Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6864 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 157 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.06.2016 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 233-бабына және Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес, сонымен қатар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1 Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесі;
      2) күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 29.07.2014 № 300 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 29.07.2014 № 300 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 26 шілдедегі «Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» № 06-2-2/163бұйрығының (2002 жылғы 24 тамызда нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 1961 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде 2002 жылы, № 36, 686-бетте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылсын.
      4. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларына, республикалық және облыстық ведомствовалық бағынысты ұйымдарға жеткізсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Х. Мусин

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт  
министрінің     
2011 жылғы 5 наурыздағы
№ 02-02-18/29     
бұйрығына 1-қосымша 

Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі - қызметшілер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Қызметшілерді аттестаттау - олардың кәсіби және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санатын (дәреже) белгілеу жөнінде кезеңдеп жүзеге асырылатын рәсім.
      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің басшыларын уәкілетті органның комиссиясы аттестаттауы тиіс.
      4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшыларын тиісті уәкілетті органдардың комиссиялары аттестаттайды.
      5. Аттестаттау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
      Біліктілік санаты (дәрежесі):
      1) Осы бұйрықпен бекітілген жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесіне;
      2) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік  бірыңғай анықтамалығына сәйкес белгіленеді.
      6. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбір кезекті үш жыл өткен сайын, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан бұрын емес мерзімде, аттестаттаудан өтеді.
      Бұл ретте, аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.
      Бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан кейін алты айдан кейін аттестатталады.
      Қызметшілерді олардың өтініші бойынша көрсетілген мерзім біткенге дейін аттестаттаудан өткізуге болады.
      7. Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңді қамтиды:
      аттестаттау өткізуге дайындық;
      аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгімелесу жүргізуі;
      аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

2. Аттестаттау өткізудің тәртібі және шарттары

      8. Аттестаттау өткізуге дайындықты аттестаттаушы орган басшысының тапсырмасы бойынша өкілетті лауазымды тұлға немесе кадр қызметі ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:
      1) аттестаттаудан өтушілерге қажетті құжаттарды дайындау;
      2) аттестаттау өткізудің кестесін әзірлеу;
      3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;
      4) аттестаттау өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
      9. Уәкілетті лауазымды тұлға немесе кадр қызметі алты ай ішінде бір рет осы Ереженің 7-тармағына сәйкес аттестатталуға тиіс қызметшілерді айқындайды.
      10. Ұйымның басшысы уәкілетті лауазымды тұлғамен немесе кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттау өткізудің кестесі мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекітіледі.
      11. Уәкілетті лауазымды тұлға немесе кадр қызметі аттестаттау өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.
      Аттестатталуға тиіс қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені рәсімдейді және оны кадр қызметіне жолдайды.
      Қызметтік мінездеме аттестатталушы қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттерін және қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, объективті бағасын қамтуы тиіс.
      Уәкілетті лауазымды тұлға немесе кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кемінде үш апта бұрын қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.
      Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты уәкілетті лауазымды тұлғаға немесе кадр қызметіне ұсынуға құқылы.
      Аттестатталушы қызметшіге кадр қызметі осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын рәсімдейді.
      Уәкілетті лауазымды тұлға немесе кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
      18. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталушы қызметшінің қатысуымен өткізеді.
      Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен біршама кейінгі мерзімге ауыстырылады.
      Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерттейді және аттестатталатын адамды тыңдайды.
      Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар оның кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі құзіреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған болуы тиіс.
      Аттестатталушының кәсіби және біліктілік даярлығын, іскерлік қасиеттерін талқылау объективтілік, сыпайылық және тілектестік жағдайында өтуі тиіс.
      21. Ұсынылған материалдарды зерттеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне лайықты;
      2) қайталап аттестатталуы тиіс.
      Комиссия оң шешім шығарған кезде, қызметшінің тиісті біліктілік санатын (дәрежесін) белгілейді (растайды), не оны белгілеуге негіз жоқ екендігін атап өтеді.
      22. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтуші қызметші, өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
      23. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін осы Ережеде айқындалған тәртіппен өтеді. Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын қызметіне лайықты;
      2) атқаратын қызметіне лайықты емес.
      Атқаратын қызметіне лайықты болған жағдайда, комиссия осы Ереженің 29-тармағының төртінші абзацын ескере отырып, шешім қабылдайды.
      24. Аттестаттау комиссиясының шешімдері, оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
      Кадр қызметі үш күндік мерзімде қызметшіні Аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстыруы тиіс.
      Аттестаттау комиссиясының шешімдерін бір ай мерзім ішінде ұйымның басшысы бекітеді.
      Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парағына енгізіледі.
      Аттестаттау парағы мен қызметтік мінездеме және аттестаттау комиссиясының ұйымның басшысы бекіткен шешімі аттестаттаудан өткен қызметшінің жеке ісінде сақталады.

3. Аттестаттау комиссиясы

      29. Аттестаттау комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша ұйымның басшысы құрады және ол комиссия мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төраға болады, оның жұмысын ұйымдастырады, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылданатын шешімдері үшін жауапты болады.
      30. Аттестаттау комиссиясының құрамына ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің, оның ішінде кадр және заң қызметтерінің өкілдері, ұйым қызметкерлерінің өкілі, сондай-ақ өзге де қызметшілер енгізіледі. Ұйым қызметкерлері өкілдеріне кәсіподақ органдары, олардың бірлестіктері және (немесе) өзге уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.
      Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны кадр қызметінің басшысы айқындайды.
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және комиссия отырысы өткеннен кейін хаттама ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетеді және аттестаттау комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді, әрі дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
      31. Ұйым жетекшісінің лауазымындағы адамды аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығына ие лауазымды адам құрады.
      32. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негізде өтеді.
      33. Құрамының кемінде үштен екісі қатысқан аттестаттау комиссиясының отырысы заңды деп есептеледі.
      34. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      35. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде жазылған және хаттамаға қосылған болуы тиіс.

4. Ереженің қорытындысы

      36. Аттестациялық комиссияның шешімдеріне байланысты туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы тәртібінде шешіледі.
      37. Осы Ережені бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, ұйымның басшысы бұйрықты өзгертеді және қайта аттестаттауды тағайындайды. Қайта аттестаттау осы Ереженің 23-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Дене шынықтыру және спорт 
саласында азаматтық    
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу мен шарттарының  
ережесіне 1-қосымша    

Нысан

Аттестаттаудан өтетін азаматтық
қызметшіні аттестаттау парағы

Аттестаттау түрі: кезекті -; қайталап - (керектісін X белгісімен белгілеу керек)
1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
2. Туған күні 19 __ ж «__» ______________
3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау жөніндегі мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша мамандығы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, туралы құжаттар, берілген күні)
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты (дәрежесі)
_____________________________________________________________________
5.Жалпы еңбек өтілі- ________________________________________________
6. Мемлекеттік және азаматтық қызметші лауазымдарындағы жалпы жұмыс
өтілі _______________________________________________________________
7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен
ұсыныстары: _________________________________________________________

8. Аттестатталушының ой-пікірі ______________________________________

9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесі бойынша азаматтық қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы

10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _____ мүшесі қатысты.
11. Дауысқа салу қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір
мүшесі толтыратын азаматтың қызметшінің қызметін қоса берілетін бағалау парағына сәйкес бағалау:
1) атқаратын қызметіне лайықты (дауыс саны) ____________________;
2) қайталап аттестатталуы тиіс (дауыс саны) ____________________;
3) атқаратын қызметіне лайықты емес (дауыс саны) _______________.
12. Біліктілік санаты (дәрежесі):
1 ____________ (жазумен) біліктілік санатына (дәрежесіне) лайықты
__________________________ (дауыс саны) _________________________
                 (әр біліктілік санаты бойынша жеке)
2. біліктілік санатын (дәрежесін) белгілеуге негіз жоқ
(дауыс саны) ___________________.
Қорытынды бағалау ___________________________________________________

(біліктілік санатының (дәрежесінің) сандық белгісі жазумен жазылады)
Аттестаттау комиссиясының ұсыныстары (дәлелдемелерімен қоса)

13. Ескертпелер _____________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы: _________________________________
                                                 (қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: __________________________________
                                                 (қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _________________________________
                                                 (қолы)
                                    _________________________________
                                                 (қолы)
                                    _________________________________
                                                 (қолы)
                                    _________________________________
                                                 (қолы)
Аттестаттау өткізілген күні 20 ___ ж. «___» __________
Ұйым басшысының аттестатталау қорытындысы жөніндегі шешімі

Аттестаттау парағымен таныстым: _____________________________________
                               (азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөртаңбасының орны
*2) қайталап аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

Аттестаттаудан өтетін  
азаматтық қызметшіні  
аттестаттау парағына қосымша

Нысан

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы
(аттестация комиссиясының мүшесі толтырады)

Аттестаттау түрі: кезекті -___; қайталап -___ (керектісін X белгісімен белгілеу керек)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
Аттестатталушының бағасы ____________________________________________
            (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғарлықсыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі:
атқаратын лауазымына сәйкес, қайталап аттестаттауға жатады, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді):

Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:

____________________________ Біліктілік санатына (дәрежесіне) лайықты

Біліктілік санатын (дәрежесін) белгілеуге негіз жоқ
Негіздеме: __________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының мүшесі ____________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы ___________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)
Күні 200 ___ жылғы «___» ____________
қайталап аттестаттаудан өту кезінде шығарылмайды

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт  
министрінің м.а.  
2011 жылғы 5 наурыздағы
№ 02-02-18/29    
бұйрығына 2-қосымша 

Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға
біліктілік санаттарын беру
ЕРЕЖЕСІ

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 29.07.2014 № 300 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Назад к документу

Заңдар - Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы (өзгертулер 05 наурыз 2011) V1100006864

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341098
    Қазақ тілінде 169027
    Орыс тілінде 170064
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы