< Назад к документу

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 шiлдеде № 21038 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 99-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а
М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а
2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 269 бұйрықпен
бекітілген

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 99-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының (бұдан әрі - оператор) интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукцион залы - аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін сауда жүйесінің бөлімі;

      2) аукцион қадамы - қол қою бонусының мөлшері арттырылатын шама;

      3) аукцион қорытындыларының тізілімі - жер қойнауы учаскесін көрсете отырып, әрбір аукцион бойынша аукционға қатысушыларды және қол қою бонустарының мөлшерін көрсете отырып, аукцион қорытындылары бойынша сауда жүйесі автоматты түрде қалыптастыратын құжат;

      4) аукцион объектісі (бұдан әрі - объект) - аукцион өткізу шеңберінде берілетін Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) енгізілген жер қойнауы учаскелері бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы;

      5) аукциондық нөмір - қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

      6) геоақпараттық сервис (бұдан әрі - геосервис) - жер қойнауы учаскелері аукцион негізінде көмірсутектерін барлау және өндіру немесе өндіру үшін берілетін аумақтар туралы ақпаратты қамтитын, жүйелі бақылау нәтижелерін, жердегі түсірулерді, зерттеулерді, түгендеулерді, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау материалдарын, архивтік деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін енгізу арқылы алынған, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған осындай жер учаскелерін пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ жердің жай-күйі туралы мәліметтерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған ақпараттық сервис;

      7) жеңімпаз - объект үшін қол қою бонусының неғұрлым жоғары мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы;

      8) комиссия - оператор қалыптастыратын Аукцион қорытындылары тізілімдері негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      9) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион (бұдан әрі - аукцион) - қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін, сауда жүйесін пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін сауда-саттық нысаны;

      10) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР ҰКО) - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

      11) қатысу жарнасы - қатысушы аукционға қатысу үшін енгізетін, құзыретті орган айқындайтын мөлшердегі ақшалай сома;

      12) қатысушы - аукционға қатысу үшін оператор тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      13) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері - аукцион барысында қалыптасатын қол қою бонусының мөлшері;

      14) қол қою бонусының бастапқы мөлшері - 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі)" 726-бабына сәйкес белгіленетін объект бойынша аукцион басталатын қол қою бонусының мөлшері;

      15) қол қою бонусының түпкілікті мөлшері - қол қою бонусының аукцион өткізу нәтижесінде белгіленген мөлшері;

      16) ұлғайтуға арналған аукцион - қол қою бонусының бастапқы мөлшері алдын ала жарияланған аукцион қадамымен ұлғайтылатын аукцион әдісі;

      17) электрондық аукциондардың сауда жүйесі (бұдан әрі - сауда жүйесі) - электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын қамтитын және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын және аукцион өткізудің нақты функционалдық міндеттерін шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығын білдіретін оператордың ақпараттық жүйесі;

      18) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      19) электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсы (бұдан әрі - оператордың интернет-ресурсы) - бірегей желілік мекенжай бойынша интернетте орналастырылған, аукциондар бойынша дерекқорларына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс сауда жүйесінің бөлігі;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілімі;

      21) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАЖ).

      3. Аукционды Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес құзыретті орган ұйымдастырады. Аукцион арттыру әдісімен өткізіледі.

      4. Аукцион аумақтарының географиялық координаттары Бағдарламада қамтылатын бір және/немесе бірнеше жер қойнауы учаскелеріне қатысты өткізіледі.

2-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу тәртібі

1-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізуге өтінішті беру және қарау

      5. Аукцион өткізуге өтініш қалыптастыру және беру үшін жеке және заңды тұлғалар:

      1) Интернетке қосылған компьютерге немесе ноутбукке кіре алуы;

      2) ҚР ҰКО ЭЦҚ алуы;

      3) сауда жүйесінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес тіркелуі;

      4) сауда жүйесінде аутентификациядан өтуі;

      5) хабарламаны жіберер алдында электрондық құжатқа ЭЦҚ-мен қол қоюы қажет.

      6. Сауда жүйесінде тіркелу үшін мыналарды көрсету қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      3) екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошталық адресі, телефон, факс, электрондық пошта).

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы аукцион өткізуге өтініш тіркелгенге дейін сауда жүйесіне бұрын енгізілген деректерді өзгертеді.

      7. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық аукцион өткізуге өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу үш кезеңнен тұрады:

      1) жеке және заңды тұлғалардың электрондық аукцион өткізуге өтінішті қалыптастыруы және электрондық аукцион өткізуге өтінішті құзыретті органға жіберуі;

      2) ЭҚАЖ арқылы алынған электрондық аукцион өткізуге өтінішті құзыретті органның қабылдауы және өңдеуі;

      3) сауда жүйесінде аукцион өткізуге өтінішті өңдеу мәртебесін көрсету.

      8. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға сауда жүйесі арқылы электрондық құжат форматында жасалған, ЭЦҚ-мен куәландырылған аукцион өткізуге арналған өтінішті құзыретті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      9. Құзыретті органның аукцион өткізуге арналған өтінішті қабылдауы және өңдеуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес құзыретті орган ЭҚАЖ-да оны одан әрі қарап және шешім қабылдай отырып жүзеге асырады.

      Сауда жүйесі аукцион өткізуге арналған өтінішті қабылдау және өңдеу кезінде өтініштің толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүзеге асырады.

      10. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган аукцион өткізуге арналған өтінішті қабылдағаны немесе қараудан бас тартқаны жөнінде хабардар етеді.

      Жеке немесе заңды тұлға құзыретті органға аукцион өткізуге арналған өтінішті жібергеннен кейін, оны жібергеннің сауда жүйесінде құзыретті органның өтінішті қараудың ағымдағы мәртебесі көрсетіледі (тіркелді, жұмысқа алынды, қараудан бас тартады).

      11. Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабарламаны жылына 2 (екі) реттен асырмай жариялайды не мынадай негіздер бойынша аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады:

      1) егер жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағы Бағдарламада жер қойнауы учаскесі шегінде аукцион негізінде көмірсутектерін барлау және өндіру немесе өндіру үшін берілуі мүмкін аумақ ретінде көрсетілмесе, не мұндай аумаққа сәйкес келмесе;

      2) егер өтініш бергенге дейін 3 (үш) жыл ішінде өтініш беруші аукцион өткізуге басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе;

      3) Кодекстің 97-бабы 3-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша.

      12. Аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған жағдайда өтініш беруші құзыретті органға аукционға қатысуға өтініш береді.

      13. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарламада Кодекстің 95-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтер болуға тиіс.

      Қажет болған кезде құзыретті орган Бағдарламада айқындалғандарға қарағанда, жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша неғұрлым жоғары болатын ең төменгі талаптарды белгілейді.

      14. Бұрын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада Кодекстің 95-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтер қосымша болуға тиіс.

      15. Әрбір объект бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейін құзыретті орган сауда жүйесі арқылы объект туралы қысқаша геологиялық ақпаратты, сондай-ақ учаскенің орналасқан жері туралы кеңістіктік ұғымды қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану учаскесі туралы графикалық ақпаратты (оператордың геосервисінде ақпарат болмаған жағдайда) енгізуді қамтамасыз етеді.

2-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтінішті беру және қарау тәртібі

      16. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық аукционға қатысуға өтініштерін (бұдан әрі - қатысуға өтініш) қалыптастыру, қабылдау және өңдеу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) жеке және заңды тұлғалардың қатысу жарнасын төлеуі;

      2) жеке және заңды тұлғалардың электрондық қатысуға өтінішті қалыптастыруы және оны құзыретті органға жіберу;

      3) Құжаттама жасау қағидаларына сәйкес ЭҚАЖ арқылы алынған электрондық қатысуға өтінішті құзыретті органның қабылдауы және өңдеуі;

      4) сауда жүйесінде қатысуға өтінішті өңдеу мәртебесін көрсету.

      Жеке және заңды тұлғалар қатысуға өтінішті қалыптастыру және беру үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарды сақтауды, сондай-ақ аукционға қатысу жарнасын төлеуді қамтамасыз етеді.

      Сауда жүйесімен қатысуға өтінішті қабылдау және өңдеу кезінде өтініштің толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүзеге асырылады.

      17. Аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілетін мерзім оны өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 2 (екі) айды құрайды.

      18. Аукционға қатысуға мүдделі тұлға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған аукционға қатысуға өтінішті құзыретті органға сауда жүйесі арқылы электрондық құжат форматында жібереді.

      19. Аукционға қатысу жарнасының мөлшері құзыретті орган хабарлама жарияланған сәттегі бекітілген 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Аукционға қатысу жарнасы операторға төленеді және қатысуға өтініш берген тұлғаға қайтаруға жатпайды. Оператор қатысу үшін жарнаны сауда жүйесі қатысуға өтінішті қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің табысына аударады. Аукционға қатысу жарнасын қатысушы не қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Қатысушыларға аукционға қатысу үшін жарналардың кез келген санын енгізуге жол беріледі.

      20. Төлемді тағайындауда аукционға қатысу үшін жарна енгізу кезінде қатысушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

      21. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржылық қаражаты бар екенін растауға арналған Кодексте көзделген жағдайларда мынадай құжаттардың бірі:

      1) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындауды қаржыландыруға тұлғаның қабілеттілігін растайтын, өтініш иесінің өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін бухгалтерлік балансының көшірмесі;

      2) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшерде өз қаражатының (екінші деңгейдегі банктен өтініш иесінің шотының жай-күйі туралы анықтама) немесе тартылған қаражатының (қарыз (кредит) шарты, өзге де шарт) болуы туралы мәліметтер ұсынылады.

      22. Аукционға қатысуға арналған өтінішке қосымша:

      1) өтініш берушінің хабарламада көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттемесі;

      2) өтініш берушінің қатысу жарнасын төлегені туралы құжат;

      3) өтініш берушінің Кодекстің 93-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

      4) аукционға қатысуға өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті түрде куәландырылған құжаттар;

      5) егер тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса, аукционға қатысуға өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат беріледі.

      Аукционға қатысуға өтінішке қоса берілетін құжаттар ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрде ұсынылады.

      23. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсыну, аукционға қатысуға өтінішті қарайтын құзыретті органда осы құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      24. Кодекстің 96-бабының 4-тармағына сәйкес, аукционға қатысуға өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      25. Сауда жүйесі аукционға қатысуға өтінішті тіркегеннен кейін 3 (үш) минут ішінде сауда жүйесінің дерекқорында аукционға қатысуға өтініш берілген объект бойынша қатысу жарнасының түскені туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      26. Қатысушы осы Қағидалардың 6, 21 және 22-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда, сауда жүйесі аукционға қатысуға өтінішті қабылдамайды.

      27. Сауда жүйесінің дерекқорында оператордың есеп айырысу шотына қатысу үшін жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, сауда жүйесі аукционға қатысуға өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оған аукциондық нөмірді бекіте отырып, аукционға қатысушыға рұқсат береді.

      28. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша сауда жүйесі қатысушының электрондық поштасына аукционға қатысуға өтініштің қабылданғаны туралы не аукционға қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      29. Сауда жүйесі аукционды өткізу басталғанға дейін кемінде 5 (бес) минут бұрын аукционға қатысуға өтінішті кері қайтарып алған қатысушының аукциондық нөмірін жояды. Аукционға қатысуға өтінішті кері қайтарып алу кезінде қатысу жарнасы қайтарылмайды.

      30. Қатысуға өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Сауда жүйесінде құзыретті органға қатысуға өтінішті жібергеннен кейін жеке немесе заңды тұлғаның құзыретті органмен өтінішті өңдеудің ағымдағы мәртебесі көрінеді (тіркелді, тіркеуден бас тартады, жұмысқа алынды, орындалды).

      31. Аукционға қатысуға өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не мынадай негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады:

      1) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;

      2) өтініш Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) өтініш беруші Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) өтініш бергенге дейін 3 (үш) жыл ішінде құзыретті орган өтініш берушімен немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан болса;

      5) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш берушіде құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болса;

      6) өтініш беруші бұрын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса;

      7) сұралатын жер қойнауы учаскесі аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілмесе;

      8) өтініш беруші дұрыс емес мәліметтерді ұсынса;

      9) өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырлаған жағдайда қауіп төндірсе.

      32. Шетелдік мемлекеттік органдар немесе ұйымдар берген құжаттар ұсынылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы тарабы болып табылатын халықаралық шарттар мен келісімдерде өзгеше көзделмесе, мұндай құжаттар белгіленген тәртіппен заңдастырылады немесе апостиль қойылады.

      33. Шетелдік заңды тұлғалар филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдік заңды тұлғаның заңдастырылған (апостиль қойылған) үзінді көшірмесін, құрылтай құжаттарын немесе басқа да заңдастырылған (апостиль қойылған) құжатын, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжатты қосымша ұсынады.

      34. Осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тарту өтініш берушіні қайта өтініш беру құқығынан айырады.

      35. Құзыретті орган сауда жүйесінде қатысушылардың тізілімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      36. Өтінішті қабылдаудан бас тартуда осы Қағидалардың 31-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас тарту себептері көрсетілуі тиіс.

      37. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті орган мен оператор аукционды дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.

      38. Қатысушы аукционға қатысуға өтініште көрсететін деректері сауда жүйесінің "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорларымен, "Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесімен, "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесімен, "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесімен, "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимыл нәтижесінде расталуға жатады.

      39. Деректерді автоматты режимде көрсетілген мемлекеттік дерекқорлардан және ақпараттық жүйелерден алған жағдайда, сауда жүйесі форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып, мәліметтерді тексеруді жүргізеді. Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, оператордың интернет-ресурсы аукционға қатысуға өтінішті тіркемейді.

      40. Көрсетілген мемлекеттік дерекқорлардан және ақпараттық жүйелерден деректерді автоматты режимде алмаған жағдайда, қатысушы деректерді дербес енгізеді, сондай-ақ аукционға қатысуға арналған өтінішке растайтын құжаттарды тіркейді.

      41. Егер аукцион өткізу жөнінде хабарлама жарияланған күннен бастап 2 (екі) айдың ішінде аукционға қатысуға бірде-бір өтініш берілмеген және (немесе) егер өтініштерді қарау қорытындылары бойынша аукционға қатысуға бірде-бір өтініш иесі (аукцион өткізуге өтініш берген тұлғадан басқа) жіберілмеген жағдайларда, комиссия және құзыретті орган Кодекстің 99-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен әрекет етеді.

3-параграф. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу

      42. Аукционға қатысуға жіберілген және оператордың интернет-ресурсында аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш берушілер қатысады.

      43. Аукцион аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні өткізіледі.

      44. Құзыретті орган аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын аукционға қатысуға жіберілген өтініш берушілерді аукцион өткізілетін күні мен уақыты туралы құзыретті органның интернет-ресурсында және оператордың интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде ақпаратты орналастыру арқылы, сонымен қатар оның сауда жүйесінде көрсетілген электрондық поштасына жіберу арқылы хабардар етеді.

      45. Қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады, ол өткеннен кейін қатысушылар аукционға қатысуға берілген өтінішті кері қайтарып ала алмайды.

      46. Оператор Кодекстің 99-бабының 6-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.

      47. Құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш берушілер аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ және сауда жүйесі беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион қол қою бонусының бастапқы мөлшерін аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы құзыретті орган белгілеген уақытта басталады.

      48. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 11:00-ден кешіктірілмей басталады.

      49. Егер сағат 17:00-де аукцион аяқталған сәтте аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда объектіні сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы объект бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      50. Аукцион қол қою бонусының бастапқы мөлшерін аукцион қадамына көтерумен басталады.

      Аукцион барысында қол қою бонусының әрбір келесі мәні қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін келесі пайыздық қатынасына сай аукцион қадамына өсіру жолымен анықталады:

      1) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 25% (жиырма бес пайызды) құрайды;

      2) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерінен 50000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 20% (жиырма пайызды) құрайды;

      3) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен 100000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 15% (он бес пайызды) құрайды;

      4) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 250000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 10% (он пайызды) құрайды;

      5) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 250000 еселенген және одан жоғары мөлшері кезінде аукцион қадамы 5% (бес пайызды) құрайды.

      Егер аукцион басталған сәтте 2 (екі) және одан көп қатысушылардың объектіге қол қою бонусының бірдей мөлшерін ұсынған жағдайда және ол 20 (жиырма) минут ішінде ұлғайтылмаса, онда сауда жүйесінің осы қатысушыларының арасында бірдей қол қою бонусын ұсынған қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын түскен өтінімді тіркейді.

      51. Аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың объект үшін қол қою бонусының мөлшері жөніндегі ұсыныстары бейнеленеді, олар шарттарды сақтай отырып, объектіні сатып алуға олардың келісімін білдіру нысаны болып табылады және қол қою бонусының ағымдағы мөлшері қалыптастырылады;

      2) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының қол қою бонусының ағымдағы неғұрлым жоғары мөлшерін осы Қағидалардың 50-тармағында белгіленген аукцион қадамына ұлғайту мүмкіндігі беріледі;

      3) егер аукцион басталғаннан бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қол қою бонусының ағымдағы неғұрлым жоғары мөлшерін ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушыны сауда жүйесі аукцион қорытындылары тізіліміне тіркейді және берілген объект бойыша Аукцион өткізілді деп танылады;

      4) егер аукцион залында аукцион басталғаннан бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес белгіленген аукцион қадамына қол қою бонусының бастапқы мөлшерін ұлғайту жолымен объектіні сатып алу ниетін растаса, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері белгіленген аукцион қадамына ұлғайтылады;

      5) егер қол қою бонусының бастапқы мөлшері немесе қол қою бонусының ағымдағы мөлшері ұлғайған соң 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін ұлғайту жолымен өзінің объектіні сатып алу ниетін растамаса, онда сауда жүйесі өзінің объектіні сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушыны сауда жүйесі Аукцион қорытындылары тізіліміне тіркейді және берілген объект бойынша аукцион өткізілді деп саналады. Берілген объект бойынша Аукцион қорытындылары тізілімі құзыретті органның электрондық поштасына жіберіледі.

      52. Объект бойынша аукцион қатысушылардың бірі қол қою бонусының неғұрлым жоғары ұсынған мөлшеріне дейін жүргізіледі.

3-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның қорытындысын шығару

      53. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көмірсутектер бойынша жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион қорытындыларының тізілімін аукцион аяқталғаннан кейін сауда жүйесі қалыптастырады және оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

      54. Комиссияның шешімі бойынша Аукцион қорытындылары тізілімінің негізінде, қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.

      55. Әрбір объект бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні комиссия мүшелері оператордың интернет-ресурсында қол қояды. Хаттаманың электрондық көшірмесі жеңімпаздың оператордың интернет-ресурсында көрсетілген электрондық поштасына жіберіледі.

      56. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелері мен жеңімпаздың және құзыретті органның қол қою бонусының түпкілікті мөлшері бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

      57. Аукционның нәтижелері оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      58. Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде:

      1) қол қою бонусын төлейді;

      2) құзыретті органға қол қою бонусы төлемінің растауын және өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 тіркелген) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді.

4-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды тоқтата тұру, кейінге шегеру және болғызбау

      59. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі келтіретін техникалық іркіліс туындаған кезде қатысушы:

      1) аукционға қатысушының мониторына оператордың байланыс деректерімен электрондық хабарлама шығару арқылы оператордың интернет-ресурсымен тұрақты байланыс болмаған сәттен бастап 30 (отыз) секунд ішінде хабарланады;

      2) телефон немесе электрондық хабарлама арқылы бұл туралы оператордың байланыс деректері бойынша дереу хабардар етеді.

      60. Оператор техникалық іркіліс фактісін белгілейді және ол сауда жүйесі жағында болған жағдайда, ақпаратты оператордың интернет-ресурсында орналастыру арқылы аукционға барлық қатысушыларды хабардар етеді.

      61. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникациялық жабдықтарының техникалық іркілісі кезінде аукцион жалғасады. Қатысушы жабдығының іркіліс фактісі сауда жүйесі арқылы тіркеледі.

      62. Аукционды өткізуге немесе аукционды өткізу рәсіміне кедергі келтіретін сауда жүйесінің техникалық іркілісі фактісі болған жағдайда, оператор бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді және құзыретті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және аукционға қатысушының өтінімінде көрсетілген қатысушының электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды осы аукционды жалғастыру күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды техникалық іркіліс түзетілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.

5-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп немесе жарамсыз деп тану

      63. Егер аукцион өткізілетін күні 2 (екі) қатысушыдан кем тіркелсе, жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізілмеді деп танылады және қайтадан өткізілмейді.

      Егер аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға аукцион өткізуге өтініш берген тұлға болып табылса, мұндай тұлғамен қол қою бонусының бастапқы мөлшерін осындай тұлға төлеген жағдайда, аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасау үшін Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.

      64. Аукционды өтпеді деп тану сауда жүйесі қалыптастыратын және комиссия мүшелерімен қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарлама хаттама ресімделген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      65. Аукционды жарамсыз деп тану қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша сотпен жүзеге асырылады.

      66. Мыналар аукционды жарамсыз деп тану үшін негіздер болып табылады:

      1) аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен осы Қағидаларды бұзу;

      2) аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған тұлғаның құзыретті органға мұндай тұлғаны аукционға жіберу туралы шешімге әсер еткен көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы.

      67. Кодекстің 102-бабының 3-тармағына сәйкес, аукционға қатысушылар аукционның нәтижелеріне оның нәтижелері жарияланған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде осы Қағидалардың 66-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шағым жасауға құқылы.

      68. Келісімшарт жасалғанға дейін аукционның жарамдылығына дау айтылған жағдайда, сот мәні бойынша шешім шығарғанға дейін келісімшартты жасасу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      69. Аукционды жарамсыз деп тану аукцион қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттың жарамсыздығына алып келеді.

      70. Осы Қағидалардың 66-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша аукцион жарамсыз деп танылған жағдайда, мұндай аукционның жеңімпазы деп жарияланған тұлға Кодекстің 102-бабаның 6-тармағына сәйкес, төленген қол қою бонусын қайтаруды талап етуге құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      71. Аукционды ұйымдастыру және өткізу барысында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

  Көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторының
интернет-ресурсын пайдалана
отырып, электрондық нысанда
аукцион өткізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Аукцион өткізуге өтініш

      1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қарап, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге мынадай жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуді сұраймын (-мыз):

      учаскенің атауы _________;

      географиялық координаттары _________________.

      2. Мені (бізді) тікелей немесе жанама бақылайтын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін):

      мемлекеттің атауы ______________________________________________

      тұлғаның, ұйымның атауы _______________________________________

      3. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      4. Өзім (-міз) туралы мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      1) заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      оның тұрған жері ________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған (апостиль қойылған) құжат) _____________________________

      басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): ___________________________________________

      банк деректемелері: _____________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _________________________________________

      банк сәйкестендіру коды _________________________________________

      банктің атауы ___________________________________________________

      бенефициар коды________________________________________________

      2) жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат__________________________________

      нақты тұрғылықты жері __________________________________________

      азаматтығы ____________________________________________________

      банк деректемелері:

      бенефициар коды ________________________________________________

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-дан деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

      Сауда жүйесімен қабылданды

      20 _____ жылғы "___" ______ сағат_______ минут.

  Көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторының
интернет-ресурсын пайдалана
отырып, электрондық нысанда
аукцион өткізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Аукционға қатысуға өтініш

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 99-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген, Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларымен танысып,

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының сауда жүйесінде 20___ жылғы "___" __________________ өткізілетін аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) объект бойынша аукцион нәтижелерін анықтағанға дейін оператордың интернет-ресурсы блоктайтын аукционға қатысу үшін жарна енгіздім (-ік):

      объектінің атауы ________________________________________________

      қатысу жарнасының сомасы, теңге _________________________________

      3. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшерде өз қаражатының (екінші деңгейдегі банктен өтініш иесінің шотының жай-күйі туралы анықтама) немесе тартылған қаражатының (қарыз (кредит) шарты, өзге де шарт) болуы туралы мәліметтер:

      көрсетілген шоттағы қаржы қаражатының көлемі: ____________________

      валюта ________________________________________________________.

      4. Соңғы 3 (үш) жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, алдыңғы қызмет туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін):

      мемлекеттің атауы _______________________________________________

      қызмет атауы ___________________________________________________

      5. Мені (бізді) тікелей немесе жанама бақылайтын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер:

      тұлғаның, ұйымның атауы ________________________________________

      6. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      7. Менің (біздің):

      Кодекстің 97-бабының 3-тармағында қарастырылған қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкессіздігім (із) анықталған жағдайда, құзыретті орган өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Сонымен қатар, Кодекстің 97-бабының 4-тармағына сәйкес, мен (біз) қайтадан өтініш беру құқығынан айырыламын (- мыз);

      мен (біз) қол қойған аукцион нәтижелері туралы хаттама мен көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт Кодекстің 102-бабана сәйкес, жарамсыз деп танылатындығымен келісемін (- міз).

      8. Егер мен (біз) аукцион жеңімпазы(-дары) деп анықталған жағдайда, қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін төлеуге, аукцион нәтижелері туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қол қою бонусының төленгені туралы растауды және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген "Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 тіркелген) _________________ үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген_________________ өз тарапынан қол қойылған келісімшартты, сондай-ақ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 100-бабының 3-тармағы 2) тармақшасында көзделген басқа да міндеттемелерді жолдауға өзіме (-мізге) міндеттеме (- лер) аламын (-мыз).

      9. Мен (біз) енгізген аукционға қатысу үшін жарна сомасы қайтарылмайтындығымен және оператордың республикалық бюджеттің кірісіне жіберетіндігімен келісемін.

      10. Тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатысында тұрмайтынымызды растаймыз (заңды тұлғалар үшін).

      11. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген қарызым жоқ екенін растаймын (-мыз).

      12. Көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алған жағдайда, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы қаражаты бар екенін растаймын (-мыз).

      13. Өзім (-іміз) туралы мәліметтерді ұсынамын:

      1) заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі_______________________________________

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат)______________________________________________

      басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________________________________________

      тұрғылықты жері (мекенжайы):____________________________________

      банк деректемелері: ______________________________________________

      қатысу үшін жарнаны төлеген тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) _____________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________

      2) жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты. (ол болған жағдайда) _____________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі_________________________________________

      паспорттық деректер _____________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________

      азаматтығы _____________________________________________________

      қатысу үшін жарнаны төлеген тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________

      2) __________________________________________________________

      20 __ жылғы "___" __________ _______ сағат__________минут.

      Қатысушының аукциондық нөмірі_______________.

  Көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторының
интернет-ресурсын пайдалана
отырып, электрондық нысанда
аукцион өткізу қағидаларына
3-қосымша

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион қорытындыларының тізілімі

      Аукцион нөмірі: ______________________

      Аукционның басталу күні мен уақыты: ________________________

      Қол қою бонусының бастапқы мөлшері: ____________________ теңге

      Жер қойнауы учаскесінің атауы, учаскенің орналасқан жері:

      ________________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану түрі: _____________________________________

      Барлау кезеңі: ___________________________________________________

Аукцион қадамы №

Қол қою бонусының мөлшерін растау күні мен уақыты

Қатысушының аукциондық нөмірі

Қол қою бонусының расталған мөлшері

1

2

3

1

2

Назад к документу

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 30 шілде 2020) V2000021038

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 287187
    Қазақ тілінде 142880
    Орыс тілінде 142751
    Ағылшын тілінде 1556
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы