Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 682 қаулысы.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      2. "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген биржалық тауарлардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Мұнай және мұнай өнімдері

Шикі мұнай

2709 00 900

Жеңіл дистилляттар (бензин)

2710 12,
2710 12 110 0 –
2710 12 900,
2710 20 900 0

Орташа дистилляттар (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын)

2710 19 210 0

Ауыр дистилляттар (газойлдары)

2710 19 421 0 –
2710 19 425 0,
2710 19 510 9

Ауыр дистилляттар (мазут)

2710 19 620 1 –
2710 19 680 9,
2710 20 310 1 –
2710 20 390 9

      ".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 682 қаулысымен
бекітілген

Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Әдістеме) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және:

      Азов-Қара теңіз және Балтық бассейндері порттары арқылы жеткізілген кезде;

      тіркелген бағамен жеткізілген кезде мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу әдістемелерін белгілейді.

      Осы Әдістеме трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мұнайдан жасалған тауарларды сатып алу-сату шарттарына (бұдан әрі – келісімшарт) сәйкес жасалатын мәмілелерге қатысты қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ақпарат көздері – Заңның 18-бабына сәйкес пайдаланатын Refinitiv және Argus Media Limited басылымының "Argus Каспий нарығы" тақырыптарындағы жарияланымдар;

      2) мәміле бағасы – Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың бағасы;

      3) мұнайдан жасалған тауарлар – бензин, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын және дизель отыны, мазут, вакуумдық газойль;

      4) нарықтық баға – "қол созу" принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың бағасы.

2-тарау. Азов-Қара теңіз және Балтық бассейндері порттары арқылы жеткізілген кезде мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу

      3. Мұнайдан өндірілген тауарларды Азов-Қара теңіз және Балтық бассейндерінің порттары арқылы жеткізу кезінде келісімшарттар үшін нарықтық баға мынадай формула бойынша анықталады:

      P = В – D, мұнда:

      P – мұнайдан жасалған тауарларға нарықтық баға;

      В – келісімшарт талаптарына сәйкес тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқанға дейінгі күнтізбелік алпыс екі күннен аспайтын уақыт аралығында және меншік құқығы тауарларды сатып алушыға ауысқан күннен бастап күнтізбелік алпыс екі күннен аспайтын уақыт аралығында анықталған, баға ұсыныстарының мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген бағалық ақпараттың ресми дереккөздерінде жарияланған, мұнайдан жасалған тиісті тауарға баға ұсыныстарының арифметикалық орташа мәні;

      D – шартта анықталған жеткізу жағдайларына байланысты ескерілетін Заңға сәйкес мұнайдан жасалған тауарларға мәміле бағасын салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

3-тарау. Тіркелген бағамен жеткізілген кезде мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу

      4. Тіркелген бағамен мұнайдан жасалған тауарларды жеткізу кезінде келісімшарттар үшін нарықтық баға мынадай формула бойынша анықталады:

      P = Pақп.көзі – D, мұнда:

      Pақп.көзі – мұнайдан жасалған тауарды жеткізудің (жөнелтудің) келісімшартың қосымшасына қол қойылған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде тиісті күнтізбелік айға арналған ақпарат көзінде жарияланған, мұнайдан жасалған тиісті тауар бағаларының арифметикалық орташа мәні;

      D – келісімшартта анықталған жеткізу жағдайларына байланысты ескерілетін, Заңға сәйкес мұнайдан жасалған тауарларға мәміле бағасын салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

      5. Мәміле бағасын салыстырымды экономикалық келісімшарттарға келтіру мақсатында дифференциалға Заңға сәйкес мұнайдан жасалған тауарларды сату (меншік құқығының ауысуы) жүргізілетін мұнайдан жасалған тауарларды шартта белгіленген жеткізу базисінен межелі нарыққа (жеткізу орнына) дейін жеткізу бойынша негізделген және құжаттамалық немесе ақпарат көздерімен расталған нақты шығыстар қосылады.

      6. Мұнайдан жасалған тауарлар осы Әдістеменің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат көздерінде бағалар туралы ақпарат жоқ нарықтарға бекітілген баға бойынша сатылған жағдайда, нарықтық бағаны анықтау үшін мұнайдан жасалған тауарды жеткізудің (тиеп-жөнелту) тиісті күнтізбелік айға арналған келісімшартқа қосымшаға қол қойылған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде мұнайдан жасалған тиісті тауарға арифметикалық орташа мәнінен алынатын баға ескеріліп, Тізбеде көзделген ресми ақпарат көздерінде жарияланған еуропалық нарықтағы және (немесе) жақын географиялық нарықтағы бағаларды/баға белгіленімдері пайдаланылады.

Назад к документу

Заңдар - Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (өзгертулер 27 қыркүйек 2021) P2100000682

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 335163
    Қазақ тілінде 166155
    Орыс тілінде 167053
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы