Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтарда N 1350 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 06.12.2017 № 11-1-2/576 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.

Министр

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер Министрiнiң
2000 жылғы 21 қарашадағы N 264
бұйрығымен бекiтiлдi

Консулдық заңдастыру
Ережелері

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "консулдық мекемелер", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекемелермен", "консулдық мекемеде", "шет елде" деген сөздер тиісінше "шет елдік мекемелер", "шет елдердегі мекемелерде", "шет елдердегі мекемелермен", "шетелдегі мекемелер", "шет елде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 08-1/262 бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Консулдық заңдастыру (бұдан әрі - заңдастыру) дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.

      Заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.

      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету заңдастырудың мақсаты болып табылады.

      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      3. Заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады:

      1) шетелде - Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерi;

      2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi).

      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Консулдың тапсырмасы бойынша заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады.

      Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығарған құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды.

      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлерді заңдастырылған жағдайда ғана қарауына қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 20.08.2015 № 11-1-2/348 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Алынып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 № 08-1-1-1/613 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.

      7-1. Заңдастыруға жатпайды:

      1) туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттар; жүргізуші куәліктері;

      2) әскери билеттер, шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктер;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, өзге де құжаттар мен актілер.

      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262; жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 № 08-1-1-1/613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Қазақстан Республикасының шетелдегі шет елдік мекемелермен
құжаттар мен актiлердi заңдастыру

      8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс.

      9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңнамасына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.

      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi.

      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Консулдық қызмет департаментіне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.

      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады.

      13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратылған құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады.

3. Құжаттар мен актiлердi Қазақстан Республикасында заңдастыру

      14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң шет елдік мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады.

      15. Алынып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 № 08-1-1-1/613 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде және Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс.

      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады.

      18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс.

      18-1. Құжаттар мен актілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу үшін Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне ресми түсіндіру алу үшін сұрау салады.

      Ескерту 3-тарау 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 11.12.2015 № 11-1-2/567 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге
қойылатын талаптар. Заңдастыру жазбасын жасау

      19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады.

      20. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің құрылтайшылық құжаттары нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.

      Ескерту 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а 2014.10.17 № 08-1-1-1/463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе шет елдік мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi.

      22. Консулдың құжаттың немесе актінің аудармасын нотариалдық куәландыруы оның заңдастырылуына теңестірілмейді.

      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс.

      Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды.

      24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады.

      25. Құжаттың немесе актiнiң осы Ережелердің талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады (1, 2-қосымша).

      Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      26. Шет елдік мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi ( 3-қосымша).

      Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      27. Осы Ережелерге сәйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан "Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес консулдық алым алынады.

      Ескерту 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а 2014.10.17 № 08-1-1-1/463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 және 7-1 тармақтарда аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады.

      Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

  Консулдық заңдастыру
ережелеріне
1-Қосымша

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi

      Консулдық қызмет департаментiнің

      заңдастыру жазуының үлгісі

      Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылды.

      This document is legalized in Department of Consular Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.

      Бөлiм бастығы

      Head of the section_____________________

      қолы/signature

  Консулдық заңдастыру
ережелеріне
2-Қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 № 08-1-1-1/613 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің
заңдастыру жазуының үлгісі

      Осы құжат __________________________________________ заңдастырылды.

      (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)

      his document is legalized in ______________________________________

      (name of the embassy/ consulate general /consulate of

      the Republic of Kazakhstan)

      № _____________

      20 ____ ж. "__" ______________

      Консул/consul ________________

      қолы/signature

  3 қосымша

      Консулдық заңдастыру

      Ережелеріне

      Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.07 N 08-1/262 бұйрығымен.

Заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу жөніндегі реестр

Заңдастыру күні

Құжаттардың атауы, кімнің атына, кім және қашан берді, берілу күні және нөмірі

Өтініш жасаушының аты-жөні

Өтініш жасаушы паспорты N, кім және қашан берді

Консулдық алымның сомасы

Іс жүзіндегі шығындардың сомасы

Квитанциясының нөмірі

өтініш жасаушының қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Назад к документу

Заңдар - Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы (өзгертулер 21 қараша 2000) V000001350_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы