Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 01-01-07/43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6172 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2016 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесі бекітілсін.

      2. Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Қамзебаева Д.Ү.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынсын.

      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Пірметов Ә.Х.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. "Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 6 наурыздағы № 06-2-2/40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 1806 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т. Ермегияевке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т. Досмұхамбетов

"Келісілді"

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

_____________ Г. Әбдіқалықова

2010 жылғы 16 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2010 жылғы 15 наурыздағы
№ 01-01-07/43 бұйрығымен
бекітілген

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
ЕРЕЖЕСІ

      1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі белгілі бір лауазымдар санатына жататын, атқаратын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және осы Ережеге сәйкес айқындалады.

      2. Дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлерінің (басшы, орынбасарлар, бөлім бастықтары, бас, жетекші мамандар, мемлекеттік, бас және аға жаттықтырушылар, командалардың бастықтары, Қазақстан Республикасы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының және клубтардың спортшы-нұсқаушылары, олимпиадалық даярлық орталықтарының, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің, спортты және спорттық-сауықтыру базалары мен ғимараттарының, спорт колледжінің, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің, балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектептерінің, балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерві мектептерінің, балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубтарының басшылары, олардың орынбасарлары, нұсқаушы-әдіскерлері, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушылар, нұсқаушы-әдіскерлер) еңбекақының тарифтік-біліктілік кестесіне сәйкес лауазымдық жалақы алуына құқық беретін мамандығы бойынша жұмыс өтіліне Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының дене шынықтыру және спорт ұйымдарындағы жұмыс кезеңі қосылады, сондай-ақ:

      1) ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдарда мемлекеттік қызметте болуы;

      2) егер тұлға әскери қызметке дейін дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жұмыс атқарған болса, теріс дәлелдермен қызметтен босатылған тұлғаларды қоспағанда, Қарулы күштерде офицерлік құрам, прапорщик, мичман, жедел қысқа мерзімді әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының ішкі, шекара әскерлерінде, азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және ССРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында әскери міндетін өтеуі, тиісті құжат болған жағдайда, интернационалдық борышын орындауы және әскери қызметшілердің тұтқында болуы;

      3) жағымсыз дәлелдер бойынша босатылғандардан басқа, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының ішкі істер органдары жүйесінде, прокуратура органдарында басшылық құрамдағы тұлға ретіндегі қызметі;

      4) егер шет елге жіберілгенге дейін қызметкер мемлекеттік мекемелерде жұмыс істесе және қайтып келу уақытын есептемегенде, шет елден қайтып келген күннен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік мекемеге жұмысқа тұрса дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша шет елдегі жұмыстары;

      5) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі курсқа дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзіп оқуы, сондай-ақ егер қызметкер курстар мен оқуға жіберілгенге дейін мемлекеттік мекемелерде жұмыс істесе және оны аяқтаған соң бұрынғы жұмыс орнына қайтып келсе, мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша шет елдегі оқуы;

      6) оның еңбек жолы еткен қызмет салаларына қарамастан, ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмысы;

      7) ұқсас мамандықтар бойынша педагогикалық, ғылыми-педагогикалық және ғылыми жұмыстары қосылады.

      3. Барлық тұрпаттағы спорт мектептерінің жаттықтырушыларының мамандығы бойынша жұмыс өтіліне Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы мемлекеттік, кәсіподақтық және ведомстволық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының жаттықтырушы-оқытушысы ретіндегі жұмыс кезеңі қосылады, сондай-ақ:

      1) Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының спорттық-сауықтыру лагерлерінде, спорттық базаларында, дене шынықтыру ұжымдарында және спорт клубтарында, ерікті-спорттық қоғамдарында және ведомстволарындағы, жалпы білім беру мектептерінде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, шет елдерде келісімшарт негізінде жаттықтырушы-оқытушы ретіндегі жұмысы;

      2) дене шынықтыру және спорт салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жолдама бойынша жұмыстан қол үзіп оқуы;

      3) міндетті әскери қызмет етуге шақырылғанға дейін жаттықтырушы лауазымында жұмыс істеген және осы жұмысқа қайтып оралған тұлғалардың міндетті әскери қызметті өтеу кезеңі;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық штаттық командалар дирекциясында мемлекеттік, бас, аға жаттықтырушы, команда бастығы және спортшы-нұсқаушы ретіндегі жұмыс уақыты;

      5) ұқсас мамандықтар бойынша педагогикалық, ғылыми-педагогикалық және ғылыми жұмыстары кіреді.

      4. Спорттық-техникалық мектептердің басшыларына, мамандарына және қызметшілеріне, жаттықтырушыларына, нұсқаушы-әдіскерлеріне мамандығы бойынша жұмыс өтіліне осы мектепте өтетін техникалық мамандықтар бойынша жұмыс өтілі есептеледі.

      5. Осы ережеге сәйкес мамандығы бойынша есептелетін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеуде есепке алынады.

      6. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған қызметкерлерге жұмыс өтілін ескере отырып, лауазымдық жалақысы есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      7. Мамандағы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамы тиісті ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі ұйым комиссиясы анықтайды.

      Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Шешімің үзінді көшірмесі екі данада жасалады және бір данасы кадрлар қызметіне, екінші данасы бухгалтерияға беріледі.

Назад к документу

Заңдар - Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесін бекіту туралы (өзгертулер 15 наурыз 2010) V100006172_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы