< Назад к документу

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 06 ақпанда № 14765 болып тіркелді.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 3 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 31 қаңтарда
№ 35 бұйрығымен
бекітілген

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 92, 94 және 95-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 5.1.3-кіші бөлімінің 2.2-тармағын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) екінші деңгейдегі банктер – банктік және өзге де операцияларды, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге қызметін тиісті лицензиясы бар Қазақстан Республикасының банктері (бұдан әрі – ЕДБ);

      2) төлемдер кестесі – негізгі борышты, сыйақы сомасын, оның ішінде банктік қарыз шартының және субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылатын субсидияланатын сыйақы сомасын өтеу бойынша төлемдер кестесі;

      3) субсидиялау шарты – қаржы агенті бекітетін үлгілі шарт, оның шарттары бойынша қарыз алушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеу үшін субсидияны кезең-кезеңмен төлеу жүзеге асырылады;

      4) банктік қарыз шарты – ЕДБ мен қарыз алушының арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қарыз алушыға кредит беріледі немесе қайта қаржыландырылады;

      5) қарыз алушы – меншікті қаражаты және субсидияланатын кредит қаражаты есебінен жобаны іске асыруды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (жеке құрылыс салушы);

      6) кредит – Бағдарламада және осы Қағидаларында белгіленген шартының негізінде жобаны іске асыру үшін қарыз алушыға банктік қарыз ЕДБ беретін ақшалай қаражаттың сомасы;

      7) субсидиялар – қарыз алушыға ЕДБ беретін (қайта қаржыландырылатын) кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржы агенті арқылы жіберілетін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат;

      8) субсидиялау – кредит бойынша сыйақы ретінде ЕДБ қарыз алушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын, қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      9) жоба – жалпы алаңының 40 %-нан аспайтын, коммерциялық алаңдардың (бар болған жағдайда) үлесі бар тұрғын үй құрылысының (тұрғын ғимарат), аз қабатты тұрғын үйдің жобасы;

      10) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық мемлекеттік орган;

      11) қаржы агенті – Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жобаларды қарау кезінде кредит беруге қойылатын талаптар

      4. Бағдарламаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда кредиттер есебінен жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын қарыз алушылар субсидия алушылар болып табылады.

      5. Құрылтайшылары тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар болып табылатын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда), жеке кәсіпкер, коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтері ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін берілген кредиттер субсидиялауға жатпайды.

      6. Субсидиялау осы Қағидаларға сәйкес экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сай өз қызметін жүзеге асыратын қарыз алушылардың кредиттері бойынша беріледі.

      7. ЕДБ субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес сыйақының мөлшерлемесі бойынша қарыздар береді.

      8. Қарыз алушының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7 % субсидиясын ЕДБ-ге мемлекет қаржы агенті арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтейді.

      9. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін қарыз алушы төлейді.

      10. Қарыз алушының қатысуы үшін міндетті шарттар:

      нысаналы мақсаты – жобаны қаржыландыру (кредитті қайта қаржыландыру);

      кредит валютасы – теңге;

      субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі 36 айға дейін қоса алғанда.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенті алғашқы субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде қаржыландырылатын жобаларға тікелей байланысты емес шығыстарға жол берілмейді.

      Субсидиялау шеңберінде қайта қаржыландыруға ЕДБ-ге өтініш жасаған күні 18 ай мерзіммен бұрын ЕДБ берген кредиттерге рұқсат етіледі.

      11. Кредитті нысаналы жұмсау:

      1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеуге, жобаларды басқару жөніндегі шығындарға, авторлық және техникалық қадағалау бойынша қызметтер көрсетуге;

      2) жобаны іске асыруға байланысты өзге де шығыстарды, оның ішінде жарнама, басқару персоналын ұстау, коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтер көрсету жөніндегі шығыстарды, жалдау төлемақыларына, сапаны бақылау бойынша техникалық паспорттар дайындауға арналған шығыстарға, зертханалық сынақтарға, салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, міндетті зейнетақы жарналарына және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына рұқсат етіледі.

      12. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мыналарды:

      қарыз алушы бастама жасаған банктік қарыз шартының, субсидиялау шартының, кредиттеу талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;

      қарыз алушының қарыз, субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты алынатын комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдерді;

      кепіл затына (қамтамасыз ету) тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл затын (қамтамасыз ету) сақтандыруға, кепілдік шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, ЕДБ қарыз алуға немесе оған қызмет көрсетуге, субсидиялау шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді алмайды.

      14. Субсидиялауға бұрын қарыз алушы алған, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған тұрғын үй құрылысына арналған кредиттер жатпайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету және субсидия беру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Қарыз алушыға субсидия беруді қарау тәртібі

      15. Қарыз алушы ЕДБ-ге Бағдарламаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттармен жобаны іске асыру үшін кредит алуға немесе қайта қаржыландыруға өтініш (ЕДБ ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) береді.

      16. ЕДБ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне ЕДБ-нің ішкі құжаттарына сәйкес бағалау жүргізеді.

      Оң бағалау кезінде ЕДБ қарыз алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жобаға кредит беру дайындығы және қаржы агентінің кредитті субсидиялау туралы шешімін беру қажеттілігі туралы жазбаша жауап жібереді.

      17. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес қаржы агенті көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында жазылған.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен айқындалған.

      Қарыз алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды қаржы агентінің кеңсесіне жолдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Қаржы агентінің құрылымдық бөлімшесі (жұмыскері):

      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Қарыз алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      2) 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушының ұсынылған құжаттарын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және шешім қабылдайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Қарыз алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қаржы агентінің құрылымдық бөлімшесі (жұмыскері) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Қаржы агенті қабылданған оң шешім туралы хаттамадан үзінді көшірмені не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды ресімдейді және шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға жібереді.

      Қаржы агенті ЕДБ хаттамасынан үзінді көшірмені жіберуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Қаржы агенті Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-2. Шағымдар қаржы агентінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына уәкілетті орган басшысының блогына ("уәкілетті орган басшысының блогы" парағы) беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қаржы агентінің кеңсесі арқылы немесе уәкілетті органға жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қаржы агентінің кеңсесінде, уәкілетті органда қабылданғанын растау, оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Қарыз алушының қаржы агентіне, уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қарыз алушыға почта арқылы жіберіледі немесе қаржы агентінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қарыз алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қарыз алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 21-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 21-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Қаржы агенті шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс. Қаржы агенті субсидиялаудың бекітілген үлгілік нысанын ЕДБ-ге жібереді.

      24. ЕДБ қаржы агентінен алынған шешімнің негізінде қарыз алушымен және қаржы агентімен субсидиялау шартын жасайды.

      25. Субсидиялау шартына:

      1) қаржы агентінен хаттама (хаттамадан үзінді-көшірмелер) алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЕБД мен қарыз алушы;

      2) ЕДБ-ден субсидиялау шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенті қол қояды.

      Субсидиялау шартына қосымша келісім, сондай-ақ қаржы агенті пысықтауға жіберген субсидиялау шарты осы тармақта көзделген мерзімдерде жасалады.

      26. Субсидиялау шарты оған қарыз алушы, ЕДБ және қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Бұл ретте субсидиялау шартында қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын, бірақ қаржы агентінің шешімі шыққан күнге дейін субсидиялау басталған мерзім көрсетіледі.

      27. Осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шарты уақтылы жасалмаған жағдайда, ЕДБ 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне ресми хатпен кешіктіру себептерін түсіндіре отырып хабарлама жібереді.

      28. Қаржы агенті:

      1) бекітілген үлгілік нысанға;

      2) банктік қарыз шарты Бағдарламаның және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады.

      Қаржы агенті аталған сәйкессіздіктердің бар екені туралы ескертулерді жою үшін осы Қағидалардың 25-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімнен кешіктірмей ЕДБ-ге жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      29. Кредит бойынша сыйақыны төлеу күнін ЕДБ қарыз алушымен келісім бойынша айқындайды. Егер кредит бойынша сыйақы аудару қарыз алушы, ЕДБ субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын болса, субсидиялау кезеңіне қарыз алушымен, ЕДБ-мен субсидиялау шартына қол қойылған күн қосылмайды.

      30. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін төлемдер кестесі бойынша субсидияны төлейді. Бұл ретте, субсидия уәкілетті органнан қаражат түскен кезде төленеді.

2-параграф. Субсидияны аудару тәртібі

      31. Қарыз алушыларға ЕБД беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге субсидия төлеу тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Қаржы агентіне қаражатты аударуды уәкілетті орган тиісті қаржы жылында қаржыландырудың жеке жоспарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агентінің арнайы шотындағы шартқа сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Субсидиялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы шотынан түскен қаражат бір траншпен ЕДБ-ның бірінде ашылған қаржы агентінің операторлық арнайы шотына аударылады.

      34. Қаржы агенті субсидияны ЕДБ-де ашылған қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотынан тиісті ағымдағы шоттарына аударады. Бұл ретте ЕДБ-ге осы ағымдағы шотты жүргізу (субсидия сомасын есептен шығару, аудару, қайтару, өтеу) үшін комиссия алуға рұқсат етілмейді.

      35. Қаржы агенті қарыз алушылардың төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен ЕДБ ағымдағы шотына субсидияны аударады, қарыз алушы, өңір атауын, субсидия сомасын және төлем жүзеге асырылған кезеңді көрсетіп, электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы өкімнің (бұдан әрі – өкім) көшірмесін жібере отырып, ЕДБ хабардар етеді.

      36. Қаржы агенті ағымдағы шоттан операторлық шотқа субсидиялау тоқтаған және тоқтата тұрған кредиттер бойынша, сондай-ақ субсидияларды қолданыстағы және субсидиялау үшін жаңа мақұлданған жобаларға жіберу үшін олар бойынша кредит толық және мерзімінен бұрын ішінара жүргізілген субсидия қаражатын қайтаруды қамтамасыз етеді.

      37. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотындағы субсидия қаражатының ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған қалдығы есепті қаржы жылы үшін қарыз алушыдан қабылданған өтініш бойынша, сондай-ақ қарыз алушының қарауда жатқан өтініштері бойынша келесі қаржы жылында пайдаланылуы мүмкін.

      38. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотына орналастырылған қаражат бойынша ЕДБ сыйақы аударған жағдайда алынған сыйақыны қаржы агентінің кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша өз бағдарламасын іске асыру үшін пайдалануына рұқсат етіледі.

3-параграф. ЕДБ-нің қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияны есептен шығару шарттары

      39. ЕДБ қаржы агентінен алынған өкімге сәйкес қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін толық өтеген жағдайда қаржы агентінің ағымдағы шотынан әрбір қарыз алушы бойынша субсидияны есептен шығарады.

      40. Қарыз алушының негізгі борышы ішінара не толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, ЕДБ қаржы агентін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп, кейін субсидиялау шартына қосымша келісімді және банктік қарыз шартына жасалған қосымша келісімнің көшірмесін қоса бере отырып хабардар етеді.

      41. ЕДБ қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігі бойынша берешекті толық өтегенге дейін қаржы агентінің ағымдағы шотынан:

      1) қарыз алушы күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді орындамаған;

      2) қарыз алушы 3 (үш) ай қатарынан төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді орындамаған;

      3) қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша рәсімдер жүргізілген жағдайларда субсидияны есептен шығармайды.

      ЕДБ қаржы агентімен ақпарат алмасудың электрондық арнасы болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне көрсетілген жағдайлар бойынша жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      42. Осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаржы агенті ЕДБ-тен тиісті хабарлама алғанға дейін кейінгі субсидияны уақытша аудармайды.

      43. ЕДБ қаржы агентіне осы Қағидалардың 40 және 41-тармақтарында көзделген мерзімдерде уақтылы хабарламаған жағдайда, күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.

4-параграф. Банктік қарыз шартына өзгерістер енгізген кезде қарыз алушыны субсидиялау тәртібі

      44. Егер қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартының шарттары (сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдік кезең, төлемдер төлеу бойынша жеңілдік кезең, мерзімін ұзарту, өтеу күні, қарыз алушының атауын өзгерту, борышты аудару, міндеттемелерді қайта құрылымдау) өзгерген жағдайда, ЕДБ қаржы агентіне тиісті құжаттарды қоса бере отырып, тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы мәселені қаржы агентінің отырысында алқалық қарайды.

      Қараудың қорытындысы бойынша қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылданады және шешімнің көшірмесі ЕДБ-ге жіберіледі.

      45. Қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шарты шарттарының өзге де өзгерістері бойынша ЕДБ қаржы агентіне хабарлама жібереді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына енгізілетін өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады және ЕДБ-ге жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      46. Қарыз алушының банктік қарыз шартының (оған қосымша келісімнің) шарттарына сәйкес қаржы агенті ол бойынша ЕДБ-ның сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеуге және (немесе) негізгі борышты өтеуге жеңілдік кезең берілген (мерзімі ұзартылған) субсидияны аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте жеңілдік кезеңнің мерзімі (ұзартылған мерзім) қаржы агентінің шешімінде көрсетіледі.

5-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      47. Қаржы агенті мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредит мақсатсыз пайдаланылған;

      2) жоба және (немесе) қарыз алушы Бағдарламаның және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген;

      3) қарыз алушы төлемдер кестесіне сәйкес ЕДБ-ның алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;

      4) қарыз алушының шоттарына тыйым салынған жағдайларда қарыз алушыны субсидиялауды тоқтата тұрады.

      48. Осы Қағидалардың 47-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды анықтау мақсатында ЕДБ жоба іске асырылатын жерге барып, ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен есеп жасай отырып, қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізеді.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің қарыз алушы бекіткен жоспарынан 3 (үш) айдан астам артта қалған жағдайда, ЕДБ - ны субсидиялауды тоқтату үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне хабарлама жібереді.

      49. Қаржы агенті субсидия төлеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЕДБ-ны және қарыз алушыны субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.

      50. Қаржы агенті осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген фактілер белгіленгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Шешімде субсидиялауды тоқтату (қайта бастау) туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау субсидиялау тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.

      51. Қарыз алушы субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда, қаржы агенті белгіленген тәртіпте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      52. Қаржы агенті қабылданған шешім туралы хаттаманы (хаттамадан үзінді-көшірмені) отырыс өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ЕДБ-ге және қарыз алушыға жібереді.

      53. Қарыз алушының кредиті бойынша субсидиялауды қайта бастауға осы Қағидалардың 47-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар бойынша субсидиялауды тоқтату себептері жойылған кезде жол беріледі.

      Қарыз алушының кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ЕДБ сот тәртібінде осы Қағидалар шеңберінде жасалған субсидиялау шарты бойынша қарыз алушы төлеген субсидияны қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

      Субсидияның өндірілген сомасы қаржы агентінің операторлық шотына қайтарылуға жатады.

      54. Қаржы агенті субсидиялауды қайта бастау туралы қабылданған шешім бойынша тоқтатылған кезеңде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 47-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, субсидия төлеуді қайта жалғастыру кредит бойынша мерзімі өткен күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агентінің шешімі бар кредиттер қайта беруге жатпайды.

      55. Қарыз алушыны субсидиялауды толық тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті біржақты тәртіппен қарыз алушыны субсидиялау шартын бұзу туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және шарттың талаптарына сәйкес субсидиялау шартын бұзады.

      56. Субсидиялауды тоқтату үшін мыналар:

      1) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы кредитті толық өтеуі. Бұл ретте, қарыз өтелген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) қарыз алушының субсидиялауды тоқтату туралы шешімі;

      3) субсидиялау шартының қарыз алушының бастамасы бойынша бұзылуы негіз болып табылады.

4-тарау. Қаржы агентінің субсидиялауды және мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      57. Қаржы агенті:

      1) ЕДБ ұсынатын деректер негізінде қарыз алушының төлем тәртібін ай сайын мониторингтеуді;

      2) алынған және төлем жасалған субсидиялар бойынша жүйелі түрде есеп жүргізуді;

      3) қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;

      4) қарыз алушының Бағдарлама және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді;

      5) осы тармақтың 1-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мониторинг тәртібін, мерзімін, есептілік нысанын белгілеуді жүзеге асырады.

      58. Қаржы агенті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агентіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      Қаржы агенті сыйақының есептелуін және ЕДБ төлеген қаражатты тексеруді жүзеге асырады.

      59. Қаржы агенті уәкілетті органға ай сайын:

      1) есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есепті;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-і (он бесі) күніне дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушылар бөлінісінде іске асырылатын жобалар туралы жиынтық мәліметтерді;

      3) қабылданған міндеттер мен қалған қаражаттарды субсидиялау жоспары бойынша есеп осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер және қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп жібереді.

      60. Қаржы агенті ай сайын ҚТҚЖБ-ға, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізілген жобалар туралы мәліметтерді жібереді.

      61. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, қарыз алушының кредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтелген, қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімдері жүргізілген жағдайда, ЕДБ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін береді.

      Бұл ретте, ЕДБ салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді.

      Өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін қаржы агенті мен ЕДБ оны орындау бойынша іс-әрекет жасайды.

      62. Қаржы агенті ЕДБ-ден (қажет болған кезде қарыз алушыдан) қажетті құжаттарды және мониторингтің мәніне жататын, оның ішінде банктік және салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады, бұл ретте ЕДБ қаржы агенті сұратқан ақпаратты ұсынуға міндетті.

      63. Қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг ЕДБ мен қарыз алушы ұсынатын деректердің негізінде және жоба іске асырылатын жерге барып жүзеге асырылады, жергілікті жерге барудың нәтижелері бойынша мониторинг туралы есеп қалыптастырылады, оған ЕДБ, қарыз алушы мен қаржы агенті бұрыштама қояды, бұл ретте мониторингтің тәртібін, мерзімділігі мен мерзімін, сондай-ақ есептіліктің нысандарын қаржы агенті белгілейді. Жоба іске асырылатын жерге баруды ұйымдастыру қарыз алушы есебінен іске асырылады.

      64. Мониторинг жүргізілген күні өтелген не қаржы агенті шешімінің негізінде олар бойынша субсидиялау тоқтаған кредиттер мониторингтеуге жатпайды.

      65. Қарыз алушылардың құрылыс, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске қосу және өзге де объективті себептері сатысында тұрған жобалары бойынша қаржы агенті қарыз алушы жобасының ерекшеліктерін негізге ала отырып, ескертулерді жою үшін қосымша мерзім береді. Жоба бойынша едәуір ауытқу болған жағдайда қаржы агенті осындай жобаларды одан әрі субсидиялаудың орындылығы тұрғысынан шешім қабылдайды.

      66. Қаржы агенті қарыз алушының Бағдарлама шарттарын бұзғаны және (немесе) кредитті мақсатты пайдаланбағаны анықталған жағдайлар бойынша қарыз алушының жобасы бойынша субсидиялауды тоқтата тұрады, ол осы Қағидалардың 3-тарауының 5-параграфына сәйкес субсидиялауды тоқтатады.

      67. Қаржы агентінің субсидиялау бойынша көрсеткен қызметіне төлем тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде төленеді.

      Қызмет көрсету үшін қаржы агентіне комиссия төлеу уәкілетті орган мен қаржы агентінің арасында жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемерін
субсидиялау" қағидаларына
1-қосымша

"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қаржы агенті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-гедейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-гедейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-гедейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз құжаттардың түсуіне қарай көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама;
2) іске асырылатын жобаның сипаттамасы (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады);
3) жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ-ның хаты;
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;
5) объект туралы ақпарат (таныстырулар, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жоспары, пәтерлердің алаңы және саны), оның ішінде электрондық түрде.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) анық емес деректер (мәліметтер) ұсыну;
2) Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурстарда орналастырылған:
- көрсетілетін қызметті беруші: info@ kmc. kz.
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган: www. kds. miid. gov. kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемерін
субсидиялау қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысаны
  Қайда: Қаржы агентіне
_____________________
_____________________
Кімнен: _____________
_____________________

Субсидия алуға арналған № ____ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Сізден жобаны іске асыру бойынша кредитті субсидиялау туралы мәселені _____________________ қарауына төменде көрсетілгендерге сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәлімет

ЖКС атауы

Құрылтайшы (-лар) туралы деректер

Заңды мекенжайы

Нақты мекенжайы

Пошталық мекенжайы

Мемлекеттік тіркеу/ қайта тіркеу күні, нөмірі

Қызмет түрлері

Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания

Жұмыс тәжірибесі

      2. Басшылық

      Бірінші басшысы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Жұмыс/үй телефоны

Туған жері және туған жылы

жеке басын куәландыратын құжаттың №

Тұрғылықты жері (нақты)

Тіркелген жері

Жұмыс тәжірибесі

      Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)

      Байланыс жасаушы тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы

Жұмыс/үй телефоны

      3. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)

Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

%

Деректемелер

      4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес)

Кіші сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес)

Өнімдер мен қызметтердің түрлері

Жылдық айналым

Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын

Жұмыскерлердің нақты саны

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)

Жұмыс орындарының саны

      5. Банк шоттары туралы ақпарат

      Банк деректемелері (барлық қызмет көрсететін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):________________________________

      6. Тарихы

      ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1

2

      7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: _______________/_______________

Р/с

Кредитордың атауы

БҚШ деректемелері ( № , күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит валютасы

Кредит сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы)

      8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

МК /МҚШ атауы

МДИ атауы

Қосымша ақпарат

      9. Кепілдіктер мен келісімдер

      ЖКС қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агентінің сұрау салуы бойынша қаржы агентіне тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, қаржы агентін дереу хабардар етіледі.

      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат қаржы агентінің алғашқы талап етуі бойынша беріледі және ашылады.

      3. ЖКС-дан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалған, толық емес және (немесе) жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      4. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.

      5. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, аталған деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтініш кері қайтарылуы мүмкін екеніне келісемін.

      ЖКС қаржы агентіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:

      1. Қаржы агенті осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенті талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылады.

      3. Қаржы агенті ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру мүмкіндігін өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, қаржы агентінде сақталатын болады.

      4. Қаржы агентінің осы өтінішті қарау үшін қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) қаржы агентінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін қаржы агентіне наразылық білдірмеймін.

      10. Қосымшалар

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________

      (қолы)

      Күні

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БҚШ

банктік қарыз шарты

  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      ___________________________

      (ЕДБ толық атауы)

_____________ ________________ аралығындағы кезең үшін субсидиялау туралы есеп

ЕДБ атауы

Өңір атауы

Қарыз алушы атауы

IBAN коды*

БСН

1

2

3

4

5

БҚШ (қосымша келісімнің) нөмірі

БҚШ (қосымша келісімнің) күні

Кредит (транш) сомасы

Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

6

7

8

9

10

Субсидиялау шартының күні

Кезеңде қаржы агенті аударған субсидиялар сомасы

Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы

Кредит бойынша мерзімі өткізілген күндер саны

Кредиттің (транштың) мақсатты пайдаланылуын нақтылау

11

12

13

14

15

      Лауазымды тұлға ______________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      М.О.

      Жауапты жұмыскер ________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: * - ЕДБ-нің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.

  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

Банктік қарыз шартының (қосымша келісімнің) нөмірі

Банктік қарыз шартының (қосымша келісімнің) күні

Кредит бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің көлемі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының нөмірі

6

7

8

9

10

Барлық қарастырылған субсидиялар

Барлық аударылған субсидиялар

Соның ішінде есептік айға

Тоқтата тұрылған/ тоқтатылған субсидиялар бойынша субсидиялардың қайтарылған сомасы

11

12

13

14

  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

________жылғы "____"__________жобалар туралы мәліметтер

Өңір атауы

ЕДБ атауы

Құрылыс салушы атауы

Жоба атауы

Жоба құны

1

2

3

4

5

6

Объектінің жалпы алаңы

оның ішінде:

Пайдалануға беру мерзімі

Өткізілген пәтерлер саны

коммерциялық

пәтер алаңы

жоспарлы

нақты

мың шаршы метр

барлығы

оның ішінде бекітілген бағада

7

8

9

10

11

12

13

14

  Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

________жылғы "____"__________ субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер және қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп

  теңге

Р/с

Кезеңнің басындағы қалдық

Ағымдағы жылы түскен қаражат

Тоқтата тұрылған/тоқтатылған субсидиялар бойынша ЕДБ-дан қайтарылған сома

Аударылды

Кезеңнің соңындағы қалдық

1

2

3

4

5

6

Субсидиялаудың барлық кезеңі үшін қабылданған міндеттемелердің төленбеген субсидияларсыз қалдығы

Субсидиялау үшін қаражаттың болжамды қалдығы (6-7-бағандар)

7

8

Назад к документу

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 31 қаңтар 2017) V1700014765

t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 292402
    Қазақ тілінде 145435
    Орыс тілінде 145414
    Ағылшын тілінде 1553
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы