Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Минстрлігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4525 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы N 515 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.10.09 N 515 (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Ереженің 2009 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 29 желтоқсан  
N 658 бұйрығымен бекітілген

Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды
мерзімдік аттестаттау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау жүргізу мәселелерін нақтылайды. K090193

      2. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерінде, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймаларында, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендердегі дәрігерлік (ауылдық, отбасылық) амбулаторияларда, медициналық (фельдшерлік-акушерлік, фельдшерлік) пункттерде қызмет ететін медицина қызметкерлерін аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау), олардың қызметтерінің нәтижелерін объективті бағалау, кәсіби құзыреттілігі деңгейін және атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Аттестаттау міндетті болып табылады және әрбір бес жылда бір рет, бірақта осы қызметке орналасқаннан бастап 1 жылдан кейін жүргізіледі.

      4. Аттестаттауды дәрілік заттар айналымы саласында бақылаушы және іске асырушы функцияларды жүзеге асыратын дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - аттестаттау комиссиясы) жүргізеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      5. Аттестаттауға фармацевтикалық қызмет объектілері мен медицина ұйымдарында жоғары, орта фармацевтикалық білімі бар, сондай-ақ дәрілік заттарды өндірумен айналысатын фармацевтикалық қызмет объектілерінде химиялық-технологиялық, химиялық білімі бар мамандар, сондай-ақ медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерінде, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймаларында, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендердегі дәрігерлік (ауылдық, отбасылық) амбулаторияларда, медициналық (фельдшерлік-акушерлік, фельдшерлік) пункттерде қызмет ететін медицина қызметкерлері жатады.
      Біліктілік емтихан тапсырып, санаты берілген мамандар аттестаттаудан өтуден босатылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.06.19 N 372 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.04.24 N 229 Бұйрықтарымен.

      6. Осы ережеде белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген жоғарыда көрсетілген ұйымдардың мамандары фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға жіберілмейді.

2. Аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру

      7. Аттестаттауды өткізуін дайындауды аттестаттау комиссиясы ұйымдастырады. Ол келесі шараларды қамтиды:
      1) аттестатталатын тұлғалардың қажетті құжаттарын дайындау;
      2) аттестаттауды өткізу кестесін әзірлеу;
      3) аттестаттаудың мақсатын және тәртібін түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

      8. Фармацевтикалық және медицина ұйымдарының кадр қызметі немесе басшысы аттестаттауға жататын аттестатталатын адамдарды анықтайды.
      Ұйым басшысы аттестаттауға жататын аттестатталатын тұлғалардың тізімін бекітіп, аттестаттау комиссиясына жібереді.

      9. Аттестаттау комиссиясының құрамын және аттестаттауды өткізу кестесін дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган басшысы айқындайды.

      10. Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудың өткізілу мерзімі туралы, оның өткізілуі басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей аттестатталатын адамдарды жазбаша хабардар етеді.

      11. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      12. Аттестаттау комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
      төраға - аумақтық бөлімшенің бастығы немесе оның міндетін атқарушы тұлға;
      хатшы - аумақтық бөлімшесінің маманы;
      комиссия мүшелері - аумақтық бөлімшенің қызметкерлері, фармацевтика ғылымы және білім беру, өңірлердің қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарынан, фармацевтикалық қызмет объектілерінен және медицина ұйымдарынан өкілдер.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      13. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      14. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      15. Аттестаттау комиссияның құрамы 7 адамнан кем болмауы қажет.

      16. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.

      17. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды жолдайды:
      1) жоғары немесе орта кәсіби білімі туралы нотариалды куәландырылған құжаттар көшірмесі.
      2) мамандығы бойынша еңбек өтілін растайтын құжаттар көшірмесі немесе қызмет тізімі.
      3) соңғы 5 жылдың ішінде кәсіби біліктілігін арттыру циклдарынан өткені туралы куәліктерінің көшірмесі;
      4) ғылыми дәрежесі, атағы немесе біліктілік санаты берілгені туралы куәліктерінің көшірмесі (бар болса);
      5) аттестатталатын адамның жұмыс берушінің - Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
      6) аттестатталатын адамның жұмыс берушісінің (егер аттестатталатын адамның жұмыс берушісі заңды тұлға болса) - статистикалық карточкасының көшірмесі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.04.24 N 229 Бұйрығымен.

      18. Аттестатталатын тұлғаға аттестаттау комиссияның хатшысы осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.

      19. Тест сұрақтарын дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган жылына бір рет мерзім кезеңділігімен дайындайды және бекітеді.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.06.19. N 372 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Аттестатталатын тұлғалардың тестілеуі компьютерлерді немесе қағаз тасымалдауыштарды қолдана отырып өткізіледі.

      21. Тестілеу өтетін орынжай егер бірнеше адам бір мезгілде тестіленседе қолайлы ынғайлы жағдайға сәйкес орналасуы тиіс.

      22. Аттестаттау комиссиясы тестілеудің барлық құжаттарын алдын ала тексеріп, дайындауы қажет.

      23. Тестілеу бағдарламасын 100 сұрақ құрайды.

      24. Тестілеу тапсырмасын орындауға берілген жалпы уақыты - 90 минут.

      25. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау салынған компьютерлік бағдарламасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижесі принтерде 2 данамен басып шығарылады, оның біреуі аттестатталатын тұлғаға беріледі.
      Қағаз тасымалдауыштағы тест сұрақтарын қолданған кезде аттестаттау комиссиясы 3 сағат ішінде дұрыс жауаптар коды арқылы тестілеудің нәтиже санын шығарады. Аттестаталатын тұлға нәтижемен танысып, шешімі бар параққа қолын қояды.

      26. Дәрілік заттарды көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық қызмет объектілерінің, есірткілік құралдардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар дәрілік заттарды бөлшек сауда арқылы босататын фармацевтикалық қызмет объектілерінің басшылары үшін дұрыс жауаптар 70 %-дан кем жағдайда, басқа тұлғалар үшін - 50%-дан кем жағдайда қате деп саналады.

      27. Аттестатталатын тұлға тестілеуден өту нәтижелерінен кем баға алса, әңгімелесуге жіберілмейді және аттестатталмаған деп саналады.

      28. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын тұлғалармен әңгімелесуді жүргізеді. Аттестаттау комиссиясы әрбір аттестатталатын адаммен дербес әңгімелесуді жүргізеді.
      Әңгімелесу барысында аттестатталатын тұлғаның кәсіби деңгейі, яғни тактикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шеше білуі, қолда бар ақпаратты талдауы және тиісті шешімді қабылдай білуі бағаланады.

      29. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыстағы комиссия мүшелерінің 2/3 қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Аттестаттау комиссиясы төрағасының пікірі шешуші болып табылады.

      30. Аттестаттау комиссиясының отырысына немесе тестілеуге белгілі себептермен қатыспаған жағдайда аттестатталатын тұлға жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде өтеді.

      31. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды қарап, аттестатталатын тұлғамен әңгімелесуді жүргізіп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталған жоқ.

      32. Аттестатталмаған тұлғалар біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлықтан өткен жағдайда аттестаттаудан қайтадан өтуі мүмкін.

      33. Қайта аттестаттау аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде бір рет, бірақ біріншісінен 6 ай өткеннен кейін өткізіледі.

      34. Аттестаталатын тұлға тестілеуден өту нәтижесінен биік баға алып, бірақта әңгімелесуден өтпей қалған жағдайда қайта аттестаттауда тестілеуге қатыспауынсыз-ақ әнгімелесуге жіберіледі.

      35. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған төраға, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қойған отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      36. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.

      37. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткізілген күннен кейінгі 15 күн ішінде аттестаттау комиссиясын шешімі дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      39. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағына енгізіледі. Аттестаттау парағының бір данасы аттестаттаудан өткен адамға беріледі. Аттестаттау парағының нәтижелері бар екінші данасы аттестаттау комиссиясында сақталады.

      40. Аумақтық бөлімшелер дәрілік заттар айналымы саласындағы органға аттестаттау комиссиясының шешімі шығарылған күннен бастап бір ай ішінде өткізілген аттестаттаудың нәтижелері туралы есеп береді.

                                    Фармацевтикалық қызметті жүзеге
                                        асыратын жеке тұлғаларды
                                    мерзімдік аттестаттау ережесіне
                                                қосымша

                     АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
____________________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы ______________________________________________
Білімі, біліктілігін арттыруы, қайта даярлықтан өтуі туралы мәліметтер__________________________________________________________

Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілгендегі) мерзімі____________________________________________________________
Жалпы еңбек өтілі __________________________________________________
Осы лауазымдағы еңбек өтілі ________________________________________
Біліктілік санаты мен атағы ________________________________________

Дауыс беру қорытындысы бойынша қызметкер жұмысының бағасы _________ ____________________________________________________________________
Отырыста аттестаттау комиссиясының ________ мүшесі қатысты
Дауыс саны:
"дауыс беру нәтижесіне қарсы емес" _________
"дауыс беру нәтижесіне қарсы" ______________
дауыс беру нәтижесі бойынша қалыс қалды» ____________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________
                                            Т.А.Ә., қолы
Аттестаттау комиссиясының хатшысы ______________________________
                                            Т.А.Ә., қолы
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _________________________________
    _________________
             Т.А.Ә.                         қолы
_________________________________    _________________

Аттестаттаудың өткізілген күні ___________________________________

Аттестаттау парағымен таныстым _______________________________________________________________                 (аттестатталатын тұлғаның қолы және күні)

Мөрдің орны

Назад к документу

Заңдар - Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы (өзгертулер 29 желтоқсан 2006) V060004525_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы