Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.11.2014 № 106 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-1 бабының 14) тармақшасына, 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Спорт комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі М.Е. Омаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 19 қыркүйектегі 
№ 02-02-18/183 бұйрығымен 
бекітілген      

Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама
командаларының спортшыларын даярлау жөніндегі
кешенді ғылыми топтардың қызметін
ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Кешенді ғылыми топтардың қызметін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау жөніндегі кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Кешенді ғылыми топ – ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, спортшының функционалдық жай–күйін және даярлығының техникалық деңгейін айқындау үшін құрылатын білікті мамандар тобы (бұдан әрі – КҒТ).
      3. КҒТ өз қызметін спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырады.
      4. КҒТ жұмысы Қазақстан Республикасы құрама командалары даярлығының құрамдас бөлігі болып табылады.
      5. КҒТ жұмысының нәтижесінде алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек құзыретінде осы мәселелер бар адамдар мен ұйымдарға ғана ұсынылады.
      6. КҒТ қызметінің мақсаты спортшыларды даярлау жөніндегі әдістемелердің, технологиялардың және ұсынулардың жаңасын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру және оларды құрама командаларды даярлау практикасына енгізу арқылы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау тиімділігін арттыру болып табылады.
      7. КҒТ мынадай мақсаттарды іске асырады:
      1) спортшыларды даярлауды жоспарлау және бағдарламалау процестерін ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету қажеттілігін негіздеу;
      2) спортшыларды даярлаудың тіркелетін параметрлерін талдауды және спортшыларды даярлаудың бағдарламаларын түзету қажеттілігін қамтамасыз ету;
      3) спортшыларды даярлаудың жаттығу процесінің жылдық және төрт жылдық циклін ұйымдастыру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
      4) спортшылар организмінің функционалдық жай-күйін, бейімделу мүмкіндіктерін, физикалық жұмысқа қабілеттіктерін бақылауды қамтамасыз ету;
      5) тереңдетілген кешенді тексерулерді (ТКТ), тереңдетілген медициналық тексерулерді (ТМТ), кезеңдік кешенді тексерулерді (ККТ), ағымдағы тексерулерді (АТ), шұғыл бақылауды (ШБ) ұйымдастыру және өткізу.

2. КҒТ қызметін ұйымдастыру

      8. КҒТ-ның құрамы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жұмыс істейтін КҒТ-ның жұмыс жоспары Комитетпен келісілгеннен кейін көрсетілген ұйымдардың бұйрықтарымен бекітіледі.
      9. Спорт түрлерінен федерациялар спортты дамыту мәселелерін үйлестіру мақсатында КҒТ құрамына спорт түрлері бойынша федерациялардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитеттерінің мамандары тартылады.
      10. КҒТ-ның барлық мамандары ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету бойынша жоспарланған іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын, тексеру нәтижесінде алынған деректердің дұрыстығына қамтамасыз етеді.
      11. Оқу-жаттығу жұмысын өткізу кезінде КҒТ-ның мамандары:
      1) спорт түрлерінен мемлекеттік және бас жаттықтырушылармен өз жұмыстарының бағдарламасын және орындалу регламентін келіседі;
      2) бас жаттықтырушыға спортшылардың тексерілуге келмеген жағдайлары туралы хабарлайды;
      3) тексеріс нәтижелерін, спортшыларды даярлауды оңтайландыру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды құрама командалардың жаттықтырушылар құрамына уақытылы ұсынады.
      12. КҒТ мамандарына оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде КҒТ-ның жоспарланған іс-шараларын сапалы өткізу үшін тиісті өндірістік жағдайлар жасалады.
      13. КҒТ басшысы тереңдетілген кешенді тексеріс ТКТ аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде және кезеңдік кешенді тексерістен кейін ККТ 5 күн ішінде Комитетке және құрама команданың бас жаттықтырушысына есеп береді.
      Есеп тексеру нәтижелерін спортшылар денсаулығының жай-күйі туралы жеке қорытындыларды спортшылар дайындығын одан әрі жетілдіру туралы ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық сипаттағы ұсынымдарды қамтуы тиіс.
      14. КҒТ құрамына мынадай мамандар мен ұйымдар жұмылдырылады:
      1) спорт түрлерінен бірлескен салалық бейіндегі мамандар (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық әлеуеті бар басқа ұйымдардың базасындағы уақытша ғылыми ұжымдар);
      2) дәрігерлер, массаж жасайтын мамандар және спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының жаттықтырушылары;
      3) медициналық тексерулерді, емдеу-алдын алу және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу, тренажерлік-өлшеу стендтеріндегі спортшылардың даярлық деңгейін тестілеуді жүзеге асыру, бақылаудың биохимиялық, биомеханикалық және басқа да түрлерін өткізу үшін келісім-шарт бойынша жұмылдырылған ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың мамандары.

3. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша
КҒТ жұмысын ұйымдастыру

      15. Спортшылардың даярлығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
      1) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін және мықты шетелдік спортшылар ішінен негізгі бәсекелестері қатысқан соңғы жарыстардың (белгілі мерзімде – бір жыл немесе төрт жылдық цикл) қорытындылары бойынша дайындау үдерістерін талдау;
      2) спорт түріндегі спорттық жетістіктердің деңгейін болжауға қатысу және Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының спортшылары үшін маусымының негізгі сөрелеріндегі спорттық нәтиженің деңгейі бойынша жоспарлы көрсеткіштерді және барлық даярлық кезеңдеріндегі осы деңгейлерге сәйкес даярлық сипаттамаларын (нормативтік көрсеткіштерді) анықтауға қатысу;
      3) спортшылардың даярлауды жоспарлауға қатысу;
      4) спорттық ғылым деректерін талдау және алдыңғы қатардағы спорттық тәжірибені тарату, спорттық даярлықтың жаңа құралдарын әдістері мен құралдарын анықтау;
      5) спорттық даярлық құралдарының және жаңасын экспериментальды анықтау және олардың қолданыстағы әдістері мен технологияларын жетілдіру;
      6) ұлттық құрама командалардың тәжірибесінде жаңа құралдарды, әдістер мен технологияларды теңестірілген қолдану бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

4. Медициналық-биологиялық қамтамасыз
ету бойынша КҒТ жұмысын ұйымдастыру

      16. Спортшылардың даярлығын медициналық-биологиялық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
      1) құрама командалардың спортшыларын даярлау кезінде функционалдық тамақтануды ұйымдастыру және бақылау;
      2) дайындалу кезеңдерінде және жарыс уақытында Қазақстан Республикасы құрама командалары спортшыларының биологиялық белсенді қоспаларды (бұдан әрі – ББҚ) пайдалануының жеке бағдарламаларын әзірлеу;
      3) жаттығу процестерін түзету бойынша ҚҒТ нұсқауларын орындауды үйлестіру.
      17. Спортшылар мен командаларды даярлау үрдісін кешенді үйлестіру мынадай іс-шаралардан тұрады:
      1) стационарлық жағдайда өткізілетін ТКТ;
      2) ақпарат алу үшін стационарлық жағдайда немесе оқу-жаттығу жиындары жағдайында өткізілетін ККТ;
      3) спортшылар мен командалардың жекелеген жақтарының даярлық деңгейі және даярлықтың берілген кезеңінде жоспарланған көлемнің жүзеге асырылу деңгейі туралы ақпарат дайындау.
      18. АТ оқу-жаттығу жиындарында жағдайында жедел және сандық сапалы ақпаратты алу үшін өткізіледі:
      1) орындалатын және жоспарланған жаттықтыру жаттығулары тәртіптерінің сәйкестігі туралы;
      2) орындалатын және жоспарланған жаттықтыру жаттығуларының биомеханикалық сипаттамалары бойынша сәйкестігі туралы;
      3) жаттықтыру жаттығулары мен сабақтарының тактикалық және психологиялық міндеттерін іске асыру деңгейі туралы;
      4) спортшының ағымдағы функционалдық жай-күйі деңгейін жаттықтыру міндет жүктемесі шамасының деңгейіне барабарлығын бағалау бойынша;
      5) спортшының ағзасының жаттықтыру жүктемесіне жауап ретінде (тез арада) бейімделуінің сипаты мен шамасы туралы (жаттықтыру жаттығуына, жаттықтыру сабағына, жаттықтыру күніне, жаттықтырудың шағын цикліне арналған мөлшер-әсер);
      6) қалпына келтіру іс-шараларының тиімділік деңгейі туралы;
      7) спортшылар мен командалардың жарыстарға қатысқан жағдайда және спорт нәтижеге қол жеткізуге жауапты спортшылар мен командалар даярлығының жекелеген жақтарының деңгейі туралы ақпарат алуды қамтамасыз ететін жарыс қызметін тексеру нәтижелері туралы.

Назад к документу

Заңдар - Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы (өзгертулер 19 қыркүйек 2011) V1100007258

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 340637
    Қазақ тілінде 168790
    Орыс тілінде 169849
    Ағылшын тілінде 1998
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы