажды (бригадаларды) және жолаушыларды медициналық тексерістен өткізу; зертханалық тексеріс жүргізу үшін сынамаларды алу;
      5) медициналық бақылау - медициналық қызметкерлер арқылы жұқпалы аурулармен ауырған аурумен қарым-қатынаста болған адамдардың арасынан ауырғандарды тауып, оқшаулау үшін жүргізілетін күн сайын жүргізілетін бақылау;
      6) контейнер (жүк контейнері) - тасымалдау құралдарының түрі;
      7) көлікке жүргізілетін медициналық-санитарлық тексеріс - көліктерді медициналық-санитарлық тұрғыдан жүргізілетін тексеріс, мұның ішінде медициналық құжаттарды тексеру де кіреді;
      8) порт - теңіздегі немесе іштегі өзен-су жолдарындағы порт;
      9) оңашалау шаралары, оның ішінде карантин - жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған шаралар және шаруашылық тұрғысынан басқа да жағдайларды қарастыратын ерекше тәртіп;
      10) кеме - теңіз арқылы немесе ішкі өзен-су жолдары арқылы халықаралық қатынас жасайтын кеме;
      11) көліктің түрлері - мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, тауарларды немесе жануарларды таситын жылжу құралы;
      12) індет - жұқпалы аурулардың әдеттегі аурушаңдық деңгейінен күрт көп өсіп, таралуы;
      13) экипаж - көлікте жұмыс атқаратын қызметкерлер.
      3. Осы Ережелер мынандай ауруларды болдырмауға бағытталған: тырысқақ, оба, сары безгек (карантиндік аурулар); вирустық қызбалар: (Ласса, Марбург, Эбол, Хунин, Мачупо); менингококктық жұқпалар, энцефалопатияның спонгиолық түрлері, маса арқылы таралатын безгек және басқа да адамға деген қауіпті жұқпалы аурулар (Денге, Чикунгунья, Рифт жазығындағы, Батыс Нілдегі безгектер, жылқылардың энцефаломиелиті-батыс, шығыс американдық, венесуэлалық түрлері, энцефалиттің жапондық, калифорниялық, Сан Луилік, Мюррей жазығындағы түрлері), ИЖПС, өкпенің өзгеше қабынуы.
      4. Республика аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау, 3-бапта көрсетілген жұқпалы ауруларды шет елдерден әкелуіне, ауру орын алған күнде оның таралуына жол бермей, таралу аумағын шектеп, ошақтарын жоюды қамтитын жалпы мемлекеттік шаралар жүйесіне жатады
      Осы Ережеде көрсетілмеген жұқпалы аурумен ауырған адам анықталған жағдайда, барлық шаралар, оның ішінде шетелдік көліктер мен шетелдік азаматтарына байланыстылығы республика аумағындағы нормативтерге және заңдар жиынтығына сай жүргізілуі керек.
      5. Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау жұмыстарын жүргізу - Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде халықаралық қатынастағы көліктің барлық түрлерінде және Мемлекеттік шекарадан жаяу өтетін адамдарға іске асырылатын ұйымдастырушылық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалау және індетке қарсы шараларды қарастырады.
      6. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің уәкілетті органдары өзіне бағынышты аумақтарда, ведомстволарда (өзіне қарасты емес жүйе ішінде) халықты санитарлық тұрғыдан қорғау шараларының орындалуын медициналық қызметтер арқылы іске асырады.
      7. Республика аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау шаралары әрбір әкімшілік аумағында денсаулық сақтау органдары арқылы әзірленеді. Ол жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алуға бағытталған кешенді жоспардың құрамына енеді. Эпидемиялық және жергілікті жердегі жағдайдың өзгеруіне байланысты бұл жоспарға тиісті өзгерулер енгізіліп отырылады.
      8. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы уәкілетті органы қолданыстағы тәртіпке сай, шет елдердегі және республика аумағындағы эпидемиялық жағдайдың өзгергендігі туралы жедел ақпаратты таратып, індетке қарсы шараларды жүргізуі үшін, оны аумақтық денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге сондай-ақ, басқа да министрліктер мен ведомстволарға жіберіп отырады.
      9. Осы ереженің талаптары орындалатын ауру бұрын болмаған шет елдік аумақтарда жұқпалы ауру пайда болғанда, ондағы консульство заңдар жиынтығына сай жұмыс атқарады.
      10. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы уәкілетті органы республика азаматтары шет елге шығарда ауруға қарсы егу керектігі көрсетілген елдердің тізімін жасап, ол тізімді және оған қосылған өзгерістерді жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық медициналық қызметтерге, сондай-ақ, азаматтарын шет елге жіберуді ұйымдастыратын министрліктерге, агенттіктерге, комитеттерге, қоғамдық ұйымдарға, ведомстволарға жібереді.
      11. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы уәкілетті органы белгіленген тәртіпке сай жұқпалы ауруларды халықаралық эпидемиологиялық тұрғыдан қадағалау жөніндегі мәселе бойынша сыртқы байланысты жасай отырып, Халықаралық медициналық-санитарлық ережелердің орындалуын жүзеге асырады; осы Ережелердің талаптары таралатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына, дипломатиялық арнаулы уәкілдіктерге және аумақтағы шет ел мемлекеттерінің консульстволарына аурушаңдықтың эпидемиологиялық, эпизоотикалық жағдайлары туралы хабарлайды.
      12. Осы Ережелерде қарастырылған талаптар орындалмаған жағдайда, көліктердің, жеке тұлғалар мен шет ел азаматтарының елден шығуына-келуіне, республика аумағына жүктердің, заттардың әкелінуіне, әкетуіне тыйым салынады, сондай-ақ, халықаралық пошта жұмысы шектеліп немесе мүлде тоқтатылады.
      13. Қазақстан Республикасының немесе шет елдік мемлекет аумағында аса қауіпті, вирустық және паразитарлық жұқпалы аурулардың таралуы жөнінде қатер төнген жағдайда, Үкіметтің шешімі бойынша Мемлекеттік шекара арқылы қатерлі учаскелермен байланыс жасау уақытша тоқталып, Мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға, жануарларға, жүктерге, көліктерге карантиндік шектеу қойылады.

2. Халықаралық байланыс жасайтын көлік түрлеріне
және Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде
жүргізілетін шаралар

      14. Шет елге жіберілетін халықаралық байланыс жасайтын көліктер мынандай жағдаймен қамтамасыз етіледі:
      1) шетелге жіберілетін көліктерді санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан дайындау;
      2) осы Ережелерде көрсетілген аурулардың алдын алу және олармен күресу мәселесі бойынша көлік түрлерінің экипаждары (бригадалары) арнайы дайындықтан өткізіледі (дайындықты медициналық ұйымдар жүргізуі керек);
      3) экипаж мүшелері (бригадалар) мен жолаушылар сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
      4) көлік түрлерін, порттың нысандары мен аумағын, стансаларды кеміргіштер және буынаяқтылардан қорғау, көрсеткіштер бойынша (әуе, теңіз және өзен кемелерінің рейстерінде, теміржол құрамында) дератизация және дезинсекция шараларын жүргізу.
      15. Әуе және теңіз кемелерінің командирлері мен капитандары, автостанция, жолаушы поездарының бастықтары:
      1) жолаушылар немесе экипаж мүшелерінің (бригадалардың) арасында жұқпалы ауруларға күдікті дегендері анықталғанда жоғарғы әкімшілікке, сондай-ақ, порттарға, авто және темір жол стансаларына санитарлық-карантиндік (теңіз, өзен, ауа жолдарындағы) пункттеріне, мәлімет беріп, кеміргіштер мен қосқанатты жәндіктердің болуы туралы хабарлауы керек;
      2) жол жүру барысында індетті болдырмау үшін алғашқы санитарлық-эпидемиологиялық (алдын алу) шараларын жүргізіп, сонымен бірге ауруы анықталған ауру адамды уақытша оқшаулап және көліктегі адамдардың денсаулығын бақылаулары керек;
      3) поездардың бастықтары мен кемелердің капитандары зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация шараларын жүргізіп, өліп қалған, ауланып ұсталған кеміргіштерді жинап, сақтап, жақын маңдағы портқа жеткізулері керек.
      16. Жұқпалы ауруларға күдікті дегендердің негізгі симптомдары мынандай болып келеді: тырысқақ (дененің қызуы -37 0 С және одан да жоғары болуы), жөтелу, іштің өтуі, құсу, денеде бөртпенің пайда болуы, лимфалық түйіндердің үлкеюі, сарғаю, қан құйылу және қанның кетуі, сонымен қатар, міндетті түрде эпидемиологиялық көрсеткіштер ескеріледі.
      17. Көлік елге келердің алдында порттың, теміржол, автокөлік стансаларының әкімшілігіне төменде көрсетілген қызметкерлері арқылы мынандай хабарды (мәліметті) береді:
      1) медициналық-санитарлық декларацияның шешіміне сай - теңіз және өзен кемелерінің капитандары;
      2) жалпы медициналық-санитарлық декларациясының шешіміне сай - әуе кемесінің командирлері;
      3) осы санитарлық ережеде көрсетілгендегідей жолаушылардың арасында ауруға күдіктілер бар болғанда, немесе кеміргіштердің өлімі орын алғанда - жолаушы таситын поездардың бастықтары;
      4) осы санитарлық ережеде көрсетілгендегідей жолаушылардың арасында ауруға күдіктілер бар болғанда халықаралық автобустардың жүргізушілері.
      Порттардың, теміржол және автокөлік стансаларының әкімшілігі алынған ақпаратты тез арада шекарадан өткендердің мемлекеттік қорғауды бақылайтын медициналық ұйымдарға жеткізеді.
      18. Осы ережеде көрсетілген талаптарға сай жолаушылардың арасында ауру белгілері немесе кеміргіштердің өлімі, масалардың барлығы анықталса келген көлік, оның экипажы (бригадасы), жолаушылары, әкелген жүгімен мемлекеттік шекарадан өткізу пунктінде медициналық (санитарлық) тексерістен өтеді.
      19. Көліктік транспортпен келгендерді медициналық (санитарлық) тексерістен өткізу мыналарды қамтиды:
      1) ауруды (ауруға деген күдіктіні) анықтау үшін, экипажды (бригаданы) және жолаушыларды сұрау арқылы жағдайын біліп, медициналық тексеріс жүргізеді;
      Осы Ережеде көрсетілгендей аурулармен ауырады-ау деген күдіктілер ауру ретінде саналып, олардан жұқпаның таралмауын болдырмау үшін жүргізетін шаралар толық мөлшерде жүргізіледі;
      2) теңіздегі медициналық-санитарлық декларациясын, ауа кемесінің медициналық-санитарлық бөлімінің декларациясын және дератизация (дезинсекция) жүргізілгені туралы куәліктерін немесе ондай шараларды жүргізуден босатылғаны туралы құжаттарды тексереді;
      3) жол жүру маршрутын анықтау үшін (эпидемиялық көрсеткіштерге қарап) төлқұжаттары мен билеттерін тексереді;
      4) көлік түрлерін, жүктерді, оның ішінде контейнерлер мен лихтерларды санитарлық тұрғыдан тексеру үшін:
      жүк қабылдаушы тарапынан қаптама ашылғанда немесе қаптама бұзылған жағдайда контейнерлер мен лихтерларға Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктарында санитарлық тұрғыдан тексеріс жүргізеді. Егер контейнерлер мен лихтерларды өткізу пунктына алып келіп, ашқаннан кейін, жүк қабылдаушы оның ішінен кеміргіштерді, буынаяқтыларды немесе олардың осы жерде болғандығы туралы деректерге сүйене отырып, бұл туралы аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органына хабарлауы керек.
      20. Медициналық (санитарлық) тексеріс Мемлекеттік шекараның өткізу пунктінде бірінші болып өткізіліп, басқа шаралардан бұрын жүргізіледі. Шет елден келген көліктерге медициналық (санитарлық) тексеріс жүргізілу біткеннен және індетті болдырмау шаралары жүргізілгеннен кейін шекаралық, кедендік бақылаулар жүргізіледі.
      Індеттің тараламауына бағытталған шаралар транспорттан басқа жерде (анықталған ауруды уақытша вокзалдың медпунктінде ұстағанда) жүргізілсе, ауруға тиісті заттар кедендік бақылау пунктінде оның иесі бақылаудан өткізгенше санитарлық-карантиндік пунктте сақталады.
      21. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде медициналық (санитарлық) тексерістерді мынандай жерлерде жүргізеді:
      1) халықаралық теңіз, өзен және аэропорттарында, халықаралық автотрассаларда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аймақтық басқармасының санитарлық-карантиндік пункттерінің күшімен жүргізіледі;
      2) шекарадағы теміржол стансаларында-транспорттағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық бақылау пункттерінің күшімен жүргізіледі.
      22. Медициналық (санитарлық) тексеріс жүргізетін лауазымды адамдар жұмыс куәлігін көрсеткеннен кейін экипаж мүшелері (бригадалар) мен жолаушылар және халық денсаулығына қауіпті жүк орналасқан үй-жайларға, көлікке емін-еркін кіру құқығына ие болады.
      Медициналық тексеріс жүргізілгеннен кейін, керек болған жағдайда індетке қарсы шаралар жүргізіліп болғаннан соң көлікке емін-еркін қозғалуға рұқсат беріледі.
      23. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктінде көлікке, жүкке бақылау жасайтын адам шекаралық әскери, кедендік және басқа да органдар орналасқан бақылау-өткізу пункттерінде жұқпалы аурулардың белгілері анықталған ауруға тексеріс жүргізуге көмектесіп, осы пункттегі медициналық (санитарлық) тексеріс жүргізетін ұйымына әрбір анықталған ауру туралы хабарлайды.
      24. Әуе кемелері мен поездар, теңіз және өзен кемелерінің басшыларынан жұқпалы аурулардың белгілері, масалар, өлген кеміргіштер туралы ақпарат түспеген жағдайда, оларға медициналық ұйымдардан емін-еркін жүруіне рұқсат беріледі.
      Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктінде бақылау жасайтын шекаралық әскери, кедендік және басқа да органдар аурудың барлығы туралы ақпарат бермеген жағдайда, теміржол және автомобиль көліктері медициналық тексерістен өтпейді.
      25. Медициналық ұйымдар эпидемиялық жағдайды анықтау үшін көліктерге таңдау арқылы медициналық (санитарлық) тексеріс жүргізеді.
      26. Осы Ережелер талаптары жүретін ауруларға күдіктілерді анықтағанда індетке қарсы жүргізілетін шаралар мынандай жағдайды қамтуы керек:
      1) диагнозын анықтап, артынан ауруханаға жатқызу үшін ауруды жедел түрде уақытша оқшаулауды;
      2) ауруды ауруханаға жатқызбастан бұрын, оның жанында ағымдағы зарарсыздандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастыруды;
      3) кеңесші-дәрігер арқылы алдын ала қойылған жұқпалы ауруға деген күдік расталса, осы Ережелердің ІІІ, ІҮ тарауларындағы 3-бапқа сай шаралар жүргізілуі керек.
      27. Көліктерде, бөлмелерде және көліктік объектілердің аумағында дератизация мен дезинсекция шаралары жүргізіледі.
      28. Тырысқақ, оба және басқа да жұқпаларға күдікті белгілері бар ауру адам анықталған көліктер 3 пунктте көрсетілгендей жолаушылар және жүктерімен бірге індетке қарсы шараларды жүргізу мақсатында санитарлық айлаққа жіберіледі (санитарлық тұрақ, санитарлық алаң, санитарлық тұйық жер).
      29. Санитарлық індетке қарсы (аурудың алдын алуға арналған) шаралар көлік құралдарында мүмкіндігінше тез басталады.
      30. Осы ережемен қарастырылған шаралардың белгіленгені туралы санитарлық-карантин пункті көлік әкімшілігіне хабарлайды.
      Мұндай шаралар әуе көлігіне қолданғанда, ол туралы мәлімет әкімшіліктің өтініші бойынша, әуе көлігінің жалпы декларациясының санитарлық бөліміне жазылады. Санитарлық-карантин пункті жолаушылардың (экипаж, бригада мүшелерінің) сұрауы бойынша келіп, кеткен уақыты және оларға қолданылған шаралар жөнінде куәлік береді.
      31. Ауру жұқтырылған кеменің бортынан тысқа шықпайтын кеме жолаушылары мен экипаждарына да санитарлық індетке қарсы (аурудың алдын алу) 3 пунктінде көрсетілген шаралар қолданылады.
      32. Осы Ережелерде қарастырылған медициналық тексерістен басқа, көліктің келіп тоқтаған жерде жүргізілген кез-келген шаралар келесі порттарда, егер жол жүрген кезде эпидемиологиялық маңызы бар деректер анықталып немесе жүргізілген шаралар тиімсіз болған жағдайда болмаса, қайталанбайды.
      33. Кез-келген көліктің әкімшілігі санитарлық-карантиндік пункті белгілеген осы Ережелерге сәйкес шараларды орындаудан бас тартса, қозғалу еркіндігінен айырылып, кері қайтарылады, мұндай көліктің бортына отын, су және азық-түлік тиеуге ғана рұқсат етіледі.
      34. Жүктер және тауарлаға да осы Ережеде қарастырылған санитарлық-карантиндік бақылауға алынады, егер олар жұқпалы аурулар таралған жерлерден келсе және санитарлық-карантиндік пункт бұл жүктердің аталған аурулар қоздырғыштарын жұқтырғаны, оны таратуы мүмкіндігі туралы мәліметтері бар болса.
      35. Жолаушылардың жүктері зарарсыздандыруға немесе дизенсекциялауға жатады, егер жүктердің арасында ауруды жұқтырған материалдар немесе ауруды тасымалдаушы жәндіктер болса.
      36. Халықаралық пошта арқылы жіберілген жөнелтпелерге санитарлық шаралар мынандай жағдайда, егер олармен төмендегі заттар жіберілсе:
      азық-түліктер, іш-киімдер, төсек әбзелдері, киімдер, аяқ киімдер, оба және тырысқақпен ауырғандардың (ауруға күдікті) қолданған немесе ластанған төсек әбзелдері.
      37. Мемлекеттен көліктің барлық түрлерімен кететін, келетін және профилактикалық екпе жүргізуді талап ететін азаматтарға тиісті санитарлық-карантиндік пункттер вакцинациядан өткендігі немесе қайта вакцинация жүргізілгендігі туралы халықаралық куәлігін тексеріп және оның мерзімінің өтпегендігін тексеруі керек.
      Санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу барысында олар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

3. Ауруларды сырттан әкелінуін және олардың
таралуына жол бермейтін арнайы шаралар

      38. Тырысқақ ауруының сырттан әкелінуін және оның таралуын болдырмайтын шаралар:
      1) осы Ережелер талаптарын қолданған жағдайда тырысқақ ауруының инкубациялық кезеңі 5 тәулік болып белгіленеді;
      2) келген көлікте тырысқақпен ауырған адам анықталған (күдікті) жағдайда төмендегідей шаралар жүргізіледі:
      ауруды тез арада ауруханаға жатқызу;
      жолаушыларды және экипаж (бригада) мүшелерін 5 тәуліктен аспайтын мерзімге оқшаулап, (эпидемиялық көрсеткіштері бойынша, жұқтыру қаупін ескере отырып) немесе медициналық бақылауға алу;
      эпидемиялық көрсеткіштері бойынша азаматтарға (экипаж, бригада мүшелеріне, жолаушыларға) бактериологиялық, зертханалық тексеріс және профилактикалық емдеу жүргізу;
      ауруды жұқтырған деп есептелетін суды, азық-түліктерді (жүктен басқаларын), әжетхана қалдықтарын және жиналған қалдық суларды, басқадай қалдықтарды зарарсыздандыру және жою;
      3) шетелдік азаматтардан тырысқақ ауруын куәландыратын оның белгілері болған жағдайда бактериологиялық тексеру үшін материал (үлкен дәреті, құсығы) алынады;
      4) көліктегі тиелген жүк ретінде азық-түліктерді тасымалдау барысында тырысқақ ауруы орын алса, оған санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі;
      5) санитарлық ережелердің осы пунктінің 2), 3), 4) тармақтарында қаралған шаралар орындалғаннан кейін көліктерге еркін қозғалуға рұқсат беріледі.
      39. Оба ауруының сырттан тасымалдануын және таралуын болдырмайтын шаралар:
      1) осы Ережелер қолданылған жағдайда оба ауруының инкубациялық кезеңі - 6 тәулік болып белгіленеді;
      2) кемеде кеміргіштердің болмауы немесе жүргізілген дератизация кезекті дератизациядан босату туралы куәлігі немесе дератизация жүргізілгендігі туралы (қанағаттанарлықсыз қорытынды жағдайында куәлікте тиісті белгі қойылады) куәлікпен куәландырылады. Аталған куәлік 6 айға жарамды болып есептелінеді, бірақ портқа жіберілген кеме үшін жүгін түсіруге байланысты 1 айға ұзартылып, дератизация немесе тексеру жұмыстары жеңілдетіледі;
      3) дератизациядан босату туралы куәлікті санитарлық-карантиндік пункттер береді.
      40. Дератизациядан босату туралы куәлік, егер кемеге мұқият тексеру жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілген жағдайда (трюмнің іші бос болғанда немесе жүктер ыңғайлы орналасқан жағдайда) ғана беріледі. Танкер толық тиелген жағдайдың өзінде де тексерілуі керек.
      41. Кемеде дератизация жүргізілгендігі немесе дератизациядан босатылғандығы туралы куәлігі болмаған жағдайда, тексеруден кейін кеміргіштерден немесе олардың өмір сүру белгілері байқалса, кемеге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары немесе зарарсыздандыру стансаларының күшімен дератизация жұмысын жүргізу керек.
      42. Кемедегі дератизация жұмыстары трюм бос болған жағдайда немесе кемеден жүкті түсіру мүмкіндігі жоқ болғанда жүргізіледі.
      43. Кеме ауру жұқтырылған ауданнан келгенде, оның бортына ішінара медициналық тексеру жүргізу барысында кеміргіштер немесе олардың өмір сүру белгілері байқалған жағдайда, кемеге дератизация және дезинсекция жұмыстары жүргізіледі.
      Аталған шаралар әуежай кемелерінде, құрлықтағы көліктерде, лихтерлерде және контейнерлерде кеміргіштер немесе олардың өмір сүру белгілері байқалған жағдайда жүргізілуі керек.
      Дератизация және дезинсекция шараларын жүргізу белгілегенде санитарлық-карантиндік пункт көліктің иесіне жазбаша түрде хабарлайды.
      44. Әуе кемесі немесе темір жол көлігі келген бетте оның бортында (темір жол көлігінде) обамен ауырған адам немесе обаны жұқтырған кеміргіш тышқан анықталған жағдайда, ауру көзі болып саналады.
      45. Келген әуе кемесі немесе темір жол көлігі төмендегі жағдайда ауру жұқтыруға күдікті деп есептелінеді:
      1) егер кеме бортында обамен ауырған адам болмаса да, бірақ соңғы алты күн ішінде (темір жол көлігі құрамында) борттағы жолаушылар немесе экипаж арасында обамен ауыру орын алған жағдайда;
      2) белгісіз себептерден өлген тышқандар табылған жағдайда: көліктерді тексеру барысында өлген тышқандарды тауып алған медицина қызметкерлері тез арада тікелей індетке қарсы режим талаптарын сақтай отырып, оларды жақын орналасқан обаға қарсы күресетін мекемеге жеткізеді;
      3) егер бортта өкпе обасын жұқтыратын жерден келсе және ол жерде алты күндік оқшауланудан өтпесе, қауіпті адам болып саналады.
      46. Жұқтырылған немесе жұқтыруы мүмкін деген күдігі бар, бортында өкпе обасы түрінен басқа түрімен ауырған (күдікті) адамдар анықталған әуе кемесі, сол сияқты темір жол немесе автомобиль көлігіне келген бетте төмендегідей шаралар жүргізіледі:
      экипаж (бригада) мүшелеріне және жолаушыларға келген сәттен бастап 6 тәуліктік мерзімде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша медициналық бақылау және профилактикалық емдеу жүргізу (соңғысы шетел азаматтарына олардың келісімімен ғана жүргізіледі);
      жүктерге, төсек әбзелдеріне, аурулармен жанасуда болған адамдардың киімдеріне, көлікке зарарсыздандыру және дезинсекция жұмыстары жүргізіледі.
      47. Көлікте өкпе обасымен ауырған адам анықталғанда немесе экипаж және жолаушылар келгенге дейінгі 6 (алты) күн аралығында аталған аурудың орын алып, жұқтыру қаупін тудыруы, көлік экипажын және жолаушыларды 6 тәулік мерзімге оқшаулап, көмейдегі бактерия тасымалдаушылығын анықтау үшін бактериологиялық тексеру және профилактикалық емдеу жүргізуді (соңғысы шетелдік азаматтарға олардың келісімімен жүргізіледі) қажет етеді.
      48. Көліктегі кеміргіш тышқандардың обамен ауыруы анықталған жағдайда санитарлық айлақта, тұрақта, алаңда, тоқтайтын тұйықта дератизация және дезинсекция жұмыстары бір мезгілде жүргізіледі (кемеде - жүктен босатылған трюмдерде); кеміргіш тышқандардың таралып кетуінен сақтану мақсатында кемелерде бір немесе бірнеше дератизация жұмыстарын жүкті түсіргенге дейін және түсіру кезінде жүргізу керек.
      49. 46, 47, 48 пункттерде көрсетілген шаралары орындалғаннан кейін көлікке еркін қозғалуға рұқсат беріледі.
      50. Сары безгек ауруының сырттан әкелінуін болдырмайтын шаралар:
      1) сары безгек ауруының инкубациялық кезеңі 6 тәулік деп саналынады;
      2) көлік жол жүріп келе жатқан уақытта немесе тоқтағаннан кейін сары безгекпен ауырған (күдікті) адам анықталған жағдайда, оны ауруханаға жатқызу керек;
      3) ауру таралған ауданнан келген әрбір көлік егер оның бортында масалардың барлығы туралы мәлімет болса, дезинсекция жүргізуі керек.
      51. Вирусты қан қызбасының сырттан әкелінуін және таралуын болдырмауға арналған шаралар:
      1) Ласса безгегі, Марбург ауруы, Эбол және басқа да қан қызбасы түрлерінің инкубациялық кезеңі 21 тәулік деп саналынады;
      2) вирусты қан қызбасына деген күдіктілік туғанда немесе рейсте анықталған жағдайда көлік елге келген бойда:
      ауру анықталған адам ол жерде оқшауланылады және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органы белгілеген жұқпалы аурулар ауруханасына індетке қарсы режим талаптарын сақтай отырып жатқызылады;
      ауруды оқшаулау (тасымалдау) қатал режим жағдайында жүргізіледі, мүмкіндігінше мықты қорғанышты қамтамасыз ететін жылжымалы оқшаулағышты пайдаланады;
      оқшаулау немесе аурумен жанасуда болған адамдарға медициналық бақылау 21 тәулік бойы жүргізіледі;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сай зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі;
      ауруды бактериологиялық тұрғыдан тексеру үшін қажетті материалдарды індетке қарсы режим талаптарын қатаң сақтай отырып алып, жіберу керек;
      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органы анықтаған тізбеге сай эпидемиялық қауіпсіздігі жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген мамандандырылған зертханаларда вирусологиялық және серологиялық зерттеу жүргізу керек.
      52. Безгек және масалар арқылы берілетін басқа аурулардың сырттан әкелінуін және таралуын болдырмайтын шаралар:
      1) безгек ауруы таралған елдерден келген әуе кемесіне әуежайға келісімен дезинсекция жүргізу керек;
      2) безгек ауруы таралған жерлердегі порттардан кететін кемелер жұқпаны тасымалдаушы-масалардан тазартылуы керек; кемеде жұқпаны тасымалдаушы-масалар анықталған жағдайда, портқа келген бетте дезинсекция жүргізілуі керек;
      3) құрлықтағы көліктер де ауру тасымалдаушы масалардан тазартылуы керек, егер олар кездескен жағдайда дезинсекция жүргізіледі;
      4) әрбір келген көлікке дезинсекция жүргізу жұмысы жүкті түсіргенге дейін жүргізілуі керек;
      5) безгек ауруы таралған мемлекеттерге баратын азаматтарға қарсы көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық анықтама беретін ұйымдар, баратын адамдарға профилактикалық шаралар жөнінде түсінік беруге тиіс;
      6) ауру таралған мемлекеттерден қайтқан адамдардың ішінен безгекпен ауырған немесе паразиттерді тасымалдаушы адам анықталған жағдайда, оларды емдеу және химиялық профилактика жүргізу жұмысы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сай жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасы аумағын санитарлық
тұрғыдан қорғау жөніндегі шаралар

      53. Осы Ережеде қамтылған, аурудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шараларды кешенді жоспарларға сай халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдары, денсаулық сақтау ұйымдары және аумақтық мемлекеттік органдар және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет ұйымдары ұйымдастырады.
      54. Ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, әрбір медицина ұйымы оба, тырысқақ, вирусты қан қызбасының ауруларының ошақтарын оқшаулап және ондағы ауру көзін жою жөніндегі алғашқы шараларды жүргізуге қатысу үшін дайын болуы керек. Індетке қарсы дайындық әрбір медицина ұйымында індетке қарсы жүргізілетін алғашқы шаралардың жоспарында қаралып, қамтамасыз етілуі керек.
      55. Медицина ұйымдарының індетке қарсы дайындығында олардың материалдық-техникалық жабдықталуы, ауруларды ертерек анықтау жөніндегі шараларды ұйымдастыруға персоналдардың арнайы дайындығы, аса қауіпті жұқпаның ошақтарын оқшаулау және жою қарастырылады. Медицина ұйымдарының дайындығын төмендегілер көрсетеді: жұқпалы ауруларға арналған және уақытша госпитальдарды, оқшаулағыштарды (аурулар бірен-сара болып немесе жаппай ауырғанда) орналастыру үшін үй-жайларды бөлу, қолданысына қарай өзгерту және паспорттау, тырысқақ ауруларын емдеу үшін интенсивті палаталарды, обсерваторларды, мамандандырылған зертханаларды, қажетті дәрі-дәрмек қорымен және зарарсыздандыратын заттармен, медициналық және тұрмыстық құралдарымен жабдықтау, кеңесшілерді, көліктерді бекіту.
      56. Барлық медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлері, осы Ереже талаптары таралатын аурулардың эпидемиологиясы, клиникасы және ауруды анықтау профилактикалау, емдеу жүргізу және ауру ошақтарында індеттің алдын алу шараларын ұйымдастыру жөнінде теориялық және практикалық дайындық өткізілуі керек.
      Дайындық ауру ошағындағы атқаратын лауазымдық қызметін, мамандығын ескере отырып, дифференциалды түрде өткізіледі.
      57. Аумақтық және ведомстволық медициналық ұйымдары тұрғындар арасында осы Ереже талаптары таралатын аурулардың алдын алу үшін санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
      58. Аумақтық және ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдары белгіленген тәртіп бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдары төмендегілерді хабарлауға тиіс:
      1) осы Ереже талаптары таралатын аурулармен ауыратындарды (күдіктілерді) анықтағаны туралы;
      2) тырысқақ, оба, безгек ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушыларды анықтағаны туралы;
      3) шетел азаматтарын оқшаулағаны туралы;
      4) қоршаған орта нысандарынан, жануарлардан, оның ішінде буынаяқтылардан тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыш бактерияларының бөлінгені туралы.
      59. Барлық аумақтарда медициналық көмек сұраушыларға көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде, сол сияқты шетелден келетін адамдарды орналастыру үшін бөлінген ұйымдардағы қызмет көрсететін персоналдардан ақпарат жинау арқылы белсенді түрдегі ауруларды (күдіктілерді) анықтауды қамтамасыз етеді.
      60. Жұқпа орын алған мемлекеттерден келген азаматтарға, 3 бапқа сай профилактикалық шаралар ретінде медициналық бақылау жүргізілмейді, ондай шаралар тек қана жекеленген жағдайда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың нұсқауымен белгіленеді. Безгек ауруы таралған мемлекеттерден келген азаматтарға бақылау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
      61. Медициналық бақылауға алынуға тиісті адамдар туралы санитарлық-карантиндік пункттер тиісті емдеу профилактикалық ұйымдарына ақпарат жібереді, сол сияқты олардың уақытында орындалуына және сапасына қадағалау жүргізеді.
      62. Медициналық бақылауға алынуға тиісті адамдар тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша емдеу профилактикалық ұйымдарына керек болған жағдайда шақырылады.
      Аурулардан қажет болған жағдайда, белгілі бір ауруға байланысты оның инкубациялық кезеңінде, жүрген жолын, тұрақты немесе уақытша тұратын мекен-жайын анықтап, іссапарға жіберген немесе қабылдаушы ұйымның атауын анықтайды.
      63. Медициналық бақылаудағы адамдар оқшауланбайды және олардың еркін түрде жүріп-тұруы шектелінбейді.
      64. Оба, тырысқақ, безгек, вирусты қан қызбасы анықталған жеке үйлер, елді мекендер немесе оның жекеленген бөліктері аталған аурулардың ошақтары болып саналады.
      65. Індетті болдырмауға арналған ауру ошағында жүргізілетін шараларға мыналар жатады:
      1) аумақтық медициналық ұйымдар мен ведомстволық медициналық қызмет арқылы ауруларды (ауруға күдікті дегендерді) және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды белсенді түрде анықтау;
      2) ауруларды ауруханаға жатқызу және емдеу; көрсеткіштер бойынша - аурулармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау; ауру ошағындағы және одан тыс жерлерге шығатын адамдарға медициналық бақылау, профилактикалық емдеу және тексеру жүргізу; зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация жұмыстарын - аумақтық денсаулық сақтау органдар және ведомстволық медициналық қызмет арқылы жүргізу;
      3) ұйымдастыру шаралары, барлық қажетті материалдық заттарды және көліктерді дайындау қарастырады;
      4) пошта арқылы жіберілетін жүктер, тауарларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар меншік түрінің барлық түрлеріне жататын қалааралық тасымалдаумен айналысатын ұйымдар арқылы жүргізіледі;
      5) ауру ошағынан тыс, жұқпаның таралуын тудырмайтын жерлерге тағам өнімдерін, шикізаттарды өндіру, сату және тасымалдау, сауда жасау жағдайларын - сату және тұтыну саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдар мен заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді;
      6) тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді және жиналған қалдық суларға зарарсыздандыру жүргізуді министрлік пен ведомстволық ұйымдары жүргізеді;
      7) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын орындау - меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарға және жеке тұлғаларға міндет.
      66. Егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы шет мемлекеттерден 3 бапта көрсетілген жұқпалы аурулардың сырттан әкеліну және таралу қаупі туған жағдайда төмендегі шектеу шаралары енгізіледі:
      1) жұқпалы аурулар таралған елдермен жолаушыларды тасымалдау көлік (әуе, темір жолдары, су және көлік арқылы) қатынасын тоқтату;
      2) жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық тұрғыдан тұрақсыз елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының туристік және іссапарлармен баруын уақытша тоқтату;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен шекаралас жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық тұрғыдан тұрақсыз елдерге шекараны уақытша жабу.
      67. 66-баптың 1)-3) бағандарында көрсетілген шектеу шаралары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен енгізіліп, керегінде алынып тасталынады.
      68. Осы санитарлық ережелер арқылы бекітілген жұқпа аурулардың тізіміне сай жұқпалы аурулар (эпидемия) орын алғанда елді мекендердің (ауыл, поселке, қала) аумағындағы сәйкес аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы атқарушы органдар арқылы мынандай шектеу шаралары іске асырылады:
      1) жұқпалы аурулардың таралуына көз болып табылатын және олармен байланыста болған адамдарды, олардан зертханалық жолмен теріс қорытынды алғанға шейін жұмыстан босату;
      2) жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын адамдарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу;
      3) жұқпалы аурулармен қатынаста болғандарды эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша аурудың инкубациялық мерзіміне сай уақытша ауруханаға жатқызу;
      4) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер бұзылған жағдайда жұмыстың кейбір түрлерін және Қазақстан Республикасында заңдар жиынтығымен бекітілген тәртіп бойынша жұмыс атқаратын нысандарды пайдалануды тоқтату.
      Бұған қоса, сонымен бірге санитарлық және індетке қарсы (алдын алу) шаралары Қазақстан Республикасында заңдар жиынтығымен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.
      69. Облыстың (республикалық мағынасы бар қалаларда, астанада), ауданның (облыстық мағынасы бар қалаларда) кейбір аумақтарында жұқпалы аурулар эпидемиялық сипат алса, шектеу шаралары, оның ішінде карантиндік шаралар Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" Заңына сай жүргізіледі.
      70. Осы санитарлық ереже арқылы бекітілген жұқпалы аурулардың тізбесіне сай жұқпалы аурулар (эпидемия) тіркелген жағдайда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері белгілі бір нысандарда төмендегі шектеу шараларын жүргізеді:
      1) мектеп жасына дейінгі ұйымдарда жаңадан балаларды алуға және бір топтан екінші топқа ауыстыруға тыйым салынады;
      2) мектептерде кабинеттік оқыту жүйесіне тыйым салынады;
      3) жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын және тарататын адамдар, сондай-ақ жұқпалы аурулармен қатынаста болғандар зертханалық тексеріс қорытындысы теріс болғанша жұмыстан босатылады;
      4) жұқпалы аурулармен инкубациялық мерзім кезеңінде қатынаста болған адамдар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады, ал эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша олар уақытша жатқызылады;
      5) бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыруға немесе ауруларды ауруханадан шығаруға болмайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығымен бекітілген тәртіп бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарының бұзылуы жойылғанша нысандар және оның бөлімшелері жұмысын тоқтатуы керек.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығымен бекітілген тәртіп бойынша жоғарыдағылармен қоса, санитарлық және індетке қарсы (аурудың алдын алуға арналған) шаралар жүргізіледі.
      71. Халықтың ұйымдастырылған контингенттерін тәрбиелейтін, оқытатын, тұрғызатын, дем алдыратын және емдейтін нысандарында (білім беру, емдеу-профилактикалық ұйымдарында, еңбек ету және дем алу лагерлерінде, жазғы сауықтандыру ұйымдарында) карантиндік шаралар ұйымдастырылады.
      72. Кейбір нысандардағы шектеу, оның ішінде карантиндік шаралар тиісті аумақтық (көліктегі) мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің немесе оның орынбасарының шешімімен енгізіліп немесе алынып тасталынады.

Назад к документу

Заңдар - "Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" туралы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы (өзгертулер 30 наурыз 2004) V040002798_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341350
    Қазақ тілінде 169144
    Орыс тілінде 170191
    Ағылшын тілінде 2015
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы