Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 қазанда № 7269 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014.11.03 № 68 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидалары бекітілсін.
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 5 қарашадағы № 297 «Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген, 2005 жылдың 17 қаңтарында № 5 (811) «Заң газеті» газетінде жария етілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты ведомстволық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е.Омаровқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Туризм және спорт министрінің
      міндетін атқарушы                                 Ә. Пірметов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2011 жыл 6 қазанда

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      2011 жыл "___"___________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2011 жыл 10 қазанда

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      2011 жыл "___"____________

Қазақстан Республикасы  
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының  
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 02-02-18/175      
бұйрығымен бекітілді   

Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары
мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі
қауіпсіздік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады:
      1) ішкі істер, денсаулық сақтау және мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары;
      2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізетін жергілікті атқару органдары;
      3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі - сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтетін спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрі - ұйым).
      3. Жүйелі түрде, бапкердің (нұсқаушының) басшылығымен өтетін дене шынықтыру және спорт сабақтары тек ғана дәрігердің карауы мен дене шынықтыру және спорт сабақтары, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға рұқсатынан кейін ғана өткізіледі.
      Жарыстың бас дәрігері, ғимараттың медициналық қызметі, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізуді болдырмайды.

2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      4. Дене шынықтыру және спорт сабақтары адамның физикалық және интелектуалды дамуына бағытталған іс-шаралар мен жаттығулар кешені болып табылады.
      5. Жаттығулар:
      1) мемлекеттік комиссияның актісіне сәйкес пайдалануға қабылдап
алынған спорт объектілерінде;
      2) оқу-жаттығу сабақтары өтетін орындар санитарлық нормаларға сәйкес болса;
      3) спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын ауа-райы жағдайында;
      4) санитарлық және өртке қарсы қызметтің рұқсаты болғанда уақытша және соған бейімделген спорт ғимараттарында өтеді.
      6. Сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт қызметкерлері:
      1) сабақтар өтетін орындарды қарайды;
      2) тиісті спорт түрлерінен қабылданған техника қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін қадағалай отырып, жабдықтар мен мүкәммалдардың дұрыстығын тексереді.
      7. Спорт ғимаратында техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жабдықтар, мүкәммалдар немесе жағдайлар болмаса оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ұйымға бұл жайында меншігінде спорт ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар дене шынықтыру және спорт сабақтары өткізу алдында бір ай ішінде ескертілуі қажет.
      8. Спорт ғимаратында кез келген электр аппаратураларын және электрондық жабдықтарды орнату, қолдану ұйым тағайындаған электрик маманның қатысуымен атқарылады.
      9. Ұйым:
      1) іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды әзірлейді;
      2) дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне тиісінше нұсқау береді.

3. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды
өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      10. Спорттық жарыстарға спортшылар спорттық жетістіктерге қолжеткізу үшін, жарыстарды өткізу регламентіне сәйкес қатысады.
      Спорттық-бұқаралық іс-шараларда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысады.
      11. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу регламентін ұйымдастырушы (ұйымдастырушылары) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6617 тіркелген Спорт түрлерінен жарыстардың ережесіне сәйкес бекітеді.
      12. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік құрылымдық бірліктің әкімі орынбасарының төрағалық етуімен спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрылады. Бұл ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізеді.
      Ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың және көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, спорттық жарысты және спорттық бұқаралық іс-шараны өткізуге кемінде 4 сағат қалғанда объектіні оперативтік-техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді, қоғамдық тәртіп пен көрермендер мен қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындататын жағдай анықталған кезде, ұйымдастыру комитеті аталған спорттық жарысты және спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізуге тыйым салу немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді.
      13. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу мен оған дайындық кезінде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетуші адамдары мен техникалық құралдарының қажетті саны іске қосылады.
      14. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде спорттық ғимараттарда алкогольді ішімдіктер және шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.

4. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды дайындауға және оны
өткізуге тікелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар

      15. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
      1) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кешенді спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерінен жарыстар қағидасын, кешенді бұқаралық-спорттық іс-шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
      3) спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу қағидаларын орындауды, көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
      4) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың уақытылы келуін қамтамасыз етеді.
      16. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
      1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде ілінбелі құлыпты қолданбауды, жеңіл ашылып шығу-кіруді (есіктерді, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес іс-қимылын бақылауды;
      2) спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй-жайлардың арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртібін, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
      3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруін және жақындауын;
      4) спорт ғимараттарында (көрнекі жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, көрермендер тәртібі ережелері мен плакаттар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
      5) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткізу ережелеріне сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
      6) көрермендер мен қатысушыларды іс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен көрсету;
      7) бұқаралық-спорттық іс-шараларға билеттер таратуды;
      8) бақылау-өткізу тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
      9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай-ақ көлік қозғалысы мен тұрақты, киім шешу, сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етеді;
      17. Орны, трибуналары және секторлары көрсетілмеген кіру билеттерін сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бірге билеттерді көрсетілген нормадан асырып таратуға рұқсат етілмейді.
      18. Ішкі істер органдары:
      1) спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен қажетті күштердің болуын, бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізу күні көрермендердің болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды;
      2) билеттерді сату кезінде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды;
      3) спорттық-бұқаралық іс-шаралар ойындары өтетін орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгіленген тәртіпке сай (бұқаралық-спорттық іс-шаралар ойындарын ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкімшілігімен келісе отырып) қауіпсіз өтуін;
      4) спорт орындарына мас адамдарды жібермеу, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкін болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткізбеуге әкімшіліктің ықпал етуін;
      5) көрермендердің ұйымдасқан түрде ішке енуін және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын іске асыруда спорт ғимараттарының бақылау-тәртіп қызметі мен әкімшілігіне жәрдем көрсетуді;
      6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртіптің, көрермендердің тәртіп ережелерін сақтауын;
      7) көрермендерді трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бірге қоғамдық көліктерге отырғызу процестерін басқаруды спорттық ғимараттың тиісті қызметімен бірге жүргізуді;
      8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.
      19. Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары:
      1) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде өрт бөлімдеріне (есеппен) өрт техникасымен кезекшілік атқаруды;
      2) бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізу кезінде қажетті күш пен техниканың болуы, бұқаралық-спорттық іс-шараны өткізетін күні көрермендердің болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды;
      3) спорттық ғимараттарының тиісті қызметтерімен спорттық ғимараттан, сондай-ақ оған қатысты аумақтан қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау процесін бірге басқаруды қамтамасыз етеді. Қызметтер мен оның сандық құрамын спорт ғимаратының әкімшілігі айқындайды.

Назад к документу

Заңдар - Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 08 қыркүйек 2011) V1100007269

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 340637
    Қазақ тілінде 168790
    Орыс тілінде 169849
    Ағылшын тілінде 1998
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы