< Назад к документу

Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тiркеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1329 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күші бар Жарлығының 84-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің        
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1329 қаулысымен   
бекiтiлген      

Азаматтық және эксперименттік авиация
әуеайлақтарын мемлекеттік тiркеу
ЕРЕЖЕСI

Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
      Осы Ереже азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын (меншiк нысанына қарамастан) мемлекеттiк тiркеудi жүргiзудiң, Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) берудiң тәртібiн белгiлейдi.
      Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеудi және куәлiк берудi азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      2. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде авиация қолданатын уақытша әуеайлақтарды қоспағанда, әуеайлақтар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      3. Әуе кемелерiнің ұшуын, қонуын, рульдеуiн, тұрағын және оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшін арнайы дайындалған және жабдықталған құрылыстар кешенi ретiндегi азаматтық және эксперименттік авиацияның әуеайлақтары мемлекеттiк тiркеудiң объектiлерi болып табылады.
      4. Тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесi осы Ереженің 5-тармағында белгіленедi.

Өтiнiштер беру және әуеайлақтарды
мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      5. Әуеайлақты мемлекеттiк тiркеу үшiн оның иесi (пайдаланушы) уәкiлеттi органға (iлеспе хатпен бiрге) мынадай құжаттарды:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесiн, жеке тұлға үшiн - жеке куәліктiң немесе төлқұжаттың көшiрмесiн, немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылдағаны туралы iшкi iстер органдарының анықтамасын және тиiстi мемлекеттiк орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттың көшiрмесiн;
      3) жеке тұлға үшiн - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктің көшiрмесiн;
      4) әуеайлақ орналасқан жер учаскесiне берiлген құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың нотариалды расталған көшiрмесiн;
      5) әуеайлаққа меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық және басқа) нотариалды расталған көшiрмелерiн;
      6) әуеайлаққа тиiстi сыныпты берудi растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      7) әуеайлақтың техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны туралы (елдi мекен) ақпаратты ұсынады.
      6. Егер әуеайлақ заңды тұлға филиалының (құрылымдық бөлiмшенiң) теңгерiмiнде (уақытша пайдалануында) болса, осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттармен қоса, әуеайлақтың иесi (пайдаланушы) уәкілетті органға әуеайлақты осы филиалдың (құрылымдық бөлiмшенiң) теңгерiмiне (уақытша пайдалануына) беру туралы iшкi актінің (бұйрықтың, өкiмнiң) көшiрмесiн ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
      7. Уәкілетті орган өтiнiш түскен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында белгiленген құжаттардың толықтығын, сәйкестігін (бap болуын) тексередi.
      8. Егер өтiнiш және/немесе оған қоса берiлген құжаттар осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, уәкiлеттi орган қайтарудың себебiн көрсетiп, оларды өтiнiш берушiге қайтарады.
      9. Уәкiлеттi органның өтiнiштi және барлық қажеттi құжаттарды тiркеген күнi өтінiштің түскен күнi деп есептеледі.
      10. Уәкiлеттi органға болған өзгерiстер туралы уақтылы хабарламау және жалған мәлiметтер ұсыну әуеайлақты мемлекеттік тiркеуден бас тартуға әкеп соқтырады.
      11. Осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда өтiнiш беруші 10 күнтізбелiк күннен аспайтын мерзiмде ұсынылған өтінiште және/немесе құжаттарда қамтылған өзгерiстер туралы қосымша мәлiметтердi уәкiлетті органға ұсынады.
      12. Әуеайлақты тiркеу белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеу журналында (бұдан әрi - журнал) ресiмделедi.
      Журналды жүргізудi уәкiлетті орган жүзеге асырады.

Куәлiк берудiң тәртiбi

      13. Барлық құжаттар толық (бар) болған және олар белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлетті орган журналға әуеайлақ туралы тиiстi мәлiметтердi енгiзедi және өтiнiш берушiге куәлiк (осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес) бередi.
      14. Өтінiш берушiге берiлетiн куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және оның уәкiлетті орган беретiн тиiсті сериялық нөмiрi болады.
      15. Өтінiш берушi куәлiктi алған кезде (өтiнiш берушiнiң өкілі - тиiсті нотариалды расталған сенiмхат бойынша) уәкiлетті органда сақталатын куәлiктiң көшiрмесiне (мұрағаттық нұсқада) қол қояды.
      16. Куәлiк жоғалған (ұрланған) немесе бүлiнген жағдайда өтінiш берушi (әуеайлақтың иесi) уәкiлетті органға куәлiктiң телнұсқасын беру туралы тиiстi өтiнішпен (куәлiктiң жоғалу немесе ұрлану фактісiн растайтын құжаттарды қоса берумен) жүгiнедi.
      Мұндай жағдайда, уәкiлеттi орган 20 күнтiзбелiк күнге дейiнгi мерзiмде өтiнiш берушiге сол нөмiрiмен және күнмен куәлiктiң телнұсқасын бередi және журналға тиiстi жазба жасайды.
      17. Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк әуеайлақ заңнамада белгiленген тәртiппен таратылғанға дейiн қолданылады.

Азаматтық және эксперименттік
авиация әуеайлақтарын     
мемлекеттiк тiркеу ережесiне
1-қосымша          

Азаматтық және эксперименттiк авиация
әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеуге арналған
өтiнiш

1. ________________________________________________________________
(өтiніш берушi - заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)
___________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы (тұрғылықты мекен-жайы - жеке тұлға үшiн)
Телефон _____________________________ Факс ________________________

        (заңды тұлға үшін - заңды тұлға басшысының аты-жөнi)
атынан ____________________________________________________________
        (орналасқан жерi, елдi мекенi, географиялық координаттары)

әуеайлағын тіркеуді сұрайды.
2. Әуеайлақ _______________________________________________________
        (әуеайлаққа берiлген құқық (меншiк, шаруашылық жүргiзу,

жедел басқару, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқықтары, өзге
де құқықтар, осы құқықтарға ауыртпалық түсiру, сондай-ақ кепiлдiк
туралы ақпарат)
3. Әуейлақ қызметiнiң саласын қысқаша сипаттау:

4. Қосымша мәлiметтер:

      M.O.                              __________________
                                         (қолы, аты-жөнi)

Азаматтық және эксперименттік
авиация әуеайлақтарын     
мемлекеттiк тiркеу ережесiне
2-қосымша          

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
ЕЛТАҢБАСЫ

УӘКIЛЕТТІ ОРГАН

Азаматтық және эксперименттiк авиация әуеайлақтарын
мемлекеттiк тiркеу туралы
КУӘЛIК

N __________ сериясы __________

Астана қаласы                     200_ жылғы "___" _________

Азаматтық авиация және эксперименттік авиация әуе айлақтарын
мемлекеттік тiркеу туралы осы куәлік ______________________________
______________________________________________________ берiлдi және
   (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi)

         (әуеайлақтың атауы, орналасқан орны)

әуеайлақтың мемлекеттiк тiркелуiн растайды.

мемлекеттiк тiркеу туралы осы куәлiк аталған әуеайлақ белгiленген
тәртiппен таратылғанға дейiн қолданылады.

      М.О.                        Уәкiлетті органның басшысы
                                 ____________________________
                                           (қолы)

Назад к документу

Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тiркеу ережесiн бекiту туралы (өзгертулер 15 желтоқсан 2004) P040001329_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 286623
    Қазақ тілінде 142619
    Орыс тілінде 142458
    Ағылшын тілінде 1546
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы