Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 705 қаулысы

      Валюталық операциялар жүргізуге шектеулердi жою әрi 2007 жылдан бастап ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша ұлттық валютаның толық айырбасталуына көшу үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Орталық атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметіне тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 20-күнiнен кешіктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2004 жылғы 25 маусымдағы 
N 705 қаулысымен     
бекітілген        

  Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

  1. Бағдарламаның паспорты

1. Атауы                       Қазақстан Республикасында валюталық
                               режимдi ырықтандырудың 2005-2007
                               жылдарға арналған бағдарламасы

2. Негiзгi әзiрлеушi           Қазақстан Республикасының Ұлттық
                               Банкi

3. Әзiрлеу негiздемесi         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                               2003 жылғы 28 шілдедегi N 753
                                қаулысымен  мақұлданған Қазақстан
                               Республикасының қаржы секторын
                               дамытудың тұжырымдамасы, 1.2-бөлiм.
                               Валюталық қатынастарды ырықтандыру

4. Бағдарламаның мақсаты       Валюталық операциялар жүргізуге
                               шектеулердi кейiннен жою және 2007
                               жылдан бастап ұлттық валютаның толық
                               айырбасталуына көшу үшiн жағдайлар
                               жасау

5. Негізгі мiндеттер           1. Валюталық реттеу және бақылау
                               режимiн оңтайландыру.
                               2. Валюталық операцияларды жүргiзген
                               кезде тәуекелдердi хеджирлеу
                               құралдарын неғұрлым белсендi
                               пайдалану үшiн жағдайлар жасау.
                               3. Ақша-кредит саясатының
                               мақсаттарына және Қазақстан
                               экономикасы ұшырайтын сыртқы
                               күйзелiстердi реттеуге байланысты
                               шетел валютасына сұраныс пен
                               ұсынысты реттеу құралдарын одан әрi
                               жетілдiру үшін жағдайлар жасау.
                               4. Қаржылық ұйымдардың валюталық
                               операцияларын реттеу мен қадағалаудың
                               халықаралық қағидаттарына толық өтудi
                               қамтамасыз ету.

6. Қаржыландыру көздерi        талап етілмейдi

7. Бағдарламаны iске           Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру
асырудан күтiлетін             валюталық peттеу мен валюталық
түпкiлiктi нәтиже              бақылаудың әкiмшiлiк рәсiмдерiн
                               жүйелеу және жеңiлдету үшiн қажетті
                               негiз жасайды. Туынды қаржы
                               құралдарымен операцияларды валюталық
                               реттеу рәсiмдерiн жетілдiру Қазақстан
                               резиденттерінің рыноктық тәуекелдердi
                               басқару стратегияларын неғұрлым
                               тиiмдi пайдалануы үшiн қажеттi
                               жағдайлар жасайды.
                               Валюталық бақылау агенттерінің
                               функцияларын қысқарту екiншi
                               деңгейдегі банктердiң шығындарын
                               азайтуға және олардың бәсекелiк
                               қабiлетін жоғарылатуға ықпал етуге
                               тиiс, ал валюталық операцияларды
                               жүргізу тәртiбiн жеңiлдету сыртқы
                               экономикалық қызметке қатысушылардың
                               әкiмшiлiк шығасыларын азайтады және
                               капиталдың қалтарысты әкетiлу
                               ауқымын азайтуға жанама ықпалын
                               тигiзедi.
                               Ерте хабардар ету индикаторларының
                               жүйесiн құру сыртқы және iшкi
                               экономикалық тәуекелдердi уақтылы
                               анықтауға және соған бара-бар
                               iс-әрекет жасауға мүмкiндiк бередi,
                               ал сыртқы экономикалық операциялар
                               туралы ақпарат базасын жетiлдiру
                               валюталық операцияларды жүргiзудiң
                               рұқсат беру тәртiбiнен 2007 жылдан
                               бастап кейiннен мониторинг жүргiзуге
                               және iрiктемелi бақылау жүйесiне
                               тиiмдi көшудi қамтамасыз етедi.

8. Iске асыру мерзiмдерi       2005-2007 жылдар

  2. Кіріспе. Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың нәтижелерi

      Валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi жою жөніндегі бағыттар мен iс-шараларды көрсететiн осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 753  қаулысымен  мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, валюталық режимдi ырықтандыру мақсатында әзiрлендi. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 369 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасын одан әрi iске асырудың негiзiн қалайды. Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 103  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың нәтижелерiне негізделедi, онда оның қисынды жалғасы болып табылатын ырықтандырудың бiрiншi кезеңiнiң iс-шаралары айқындалды.
      Ырықтандырудың бiрiншi кезеңiн iске асыру "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық кесiмдерiне банк қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы  Заңының  күшiне енуiнен басталды. Осы заңға сәйкес валюталық реттеу жөніндегі барлық нормативтiк құқықтық актiлер қабылданып, жаңа немесе өзгертілген редакцияда қолданылуда.
      Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мынадай iс-шаралар жүзеге асырылды:
      1) валюталық операцияларды лицензиялаған кезде (резидент еместердi экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша кредиттеудi қоспағанда) қаржыландыру көзiн (жеке тұлғалар үшiн 10 мың доллардан астам, заңды тұлғалар үшін - 100 мың доллардан астам), салым объектісiнiң құнын растауды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындардың 100 мың АҚШ доллары баламасынан астам барлық валюталық операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келiсiмiн қоса алғанда, талап етiлетiн құжаттардың тiзбесi кеңейтiлген;
      2) 10 мың долларға дейiнгi экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша лицензиялаудың ең төменгі шегі ұлғайтылды. Сонымен қатар, ең бастысы, сомасы лицензиялау шегiнен төмен келісiм-шарттар бойынша тұрақты жиынтық дебиторлық берешекті бақылау мәселесiнiң және шектеу шараларының шешілмеуiнен және уәкiлетті банктер мен валюталық бақылау органдары арасындағы ақпараттық өзара iс-әрекет жүйесiн негiздi қайта қарау қажеттілігінен экспорт-импорт мәмiлелерiн бақылаудың екi деңгейлi жүйесi қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдер шеңберiнде iске асырылған жоқ. Осы айтылғанға байланысты, экспорт-импорт мәмiлелерiн бақылаудың екi деңгейлi жүйесiн енгізу 2007 жылдың бас кезiне таман аяқталады және қайтару туралы талаптың сақталуын қамтамасыз етуге арналған, бақылаудың екi деңгейлi жүйесінің мақсаттары мен тәсiлдерiне барынша сәйкес келетiн экспорт-импорт валюталық бақылаудың жаңартылған және жеңiлдетiлген жүйесiнiң бiр бөлiгі болады;
      3) капитал ағындарына байланысты тәуекелдердi азайту жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, сыртқы елдiк тәуекелдер республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының сценарийлерi шеңберiнде төлем теңгерiмiн талдағанда және болжам жасағанда бақыланып отырады әрi ескерiледi. Қазақстан Республикасының Салық  кодексiне  жеткіліктi капиталдандыру ережесi енгiзiлдi, бұл сыртқы борыштың қолайлылығын бағалаудың басты өлшемдерiн жақсартуға және халықаралық резервтер деңгейiнiң жеткiлiктi болуымен қатар қысқа мерзiмдi перспективада шетелдiк өтiмділікке және ұзақ мерзiмдi перспективада төлем жасау қабiлетiне байланысты болуы мүмкiн проблемалардың осал жақтарын азайтуға жанама ықпал етуге тиiс;
      4) Ұлттық Банк басқа арналар бойынша ақпараттың қайталануына жол бермеу, төлем теңгерiмi мен сыртқы борыш жөнiнде жетiспейтiн талдау ақпаратын алу мақсатында, сондай-ақ жүргізiлетiн операциялардың берiлген лицензиялардың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
      Сонымен бiрге, валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру үшiн қажеттi шарт болып табылатын қаржы секторының тәуекелдерiн азайту және пруденциалдық реттеудi жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 25 шiлдедегі N 250  қаулысымен  Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекiтiлдi. 2003 жылы барлық екiншi деңгейдегi банктер банктерде тәуекелдердi басқару жүйелерінің бағасы және олардың бар екенiн растау мазмұндалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептерiн ұсынды. 2003 жылдың iшiнде банктер аудиторлық ұйымдардың және Ұлттық Банктiң ескертулерiне сәйкес көрсетiлген жүйелердi ұйымдастырудағы кемшiлiктердi жою жөнiндегi жұмысты жүргiздi. Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 434  қаулысымен  Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық қабылданды. 2003 жылғы 4 шiлдеде " Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы " және 2003 жылғы 10 шiлдеде " Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, олар 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі құрылды.
      "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге (ақтауға) қарсы iс-әрекеттер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу, сондай-ақ iшкi валюта рыногындағы валюталық операциялардың жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 73  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметі заң жобалау жұмыстарының 2004 жылға арналған жоспарында және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 287  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында көзделген.
      Валюталық реттеудiң жаңа рәсiмдерiн және валюталық режимдi ырықтандырудың тәсiлдерiн пысықтау және жетiлдiру мақсатында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзiрлеу мерзiмдерiн ауыстыру туралы шешім қабылданды.
      "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2004 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзiлетiн болады және осы Бағдарламаға сәйкес валюталық режимдi ырықтандырудың бiрiншi кезеңiнiң iске асырылуын аяқтай отырып және екiнші кезеңiн жүзеге асыру үшiн қажетті нормативтік құқықтық базаны құра отырып 2005 жылы күшіне енедi.
      Заң базасы негiзiнде 2005 жылы заң аясындағы бiрыңғай нормативтік құқықтық кесiм әзiрленетiн болады, ол экспорт-импорт валюталық бақылау және айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті реттеу рәсiмдерiн қоспағанда, валюталық операцияларды жүргiзудiң тәртiбi мен барлық рәсiмдерiн айқындайтын болады.

  3. Валюталық ырықтандырудың проблемалары мен перспективаларының қазiргi жай-күйiн талдау

      Капитал ағынына шектеулердi жою сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың әкiмшiлiк шығасыларын азайтумен жалғасады, бұл кәсiпкерлiк қызметтің кең еркiндiк алуын қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, валюталық режимдi ырықтандыру процесiнде капиталды жұмылдыруға байланысты тәуекелдерге бiрдей жауап беретін тиiмдi экономикалық саясатты жүргiзуге қойылатын талаптар артады, мұндай жағдайда рынок субъектілерiнiң ішкі немесе шетелдiк активтерге салымдар туралы шешiмдер қабылдауы экономикалық факторлармен айқындалады, мұндайда әкiмшілiк шығасылардың ықпалы барынша азаяды. Осы тұрғыдан алғанда, валюталық режимдi ырықтандыруға тiкелей немесе жанама түрде байланысты мынадай мәселелер қарастырылуы тиiс.

3.1. Капитал ағындарының құрылымы

      Төлем теңгерiмiндегi капиталдың ағындарын талдау, егер 1995-2000 жылдардағы кезеңде капиталды әкелудiң және әкетудiң негiзгi көздерi сыртқы сауда операциялары болса, ал соңғы жылдары резиденттердiң халықаралық қаржы рыногына және капитал рыноктарына қатысуының жандана түскенiн көрсетедi (1-кесте).
                                                           1-кесте
                           Капитал ағындары
                                                     млн.АҚШ долл.
___________________________________________________________________
                       2000    2001    2002   2003  | Анықтама үшiн
                                                    |--------------
                                                    | 1995-  2001-
                                                    | 2000   2003

Капиталдың
әкелiнуi           16928,1  21289,8  25122,6  33580,6  100%  100%

Тауарлар және
қызмет көрсету     10948,7  10899,1  12321,5  15897,6  65%   49%
экспорты

Кiрiс                138,6    230,8    241,4    272,5  1%    1%

ШТИ                 2693,2   4665,0   4121,6   4457,1  14%   17%

Портфельдiк
инвестициялар         30,4    134,2     53,5    212,3  1%    1%

Басқа инвестициялар 2698,5   4873,8   7621,7  12255,7  17%   31%

Оның iшiнде
мемлекеттік          160,8    372,6    441,8    537,2  4%    2%
басқару секторы

Оның iшiнде мемле.
кеттік емес,         547,6    790,9   1933,4   3868,7  3%    8%
банк секторы

Қысқа мерзiмдi       472,1    640,1   1463,8   2315,1  2%    6%

Ұзақ мерзiмдi         75,6    150,8    469,7   1553,6  0%    3%

Оның iшiнде
мемлекеттiк емес,   1990,1   3710,4   5246,5   7849,8  11%   21%
банктік емес сектор

Қысқа мерзiмдi      1485,5   2502,5   3544,3   5225,7  7%    14%

Ұзақ мерзiмдi        504,5   1207,9   1702,2   2624,2  4%    7%

Капиталдың
әкетілуi          -16787,4 -20905,0 -24587,5 -32047,1  100%  100%

Тауарлар және
қызмет көрсету     -9380,6 -11103,2 -12173,7 -14060,8  66%   48%
импорты

Кiрiс              -1392,7  -1467,8  -1368,8  -2013,4  5%    6%

ШТИ                -1415,0  -1804,4  -1958,2  -2269,1  4%    8%

Портфельдiк
инвестициялар        -85,5  -1451,6  -1300,3  -2073,3  0%    6%

Басқа
инвестициялар      -3059,0  -3803,3  -7173,4  -9869,7  14%   27%

Оның iшiнде
мемлекеттік         -520,5   -110,9   -133,4   -315,1  1%    1%
басқару секторы

Оның iшiнде
мемлекеттік емес,   -228,2   -421,7  -1621,1  -2035,0  3%    5%
банк секторы

Қысқа мерзiмдi      -180,2   -350,6  -1542,0  -1551,3  3%    4%

Ұзақ мерзiмдi        -48,0    -71,1    -79,2   -483,6  0%    1%

Оның ішiнде
мемлекеттік емес,  -2310,3  -3270,7  -5418,9  -7519,7  9%    21%
банктік емес сектор

Қысқа мерзiмдi     -1634,6  -2184,9  -4087,6  -5672,0  6%    15%

Ұзақ мерзiмдi       -675,7  -1085,7  -1331,3  -1847,7  4%    6%

Қателер және қалып
қойғандар           -994,5  -832,3       0,0  -1097,8  7%    2%

сыртқы сауда
айналымынан үлес     -5,2%   -4,0%      0,0%   -3,9%
(тауарлар және
қызмет көрсету)

Резервтiк активтер.
дiң өсуi             140,7    384,7    535,1   1533,5

капиталдың жалпы
ағынынан үлес        0,8%     1,8%     2,1%    4,6%     1%    3%

Анықтама үшін
"Капиталдың жылыс.
тауы"               -1143,5  -514,8   -543,3  -1544,1

тауарлар және
қызмет көрсету      -10,4%   -4,7%    -4,4%   -9,7%     -9%   -7%

экспортынан үлес
капиталдың жалпы    -6,8%    -2,4%    -2,2%   -4,6%     -6%   -3%
әкелiнуiнен үлес

сыртқы сауда
айналымынан         -5,9%    -2,5%    -2,4%   -5,5%     -5%   -3%
үлес
__________________________________________________________________

      Ескерту: 1. Капитал ағындары төлем теңгерiмiнiң барлық плюстерiн (әкелу) және минустерін (әкету) жинақтайды, сондықтан да төлем теңгерiмінің көрсеткiштерiнен айырмашылығы болады.
      2. Капиталдың жылыстауы мемлекеттік емес банктiк емес сектордың қысқа мерзiмдi операцияларының таза сальдосы ретінде есептеледi, оған төлем теңгерiмінің қателiктерi мен қалып қойғандары қосылады.

      Төлем теңгерiмінің ақпараты бойынша шетелдiк тiкелей инвестициялар (ШТИ) ағыны өткен бес жылдық кезеңдегi 22%-ға қарағанда 2000-2003 жж. тауарлар, қызмет көрсету импортының орташа алғанда шамамен 36%-ын қаржыландырды. Қайтарылған кiрiстердiң, оның iшiнде тiкелей инвесторлар кiрiстерінің үлесi тауарлар, қызмет көрсету экспортына қарағанда 10-12% деңгейiнде тұрақты сақталуда. Жеке сектордың қысқа мерзiмдi операцияларының өсуiне қарамастан, соңғы 3 жылда қысқа мерзiмдi капиталды әкелу оны әкетудiң орнын жабады. Осы ағындар ең алдымен, өндiрiстік және қаржылық қызметтің нақты жағдайларына байланысты операциялардың басым бөлігін көрсететінiн ескере отырып, қысқа мерзiмдi операциялар үлесiнiң өсуiн алыпсатарлық капитал ретiнде бiржақты қарастыруға болмайды.
      Ұзақ мерзiмдi капитал бойынша салыстыру тиiстi кезеңде әкелудiң әкетуден 1,5 есе артқанын көрсетедi. Сонымен бiрге, капиталдың жылыстауы 1995-2000 жылдардағы кезеңдегi тиiсiнше 9% және 6%-бен салыстырғанда 2001-2003 жылдардағы кезеңде орташа алғанда тауар және қызмет көрсету экспортының 7%-ын немесе капиталдың жалпы әкелiнуiнiң 3%-ын құрайды, бұл "капиталдың тұрақтамау" көлемiнiң бiршама төмендегенін көрсетедi.
      Тұтастай алғанда, қысқа мерзiмдi қаржы операциялары үлесiнiң өсуiне қарамастан, капитал ағындарының құрылымы мейлiнше тұрақты. Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымының деректерi бойынша, Қазақстанның жинақталған сыртқы мiндеттемелерiнің 60%-ын шетелдiк тiкелей инвесторлар қамтамасыз етедi. Жиынтық қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң үлесi республиканың сыртқы мiндеттемелерiнiң 6-8%-ы деңгейiнде қала отырып, iс-жүзiнде өзгермейдi. Резиденттер активтерінің құрылымындағы едәуiр үлесте Ұлттық Банктiң ұзақ мерзiмдi шетелдiк активтерi құрайды, ал жеке сектор болса, ұзақ мерзiмдiден гөрi қысқа мерзiмдi сыртқы активтердi жөн көредi.
      Орташа мерзiмдi болашақта ШТИ-дың таза ағынының бiршама қысқаруы шетелдiк қатысуы бар компаниялардың ұзақ мерзiмдi заем капиталын тартумен өтелетiн болады. Солтүстік Каспийдiң жаңа кен орындарын өнеркәсiптiк пайдаланудың басталуына байланысты экспорттан түсiмдердiң көбеюi экономикадағы iшкi жинақ ақшаның өсуiн ынталандыра отырып, сол арқылы резиденттердiң сыртқы рыноктарға қатысу ауқымдарының өсуiне ықпал етедi.

  3.2. Валюталық режимдi ырықтандыру бойынша
жүзеге асырылатын шаралардың тиімдiлiгi

      Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау жөніндегі ақпаратты талдау инвестицияларды жүзеге асыру және жеке тұлғалардың шоттар ашу тәртiбiн жеңiлдету, резидент еместерге банктер беретiн кредиттердi лицензиялауды жою, сондай-ақ экспорттан түскен валюта түсiмдерiн және импорт бойынша орындалмаған аванстық төлемдердi қайтару мерзiмiн ұзарту (Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасының iс-шараларын жүзеге асыру) 2003 жылы берiлген лицензиялар санын екi еседен астам азайтуға мүмкiндiк бердi (2-кесте).

                                                      2-кесте

                Oперациялардың түрлерi      | Лицензиялардың саны
                                            |----------------------
                                            | 2001  | 2002 | 2003

Инвестициялар, барлығы                         59      47      24
жеке тұлғалар                                  19      20      11
банктік емес заңды тұлғалар                    38      26      13
банктер                                        2       1       0

Кредиттер, барлығы                             20      17      26
жеке тұлғалар                                  0       0       5
банктiк емес заңды тұлғалар                    14      10      21
банктер                                        6       7       0

Импорт операциялары бойынша резидент еместердi 1056    1422    556
кредиттеу, барлығы                             
жеке тұлғалар                                  2       0       0
банктік емес заңды тұлғалар                    1051    1416    556
банктер                                        3       6       0

Тауарлар экспортына ақы төлеуге валюталық      366     501     258
түсiм алу мерзiмiнiң асып кетуi, барлығы
жеке тұлғалар                                  0       0       5
банктiк емес заңды тұлғалар                    366     501     251
банктер                                        0       0       2

Зейнетақы активтерiн инвестициялау
(бас лицензия)                                 2       1       1

Жылжымайтын мүлiк құқықтарына ақы              17      26      22
төлеу, барлығы
жеке тұлғалар                                  0       1       0
банктiк емес заңды тұлғалар                    17      25      22

Шоттар ашу, барлығы                            57      65      58
жеке тұлғалар                                  0       8       3
банктік емес заңды тұлғалар                    57      56      54
банктер                                        0       1       1

Үшiншi тұлғалардың шоттарына есептеу, барлығы  0       0       0

Валюталық құндылықтарды сенімгерлiк
басқаруға беру                                                 0

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операциялары                                           144      107

Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауда               4        5

Жиынтығы                                        1577   2227     1057
жеке тұлғалар                                   21     29       24
банктiк емес заңды тұлғалар                     1545   2183     1030
банктер                                         11     15       3

      Берiлетін лицензиялардың шамамен 85%-ы резидент еместердiң экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша мiндеттемелерiнің орындалуын кейiнге шегеруге байланысты операцияларға тиесілі, олар бойынша жалпы сома лицензияланатын капиталды әкетудiң жалпы сомасының 90%-ына жуығын құрайды. Сонымен бiрге, бiрқатар лицензиялауға жататын операциялар бойынша, атап айтқанда резидент еместерден алынған кредиттердi үшіншi тұлғалардың шоттарына есептеуге және валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беруге лицензиялар берiлген жоқ, бұл осы нормалардың тиiмдi болмауын, осы операцияларды жүргізудiң басқа мүмкiндiктерiнің болуын, не резиденттердiң оған мүдделi болмауын бiлдiредi.
      Сонымен бiрге, резиденттердiң еншiлес ұйымдар құруына байланысты валюталық операцияларды ырықтандыру шет елдегi рыноктарда тiкелей инвестициялау операцияларын жандандырды. 2003 жылғы 2-жартыжылдықта жүзеге асырылған резиденттердiң шетелдiк компаниялардың акционерлiк капиталына тiкелей инвестицияларының жалпы сомасы жылдың бiрiншi жартысындағы деректерден 3 есе дерлік асты, оның iшiнде тiркелген шарттар бойынша операциялар (еншілес ұйымдарға инвестициялар) 2003 жылғы 2-жартыжылдықтағы тiкелей инвестициялардың жалпы сомасының 32%-ы болды.

  3.3. Банк секторының тұрақтылығы

      Банк секторының операциялық және рыноктық тәуекелдерге байланысты тұрақтылығын бағалау, тұтастай алғанда, қазақстандық банктердiң сыртқы және iшкi конъюнктураның өзгерiстерiне тиiмдi iс-әрекет жасауға қабiлеттi екендiгiн көрсеттi. Сыртқы қарыз алудың, оның iшiнде қысқа мерзiмдi қарыздың барынша ұлғая түсуiне қарамастан, 2003 жылы активтер мен мiндеттемелердiң (шартты мiндеттемелердi қоса алғанда) арақатынасы шамалы ғана өзгердi (3-кесте). Сыйақы ставкаларының өзгерiстерiне (ГЭП) ұшырайтын банктердiң активтерi мен мiндеттемелерiнің көлемiн салыстыру банктiң пайыздық тәуекелге ұшырауына өзiнiң бейiмдiлiгiн бiртiндеп азайтуын көрсетедi. Сыйақы алуға (төлеуге) байланысты активтер мен мiндеттемелер арақатынасының өзгермегенін ескере отырып, банк жүйесi кiрiстiлігінің спрэдiн шамалы ғана азайту теңге нығаюының ықпалын, депозиттерге қарастырғанда кредиттер үлесiнің көбеюiн, жеке тұлғалардың тартылған депозиттерi бойынша ставкалармен салыстырғанда кредиттер бойынша ставкалардың барынша көп төмендеуiн көрсетедi. Алайда тұтастай алғанда негізгі банк операцияларынан түсетiн кiрiстiк Шығыс Еуропа елдерiндегі кiрiстілiктен жоғары деңгейде сақталып отыр, ал сыйақы әкелетiн активтердiң өсуiнiң жалғасуы болашақта банктердiң кiрiстiлігiн тұрақтандыруға тиiс.

                                                     3-кесте
       Банк секторы тұрақтылығының салыстырмалы көрсеткiштерi

                                         кезеңнiң аяғында

                                     2000   2001    2002     2003

Пайыздық ставкалар өзгерiстерiнiң
тәуекелге ұшырауға бейiмдiлігі
Активтер мен мiндеттемелердiң мер.
зiмдерiн салыстыру (1 жылға дейiн) 1   0,49   0,47    0,63    0,57
Қаржы активтерi мен мiндеттемелерi
бойынша ГЭП (90 күнге дейiн) 2         -14%   -12%    -9%     -5%
 Сыйақы маржасы 3                              11%    11      10%
 Спрэд 4                                       7%     7%      6%
 Сыйақы есептелетін орташа активтер          113%   109%    109%
 мен мiндеттемелердiң қатынасы 5

Кредиттердiң депозиттерге қатынасы  0,90   0,97    0,98    1,02

Валюталық тәуекелге ұшырауға
бейiмділік
 Шетел валютасындағы активтердің
 үлесі                              48%    55%     67%     57%

 Шетел валютасындағы міндеттеме.
 лердің үлесі                       59%    71%     69%     62%
 Шетел валютасындағы активтер мен   0,99   1,09    1,09    1,02
 мiндеттемелердiң арақатынасы
 Резидент еместерге қатысты
 активтердiң үлесi                  11%    10%     18%     17%
 Резидент еместер алдындағы
 мiндеттемелердiң үлесi             14%    19%     29%     39%

Экономиканың нақты секторына
байланысты тәуекелге ұшырауға
бейімдiлiк 6
 Активтердiң шоғырлануы             908    924     1058    1081
  оның iшiнде шетел валютасындағы   902    945     1050    1116
 Мiндеттемелердiң шоғырлануы        867    1123    1080    813
  оның iшiнде шетел валютасындағы   1114   1673    1681    1337

      2003 жылы теңгенiң нығаюы активтер мен мiндеттемелердi долларсыздандыруға оң ықпал етті. Тұтастай алғанда, шетел валютасындағы активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы жеткiлiктi түрде тұрақты, яғни валюталық міндеттемелер мен активтердiң сәйкес келмеуiне байланысты валюталық тәуекелдiң ұлғаюы болмайды. Екінші деңгейдегi банктердiң қаражатты ішкі активтерге инвестициялау лимитi ішкі ресурстардың әкетілуiн шектейдi. Сонымен қатар, банктер iшкi активтермен, әсiресе әлемдiк төмен пайыздық ставкалар және теңгенi нығайту жағдайында - iшкi активтерге, тең бiрлiкте орналастырудың белгiленген лимитi кезiнде жұмыс iстеудi артық санауда, 01.01.2004 жылы нақты коэффициент 1,39 болды.
      Херфиндаль-Хиршман индексi тұтастай алғанда, экономикалық қызмет түрлерi бойынша шоғырланудың бiрқалыпты екенін көрсетедi 7 , сонымен бiрге мiндеттемелердi шоғырландыру деңгейi активтердi, әсiресе шетел валютасымен көрсетiлгендерiн шоғырландыру ұлғайған кезде төмендейдi. Сонымен қатар банк секторы экспортқа бағдарланған кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiне қарағанда ауыл шаруашылығындағы, саудадағы, құрылыстағы және қаржы делдалдығы секторындағы жағдайларға көбiрек тәуелдi болады. Осылайша, iшкі факторлар, әлемдiк пайыздық ставкалар әлемдiк тауар рыноктарындағы ахуалға қарағанда банк секторының қаржылық жай-күйiне барынша ықпал етеді.
_______________________
      1 Банктер активтерiнiң мiндеттемелерге арақатынасы (шартты міндеттемелердi қосқанда)
      2 Сыйақы ставкаларының өзгерiстеріне ұшыраған банк aктивтері мен міндеттемелерiнiң көлемін жиынтық қаржы активтерімен салыстыру
      3 Банк жүйесінің орташа активтеріне (екі жылда) сыйақы алуға байланысты кiрiс
      4 СПРЭД = (сыйақы әкелетін орташа активтерге сыйақы алуға байланысты кiрістердiң қатынасы, минус сыйақы төлеуге байланысты шығыстар пайда болатын орташа мiндеттемелерге сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың қатынасы)
      5 2003 жылғы қыркүйектің аяғындағы жағдай бойынша орташа активтер мен мiндеттемелер жылдық есептеуде түзетілген
      6 Экономика секторы бойына активтер мен мiндеттемелердiң шоғырлануын көрсететiн индекс - Херфиндаль-Хиршман индексi
      7 Индекстің мәнi мынадай шектерде болған кезде (1000 < Іh < 1800) рынок бiрқалыпты шоғырландырылған болып есептеледi.

  3.4. Макроэкономикалық ахуалдың
сыртқы факторларға тұрақтылығы

      Валюталық режимдi ырықтандыру макроэкономикалық дамудың тұрақтылығы тұрғысынан қарағанда егер ұлттық валютаның қалыптасқан айырбас бағамы нақты iшкі және сыртқы тепе-теңдiк жағдайларына сай келмесе, жағдайдың тұрақсыздығы тәуекелiмен қоса жүредi. Атап айтқанда, капиталдың әкетілуiн ырықтандыру жағдайында ұлттық валютаның нақты құнын, бiрдей жағдайлар бойынша iшкi пайыздық ставкаларды және ақша-кредиттік реттеу органдарының валюталық рыноктағы алыпсатарлық көңiл-күйдi тепе-тең реттеу қабiлетін бағалау, әсiресе жағымсыз сыртқы күйзелiс жағдайында ерекше маңызды.

             Сыртқы факторлардың макроэкономикалық ахуалға
           ықпалын сипаттайтын индикативтiк көрсеткiштер 8

                                                          4-кесте

                                               2001   2002   2003

Теңгенің долларға орташа номиналдық
айырбас бағамының                              3,2%   4,5%   -2,6%
өзгеруi (теңге 1 доллар үшiн)
Теңгенiң нақты тиiмдi бағамы индексiнiң
өзгеруi, кезең iшiнде орташа алғанда 9           -0,7%  -5,0%   -5,4%

Теңгенің долларға нақты бағамы индексiнiң
өзгеруi, кезең                                 2,1%   0,3%    7,1%
iшiнде орташа алғанда 10
 
Өнiм бiрлiгiне еңбек шығыны көрсеткiшiнiң
өзгеруi, кезең iшiнде орташа алғанда          -16,3%  -10,6% -11,6%
 
Экспорттың орташа келiсiм-шарт бағасының
өзгеруi, кезең iшiнде орташа алғанда 11         -9,0%   -3,0%   19,0%
 
Импорттың орташа келiсiм-шарт бағасының
өзгеруi, кезең iшiнде орташа алғанда 12          4,1%    -4,6%  4,8%
 
АҚШ-тың және Қазақстанның МБҚ-ның пайыздық     1,7%     3,3%  4,4%
ставкалары арасындағы спрэд, кезең ішiнде
орташа алғанда

Кезең аяғындағы жалпы халықаралық активтерге   89,30   101,80 96,70
М2, %
 
Жиынтық халықаралық резервтер, кезең
аяғында, млн. долл.                           2508    3141   4962,1
 
 тауарлар мен қызмет көрсету импорты,
 ай бойынша                                    2,9     3,3    4,5
 
 қысқа мерзiмдi сыртқы борыштың орнын жабу     2,17    1,71   1,76

      Нақты айырбас бағамына байланысты жағдай резиденттер нақты айырбас бағамы өзгеруiнiң болжамдылығы мен тұрақтылығына қарағанда бағаның өсу қарқынының болжамдылығы мен тұрақтылығына көбiрек сенiмдi болған кезде нақты болуы мүмкiн экономиканың долларлануын төмендетудiң негiзiн қалайтын тетiкті тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк бередi.
      Тәуекелсiз активтер бойынша пайыз бен Қазақстанның мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша айырбас бағамының өзгеруiне түзетiлген проценттiк ставкалар арасындағы спрэд 1998-99 жылдардағы 10-11%-бен салыстырғанда кезең iшiнде орташа алғанда 3%-ға дейiн қысқарды. Осылайша ұлттық валюта қымбаттаған жағдайда ел тәуекелiнiң төмендеуi Қазақстан Республикасына капиталдың тұрақты әкелiнуiне жағдай жасайды.
      Тұтастай алғанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтерiнің деңгейi белгіленген айырбас бағамы режимi бар елдер үшін де жеткіліктi болып табылады, бұл алыпсатарлық көңiл-күйдi тиiмдi басқаруға және сыртқы конъюнктураның өзгеруiне уақтылы көңiл бөлуге мүмкiндiк бередi.
___________________
      8 Көрсеткіштердi Ұлттық Банк есептеген
      9 Индекстің төмендеуi ұлттық валютаның нақты құнсыздануын білдiредi
      10 индекстің өсуi ұлттық валюта бағамының көтерiлуiн бiлдiредi
      11 Индекстер алдыңғы 3 жылдық кезеңнiң үлес салмағы пайдаланыла отырып, кеден статистикасының деректерi негізiнде есептелген
      12 қазақстанның МБҚ-ның проценттік ставкалары өткен кезең үшін жылдық eceптеуде долларға қарағанда теңге бағамының өзгеру қарқынына қарай түзетілдi.

  3.5. Валюталық режимдi ырықтандыру
жағдайларындағы ақша-кредит саясаты

      Ақша-кредит саясатының тиiмдiлігін бағалаудың жалпыға бiрдей моделiне сәйкес ("сыйыспаушылық үшбұрышы") мақсатты өлшемдердi таңдаудың үш балама нұсқасы бар:
      1) ақша-кредит саясатының негізгі мақсатты көрсеткiшi ретiнде айырбас бағамын таңдаған кезде капиталды барынша жұмылдыру (белгіленген айырбас бағамының түрлi режимдерi);
      2) инфляцияның төмендеуiне, не экономикалық өсуге жағдай жасауға бағдарланған дербес ақша-кредит саясатын сақтай отырып, капитал қозғалысына шектеулер қоймау (еркiн өзгермелі айырбас бағамының режимi);
      3) ақша-кредит саясаты капитал қозғалысына шектеулердi сақтай отырып, сонымен қатар айырбас бағамының белгiленген деңгейiне және инфляцияның төменгi қарқындарына қолдау жасауға бағдарланған (аралық режимдер).
      Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бағалардың мақсатты өсу қарқындарына қол жеткiзуге бағытталған дербес ақша-кредит саясатын жүргiзудi болжайды. Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың тұжырымдамасында және осы Бағдарламада ақшаның толық айырбасталуын қамтамасыз ету бағыты айқындалған. Осылайша, ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары айқын белгіленген.
      Қазақстан экономикасындағы мынадай жағдайлар Ұлттық Банктің iшкi валюта рыногындағы саясатының мiндеттерiн айқындайды:
      экономиканың әлемдiк тауарлар рыногындағы ахуалға едәуiр тәуелдiлігі,
      экономиканың қаржы және нақты секторларын долларландырудың бiршама жоғары деңгейi,
      iшкi валюта рыногының бiршама жоғары дәрежеде шоғырлануы,
      мерзiмдi қаржы құралдарының дамыған рыногының болмауы,
      валюта бағамының күрт өзгеруiне халық күтулерiнің сезiмталдығы.
      Осы факторлар негізгі мақсаты алыпсатарлық күрт ауытқуларды жұмсарту болатын Ұлттық Банктiң iшкi валюта рыногына шектеулi қатысуының қажеттігiн айқындайды. Мұндай саясаттың дұрыс екендiгі объективтi түрде дәлелдендi және оны Ұлттық Банк жалғастыратын болады. Сонымен қатар, айырбас бағамына қатысты Ұлттық Банк жүзеге асыратын саясат жоғарыда келтiрiлген модельмен және мынадай себептерге байланысты капиталды жұмылдыру жағдайларында инфляцияны таргеттеудi таңдап алған елдердiң халықаралық тәжiрибесiмен толық келiсiледi:
      айырбас бағамының алыпсатарлық ауытқуларын жұмсартудың қысқа мерзiмдi әсерi болса және айырбас бағамын өзгертудiң мақсатты бағытын белгiлеуге жол берiлмесе, не оның ұзақ мерзiмдi трендiн түзетпесе, инфляциялық таргеттеу баға өзгерiсiнiң ұзақ мерзiмдi мақсатты өлшемдерiне қол жеткiзуге бағытталатын болады. Осылайша ұзақ мерзiмдi қайшылықтар орын алмайды;
      жоғарыда келтiрiлген талдау капитал ағындары құрылымының барынша тұрақты екендiгін және капиталдың қысқа мерзiмдi ағындары қысқа мерзiмдi перспективада ақша-кредит саясатының дербестігіне айтарлықтай қауiп тудырмайтынын көрсетедi.
      Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 шілдедегі N 753  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес трансмиссиялық тетiктi әзiрлеу және мақсатты деңгейлерге қол жеткiзу рәсiмдерiн айқындау көзделiп отыр. Шығыс Еуропа, Латын Америкасы мен басқа елдердiң операциялық және мақсатты көрсеткiштердi таңдау жөніндегі тәжiрибесi, әсiресе операциялық индикатор ретiнде проценттiк ставка мен айырбас бағамның комбинацияларын көрсететiн Монетарлық Шарттар Индексiн белгiлеу практикасы зерделенетiн болады.
      Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы Ұлттық Банктiң реттеушi мүмкiндiктерiн ұлғайтатын жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ақша-кредит саясатының қолда бар құралдарын дамытуды болжайды, бұл қаржы рыногының икемдiлiгін арттырады әрi оған тән бiрқатар тәуекелдердi азайтуға мүмкiндiк бередi. Валюталық режимдi кезең-кезеңiмен ырықтандыру осы iс-шараларды жүзеге асыруға негіз жасайды, бұл кейiннен Ұлттық Банктiң, тiптi қысқа мерзiмге болса да, валюта рыногына қатысу дәрежесiн азайтуға ықпал ететін болады.
      Қорытынды: Қазақстанның экономикалық дамуын талдау валюталық режимдi неғұрлым белсендi ырықтандыру мен ұлттық валютаны ағымдағы және күрделi операциялар бойынша 2007 жылы толық айырбастауға көшiру үшiн қажеттi жағдайлар жасалғанын көрсетедi. Өнiмділіктiң артуы және әлемдiк тауар рыноктарындағы тұрақты жоғары бағалар, экономиканың долларсыздануы, жауапты бюджет саясаты және халықаралық резервтердiң жеткiлiктi деңгейi, сондай-ақ қаржы секторының тұрақтылығын арттыру үшiн жүргізiлетiн саясат жағдайларында нақты айырбас бағамының тұрақты серпiнi Қазақстан экономикасы ұшырайтын ықтимал сыртқы күйзелiстi тиiмдi жұмсартуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар индустриалдық-инновациялық дамыту саясатын iске асыру, экономиканы, әсiресе қызмет көрсету секторын монополиясыздандыру, қаржы секторын реттеудiң халықаралық стандарттарына өту және әкiмшiлiк режимдi одан әрi жеңiлдету капитал қозғалысына қойылатын шектеулердi жоюдан болатын оң әсердi тиiмдi түрде iске асыруға мүмкiндiк бередi.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Осы Бағдарламаның негiзгi мақсаты валюталық операцияларды жүргiзуге шектеулердi кейiннен жою және 2007 жылдан бастап ұлттық валютаның толық айырбасталуына көшу үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
      Осы мақсатты негізге ала отырып, Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешуге бағытталады:
      1. Валюталық реттеу мен бақылау режимiн оңтайландыру:
      1) валюталық заңнаманың қайталанатын талаптарын жою - егер бастапқы мәмiле валюталық заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылса, кейiнгі валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi бар мүмкiндiгінше жою. Мысалы, егер резидент резидент еместен белгіленген тәртiппен тiркелген тартылған кредит бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету ретiнде қаражат есептеу үшiн шет елде шетелдiк банкте шот ашатын болса, онда мұндай жағдайда шотты ашуға лицензия алу талап етiлмейдi;
      2) егер операциялармен қоса жүретiн тәуекелдер және оларды жүргізу тәртiбi пруденциалдық қадағалаумен және құқықтың басқа салаларының, атап айтқанда банк, сақтандыру заңнамасының және бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнаманың нормаларымен тиiмдi реттелетiн болса, валюталық заңнаманың қаржылық ұйымдардың валюталық операцияларды жүргізу тәртібiн реттейтiн нормаларын алып тастау.
      2. Ырықтандырудың екiншi кезеңi шеңберiнде ұзақ мерзiмдi тұрақты сипаты бар капиталдың, ең алдымен тiкелей инвестициялар мен заемдардың әкелінуі мен әкетілуiне қатысты валюталық реттеудiң режимiн теңестіру.
      3. Валюталық операцияларды жүргізген кезде тәуекелдердi хеджирлеу құралдарын неғұрлым белсендi пайдалану үшiн жағдайлар жасау. Валюталық реттеу жүйесi сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың хеджирлеу стратегиясын iске асыруына кедергі жасамауға тиiс.
      4. Ақша-кредит саясатының мақсаттарына және Қазақстан экономикасы ұшырайтын сыртқы күйзелiстердi реттеуге байланысты шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын одан әрi жетілдiру үшiн жағдайлар жасау.
      5. Қаржылық ұйымдардың валюталық операцияларын реттеу мен қадағалаудың халықаралық қағидаттарына толық өтудi қамтамасыз ету. Осы мiндеттi жүзеге асыру валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердi реттейтiн қаржылық қадағалау стандарттарын жетiлдiру үшiн жағдайлар жасауды болжайды.

  5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетігі

      Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн негiзге ала отырып, Бағдарламаны iске асырудың мынадай бағыттары ерекшеленедi:
      1. Iшкi және сыртқы тәуекелдердi сандық және сапалық бағалау. Орталық банкке тәуекелдер, ағымдағы экономикалық жағдай және оны дамыту перспективалары мен ақша-кредит саясаты бойынша дер кезiнде бiрдей шешiмдер қабылдау туралы объективтi мәлімет алуға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер жүйесiн құру.
      2. Қазiргі кезде қолданылатын валюталық шектеулер мен тәуекелдердi реттеу тетiктерінің тиiмдiлігін бағалау негізiнде валюталық операциялар жүргізуге қойылған шектеулердi бiртiндеп жою. Пруденциалдық және қаржылық қадағалау шараларын, ақша-кредиттік және валюталық реттеу шараларын, валюталық операциялардың жекелеген субъектісi деңгейiнде тәуекелдердi, қаржы секторының және тұтастай алғанда экономиканың тәуекелдерiн тиiмдi басқаруды iске асыру тұрғысынан алғанда жетiлдiрiлуi қажет қаржы рыногы құралдарын талдау және валюталық режимдi толық ырықтандыруға бағыттау.
      3. Валюталық заңнаманың нормаларын және Қазақстан үшiн неғұрлым мақсатқа сай болып табылатын халықаралық практикаға сәйкес 2007 жылдан кейiн сақталуға тиiстi валюталық операцияларды жүргiзу тәртiбiне қойылатын талаптарды айқындау.

  5.1. Тәуекелдердi сандық және сапалық бағалау

      1. Халықаралық Валюта Қорының валюталық режимдi ырықтандыру мәселелерi бойынша техникалық көмек миссиясы сыртқы күйзеліс индикаторларын iшкi қаржылық сектордың жай-күйi және оның сыртқы конъюнктураның жағымсыз дамуына әсер ету қабiлеті туралы бiрдей мәлімет алуға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi; капитал ағыны және оны пайдалану, валюталық активтер мен пассивтердiң құрылымы жөніндегі жан-жақты ақпаратты қамтитын ерте хабардар ету индикаторлары жүйесiн құру қажеттігін бiрнеше рет атап көрсетті. Бұл жүйе капитал қозғалысына әкiмшiлiк шектеулердi жою жағдайында ақша-кредит саясатын неғұрлым тиiмдi жүргізуге мүмкiндiк бередi және Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеудiң классикалық жүйесiне көшуiн қамтамасыз етедi.
      2. Дамыған және дамушы елдердiң тәжiрибесi экономикалық даму, қаржылық тұрақтылық және қаржы рыногының субъектiлерi мен олардың клиенттерiне кәсiби талдау ақпараттарын беру тұрғысынан алғанда қаржы жүйесiнiң тәуекелдерiн бағалау мәселелерiн кеңiнен жария ету мен үрдiстерiн талдау қажет екендiгiн көрсетедi. Осы мақсатта бiрқатар орталық банктер пруденциалдық реттеу, сол сияқты макроэкономикалық факторлар, iшкi және сыртқы тәуекелдер тұрғысынан қарағанда қаржылық сектордың барлық аспектілерi жан-жақты талданатын қаржылық тұрақтылық жөніндегі есептi тұрақты жариялап отырады. Осы практиканы сондай-ақ Қазақстанда да iске асырған жөн.

  5.2.Валюталық операциялар жүргiзуге қойылатын
шектеулер жүйесiн жетілдіру

5.2.1. Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын
шектеулердiң нысандары (әлемдiк практика)

      Валюталық реттеудiң әлемдiк практикасы валюталық шектеулердiң екi негізгі нысанын бөлiп көрсетедi:
      1. Лимиттеу арқылы тiкелей әкiмшiлiк бақылау, тiкелей әкiмшiлiк тыйым салу мен валюталық операциялар жүргізуге жеке рұқсаттар (лицензиялар) беру. Рұқсат беру рәсiмi нысандандырылған (барлық қажетті құжаттары болған кезде нысандық белгілерi бойынша лицензия беру) не дискретті (рұқсат нақты жүргізiлетін операцияның экономикалық тиiмдiлігін, мәмiленiң айқындылығын, өтiнiш берушінiң адал ниетiн бағалау негізiнде берiледi) сипатта болуы мүмкiн.
      2. Сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың шешiм қабылдауына ықпал ететін жанама құралдарды қолдану. Жанама құралдар мәмiле сомасының белгілі бiр бөлiгiн белгілі мерзiмге резервтеу режимiн орнату не егер операция белгіленген мерзiмнен бұрын аяқталса, мәмiленің белгiлi бiр пайызын алуға негізделедi (валюталық операцияларға салық). "Чили салығы" ретінде белгілi валюталық операцияларға салынатын салық автономды ақша-кредит саясатын қолдау және алыпсатарлық қысымды тоқтату мақсатында қысқа мерзiмдi капиталдың әкелiнуiне қатысты жиi қолданылды. Резервтеу режимi мен валюталық операцияларға салық мәнi жағынан бiрдей, себебi олар операцияның экономикалық құнын өзгертедi. Сонымен қатар бұл капиталды әкелудiң/әкетудiң барлық ықтимал арналарына қолданылуға тиiсті болғандықтан, жеткіліктi дәрежеде шығын жұмсау тетiгi және оның iшiнде нақты өндiрiстiк және қаржылық мақсаттарға байланысты адал ниетті мәмiлелердi шектей алады.

5.2.2. Қазақстанның қолданылып жүрген валюталық
заңнамаға сәйкес валюталық реттеу органы белгiлейтiн валюталық операцияларға қойылатын шектеулер

      1. Ұлттық Банктің резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу енгiзу құқығы. Қазiргі кезде еркiн айналыста жүрмейтiн валюталармен экспорт операцияларының үлесi 20% шамасында және негiзiнен ресей рублiне сәйкес келедi. Сонымен қатар, валюталық заңдарда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың резидент еместермен жасалатын келiсiм-шарттарында тараптардың қалауы бойынша кез келген есеп айырысу валютасын белгiлеу құқығы бекiтiлген, бұл көрсетiлген нормаға қайшы келедi. Осыған сәйкес, бастапқыда еркiн айналыстағы шетел валютасымен валюталық түсiмнiң түсуiн қамтамасыз етудi нысанаға алған осы құқықты сақтау, не қандай да болмасын белгiлi бiр шетел валютасымен есеп айырысуды шектеу дұрыс емес.
      2. Ұлттық Банктiң экспорттық валюта түсiмiн мiндетті сату режимiн белгілеу құқығы. Стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды iске асырумен айқындалатын айрықша құқықтық мәртебеге сәйкес болашақта қажеттiлігі нақты емес мiндетті сату режимiн енгізген жағдайда мұнай-газ саласындағы iрi экспорттаушы кәсiпорындар тарапынан биржаға валюталық түсiмнiң айтарлықтай қосымша көлемiнiң түсуi, сөз жоқ, күмәнды. Сонымен бiрге, капиталды әкетуге қатысты валюталық режимдi ырықтандыру және заңды тұлғалардың шет елдерде шоттар ашуы жөнiндегi талаптарды жұмсарту жағдайында мұндай шектеу тиiмсiз әрi мақсатқа сай емес.
      3. Ұлттық Банктiң экономикалық қауiпсiздiкте қамтамасыз ету мақсатында жекелеген экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысу нысанына шектеулер белгiлеу құқығы. Күмәнды мәмiлелерге валюталық бақылауды жүзеге асыру және бартерлiк операцияларды барынша азайту мақсатында пайдаланылуы мүмкiн. Күмәнды мәмiлелердi, ақшаны "жылыстату" жөнiндегi операцияларды бақылау және жол бермеу мәселелерi тиісті рәсiмдер көзделуi қажет арнайы заңнамасының реттеу пәнi болғандықтан және қазiргi уақытта сыртқы саудада бартерлiк мәмiлелер көлемiнiң аз екендiгiн ескере отырып, бұл құқық валюталық заңнама арқылы реттеу пәнiнен алынып тасталатын болады.
      4. Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау. Қазақстанда капиталдың әкетiлуiне қатысты лицензиялар берудiң нысандандырылған рәсiмдерi тарихи қалыптасып отыр. Қазiргі жағдайларда бұл жүйе валюталық-қаржылық қатынастарды дамыту деңгейiне сай келуi барған сайын азайып бара жатқандықтан, Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасына сәйкес валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларға қатысты лицензиялау режимiн толық жою көзделiп отыр.

5.2.3. Қазақстан жағдайында валюталық реттеудiң
балама рәсiмдерiнiң жарамдылығын бағалау

      Валютаның әкетілуiне, не әкелiнуiне байланысты операциялар, сондай-ақ айырбас операциялары бойынша төлем теңгерiмiнiң және ұлттық валютаның тұрлаулылығына қауiп төнген жағдайда қаражаттың белгiлі бiр пайызын резервтеу режимiн белгілеу практикасын не "чили салығын" Қазақстанда пайдалану мынадай себептерге байланысты мақсатқа сай емес:
      1. Валютаның әкелiнуiне қатысты белгiлi бiр мерзiмге, көбiнесе 1 жылға дейiнгі мерзiмге резервтеудi талап ету (егер шетел капиталы елде бiр жылдан аз уақыт болса операцияларға салық енгiзу) егер кредиттер беру, бағалы қағаздарға салу және коммерциялық банктерге салымдарды жүзеге асыру арқылы әкелiнуi жүзеге асырылуы мүмкiн қысқа мерзiмдi алыпсатарлық капитал тарапынан нақты қауiп төнсе, өзiн өзi ақтаған болып есептеледi. Бұл ретте тіпті Чили жағдайында да осы салық тиiмдiлігін бағалау бiрдей емес. Қазақстан жағдайында, ішкі қор рыногындағы операциялар валюта рыногын рыноктың шектеулі өтімділігіне және резидент еместердiң мемлекеттік, сол сияқты мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыноктарының сегменттерiне ең аз қатысуына қатысты әлсiретуге қабiлетті емес. Банктiк емес заңды тұлғаларды коммерциялық және қаржылық кредиттеудi қатысты қарастырғанда, әдетте бұл кредиттер нақты мақсаттарға және белгілi бiр жобаларға берiледi, ал коммерциялық кредит жағдайында тауарлар жеткізу бойынша мiндеттемелер түрiндегі нақты активтермен қамтамасыз етiлген. Сонымен қатар Салық Кодексiне егер меншiктi капиталдың осындай өсуi болмаса, борыштық капиталды тартудың тартымдылығын азайтатын Жеткiлiктi Капиталдандыру Ережесi (ЖКЕ) енгізiлдi. Қысқа мерзiмдi депозиттерге қатысты шектеу өзiнен өзi емес, банктік жүйенiң өзiнiң өтiмдiлігін қолдау қабiлетi маңызды. Мұндай жағдайда резервтiк капиталды қалыптастыру, активтердi мерзiмдерi және валюталар бойынша салыстыру, ағымдағы өтiмдiліктің ең төменгі коэффициентi жөнiндегi талаптарға қатысты пруденциалдық реттеу неғұрлым тиiмдi болып табылады.
      2. Сыртқы сауда операциялары бойынша капиталдың әкетілуiне қатысты осы шара көбiнесе заңсыз қаражатты шет елге шығаруға бастапқыдан ниет бiлдiргендерге қарағанда, сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға қауiп төндiредi. Сонымен бiрге, оны қолданған жағдайда, кәсiпорындар айналым қаражатының елеулi көлемiн тартуға мәжбүр болады. Кредиттерге, бағалы қағаздарға инвестицияларға және қаражатты шет елдегі шоттарға аударуға қатысты кейбiр артықшылықтарымен шоттың лимитiн белгілей отырып лицензиялау талабы сақталатын болады. Бұдан басқа, қаржы ұйымдарына қатысты капиталдың ауқымды әкетiлуiн шектейтiн пруденциалдық нормативтер қолданылады.
      3. Егер капиталдың ауқымды қысқа мерзiмдi ағыны валюта рыногының тұрақтылығына қауiп төндiрмейтiн болса да, елдiң iшіндегі қол жетерлiк валюта қаражаты алыпсатарлық мақсатқа пайдаланылуы мүмкiн деген белгілі бiр қауiп бар. Бұл ретте банктерге қатысты алыпсатарлық ықтималдығы валюта позициясының лимитiн белгiлеумен реттеледi. Банктiк емес ұйымдарға қатысты, олардың көпшiлiгiне алыпсатарлық операциялар тән емес болса да, соған қарамастан, толық ырықтандыруға дейiн белгiлi бiр шектеулер, атап айтқанда, шетел валютасын белгілi мақсатқа сатып алуға және кейiннен сатуға қатысты шектеулер сақталатын болады. Сонымен қатар меншіктi валюта қаражаты бар iрi экспорттаушылардың валюталық пассивтерi мен активтерiн реттеу шешiлмеген мәселе қалпында қалып отыр. Олар айырбас бағамында тiкелей орын алмаса да, соған қарамастан, шетел валютасын сатуға өтiнiштер бере отырып және оны өзiнiң валюта шоттарында ұстай отырып, валюта рыногына әсер ете алады. Экспорттаушылар валюталық түсiмдi мiндетті түрде сатпаған жағдайларда, валюта рыногына қатысушылардың айырбас бағамының ауқымды алыпсатарлық ауытқуларын Ұлттық Банктің ұстап тұру мүмкiндiгін бағалауы неғұрлым маңызды. Шығыс Еуропа елдерiнiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай (атап айтқанда 2003 жылы Венгрияда), валюталық режимдi толық ырықтандыру жағдайында Ұлттық Банктiң валюта рыногындағы интервенциясы, пайыздық ставкалар саясаты және өтімділіктi басқару алыпсатарлық шабуылдарға қарсы жалғыз тиiмдi әсер ету құралдары болып табылады.
      4. Қолданылып жүрген режим шоттар мен операцияларды оларға айырбастау және қаражат есептеу режимiн белгiлей отырып бөлудi көздемейтінін ескере отырып, резервке алу режимiн немесе чили салығын енгізу шығынды және тиiмсiз болып табылады.

5.2.4. Қазақстандағы валюталық операцияларға
ұсынылып отырған шектеулер жүйесi

      Заңнамалық нормаларды қолданудың уақытша шеңберiне сәйкес валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi алдағы уақытта қолданылатын не 2007 жылға дейiн оларды енгізу құқығы көзделетiн, яғни күрделi операциялардың шоты бойынша валюталық режим толық ырықтандырылғанға дейiн және күрделi шот толық ырықтандырылғаннан кейiн де енгiзу құқығы сақталатын шектеулер деп шартты түрде бөлуге болады. Қолдану тетiктерiне байланысты валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi (1) қолданылып жүрген валюталық peттеу жүйесiнен капиталдардың еркiн қозғалысының режимiне өтудi қамтамасыз ететін және (2) белгiлi бiр жағдайларда валюталық реттеу органы ендiруi мүмкiн шектеулерге бөлуге болады. Тиiсiнше валюталық операцияларды жүргiзуге қойылатын ықтимал шектеулер жүргiзiлетiн валюталық операциялардың айқындылығын қамтамасыз ететiн және күмәнды мәмілелерге жол бермеуге бағытталған, сондай-ақ Валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасына сәйкес ерекшелiк қағидатына сүйене отырып енгізілуі мүмкiн шектеулерге бөлiнедi. Ерекшелiк қағидаты елдiң сыртқы төлем қабілеттілiгіне және iшкi валюта рыногының тұрақтылығына елеулi қауiп төнген жағдайда шектеулер енгізу мүмкiндiгiн белгілейдi.
      1) Қолданылып жүрген валюталық реттеу жүйесiнен капиталдардың еркiн қозғалысы режимiне өтудi қамтамасыз ететiн шектеулер.
      Ұлттық Банк капитал қозғалысымен байланысты операцияларға қатысты алдын ала (тараптар мiндеттемелердi орындауды бастағанға дейiн не ағымдағы валюталық операциядан капитал қозғалысымен байланысты операция санатына өткен сәттен бастап белгiлi бiр мерзiм iшiнде) лицензия не тiркеу куәлiгін алу талабы бойынша шектеу енгізуге құқылы. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға қатысты лицензиялау режимiн пайдалану құқығы Ұлттық Банкте 2007 жылға дейiн сақталады. Статистикалық есеп жүргiзудiң ақпараттық базасын толық қамтуды және нақтылауды қамтамасыз ету мақсатында тiркеу режимiн қолдану мүмкiндігі күрделi шот толық ырықтандырылғаннан кейiн де сақталады. Операция жасалғаннан кейiн оның жүргізiлгенi туралы хабарлау режимi валюталық реттеу тұрғысынан алғанда шектеу ретiнде қарастырыла алмайды;
      2) Жүргізiлетін валюталық операциялардың айқындылығын қамтамасыз ететiн валюталық операцияларға қойылатын шектеулер.
      Тек валюталық операцияларды ғана қамтымайтын жекелеген заңнама шеңберiнде күмәнды қаржылық операцияларды бақылау рәсiмдерiн әзiрлеу жобаланатын болғандықтан, осы шектеулер валюталық реттеу құралы болып табылмауы тиiс;
      3) Айрықша жағдайлардағы шектеулер.
      Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң кез келген валюталық операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру мүмкiндігі қазiргі уақытта валюталық заңнамада бекiтілген. Президенттiң төтенше жағдайлар енгiзу жөніндегі өкiлеттігі Қазақстан Республикасының  Конституциясында , "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңында  және "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы  Заңында  айқындалғандықтан, валюта заңнамасының осы нормасына өзгерiстер енгiзілетiн болады.
      Айрықша шектеулер енгізу құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде сақталатын болады. Тиiстi шешiм Президенттiң Жарлығымен ресiмделедi. Бұл жүйе ерекше жағдайларда жедел әсер ету тетiгінiң оралымдылығын, негіздiлігін және шынайылығын қамтамасыз етедi. Экономиканың қауiпсiздiгіне және қаржы жүйесiнiң тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа құралымен шешуге болмайтын болса, шектеулер енгізiлуi мүмкiн. Шектеудiң уақытша сипаты болады. Сонымен қатар шектелетiн валюталық операциялардың Ұлттық Банктiң арнайы рұқсатынсыз жүргізiлмейтiнi заң жүзiнде көзделедi. Арнайы рұқсат операцияларды жүзеге асырмаудың азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, мемлекеттiң қауiпсiздігіне, дипломатиялық қызметті жүзеге асыруға қатер келтiруi мүмкiн болған жағдайда, сондай-ақ, егер осы операцияның төлем балансындағы және валюта рыногындағы жағдайды едәуiр жақсартуға ықпалын тигізген жағдайда ғана беріледi. Осы норманы валюта заңдарында 2007 жылдан кейiн де сақтау қажет.

  5.3. Валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру
(екiншi кезеңнiң iс-шаралары)

5.3.1. Резиденттердiң шет елдегі инвестицияларын реттеу

      Инвесторлардың санаттары. Мәмілеге қатысушы резиденттердi, валюталық операциялардың субъектілерiн, яғни, қаражаты есебiнен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты осы операциялар жүзеге асырылатын резиденттердi жiктеуге сүйене отырып, шартты түрде мынадай санаттарға бөлуге болады:
      Қызметi қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, тартылған қаржы құралдары есебiнен инвестицияларды жүзеге асыратын қаржы рыногының субъектiлерi, оның iшiнде:
      банктер,
      сақтандыру ұйымдары,
      жинақтаушы зейнетақы қорлары,
      инвестициялық қорлар.
      Меншiктi қаражаты есебiнен шет елге инвестицияларды жүзеге асыратын жеке инвесторлар.
      Инвестициялық шешiмдер қабылдауды айқындайтын факторлар. Мынадай факторлар тобы шет елге инвестициялардың пайдасына артықшылық жасауы мүмкiн:
      Факторлардың бiрiншi тобы бизнестi дамытудың ұзақ мерзiмдi мүдделерiмен айқындалады және заңды тұлғалар - тiкелей инвесторларға барынша тән, атап айтқанда:
      ресурстық және өндiрiстiк базаны кеңейту және түрлендiру,
      өткiзу рыногын кеңейту,
      инвестордың экономикалық мүддесi болатын аумақта тұрақты мекеме құру есебiнен резидент еместердiң қаржылық немесе коммерциялық операцияларына қатысты түрлi сауда және әкiмшiлiк кедергiлерден айналып өту,
      қаржылық және өндiрiстiк ресурстарды неғұрлым қолайлы инвестициялық және салық режимi бар елдерге ауыстыру.
      Факторлардың екiншi тобын бағалы қағаздардың iшкi рыногында рұқсат етiлген құралдармен салыстырғанда шетелдiк активтерге салымдардың инвестициялық тартымдылығын бағалау айқындайды. Бұл ретте шетелдiк қаржы құралдарының тартымдылығы:
      салыстырмалы түрде алғанда, неғұрлым жоғары шетелдiк нақты пайыздық ставкалармен,
      шетелдiк бағалы қағаздар рыногының неғұрлым жоғары өтімділігімен,
      рұқсат етілген қаржы құралдарын неғұрлым ауқымды таңдаумен,
      төмен инвестициялық тәуекелдермен айқындалады.
      Ең төменгі ықтимал тәуекел болған кезде оңтайлы кiрістілiк алуға мүдделi портфельдiк инвесторлардың барлық санаты үшін жоғарыда аталған факторлар тiкелей тән.
      Қаражат аударудың тиiсiнше әлуетті инвестициялық кiрiсті азайтатын және инвестицияларды жүзеге асыру ынтасын төмендететін транзакциялық шығындары да маңызды рөл атқарады.
      Валюталық заңнаманың шетелдiк инвестицияларды peттеу жүйесiндегі рөлi. Инвесторлардың бiрiншi санаты жүзеге асыратын операциялар (бағалы қағаздарды сатып алу, жарғылық капиталға салымдар) бiрiншi кезекте қаржы рыногы субъектілерiнiң қызметiн реттейтiн заңнаманың және шетел активтерiмен операциялар жүзеге асырылған жағдайда валюталық заңнаманың тарапынан реттеу объектiсi болып табылады. Осылайша қаржы институттарының қызметiн реттейтін заң нормаларының валюталық заңнама алдындағы басымдығын айқындауға болады. Мысалы, егер резидент еместердiң қандай да болмасын бағалы қағаздарын сатып алу операциясын банк заңнамасы бойынша жүзеге асыруға болмаса, тиiсiнше валюталық реттеу органының валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру үшін негiздерi болмайды.
      Инвесторлардың eкінші санатына келетiн болсақ, онда валюталық заңнаманың шет елдегі инвестицияларға шектеулерi әрқашанда тиiмдi емес, себебi валюталық қаражатты шет елге шығарудың басқа да арналары бар.
      Жоғарыда жазылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
      1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензия шын мәнiнде валюталық қаражатты шетел активтерiн сатып алу есебiне аударуға рұқсат болып табылады және, егер осы операцияларды жүзеге асыру мүмкiндiгi арнайы заңнамамен реттелсе, қаржылық ұйымдардың шетел активтерiн сатып алуды жүзеге асыруына рұқсат ретiнде қарастырылмайды.
      2. Шетел активтерiне қойылатын талаптардың тiзбесi, инвестициялық портфельдiң құрылымы және шет елге инвестициялардың көлемi қаржы институттарының қызметiн реттейтiн заңнамамен айқындалады және валюталық заңнама тарапынан реттеу пәнi болып табылмауға тиiс.
      3. Валюталық заңнама тарапынан шектеулер болған жағдайда олар қаржы институттарының қызметiн реттейтiн заңнаманың нормаларын қайталайды және шетел активтерiмен операцияларға шектеулер ретiнде қарастырылмайды. Тиiсiнше, бұл жағдайда валюталық заңнаманың шектеулерiн жою капитал әкетілуінің ұлғаюына әкеп соқпауға тиiс.
      4. Капиталды шығарудың және шетел активтерiне инвестициялаудың орнықты алғышарттары болған кезде шет елге инвестицияларға валюталық шектеулердiң тиiмдiлігі шектеулi және валюталық режимдi ырықтандыру процесiнде одан әрi төмендей бастайды. Мемлекеттің экономикалық саясаты капитал ағынын шектеуге емес, оның iшiнде экономикалық мақсатқа сай болуға негізделген, капиталдың "тұрақтамау" себептерiн жоюға бағытталуы тиiс. Сонымен қатар көбiнесе шектеулердiң өзi операцияларды жасыруға және белгiленген шектеулердi айналып өтуге мүмкiндiк жасайтындықтан капиталдың рұқсат етілмеген "жылыстауын" одан да көбiрек туындатуға қабiлет.

5.3.1.1. Шет елге инвестицияларды реттейтiн
заңнаманың қолданылып жүрген нормаларын талдау

      Қаржылық ұйымдардың инвестицияларын реттеу. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтерде (активтердi түрлендiру дәрежесiне қойылатын талаптар) шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарына салымдардың көлемi сақтандыру ұйымының активтерi сомасының 30%-нан аспайтыны көзделедi. Бұл ретте инвестициялау объектiлерi халықаралық қаржылық ұйымдардың жоғары өтiмдi және төмен тәуекелдi бағалы қағаздарымен және инвестициялық кредит рейтингi бар бағалы қағаздармен шектелген.
      Осылайша, резидент еместердiң зейнетақы активтерiн орналастыруға болатын бағалы қағаздарының ең жоғары ықтимал үлесi портфельдi түрлендiру жөнiндегi талаптар ескерiле отырып, инвестициялық рейтинг деңгейiне байланысты 40%-дан аспауға тиiс. Тиiсiнше, тартылған зейнетақы активтерi есебiнен резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялар қолданылып жүрген валюталық заңнамаға сәйкес лицензиялауға жатпайды.
      Банктердiң брокерлiк-дилерлiк қызметі банктiк заңнамаға сәйкес "Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің "А-дан" төмен емес немесе "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінiң "А2-дан" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзiмдi тәуелсiз рейтингі бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарымен ғана рұқсат етiлген. Банктердiң дилерлiк қызмет шеңберiндегi инвестициялары валюталық заңнамаға сәйкес лицензиялаудан алынып тасталған. Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлғалардың акцияларын Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзу шартымен ғана, сонымен бiрге заңды тұлға қаржы рыногы инфрақұрылымының бөлiгi және(немесе) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыруды iске асыратын жағдайда, банктердiң резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына болады. Банктердiң шет елдегi еншiлес ұйымдарын, филиалдарын және өкiлдiктерiн уәкiлетті органның келiсiмiмен ғана құруға болады. Банктерге арналған пруденциалдық нормативтерде меншiктi капиталдың жеткілiктi болу өлшемдерiн есептеу кезiнде ескерiлетiн тәуекел дәрежесi бойынша бағалы қағаздарды егжей-тегжейлi жiктеу көзделедi. Сондай-ақ, Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262  қаулысымен  бекiтiлген Банктер қаражатының бiр бөлігін iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес банктер меншiктi және тартылған қаражаттарын есептi ай iшiнде iшкi активтердiң (Қазақстанның резиденттерiне қойылатын ақшалай талаптар және Қазақстан аумағында орналасқан мүлiк) орташа айлық өлшемiнiң төленген жарғылық капиталдың, реттелген борыштың сомасына және iшкi мiндеттемелердiң (Қазақстан резиденттерiнiң алдындағы) орташа айлық өлшемiне арақатынасы кемiнде 1 болатындай етiп орналастыруға мiндеттi. Банктердiң Нұсқаулықтың iшкi активтердi қалыптастыруға талаптарын сақтау мақсаты банктер мен олардың салымшыларының банктердiң халықаралық активтiк операцияларды жүргізуiне байланысты елдiк тәуекелге ұшырауын шектеу болып табылады.
      Осылайша, банктердiң, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн қолданылып жүрген заңнамада шетел активтерiне инвестициялаудың көлемi мен тәуекелiн шектейтiн нормалар бар.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн қолданылып жүрген заңнамада арнайы мүмкiндiктер айқындалмаған және шетел активтерiне инвестициялардың мөлшерiне қатысты талаптар, пруденциалдық нормативтер белгiленбеген.
      Инвестициялық қорларға қатысты - олар инвестицияларды бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары болып табылатын инвестициялық портфельдi басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ғана жүзеге асыруға құқылы болады. Әзiрленiп жатқан заңнамаға сәйкес инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясы уәкiлеттi органмен келiсiлуi тиiс. Сонымен қатар заңда резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялау көлемi бойынша шектеулер болуға тиiс. Тиiсiнше басқарушы компаниялардың резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялық қорлардың қаражаты есебiнен инвестицияларына қойылатын талаптар валюталық режим толық ырықтандырылғанға дейiн валюталық заңнамада сақталатын болады.
      Резиденттердiң шет елге инвестицияларына қатысты валюталық заңнама. Ырықтандырудың бiрiншi кезеңiн iске асыру шеңберiнде мынадай валюталық операциялар лицензиялаудан алынып тасталды:
      1. Шетелде, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымдары (ЭЫДҰ) елдерiнде, сондай-ақ Қазақстанмен инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы келiсiм жасалған және бекiтілген елдерде еншілес ұйымдар құру (яғни, резидентке акциялардың 50 және одан көп пайызы тиесілі болғанда).
      2. "Fitch" және/немесе "Standard & Poor's" агенттіктерiнiң А-дан төмен емес немесе "Moody's Investors Service" агенттiгінiң А2-ден төмен емес рейтингi бар резидент еместердiң бағалы қағаздарын бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсiби қатысушылары арқылы сатып алу.
      Сонымен қатар, халықаралық қаржылық ұйымдар эмиссиялаған бағалы қағаздарға резиденттердiң инвестициялары банктердiң дилерлiк қызметi шеңберiнде де лицензиялауға жатпайды.

5.3.1.2. Валюталық режимдi ырықтандырудың екiншi
кезеңiнiң жағдайында шет елге инвестицияларды
валюталық реттеу мiндеттерi

      1. Ұзақ мерзiмдi сипаты бар валюталық операцияларды ынталандыру мақсатында инвестицияларды портфельдiк және тiкелей инвестицияларды реттеу тәсiлдерiн бөлу және тiкелей инвестицияларға қатысты ең жоғары қолайлы режимдi қолдану қажет 13 .
      2. Тiкелей инвестициялаудың iрi мәмiлелерi бойынша және портфельдiк инвестициялар бойынша жеткiлiктi ақпарат базасын қамтамасыз ету.
      3. Инвестициялық операциялар бойынша капиталдың әкетілу көлемiне әсер ету құралдарын сақтау тұрғысынан алғанда бiр жағынан және инвестициялық портфельдi түрлендiру және икемдi инвестициялық саясатты жүргізу үшiн инвесторларды ең жоғары мүмкiндiкпен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, екiншi жағынан, шет елге портфельдiк инвестицияларды валюталық peттеу тетiктерiн жетiлдiру. Осы кезеңде портфельдiк инвестицияларды толық ырықтандыру дұрыс емес. Шет елге инвестициялар жасауға арналған арнайы (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы) заңнаманың шектеулерi сақталған кезде валюталық заңнаманың жеке инвесторлардың инвестициялары бойынша барлық шектеулерi алынып тасталған жағдайда, iшкi ресурстардың неғұрлым өтiмдi рыноктарға, мысалы Ресей қор рыногына кетуi орын алуы мүмкiн.
      4. Валюталық заңнама тарапынан қаржы рыногы субъектілерiнiң мақсатқа сай емес реттеу функцияларын қайталауды жою.
_______________
13 Тiкелей инвестициялар халықаралық жiктеуге сәйкес шетелдік заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде айқындалады, соның нәтижесiнде инвесторға дауыс беретін акциялардың (қатысушылар дауысының) 10 және одан көп пайызы тиесiлi болады.

5.3.1.3. Шет елге инвестицияларға қатысты валюталық реттеу нормаларын ырықтандырудың ұсынылып отырған шаралары

      Ырықтандырудың екiншi кезеңiнде қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
      1. Барлық қаржылық емес ұйымдардың шет елге тiкелей инвестицияларын лицензиялауды жою. Шет елге тiкелей инвестициялаудың iрi операцияларын жүзеге асыру шарттары туралы нақтыланған ақпаратты алу мақсатында белгiлi бiр шектен асып кеткен тiкелей инвестициялар Ұлттық Банкте тiркелуге жататын болады. Құны шектен асып кеткен жағдайда тiркелуге жататын тiкелей инвестициялар сыртқа шығару үшiн рұқсат етілген қолма-қол шетел валютасының сомасы ескерiле отырып құн шегі 10 мың АҚШ доллары деңгейiнде белгiленедi.
      2. Банктер және сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын шет елге инвестицияларды лицензиялауды жою. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың инвестициялары қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес лицензиялаудан алынып тасталған. Екiншi деңгейдегi банктердiң резидент еместердiң акцияларын сатып алуы Ұлттық Банкке хабарлануға жататын болады.
      3. Қалған барлық инвесторлар бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсiби қатысушылары арқылы жүзеге асыратын шет елге портфельдiк инвестицияларға арналған бiржолғы лицензияларды жою.
      4. Брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, инвестициялық портфелiн, оның iшiнде инвестициялық қорлардың, басқарушы ұйымдардың шет елге инвестицияларды жүзеге асыруына қажеттi білiктілiк талаптарын белгiлей отырып операциялық лицензиялар беру жүйесiне өту. Операциялық лицензиялар жүйесiне өтудiң бiржолғы лицензиялар берудiң қолданылып жүрген рәсiмдерiнен айырмашылығы, ол инвесторларға портфельдiң құрылымын неғұрлым ыңғайлы етуге, мерзiмдi мәмілелердi, қосымша шектеулер қоймай ыңғайлы негізде туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды пайдалануға мүмкiндiк жасайды. Тәуекелдер жүргiзiлетiн операциялардың көлемiмен шектеледi.
      5. Резиденттердiң шетелдiк брокер арқылы, жүзеге асыруы үшiн резиденттiң брокерде шот ашуы тиiс инвестициялары брокерлiк қызмет көрсетуге, атап айтқанда шот бойынша қаражатты есепке алуға және пайдалануға арналған лицензияланатын шартқа қатысты белгiленетiн бiлiктілiк талаптар арқылы реттеледi.
      6. Шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты барлық өзге валюталық операциялар қолданылып жүрген валюта заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялануға жатады, яғни бiр жолғы лицензия алу талабы қолданылады.
      Iс-шаралар:
      1) брокерлiк-дилерлiк қызметтi және инвестициялық қорлардың инвестициялық портфелiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың активтерiнен алынатын, соның шеңберiнде өздерi алған операциялық лицензияларға сәйкес резидент еместердiң бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыруға құқылы үлестi бағалау қажет. Бiлiктілiк талаптары резидент еместердiң бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардың қазiргi көлемiне қарағанда неғұрлым шектеулi болмауы тиiс;
      2) "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасы тәуекелдi инвестициялау қорларын құру мүмкiндігін жеке айқындайтын болғандықтан, осы қорлар үшiн резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялауға лицензиялар бойынша неғұрлым қолайлы біліктілік талаптарын белгiлеудiң дұрыс екенiн бағалау қажет;
      3) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет шеңберiнде банктер инвестицияларды жүзеге асыра алатын, сондай-ақ басқа қаржы ұйымдарының инвестициялары бойынша резидент еместердiң бағалы қағаздарының тiзбесiн одан әрi кеңейту мүмкiндiгін бағалау қажет;
      4) валюталық заңнаманың 2007 жылдағы шет елге инвестицияларға шектеулерi толық жойылғанға дейiн қаржы құралдарының ауқымды тiзбесiн ұсынатын қаржы құралдарының өтiмдi iшкi рыногын құру жөнiндегi жұмысты жандандыру қажет.

  5.3.2. Шет елдегi шетелдiк банктерде шоттар ашу

      1. Заңды тұлғалардың шет елдегі филиалдары мен өкiлдiктерiнiң қызметiн реттеудi жеңiлдету мақсатында шет елдегi шетелдiк банктерде филиалдар мен өкiлдiктердi ұстауға байланысты операциялық шығыстарды қаржыландыру мақсаты үшiн ашылатын шоттарды лицензиялау жойылады. Филиалдар мен өкiлдiктердiң лицензиясыз ашылатын шоттарына қатысты осы шоттарға байланысты жүзеге асырылуы мүмкiн операциялардың түрi бойынша талаптар және Ұлттық Банкте (аумақтық филиалда) тiркеу талабы енгізiлетін болады.
      2. Егер шоттың мiндетті болуы кредиттік шарттың талаптарымен айқындалса, заңды тұлғаларға резиденттердiң тартылған, Ұлттық Банкте тiркелетiн кредиттер мен қарыздар бойынша резидент еместердiң алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету ретiндегi қаражатты есепке алуға арналған шоттар ашуды лицензиялау жойылатын болады. Қарыз шарты бойынша кредиттер мен шоттар бойынша осы валюта ағындарының мониторингi кредиттер мен қарыздарды тiркеу рәсiмi шеңберiнде жүзеге асырылады.
      3. Бiрқатар елдiң заңдары құрылтайшының банктегi шотына кәсiпорын құруға арналған белгiлі бiр ақша сомасын жинақтауды талап етедi. Тиiсiнше осы мемлекеттерде кәсiпорындар құру кезiнде резидент шот ашуға лицензия алу үшiн және инвестицияларды тiркеу (лицензиялау) үшiн қайтадан Ұлттық Банкке өтiнiш жасайды. Осыған байланысты, заңды тұлғалар шет елде кәсiпорындар құру кезiнде уақытша шот ашуды лицензиялаудан босатылады. Кәсiпорынды кейiннен құру - резиденттердiң тiкелей инвестициялары тiркелуге жатады.
      4. Кәсiби қатысушылардың және олардың клиенттерiнiң операцияларына қатысты валюталық реттеудi қайталауды, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу функцияларын және олар жүзеге асыратын валюталық операцияларды қайталауды жою тұрғысынан алғанда барлық қаржылық ұйымдардың халықаралық бағалы қағаздар рыногында инвестициялау мақсаты үшін шетелдiк банктерде және өзге қаржы институттарында банктік шоттар ашуды лицензиялау жойылатын болады. Қолданылып жүрген заңнама бойынша банктер ғана шет елде кез келген банктiк шоттарды лицензиясыз ашуға құқылы.
      5. Валюталық реттеу және бақылау жүйесiн жеңiлдету мақсатында лицензиялаудан алып тастау жеке тұлғалардың ЭЫДҰ елдерiнде елдiң ең төменгі талап етілетін рейтингін белгiлеместен ашылған барлық шоттарына қолданылатын болады. Осы операцияларды реттеудiң техникалық рәсiмдерi Ұлттық Банктің аумақтық бөлiмшелерiне жүктелгендiктен және 30 елдiң 4-нің ғана (Словакия, Мексика, Түркия, Польша) қолданылып жүрген заңдарда белгiленгеннен төмен рейтингі бар екенiн ескере отырып, ең төменгi талап етілетiн рейтинг туралы талапты жою, шет елге қаражаттың әкетілу тәуекелi шамалы ұлғайғанда валюталық бақылаудың әкiмшілiк шығасыларын азайтады.
      Сондай-ақ, егер жеке тұлғалар шет елге келу мақсатын растамастан ҚР-дан уақытша тысқары болса, олар шот аша алады. Шоттар ашуға қатысты жұмыс iстеу, оқу, емделу және демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан уақытша тысқары жүрген тұлғаларға шоттар ашылған жағдайда қазiргi уақытта қолданылып жүрген кезекті хабардар ету режимi қолданылатын болады 14 .
_______________
14 Егер жеке тұлға шотты ең төменгі талап етiлген рейтингі бар ЭЫДҰ елдерiнде ашса, жеке тұлға шет елден қайтып келгеннен кейiн оны заңдарда белгiленген тәртіппен тіркеуге тиiс. Tipкеу шот ашылғаннан кейiн жүргiзiлгендiктен, ол шын мәнiнде кейiннен хабардар ету болып табылады.

  5.3.3 Капитал қозғалысымен байланысты өзге де
валюталық операциялар

5.3.3.1. Резиденттердiң резидент еместерге кредиттер бepуi

      Қазiргі уақытта банктердiң резидент еместерге кредиттерi валюталық заңнамаға сәйкес лицензиялаудан босатылған. Ырықтандырудың екiншi кезеңi шеңберiнде барлық қаржылық ұйымдардың кредиттер беруi лицензиялаудан алынып тасталады, себебi олардың қызметін реттейтiн заңдар осы операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн және талаптарын жеткілiктi мөлшерде реттейдi.

5.3.3.2. Резидент еместердiң пайдасына жылжымайтын мүлiктiң мүлiктiк құқықтарына ақы төлеуге арналған аударымдар

      Заңды тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiктi сатып алу, көбiнесе, өкiлдiктер мен филиалдардың өндiрiстiк базасын, ұйымын құру немесе кеңейту мақсатында инвестициялық қызмет шеңберiнде жүзеге асырылады. Тиiсiнше, шет елге тiкелей инвестицияларды ырықтандыру жылжымайтын мүлiктiң мүліктік құқықтарына ақы төлеуге арналған аударымдарды ырықтандырумен бiрге жүруi тиiс. Жеке тұлғаларға қатысты айтсақ, оларда шет елге қаражат аударуды жүзеге асырудың әлдеқайда көп ашылмаған мүмкiндiктерi бар, бұл шектеудiң тиiмдiлігін бiршама төмендетедi. Жылжымайтын мүлiктiң мүліктiк құқықтарын резидент еместердiң беруiне байланысты резидент заңды тұлғалардың белгiленген ең төмен құн шегiнен асатын операциялары тiркеуге жатады. Жылжымайтын мүліктiң мүлiктік құқықтарына ақы төлеу үшiн резидент еместерге жеке тұлғалардың аударымдары туралы ақпаратты уәкiлетті банктер ұсынатын болады.

5.3.3.3. Резиденттiң резидент еместен кредит ретiнде алатын шетел валютасын үшiнші тұлғалардың шоттарына есептеу

      Қолданылып жүрген валюталық заңнамаға сәйкес резидент еместерден алынған кредиттер, егер кредиттiң сомасы 100 мың AҚШ долларынан асатын болса, капитал қозғалысымен байланысты операциялар сияқты тiркеуге жатады. Осы операциялар бойынша қаражатты игеру және пайдалану туралы ақпаратты Ұлттық Банк тiркелген кредиттiк шарт шеңберiнде алады.
      Лицензиялаудың қолданылып жүрген ережелерiнде резиденттiң резидент еместен кредит ретiнде алатын шетел валютасын үшіншi тұлғалардың шоттарына есептеу бойынша:
      1) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген кредиттер бойынша;
      2) шетелдiк банктерден тартылған мемлекет кепiлдiк бермеген кредиттер бойынша есеп айырысудың құжаттандырылған нысандарын пайдалануды қарастыратын;
      3) экспорттық кредиттер бойынша шетелдiк агенттiктерде (тiзбеге сәйкес) сақтандырылған экспорт-импорт мәмiлелерiн қаржыландыру мақсатында резиденттердiң мемлекет кепілдiк бермеген кредиттердi тартуын қарастыратын;
      4) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мәмiле паспорты ресiмделген импорттық келiсiм-шартқа резидент емес үшiншi тұлғаның ақы төлеуiн қарастыратын операцияларға лицензия талап етілмейдi.
      Сонымен, лицензиялаудан шығару кредиттік шарттың талаптарына сәйкес резидентте шетел валютасын үшiнші тұлғалардың шоттарына есептеу қажеттiгi пайда болған жағдайлардың шамамен 90%-iн қамтиды. Тиiсiнше, осы операциялар лицензиялаудан шығарылады.
      Сонымен бiрге, осы схеманы жария етiлмеген кiрiстердi "ақтау" мақсатында пайдалану мүмкiндігі заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге қарсы iс-әрекет туралы заңнамамен реттелетiн болады.
      Тиiсiнше, осы операциялар лицензиялаудан алынып тасталады.

5.3.3.4. Резиденттердiң резидент еместерге валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға беруі

      Осы мәмілелер реттеудiң жеке объектiсiне бөлінбейдi, сенімгерлiк басқару шартының шеңберiнде жүзеге асырылатын операцияларға байланысты реттеуге жататын болады, оның iшiнде:
      1) тiркеудi немесе лицензиялауды қажет етпей жүзеге асырылатын барлық операциялар резидент пен резидент емес (сенімгерлiк басқарушы) арасындағы сенiмгерлiк басқару шарты шеңберiнде шектеусiз жүзеге асырылады;
      2) егер сенiмгерлік басқару лицензиялауға немесе тiркеуге жататын өзге де операцияларды жүзеге асыруды болжайтын болса, онда сенiмгерлiк басқару шарты шарт шеңберiнде операцияларға қандай режим қолданылатынына байланысты тiркеуге немесе лицензиялауға жатады.

  5.3.4. Туынды қаржы құралдарымен операцияларды реттеу

      Қазiргі уақытта, әлемдiк тауар рыноктарында, валюта бағамдарына, пайыздық ставкаларға баға құбылмалылығының артуы жағдайында сыртқы сауда операцияларының қатысушылары, қаржылық ұйымдар рыноктық тәуекелдердi хеджирлеу құралдарына үлкен қызығушылық таныта бастады. Даусыз басымдылықтарға ие бола отырып, осы хеджирлеу құралдары базалық актив бағасының едәуiр қолайсыз өзгеруiнiң үлкен тәуекелiн көтередi, бұл тиiсiнше инвестордың едәуiр зиян шегуiне әсер етуi мүмкiн. Мысалы, Ресейдiң банк жүйесiндегі дағдарысқа 1998 жылғы рубльдiң құнсыздану әсерi Ресей рублiнiң бағамы түскеннен кейiн орындалуы мүмкiн болмаған шетелдiк қарсы әрiптестермен жасалған ресейлiк банктердiң форвардтық валюталық келiсiм-шарттарының едәуiр көлемiмен күшейе түсті. Шартты талаптар мен мiндеттемелер сондай-ақ капиталды әкету схемасы ретiнде кеңiнен пайдаланылуы мүмкiн. Осылайша, пруденциалдық реттеу қаржылық ұйымдардың туынды қаржы құралдарымен мәмiлелерiн барынша тиiмдi қадағалауға және олар қабылдаған тәуекелдердi шектеуге тиiс. Сонымен қатар қызметi қаржы ресурстарын тартуға байланысты емес ұйымдардың операцияларына қатысты валюталық реттеу органдарының мiндеті бұл жағдайда сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының тiкелей мiндеті тәуекелдердi азайту болып табылатындықтан, туынды қаржылық құралдарымен жүргізiлетiн операциялардың айқындығы мен заңдылығын қамтамасыз ету болады. Осы қағидаттар туынды қаржы құралдарымен операцияларды валюталық реттеу жүйесiне негiз болады.
      Валюталық реттеудiң объектiсi резиденттер арасындағы iшкi рынокта жасалатын валюталық операциялар, сол сияқты резиденттер мен резидент еместер арасындағы трансшекаралық мәмiлелер де болуы мүмкiн.
      Бiрiншi жағдайда, мәмiлелер ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалуы мүмкiн, атап айтқанда Қазақстан қор биржасы АҚШ долларына, еуроға қатысты АҚШ долларының бағамына, Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздарының кiрiстілігіне 6 айлық фьючерстердi ұсынады. Барлық қаржы құралдары сатып алу/сату бағасы бойынша мерзiмдi келiсiм-шарттың құны мен түпкілiктi есеп айырысу бағасы бойынша оның құнының арасындағы айырманы төлеу арқылы базалық активтi жеткiзбей орындалады. Барлық есеп айырысулар теңгемен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қаржы рыногының қатысушылары екi жақты мәмiлелер жасай алады, ал сыртқы экономикалық мәмiлелердiң қатысушылары басқа құралдардан гөрi шетел валютасымен жасалатын форвардтық келiсiм-шарттарды жасауға мүдделi.
      Iшкi ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында мерзiмдi келiсiм-шарттар көлемiнiң көп еместігін ескере отырып, хеджерлер мен алыпсатарлардың Қазақстан Республикасының резидент еместерімен халықаралық рыноктардағы мәмiлелерге қызығушылық бiлдiрулерi орынды. Алайда, қолданылып жүрген валюталық заңнаманың жекелеген нормалары туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыру ерекшелігіне сай келмейдi және тиiсiнше хеджирлеу құралдарын неғұрлым белсендi пайдалануға кедергі келтiредi.

5.3.4.1. Туынды қаржы құралдарымен операцияларды
реттейтiн заңнамалық нормалар

      Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес "туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар". Салық  кодексi  туынды бағалы қағаздарға "опциондарды, своптарды, форвардтарды, фьючерстердi, депозитарлық қолхаттарды, варранттарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздарды жатқызады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн". Тиiсiнше, "бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi".
      Туынды бағалы қағаздардың осындай айқындамасы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегi  Заңында  да бар. Бұдан басқа, осы заңда қазақстандық депозитарлық қолхаттар, опциондар, своптар, фьючерстер туынды бағалы қағаздар ретiнде тiкелей айқындалған.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының валюта заңнамасымен резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар емес, осы туынды құралдармен байланысты болатын базалық активтермен тiкелей операциялар реттеледi.
      Атап айтқанда, құралдың шарттарына сәйкес егер болашақта белгiленген баға бойынша тауар жеткiзу қарастырылса, яғни Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзу болжанса, онда мұндай келiсiм-шарт Ұлттық Банк Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта көзделген паспорт режимi қолданылатын экспорт-импорт келiсiм-шартына жататын болады. Егер экспорттың күнi мен резидент еместiң төлемдi жүзеге асыру кезеңiнiң арасы 180 күннен асатын болса, онда осындай операциялар Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды лицензиялау ережесiне сәйкес Ұлттық Банкте лицензиялауға жатады.
      Туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу резиденттердiң шет елде шоттар ашуын болжаған және/немесе резиденттердiң шет елде, оның iшiнде резидент еместердiң бағалы қағаздарын сатып алуы түрiнде инвестицияларды жүзеге асыруын қарастырған жағдайда, қолданылып жүрген валюталық заңнамаға сәйкес, тиiсiнше:
      резиденттердiң (банктердi қоспағанда) шетел банктерiнде және олар тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар өзге де қаржы институттарында шоттар (Қазақстан Республикасының валютасындағы шоттарды қоса алғанда) ашуға, резиденттердiң шет елдегi инвестицияларына (бағалы қағаз/эмитент рейтингі бойынша валюталық заңнамада белгiленгендердi қоспағанда) Ұлттық Банктiң лицензиясын ресiмдеу қажет.
      Туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізудi тежейтiн қолданылып жүрген валюталық заңнаманың нормалары:
      Қолданылып жүрген валюталық заңнама әрбiр инвестицияға, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарға бiржолғы лицензиялар алу қажеттігiн айқындайды, бұл өтелетiн мәмiлелердi, туынды қаржы құралдары бойынша тәуекелдердi барынша төмендететiн мәмiлелердi жүзеге асыру және мерзiмдi келісiм-шарттар рыноктарындағы ахуалға байланысты әр түрлi инвестициялық стратегияларды iске асыруға мүмкiндiк бермейдi.
      Мысалы, шет елде инвестицияларды жүзеге асыруға лицензия алу туынды қаржы құралдарының мерзiмi iшінде валюталық құндылықтармен операциялар жүргізiлмейтiндiктен не резидент шетелдiк активтi сатып алу бойынша мiндеттеменi емес, құқықты сатып алатындықтан базалық активтi жеткiзу сәтiнде ғана мүмкiн болады. Туынды қаржы құралын орындауға ұсынған жағдайда яғни ұстаушы базалық активке құқықты iске асырған жағдайда мәмiленiң басқа тарабы мiндеттеменi орындауға мiндетті. Тиiсiнше, валюталық заңдардың нормалары мен халықаралық тәжiрибе талаптарының қайшылығынан, атап айтқанда, резиденттің мiндеттемелерiн орындамауынан немесе уақтылы орындамауынан (валюталық құндылықтармен операцияларды жүзеге асыруға лицензияның болмауынан) дау тууы мүмкiн.
      Қазiргі уақытта халықаралық рыноктарда туынды қаржы құралдарымен операциялар кеңiнен тараған, мұнда базалық активтi жеткізу жүргізiлмейдi, инвестор базалық активтiң ағымдағы құны мен мерзiмдi келiсiм-шартта көрсетiлген бағаның арасындағы айырманы ғана алады не өтелетін мәмiлелердi жасайды. Тиiсiнше, валюталық бақылау агенттерiнде, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларында, инвесторларда және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларында көбiнесе туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша төлемдердi жүзеге асыру (aлу) кезiнде валюталық реттеу талаптары жөнiнде сұрақтар пайда болады. Мысалы, опционды сатып алған және сыйлықақыны аударған немесе операциялардан кiрiстердi алған жағдайда, осы операцияларды қалай жiктеуге болады және лицензия алу қажет пе деген сұрақтар туындайды.
      Егер халықаралық рыноктарда туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыру үшiн осындай шот қажет болған жағдайда шетелдiк қаржылық ұйымдарда шоттар ашуды реттеудiң және инвестицияларды реттеудiң нормалары қайталанады.
      Валюталық құндылықтар, атап айтқанда шетел валютасы базалық актив (форвард, фьючерс) болған операциялар кезiнде қолданылып жүрген валюталық заңнама, жеткiзусiз мерзiмдi мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда шетел валютасын сатып алу мақсатына шектеулер қолданылатынын реттемейдi.

5.3.4.2. Туынды қаржы құралдарымен валюталық операцияларды реттеу жүйесi

      Туынды қаржы құралдарымен операцияларды реттеудiң мiндеттерi:
      1) жүргiзiлетiн операциялар бойынша толық және шынайы ақпараттың болуын қамтамасыз ету;
      2) операциялар көлемiн және тиiсiнше резиденттер қабылдайтын тәуекелдi реттеудiң тиiмдi құралдарының болуы;
      3) валюталық шектеулер қаржылық ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңнамамен шектелмейтін валюталық операциялардың қатысушыларына ғана қолданылуға тиiс;
      4) хеджирлеудiң неғұрлым тиiмдi стратегиясын iске асыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында мерзiмдi келiсiм-шарттар рыноктарында операциялардың ерекшелiктерiне валюталық заңнаманың нормаларын барынша сәйкес келтiру.
      Ұсынылатын шаралар:
      1. Банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар резидент еместермен мәмiленiң бiр тарабы болғанда инвестицияларға ұқсас туынды бағалы қағаздармен операциялар құқықтың арнайы салаларымен реттеледi. Тиiсiнше жоғарыда көрсетiлген қаржылық ұйымдардың осы операциялары лицензиялаудан алынып тасталады.
      2. Брокерлер және басқарушы компаниялар арқылы басқа ұйымдар мен жеке тұлғалар жүзеге асыратын туынды құралдармен операцияларды реттеу брокерлiк-дилерлiк қызметті және инвестициялық портфелiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға берiлетiн шет елдегі инвестицияларға операциялық лицензия шеңберiнде (инвестициялау лимиттерi бойынша бiлiктiлiк талаптарын белгілеу арқылы) iске асырылатын болады.
      3. Резиденттер операцияларды шетелдiк брокерлер арқылы жүзеге асырған жағдайда туынды қаржы құралдарымен операциялар брокерлік қызмет көрсету және инвестициялық операцияларды жүзеге асыру үшiн шетелдiк қаржылық ұйымдарда ашылған шотты пайдалану шартына қойылатын бiлiктiлiк талаптары арқылы реттелетiн болады (шет елдегi инвестицияларға ұқсас).
      4. Резиденттер резидент еместермен туынды қаржы құралдарымен мәмiлелердi (1-тармақта көрсетiлген қаржылық ұйымдарды қоспағанда) бағалы қағаздардың ұйымдаспаған сыртқы рыногында - стандартталмаған қаржы құралдарымен екi жақты мәмiленi шот ашпай жасаған жағдайда, осы операциялар лицензия алудың қолданылып жүрген рәсiмдерiне сәйкес мерзiмдi мәмiле бойынша тараптар мiндеттемелерiн орындауды бастағанға дейiн лицензиялауға жатады.
      5. Туынды бағалы қағаздың базалық активiне (бағалы қағаздар, валюта, басқа қаржы құралдары) құқықтарды резиденттің iске асыруы - базалық активтi жеткiзу хабарлама (операция жасалғаннан кейiн) тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      6. Егер резидент еместермен мерзiмдi мәмiле бойынша тауарларды жеткiзу, түсiру (фьючерстер, форвардтар) жүзеге асырылса, онда экспорт-импорт мәмiлелерiн реттейтiн валюталық заңдардың нормалары қолданылады.
      7. Iшкi рынокта туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырған кезде ұлттық валютада не шетел валютасындағы меншiктi қаражаты есебiнен есеп айырысуды жүзеге асыру мiндеттi шарт болуы тиiс. Алыпсатарлық тәуекелдердi барынша азайту тұрғысынан алғанда, шетел валютасын сатып алу мақсаттарының тiзбесiн кеңейту дұрыс емес. Тиiсiнше базалық активтi жеткiзе отырып, клиентпен мерзiмдi мәмiлелер жасайтын уәкiлетті банктер келiсiм-шарт жасау (мәмiленiң дәлелдiлiгiн тексеру) кезiнде сатып алу мақсатын немесе шетел валютасында меншiктi қаражаттың болуын тексеруге тиiс. Қор биржасында туынды қаржы құралдары бойынша барлық есеп айырысулар теңгемен жүзеге асырылатындықтан және құралдар базалық активтi (бұл жағдайда шетел валютасын) жеткiзудi қарастырмағандықтан, оған резиденттердiң - заңды және жеке тұлғалардың қатысуы валюталық заңдардың нормаларымен шектелмейдi. Сондай-ақ валюталық заңдар есеп айырысу теңгемен жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында жеткiзусiз туынды қаржы құралдарымен жасалатын резиденттер арасындағы мәмiлелердi шектемейдi.
      Мынадай мәселелердi қосымша қараған жөн:
      банктердiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру компанияларының және инвестициялық қорлардың инвестициялауға рұқсат егiлген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мүмкiндiгі. Бұл iс-шараны жүзеге асыру көрсетiлген қаржылық ұйымдарға хеджирлеудiң барынша тиiмдi стратегияларын жүргізуге, ал банктер мен инвестициялық қорларға қаржы құралдарының көбiрек санын ұсынуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар қаржылық ұйымдардың туынды қаржы құралдармен байланысты тәуекелдерiн реттейтiн қолданылып жүрген талаптардың тиiмдiлігін және жаңа талаптар мен нормативтердi енгiзудiң орындылығын бағалау қажет, тәуекелдердi басқару әдiстерiн қолдануды ынталандыру мәселесi, салық, азаматтық заңнама және бухгалтерлiк есеп туралы заңнаманы қоса алғанда нормативтiк құқықтық кесiмдердiң кешенiн мұқият пысықтауды қажет етедi. Тұтастай алғанда, хеджирлеу стратегиясын пайдаланудың ерекшелігi мен мiндеттерiне балама құқықтық базаны жасау қажет.

5.3.5. Капиталдың әкелiнуiне қатысты валюталық
реттеу рәсiмдерi

      Тiркеу рәсiмдерiн жетілдiру шеңберiнде қазiргi уақытта капиталдың әкелiнуiне байланысты тiркеуге жататын барлық операциялардың ең төменгі шегi 100 мың АҚШ долларынан 300 мың АҚШ долларына дейiн көбейтіледi. Осы шек статистикалық қамтуға қолайлы болып табылатын төлем балансы мен сыртқы борыштың статистикасы үшiн регистрация шеңберiнде алынатын ақпараттың кем дегенде 95%-ын қамтамасыз ететiн барлық тiркелген шарттардың шамамен 76%-ын қамтуға мүмкiндiк бередi.
      Қазiргі уақытта барлық резидент заңды тұлғалар сияқты екiншi деңгейдегi банктер капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тiркеу режимiне кiредi. Сол уақытта, екiншi деңгейдегі банктер тiркеу тәртiбi шеңберiнде алынатын ақпаратты қамтитын есеп беру нысандарының едәуiр санын Ұлттық Банкке ұсынады. Жоғарыда жазылғандарға байланысты, ырықтандырудың екiншi кезеңiнiң шеңберiнде екiншi деңгейдегi банктердiң капиталдың әкелiнуiне байланысты және Ұлттық Банкте тiркеуге жататын барлық операциялар операция жасалғаннан кейiн хабардар ету тәртiбiмен жүзеге асырылады, яғни тiркеу режимiнен толық шығарылады. Қажет болған жағдайда операцияларды дұрыс жiктеу үшiн Ұлттық Банк қажеттi қосымша ақпаратты және бiржолғы (тұрақты емес) сұратулар шеңберiнде банктерден құжаттарды алуға өзiне заңмен бекiтiлiп берiлген құқығын сақтайды.
      Капитал ағыны туралы ақпарат базасын жетiлдiру шеңберiнде тiркеуге жататын (тiркеуге жататын операциялар) рәсiмдерiн оңайлату және операцияларды (резиденттердi) қысқарту бойынша жұмыс жалғасады.

5.3.6. Валюталық мониторинг

      "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы  Заңына  және Қазақстан Республикасының Салық   кодексiне  сәйкес, оның iшiнде жекелеген валюталық реттеудiң нормалары қолданылмайтын шетел компанияларының филиалдары резидент еместер болып танылады. Сонымен қатар төлем балансы мен сыртқы борыш статистикасының методологиясына сәйкес шетелдiк заңды тұлғаның филиалы Қазақстан Республикасының резидентi ретiнде қарастырылады және оның сыртқы мiндеттемелерi елдiң сыртқы борышында есептеледi, ал негізгі компаниямен операциялар төлем балансында көрсетiлуге тиiс. Ұғымдардың сәйкес келмеуiн ескере отырып, көбінесе шетел компанияларының филиалдары белсендi жұмыс жасайтын, әсiресе қызмет көрсету саласында, жекелеген көрсеткiштердiң жоғарылату және/немесе дұрыс көрсетiлмеу ықтималдығына әкеп соғатын операцияларды төлем балансында көрсетуге байланысты қиындықтар пайда болады.
      Тиiсiнше, осы Бағдарламаның бағыттарының бiрi төлем балансында оларды дұрыс көрсету үшiн, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiру контексiнде шетелдiк коммерциялық қатысуының ауқымы мен бағыттарын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасындағы шетел компанияларының филиалдары мен өкiлдiктерiнде жүргiзiлген валюталық операциялар туралы қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк беретiн жүйенi құруға негізделген.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095  Жарлығымен  бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, төлем балансының тұрақтылығын, сыртқы борыштың экономикалық тиiмдiлiгін, валюта-қаржы дағдарыстарының тәуекелдерiн, сондай-ақ елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне қауiп-қатер деңгейiн бағалау мақсатында валюталық мониторинг жүйесiн ұйымдастыру қажеттiлігі көзделген. Валюталық мониторинг резиденттер (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын қоса алғанда) мен резидент еместер, сондай-ақ резиденттер (егер олардың бiреуi валюталық мониторинг субъектiсi болып табылса) арасындағы валюталық операциялар бойынша ақпарат жинау жүйесiн бiлдiретiн болады.
      Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, ырықтандырудың екiншi кезеңi шеңберiнде Ұлттық Банкке елдiң төлем теңгерiмiнде және сыртқы борышында көрсетiлетiн операциялар туралы ақпараттарды нақтылауға мүмкiндiк беретін валюталық мониторинг рәсiмдерiн әзiрлеу болжанады, олар валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі тиiстi нормативтік құқықтық актiлерде көрсетiлуге тиiс.
      Сондай-ақ iрi мұнайгаз жобаларында негізгi мердiгер немесе қосалқы мердiгерлер ретiнде (құрылыс, бұрғылау және т.б.) жұмыс iстейтiн шетелдiк компаниялар филиалдарынан олардың қызметiнiң түрлi аспектiлерiн есепке алу мен бағалаудың келiсiлген тәсiлдерiн қалыптастыру және алдағы уақытта қажетті ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру үшiн статистикалық немесе өзге де ақпарат алатын ведомстволарды үйлестірудi күшейту қажет. Бұл тәсiл қайталауды болдырмауға және есеп беруге байланысты филиалдардың шығындарын азайтуға мүмкiндiк бередi.

  5.4. 2007 жылдан бастап ұлттық валютаның толық
айырбасталуына көшуді қамтамасыз ету

  5.4.1. Валюталық реттеу жүйесi

      Валюталық реттеу және бақылау жүйесi 2007 жылдан бастап мынадай негізгі қағидаттарға негізделедi:
      1) валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау режимiнiң күшiн толық жою;
      2) ұлттық Банктiң тiркеу талабын енгізу (тараптар мiндеттемелерiн орындауды бастағанға дейiн) және валюталық операциялар туралы хабардар ету тәртiбiн айқындау (ол жасалғаннан кейiн) жөніндегі Ұлттық Банктiң заңмен бекiтiлген құқығын сақтау;
      3) резидент және/немесе резидент емес валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде операция жүргiзуге негiздеме болып табылатын тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды уәкiлетті банкке ұсынуға мiндеттілігі туралы талапты сақтау. Қажетті құжаттардың тiзбесi валюталық заңнамада бекiтiледi;
      4) экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша валютаны қайтару талабын сақтау. Қайтару талабы резидентке экспорттан түскен түсiмдi немесе импорт бойынша пайдаланылмаған авансты сыртқы сауда келiсiм-шартында көзделген мерзiмде уәкiлетті банктердiң шоттарына есептеу мiндеттемесiн болжайды. Бұл ретте заң кесiмiнде резиденттер валютаны уәкiлетті банктердiң шоттарына есептемеуге құқылы жағдайларының жабық тiзбесi айқындалуға тиiс;
      5) резиденттер арасындағы ұлттық валютамен операциялар бойынша ақша төлемдерi мен аударымдарын мiндеттi түрде жүргiзудi айқындайтын норманы сақтау. Заңнама кесiмiнде осы талаптан шығатын ерекше жағдайлар айқындалуға тиiс;
      6) заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу мақсаттарына және соның есебiнен шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылатын ұлттық валютаның көздерiне (резиденттерге, сол сияқты резидент еместерге қатысты) барлық шектеулердiң күшiн жою.

5.4.2. Экспорт-импорт мәмілелерін жасау кезiнде
есеп айырысуларды реттеу

      2007 жылы тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге 180 күннен астам мерзiмге төлемнiң мерзiмiн ұзартуды не аванстық төлемдi көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдарды лицензиялау күшiн жоятын болады. Қайтару талабы резиденттің сыртқы сауда келiсiм-шартында айқындалған мерзiмде қаражатты алуын болжайды. Тиiсiнше мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
      1. Валюта және тауар ағындарын сәйкестендiруге және салыстыруға мүмкiндiк беретiн экспорт-импорт келiсiм-шарттары бойынша мәмiле паспортын сақтау.
      2. Резидент еместiң экспорт бойынша мiндеттемелерiн орындау мерзiмiнiң және резидент еместiң импорт бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда аванстық төлемдердi қайтаруы сыртқы сауда келiсiм-шарты деректемелерiнде мiндеттi түрде болуы туралы талаптарды заң кесiмi деңгейiнде бекiту.
      3. Экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша қаражат және тауарлар қозғалысы туралы барлық аралық ақпарат кейiннен өңдеу, нәтижелерiн алу және оларды талдау, сондай-ақ жөнсiздiктердi анықтау үшiн Ұлттық Банкте орталықтандырылуы тиiс. Ұлттық Банк валюталық заңнаманы бұзған резиденттер бойынша ғана ақша және тауар қозғалысы туралы жан-жақты ақпарат алатын болғандықтан, қолданылып жүрген жүйе ақпаратты коммерциялық банктер деңгейiнде өңдеудi және бiрiктiрудi болжайды.
      4. Резиденттердiң валюта және тауар ағындарын төлем жасау немесе тауарды шекарадан өткiзу сәтiнен басталатын мерзiмдерiне (қолданылып жүрген жүйе) байланысты емес, келiсiм-шартта көрсетiлген мерзiмдер бойынша бақылап отыруға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық қамтамасыз етудi түзету.
      5. Құқық бұзушылықтардың ауырлығына және жиiлiгiне қарай қайтару талабын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жөнiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер енгізу.
      Жалпы алғанда осы iс-шаралар Ұлттық Банкке валюта және тауар ағындары туралы неғұрлым бiрдей ақпарат алуға, кәсiпорындар мен коммерциялық банктердiң олардың валюталық бақылау агенттерiнiң функцияларын iске асыруы бойынша әкiмшiлiк шығасыларын азайтуға мүмкiндiк береді.

5.4.3. Күмәндi мәмiлелердi бақылау

      Қазiргi уақытта заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге (ақтауға) қарсы iс-әрекет жөніндегі заңнама әзiрлеу жүзеге асырылуда. Осы жүйе күмәндi белгілерi бар операциялар туралы, оның iшiнде сыртқы экономикалық операциялар туралы ақпаратты анықтауға және жинақтауға мүмкiндiк бередi.
      Валюталық реттеу режимiн ырықтандыру бiрқатар шектеулердi, атап айтқанда валюталық операцияларды лицензиялау талаптарын жоюды болжап отыр. Сонымен қатар экспорт бойынша валюталық түсiмдi және резидент емес импорт жөніндегі мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда аванстық төлемдердi қайтару талабын сақтау болжанады. Осы талапты сақтау экспорт-импорт валюталық бақылау жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Болашақта жекелеген экспорт-импорт келiсiм-шарты шеңберiнде, сондай-ақ тұтастай алғанда әрбiр экспортердiң/импортердiң төлемдерi мен тауарлар жеткiзу жөнiндегі барлық ақпарат Ұлттық Банкте жинақталып, өңделетін болады. Бұдан басқа, Ұлттық Банктің капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тiркеу шеңберiнде резидент еместермен шартты алу және келiсiм-шарттың талаптарын бағалау мүмкiндiгі бар. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, валюталық бақылау жүйесi шеңберiнде, атап айтқанда экспорт-импорт және қаржы мәмiлелерiнiң арналары бойынша өлшемдердi және күмәндi операцияларды бақылап отыру үшiн алынған ақпарат заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге қарсы ic-әрекет рәсiмдерiн тиiмдi түрде толықтырып отырады.

  5.5. Нормативтік құқықтық негiздi жетiлдiру

5.5.1. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау
туралы" жаңа Қазақстан Республикасының Заңы жобасының
тұжырымдамалық негiздерi

      1. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" жаңа Қазақстан Республикасының Заңында осы Бағдарламада көзделген валюталық операцияларды реттеуге қатысты ырықтандырудың екiншi кезеңiнiң iс-шаралары көрсетiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған валюталық режимдi бiртiндеп ырықтандырудың талаптарына сай келетiн тиiсті нормативтік базаны құру мiндетi iске асырылатын болады.
      Жаңа заңның негізгi тұжырымдамалық негіздерi мыналар:
      1. Заңда валюталық шектеулердiң барлық форматтары және валюталық реттеу мен бақылау режимдерi, атап айтқанда, лицензиялау, тiркеу және хабардар ету режимдерi айқындалуға тиiс.
      2. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты лицензиялауға жататын операциялардың тiзбесi " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңынан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" жаңа Заңға ауыстырылуға тиiс.
      3. Заңда операциялар ағымдағы және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлiнбейдi. Капитал қозғалысымен байланысты операциялар жүргізуге шектеулер (халықаралық мiндеттемелерге сәйкес ағымдағы операциялар шектеусiз жүзеге асырылады) бар болса немесе енгізiлетiн болса, валюталық заңнамадағы бұрынғыдай бөлiнуi тиiмдi болады. Валюталық режимдi ырықтандыру жағдайларында уақытша сипатта болмауға тиiстi шектеулердi бiртiндеп жою көзделгендiктен, тиiсiнше шектеулердiң мақсаты да күрделi операциялардың барлық жиынтығына емес, нақты операцияларды реттеуге бағдарлануға тиiс. Осы қағидатқа өту толық ырықтандыру жағдайларында валюталық реттеу нормалары трансшекаралық капитал ағындарын есепке алудың шынайы және толық болуын қамтамасыз етуге ғана бағытталатындығын ескере отырып, валюталық peттеу нормаларын төлем теңгерiмiнiң жiктелуiне неғұрлым толық сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа бұл нақты валюта операцияларын реттейтiн рәсiмдердi қолдануды жеңiлдетуге және валюталық заңнаманың нормаларын түсiндiрген кезде бiрдей түсiндiруге жол бермеуге мүмкiндiк жасайды.
      4. Түсiнiктер аппараты заң аясындағы нормативтік құқықтық кесiмдердегі негiзгi анықтамалар есебiнен кеңеюi тиiс. Валюталық реттеу мен бақылау мақсаттары үшін пайдаланылатын негізгі ұғымдарды, атап айтқанда валюталық операциялар, резиденттер ұғымын нақтылау қажет.
      5. Ұлттық Банктiң валюталық мониторинг рәсiмдерiн белгiлеу жөнiндегi негiзгi қағидаттары мен өкiлеттіктерi заң бойынша бекiтiлуге тиiс.
      6. Заңда Қазақстан Республикасының резиденттерi арасында жүзеге асырылуы мүмкiн шетел валютасымен операциялардың жеке тiзбесi көзделуге тиiс (резиденттер арасындағы барлық операциялар ұлттық валютамен жүзеге асырылуға тиiс деген жалпы ережеден ерекшеленiп отыр). Қолданылып жүрген заңдардағы жалпы ережелерден, атап айтқанда резидент еместермен сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырған кезде аударымдық аккредитивтердi, вексельдердi пайдалана отырып есеп айырысулар бойынша, шет мемлекеттің заңдарына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздармен операциялар бойынша ерекше жағдайлар бар. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар тiзбесiн заң кесiмi деңгейiнде бекiту және осы тiзбенi кеңейтудiң тиiмдiлiгін бағалау қажет.
      7. Заңда резиденттердiң валюталық операцияларды жүзеге асыруына лицензиялар берген кезде Ұлттық Банк қарайтын негізгі өлшемдер жүйелендiрiлуi тиiс. Бұл ретте қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген өлшемдер барынша бiр iзге салынуы және лицензиялау кезiнде қаралатын операциялар үшiн бiрыңғай болуға тиiс.
      8. Тұтастай алғанда заң қазiргi уақытта бар, оның iшiнде заң аясындағы кесiмдердiң де валюталық операцияларды жүргізуге қатысты барлық негiзгi нормалары жүйелендiрiлуге тиiс. Құжаттың базалық құрылымы қолданылуы 2007 жылдан кейiн де сақталатын басты нормалардан тұрады. Базалық құрылымға ағымдағы және күрделi операциялар бойынша валюта режимiн толық ырықтандырғанға дейiн қолданылатын уақытша шектеулер және тыйымдар салынуы тиiс.
      9. Заңда 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды жүргізудiң рұқсат беру тәртiбiн айқындайтын қандай да болмасын баптарының, тармақтарының, тармақшаларының және ырықтандыруға жататын валюталық операцияларға басқа да шектеулердiң қолданылуын жоюға мүмкiндiк беретiн норма болуы тиiс. Сонымен, заңды қабылдау 2007 жылы толық ырықтандыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұдан кейiн заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң қажетi болмайды. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына  сәйкес нормативтік құқықтық кесiмде нормативтік құқықтық кесiмнiң жекелеген бөлiгі (жекелеген бөлiктерi) үшін уақытша қолдану мерзiмi белгіленуi мүмкiн. Бұл валюталық операцияларға қатысушылар үшiн одан әрi ырықтандырудың айқын бағдарын жасайды және валюталық реттеудiң қолданылып жүрген жүйесiнен ағымдағы және күрделi операциялар бойынша толық айырбастауға өтудi қамтамасыз етедi.
      10. Заң қол қойылған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн күшiне енуге тиiс. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" тұжырымды жаңа Заң қабылданғаннан кейiн валюталық операциялар жүргiзу тәртiбiн, валюталық реттеу режимiн, атап айтқанда лицензиялау, тiркеу және хабардар ету ережесiн көрсететiн бiрыңғай заң аясындағы нормативтік құқықтық кесiмдi әзiрлеу үшiн уақыт қажет. Осылайша, Заң валюталық реттеу мен бақылаудың барлық рәсiмдерi және ережелерi ресiмделгеннен кейiн күшiне енуге тиiс.

5.5.2. Әкiмшiлік құқық бұзушылықтар
туралы кодекске өзгерiстер

      Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде мынадай мәселелер көрсетілетін болады:
      1. Құжаттарды тiркеуге уақтылы ұсынбағаны (бермегенi), операцияларды тiркеу куәліктерiнсiз жүргiзгенi үшiн жауапкершілiк көзделген.
      2. Хабарлама бермегенi, уақтылы хабарламағаны және жалған мәлiметтер бергенi үшін жауапкершiлiк көзделген.
      3. Қайтару талабын бұзғаны үшін жауапкершілiк нормалары нақтыланған.
      4. Валюталық заңдардан 2007 жылдан бастап алынатын талаптарды орындамағаны үшiн әкiмшілік жауапкершілікті көздейтiн нормаларды алып тастау.

  6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттiк бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтиже

      Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыру валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың әкiмшiлiк рәсiмдерiн одан әрi жүйелендiру және жеңілдету үшін қажетті негіз құрайды. Туынды қаржы құралдарымен операцияларды валюталық реттеу рәсiмдерiн жетiлдiру Қазақстан резиденттерiнiң тәуекелдердi басқару мен хеджирлеудiң тиiмдi стратегияларын неғұрлым белсендi пайдалануы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
      Валюталық бақылау агенттерінің функцияларын азайту екiншi деңгейдегі банктерде шығындарды төмендетуге және олардың бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ықпал етедi, ал валюталық операцияларды жүргізу тәртiбiн жеңiлдету сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың әкiмшiлiк шығасыларын азайтады әрi капиталдың қалтарысты әкетiлу көлемiн азайтуға жанама әсер етедi.
      Ерте хабардар ету индикаторларының жүйесiн құру сыртқы және iшкi экономикалық тәуекелдердi уақтылы анықтауға және оларды бiрдей сезiнуге мүмкiндiк бередi, ал сыртқы экономикалық операциялар туралы ақпараттық базаны жетiлдiру 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудiң рұқсат ету тәртібінен кейіннен мониторинг жүргізу және іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді өтуді қамтамасыз етеді.

  8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 Қаулысымен.

P/c |     Іс-шара      |Аяқталу|Орындауға |Орындалу|Болжамды|Қаржы.
 N  |                  |нысаны |жауаптылар|мерзiмi |шығыстар|ландыру
    |                  |       |          |        |        |көзi

  1           2             3          4       5        6      7

              1. Тәуекелдердi сапалық және сандық бағалау

1.1. Валюта және қаржы  Қазақ.  ҰБ         2005     Қаржы.    -
     дағдарыстары жө.   стан    (келісiм   жылғы    ландыру
     нiнде ерте хабар.  Респу.  бойынша)   3-тоқсан талап
     дар ету индика.    блика.                      етілмейдi
     торларының жүйе.   сының
     сiн құру           Yкiме.
                        тіне
                        ақпарат

1.2. Қаржы жүйесiнiң    Ұлттық  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     тұрақтылығын, эко. Банктің (келiсiм   жылдан   ландыру
     номикалық дамудың  мерзiм. бойынша),  бастап   талап
     негізгі үрдiстерiн дiк ба. ҚҚА                 етiлмейдi
     айқындайтын басты  сылымы
     факторларды жүйелi
     негізде кешендi
     бағалауды қалып.
     тастыру (Financial
     Stability Report)

1.3. Валюталық режим    Қазақ.  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     толық ырықтанды.   стан    (келiсiм   жылғы    ландыру
     рылған жағдайда    Респу.  бойынша),  2-тоқсан талап
     iшкi және сыртқы   блика.  ҚҚА                 етiлмейдi
     факторлардың ық.   сының
     палы тұрғысынан    Yкiме.
     алғанда, олардың   тiне
     тұрақтылығын       талдау
     (осалдығын) талдау хат
     мақсатында эконо.
     миканың сыртқы
     секторының және
     қаржы жүйесiнiң
     жай-күйiн кешендi
     бағалауға дайындау
     (stress-test)

      2. Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулер
                       жүйесiн жетiлдiру

2.1  Валюталық опера.   Қазақ.  ҰБ         Тұрақты  Қаржы.    -
     циялар жүргізуге   стан    (келiсiм            ландыру
     қойылатын шектеу.  Респу.  бойынша)            талап
     лер жүйесiн        блика.                      етiлмейдi
     жетілдiру          сының
                        Yкiме.

           3. Валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру

3.1. Валюталық реттеу   Норма.  ҰБ         "Валюта. Қаржы.    -
     мен бақылаудың     тивтiк  (келісiм   лық рет. ландыру
     тәртiбiн және рә.  құқық.  бойынша)   теу және талап
     сiмдерiн реттейтiн тық ке.            валю.    етiлмейдi
     бiрыңғай норматив. сiмнiң             талық
     тік құқықтық ке.   жобасы             бақылау
     сiмнiң жобасын                        туралы"
     әзiрлеу                               Қазақ.
                                           стан
                                           Респу.
                                           блика.
                                           сының
                                           жаңа
                                           заңы
                                           қабыл.
                                           данған
                                           күннен
                                           бастап
                                           2 тоқсан
                                           iшiнде

3.2. Валюталық мони.    Норма.  ҰБ         2005     Қаржы.    -
     торинттiң рәсiм.   тивтік  (келiсiм   жылғы    ландыру
     дерi мен тәртiбi   кесiм.  бойынша)   1-тоқсан талап
     жөнiндегi норма.   нiң                         етiлмейдi
     тивтік құқықтық    жобасы
     кесiмнiң жобасын
     әзiрлеу

3.3. Валюталық опера.   Есеп    ҰБ        Қажетті.  Қаржы.    -
     циялар бойынша     беру    (келiсiм  лігіне    ландыру
     есеп беру нысан.   нысан.  бойынша)  қарай     талап
     дарын жетілдiру    дары                        етілмейдi

         4. 2007 жылдан бастап ұлттық валютаның толық
            айырбастауына көшу үшін жағдайлар жасау

4.1. Экспорт-импорт     Норма.  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     мәмiлелерi бойынша тивтiк  (келiсiм   жылғы    ландыру
     ақпараттық ағын.   құқық.  бойынша),  1-тоқсан талап
     дарға және қайта.  тық ке. Қаржыминi           етілмейдi
     рудың жаңа принци. сiмнiң
     піне өтуге қатысты жобасы
     экспорттық-импорт.
     тық валюталық
     бақылау рәсiмдерi.
     не өзгерiстер
     енгiзу

4.2. Валюталық реттеу   Норма.  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     режимi толық ырық. тивтік  (келiсiм   жылғы    ландыру
     тандырылған жағ.   құқық.  бойынша)   4-тоқсан талап
     дайда валюталық    тық ке.                     етiлмейдi
     реттеу мен бақы.   сiмнiң
     лаудың тәртiбiн    жобасы
     және рәсiмдерiн
     айқындайтын норма.
     тивтік құқықтық
     актiге өзгерiстер
     енгiзу

4.3  Ұлттық банкті экс. Ұлттық  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     порт-импорт мәмi.  Банктің (келiсiм   жылғы    ландыру
     лелерi бойынша қа. валю.   бойынша)   4-тоқсан талап
     ражат пен тауарлар талық                       етiлмейдi
     қозғалысы туралы   бақылау
     ақпаратты орталық. бойынша
     тандыру мақсатында бағдар.
     экспорттық-импорт. ламалық
     тық валюталық      қамта.
     бақылаудың нәтиже. масыз
     лерiн кейiннен     eтуi
     өңдеу, алу және
     оларды талдау,
     сондай-ақ жөнсiз.
     дiктердi анықтау
     үшiн экспорттық-
     импорттық валюта.
     лық бақылау бо.
     йынша бағдарлама.
     лық қамтамасыз
     етуге өзгерiстер
     енгiзу

4.4. Резиденттердiң     Ұлттық  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     валюта және тауар  Банктің (келiсiм   жылғы    ландыру
     ағындарын келiсiм- валю.   бойынша)   4-тоқсан талап
     шартта көрсетiлген талық                       етiлмейдi
     мерзiмдер бойынша  бақылау
     бақылауға мүмкiн.  бойынша
     дiк беретiн бағ.   бағдар.
     дарламалық қамта.  ламалық
     масыз етуге түзету қамтама.
     енгiзу             сыз етуі

           5. Нормативтік құқықтық негiздi жетілдiру

5.1. Валюталық опера.   Норма.  ҰБ         "Валю.   Қаржы.    -
     циялар жүргізген   тивтiк  (келiсiм   талық    ландыру
     кезде тiркеу, ха.  құқық.  бойынша),  реттеу   талап
     бардар ету талап.  тың     Қаржыминi  және ва. етілмейді
     тарын орындамағаны кесім.             люталық
     үшiн жауапкершiлік нің                бақылау
     белгілеу жөнiнде   жобасы             туралы"
     Әкiмшiлiк құқық                       Қазақстан
     бұзушылық кодек.                      Республи.
     сiне өзгерiстер                       касының
     енгiзу                                жаңа заңы
                                           қабылдан.
                                           ған күннен
                                           бастап 2
                                           тоқсан
                                           iшiнде

5.2. Қайтару талабын    Норма.  ҰБ         2006     Қаржы.    -
     бұзғаны үшiн жа.   тивтiк  (келiсiм   жылғы    ландыру
     уапкершілік және   құқық.  бойынша),  3-тоқсан талап
     валюталық опера.   тық ак. Қаржыминi           етiлмейдi
     цияларды жүргізуге тінiң
     арналған жойылатын жобасы
     шектеулерге жауап.
     кершілiк белгiлей.
     тiн баптардың
     күшiн жою бойынша
     Әкiмшiлiк құқық
     бұзушылықтар ко.
     дексіне өзгерiстер
     енгізу

      Ескерту: Әріптік аббревиатуралардың талдамасы
      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
      ҚҚA - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын peттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi
      Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы (өзгертулер 25 маусым 2004) P040000705_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы