Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6463 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.04.2020 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министрдің міндетін атқарушы Д. Көтербеков

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушысының
2010 жылғы 13 тамыздағы
№ 359 бұйрығымен
бекітілген

Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.04.2020 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан аудандардағы елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;

      2) жүк құжаттамасы - жүкті тасымалдау шарттары, жөнелтілетін салмақ, жөнелту және тағайындау пункттері көрсетілген тасымалдаушының маршруты бойынша жүкті тасымалдаудағы жүкті жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісімшартты растау үшін қолданылатын, алдын ала сәйкестендіріліп басылған тасымалдаушының құжаты. Нақты рейс орындайтын әуе кемесінің бортына жүкті тиеуді жүзеге асыратын кез келген қону пункті (алғашқы немесе маршруттағы) жөнелту пункті болып табылады, ал жүкті түсіретін бірінші тиісті пункт белгіленген пункт болып табылады (тасымал қай жерде басталғанына және соңында бұл тасымал жүк қағазына сәйкес қайда аяқталатына байланысты емес);

      3) шартты авиабағыт - авиабағыт куәлігі бар Қазақстан Республикасының тағайындалған тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын халықаралық авиамаршрут;

      4) көмек көрсетуге арналған тасымалдар - табиғи апат немесе төтенше жағдайларда (апат, эпидемия және т.б.) көмек көрсету мақсатында персоналды және керек-жарақтарды тасымалдау үшін гуманитарлық мақсатта орындалатын тұрақты емес рейстер, санитарлық рейстер, сондай-ақ, қалпына келтіру апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жасалатын ұшулар;

      5) туристік чартерлі рейс - тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы шарт негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады, осыған сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс;

      6) жеке мақсатында немесе қызметтік сапардағы чартерлік рейс - бұл жолаушыларды және/немесе жүкті тасымалдау үшін өз мақсатында жеке немесе заңды тұлғамен тығыз байланыста болатын және тура немесе қосымша жеке немесе заңды тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары толығымен осы жеке немесе заңды тұлғамен жабылатын, тұрақты рейс емес;

      7) чартерлік жүк рейстер бағдарламасы - бір ғана пайдаланушының әуе кемелерімен бір бағыт бойынша жүйелі орындалатын тұрақты емес жүк авиатасымалдары;

      8) тұрақты емес ұшуларды біржақты орындау - қазақстандық авиакомпаниялар отыз күнде екіден аз жиілікпен тұрақты емес ұшуларды орындайтын авиациялық маршруттар бойынша жолаушыларды және/немесе жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында азаматтық әуе кемелерінің шетел пайдаланушыларының тұрақты емес ұшуларын орындауы.

      3. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Қазақстандық пайдаланушыларын азаматтық әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған шарттары және келісу тәртібі

      4. Көрсетілетін қызмет берушінің келісімінсіз шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екіұдай мақсаттағы өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына жол берілмейді. Көрсетілетін қызмет беруші өз кезегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен оның құзыреті шегінде келісуді жүзеге асырады.

      5. Көрсетілетін қызмет беруші шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ екі мақсатқа арналған өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушыларының халықаралық ұшуын жүзеге асыруды азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушысының немесе оның өкілінің Азаматтық авиация комитетіне жіберген өтінімнің негізінде келіседі, онда мынадай деректер болуы тиіс:

      пайдаланушының атауы;

      Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі - ХААҰ) үш әріпті коды және рейс нөмірі;

      ұшу күні;

      әуе кемесінің үлгісі;

      ұшудың толық авиабағыты;

      фрахта ұйымының атауы көрсетілген ұшу мақсаты және тасымалданатын жүктің тізбесі;

      жіберуші жақ және (немесе) жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен жайы, телефоны);

      қарсы алушы жақ және (немесе) жүк қабылдаушы (толық атауы, мекен жайы, телефон);

      лауазымдық тұлғаның қолы.

      6. Қазақстандық пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі келісу үшін жолдаған өтінімді Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (АІР) жарияланған (бұдан әрі - аэронавигациялық ақпарат жинағында) белгіленген арналар бойынша Азаматтық авиация комитетіне ұшуды орындау күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс.

3-тарау. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауына рұқсаттарды берудің талаптары мен тәртібі

      7. Заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - қызмет алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге аэронавигациялық ұйымына аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары бойынша ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсатты алуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім):

      2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) электронды көшірмесі;

      3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің электронды көшірмесі;

      4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің электронды көшірмесі;

      5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;

      6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) электронды көшірмесі.

      Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады:

      әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатын;

      ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.

      Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізімі, соның ішінде рәсімнің сипаттамасы, көрсетудің нысаны, мазмұны және нәтижесі, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескеретін басқа да ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметінің стандартында (бұдан әрі - стандарт) мазмұндалған.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінімді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуы көрстілетін қызметті алушыға аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған белгіленген арналар арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күнді құрайды.

      11. Көрсетілетін қызмет беруші тиісті өтінімі бойынша өтінімнің дұрыс рәсімделуін және берілген құжаттардың осы Қағиданың 7-тармағында сәйкес толық болуын тексереді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының әуежайларымен қону, ұшу, әуе кемесін қабылдау және қызмет көрсету шарттарын, метеорологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ аэронавигация ұйымы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемесіне аэронавигациялық қызмет көрсетудің төлем шарттарын жүргізеді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсатты ресімдейді және жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болып келесі саналады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарға сәйкес келмеуі.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      15. Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат көрсетілетін қызмет алушыға оның әрекет ету күнінен бастап 72 сағат мерзімге беріледі.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттік қызметті алу шарттары:

      1) келісілген авиабағыт бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінім беру, тұрақты емес ұшулардың келесі түрлерін қоспағанда:

      көмек көрсету үшін тасымалдауды;

      жеке мақсаттарында немесе қызметтік сапарда пайдалану чартерлік рейстерді;

      салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын бір жолғы ұшуларға жол берілмейді;

      2) жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарда не көмек көрсету үшін орындалатын тасымалдарды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;

      3) егер шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің чартерлі рейсі Қазақстан Республикасының аумағында құралатын жолаушылар тобын коммерциялық тасымалдаумен байланысты жоспарланатын болса, мыналарды қоспағанда:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының күзетілудегі және басқа да лауазымдық тұлғаларды тасымалдауды;

      көмек көрсетуге арналған тасымалдауларды;

      жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапардағы чартерлі рейстерді;

      Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдары мен шет мемлекеттің авиациялық билік органдары арасындағы жазба уағдаластықтар шеңберінде орындалатын ұшуларды;

      қазақстандық авиакомпаниялардың чартерлік ұшуларды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда;

      шетелдік авиакомпания Қазақстан Республикасының авиакомпанияларына шектеулер бар мемлекеттерге чартерлік рейсті орындау өтінімін берген жағдайда, тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;

      4) көмек көрсету және жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарлар үшін чартерлік рейстерді орындауды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;

      5) көмек көрсету немесе жеке мақсатында орындау үшін тасымалдауды немесе Чартерлік рейсті қоспағанда егер шетелдік пайдаланушы әуе кемесінің тұрақты емес ұшуы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды/жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында жүзеге асырылса және мұндай рейсті орындау құқығы Қазақстан Республикасы Қатысушы болып табылатын халықаралық шарттың ережелерінде көзделмеген болса тұрақты емес рейс орындауға жол берілмейді;

      6) бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшудың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін өтінім бірінші ұшуды орындауға дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей түсуі қажет;

      7) егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса, рұқсаттар пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде беріледі;

      8) өзара байланысты бірнеше тұрақты емес ұшулардың (төрт немесе бес ұшулар) серияларын мемтекеттік қызмет алғашқы ұшу орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн мерзімге дейін беріледі;

      9) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға мемтекеттік қызмет алты айдан артық емес мерзімге беріледі.

4-тарау. Рұқсатты рәсімдеу және олардың мүдделі ұйымдарға берілуін қамтамасыз ету

      19. Шетелдік пайдаланушылардың әуе кемелерінде тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы немесе оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.

      Рұқсат нөмірі осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркеу мемлекетінің реттік кодын иелену арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.

      20. Бекітілген рұқсат орнатылған байланыс арналары бойынша өтінім берушінің мекен жайына, сондай-ақ "Қазаэронавигация" РМК және ұшу/қону әуежайларына жіберіледі.

      Пайдаланушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша рұқсат қосымша ағылшын тілінде рәсімделеді.

5-тарау. Қонбай орындалатын ұшуды орындауға алдын ала хабарлама беру тәртібі

      20-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонуды жүзеге асырмайтын ұшулар әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұшуды орындау туралы алдын ала хабарламаны ұсынған кезде орындалады.

      20-2. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама ұшуды орындау күніне дейін 1 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ұйымына аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған белгіленген байланыс арналары бойынша жіберіледі.

      20-3. Ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама мынадай деректерді қамтиды:

      пайдаланушының атауы, толық пошталық мекенжайы және байланыс деректері;

      ИКАО коды және рейс нөмірі;

      әуе кемесінің типі және тіркеу нөмірі;

      әуе кемесінің ең ауыр ұшу салмағы;

      әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;

      ұшу мақсаты;

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;

      бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;

      аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді төлеудің болжамды нысаны.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Халықаралық тұрақты емес (чартерлік) рейстер үшін шетелдік авиакомпаниялары рұқсат алуға беретін құжаттар рейсті орындау күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде сақталады.

      22. Халықаралық тұрақты емес (чартерлік) ұшуларды орындауға шетелдік авиакомпанялардан берілетін өтінімдер және халықаралық тұрақты емес (чартерлік) ұшуларға берілген рұқсаттар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.

      23. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы ұсынылатын алдын ала хабарламалар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.

  Халықаралық тұрақты емес
ұшуды орындауға рұқсаттар
беру және оны беруден бас
тарту негіздерінің
қағидаларына
1-қосымша

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат алуға өтінім

      1. Пайдаланушының атауы және толық пошталық мекенжайы:

      _______________________________________________________________________________.

      2. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды және рейс нөмірі:

      3. Әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы:

      4. әуе кемесі тіркелген мемлекет: ____________________________________________.

      5. әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және

      олардың азаматтығы: _____________________________________________________________.

      6. Ұшу мақсаты:

      7. Жолаушылардың (жүктердің) болуы және олардың саны: ______________________.

      8. Жолаушыларды (жүктерді) жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу

      пункттері: ______________________________________________________________________.

      9. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын,

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне (кеңістігінен) кіру (шығу) нүктелерін көрсете

      отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты және кестесі:

      ________________________________________________________________________________

      10. Жүк жөнелтуші (толық атауы, мекенжайы, телефоны):

      11. Жүкті алушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны):

      12. Навигациялық және байланыс жабдығының типі: ____________________________.

      13. Бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарының, қару-жарағының және әскери

      техникасының болуы: ____________________________________________________________.

      14. Әуежайлар және аэронавигация қызметтері үшін болжамды төлем нысандары:

      15. Лауазымды адамның қолы, телефоны: ______________________________________.

  Халықаралық тұрақты емес
ұшуды орындауға рұқсаттар
беру және оны беруден бас
тарту негіздерінің
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары)

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, ұялы байланыс абоненттік құрылғысын көрсету

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күн;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсету нысаны: Электронды / қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қвзмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметі берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылады:
1) өтінім:
2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) көшірмесі;
3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі;
5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің көшірмесі;
6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының көшірмесін;

Мемлекеттік қызметтерді аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арнасы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға ұсынылады:

әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының электронды көшірмесін;

Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қвзмет алушыға бас тарту себебі көрсетілен жауапты жолдайды:

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,
Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар

1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www. miid. gov. kz ("Азаматтық авиация комитетi" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.
3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414

  Халықаралық тұрақты емес
ұшуды орындауға рұқсаттар
беру және оны беруден бас
тарту негіздерінің
қағидаларына
3-қосымша

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат

      _____ жылғы "___" ___________ № ___ шығыс құжатқа

      Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат берілді:

      (рейстер нөмірі, пайдаланушының атауы, әуе кемесінің типі

      (негізгі және резервтік),

      әуе кемесінің тіркеу нөмірі (негізгі және резервтік), ұшудың күні, толық маршруты,

      әуе кеңістігіне/нен кіру мен шығудың нүктелері және уақыты)

      Рұқсат № ______________________

      (рұқсттың нөмірі көрсетіледі)

      Ұшудың мақсаты _______________

      Ерекше жағдайлар _________________________________________________________

      (әуежайлық пен аэронавигациялық алымдарды төлеудің әдісі мен нысаны көрсетіледі)

      Уәкілетті органның басшысы

      __________________________

      (қолы)

      ____ жылғы "____" _____________                        М.О. (болған кезде)

  Халықаралық тұрақты емес
ұшуды орындауға рұқсаттар
беру және оны беруден бас
тарту негіздерінің
қағидаларына
4-қосымша

Шетел әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларға берілетін рұқсаттардағы беру кезінде қолданылатын мемлекеттердің тізбесі және олардың реттік нөмірлері

код

Мемлекет

код

Мемлекет

код

Мемлекет

001

Аустралия

067

Камбоджа

133

Румыния

002

Аустрия

068

Камерун

134

Сальвадор

003

Әзербайжан

069

Канада

135

Самоа

004

Албания

070

Қатар

136

Сан-Марино

005

Алжир

071

Кения

137

Сан-Томе және Принсипи

006

Ангола

072

Кипр

138

Сауд Арабия

007

Андорра

073

Кирибати

139

Свазиленд

008

Антигуа және Барбуда

074

Қытай

140

Сейшел Аралдары

009

Аргентина

075

Колумбия

141

Сенегал

010

Армения

076

Комора Аралдары

142

Сент-Винсент және Гренадины

011

Ауғанстан

077

Конго

143

Сент-Китс және Невис

012

Багама Аралдары

078

Солтүстік Корея

144

Сент-Люсия

013

Бангладеш

079

Коста-Рика

145

Сербия

014

Барбадос

080

Кот-д'Ивуар

146

Сингапур

015

Бахрейн

081

Куба

147

Сирия

016

Беларусь

082

Кувейт

148

Словакия

017

Белиз

083

Қырғызстан

149

Словения

018

Бельгия

084

Лаос

150

Ұлыбритания

019

Бенин

085

Латвия

151

Америка Құрама Штаттары

020

Болгария

086

Лесото

152

Соломон Аралдары

021

Боливия

087

Либерия

153

Сомали

022

Босния және Герцеговина

088

Ливан

154

Судан

023

Ботсвана

089

Ливия

155

Суринам

024

Бразилия

090

Литва

156

Сьерра-Леоне

025

Бруней

091

Люксембург

157

Тәжікстан

026

Буркина-Фасо

092

Маврикий

158

Таиланд

027

Бурунди

093

Мавритания

159

Тимор-Лешти

028

Бутан

094

Мадагаскар

160

Того

029

Македония

095

Малави

161

Тонга

030

Вануату

096

Малайзия

162

Тринидад және Тобаго

031

Мажарстан

097

Мали

163

Тунис

032

Венесуэла

098

Мальдивтер

164

Түрікменстан

033

Вьетнам

099

Мальта

165

Түркия

034

Габон

100

Марокко

166

Уганда

035

Гаити

101

Маршаллов Аралдары

167

Өзбекстан

036

Гайана

102

Мексика

168

Украина

037

Гамбия

103

Микронезия (Федеративті Штаттары)

169

Уругвай

038

Гана

104

Мозамбик

170

Фиджи

039

Гватемала

105

Монако

171

Филиппиндер

040

Гвинея

106

Моңғолия

172

Финляндия

041

Гвинея-Бисау

107

Мьянма

173

Франция

042

Германия

108

Намибия

174

Хорватия

043

Гондурас

109

Науру

175

Орталық Африка Республикасы

044

Гренада

110

Непал

176

Чад

045

Грекия

111

Нигер

177

Черногория

046

Грузия

112

Нигерия

178

Чехия

047

Гонконг

113

Нидерланды

179

Чили

048

Дания

114

Никарагуа

180

Швейцария

049

Конго

115

Жаңа Зеландия

181

Швеция

050

Джибути

116

Норвегия

182

Шри-Ланка

051

Доминикан

117

Танзания

183

Эквадор

052

Мысыр

118

Біріккен Араб Әмірліктері

184

Экваторлық Гвинея

053

Замбия

119

Оман

185

Эритрея

054

Зимбабве

120

Кука Аралдары

186

Эстония

055

Израиль

121

Пәкістан

187

Эфиопия

056

Үндістан

122

Палау

188

Оңтүстік Африка

057

Индонезия

123

Панама

189

Оңтүстік Судан

058

Иордания

124

Папуа-Жаңа Гвинея

190

Ямайка

059

Ирак

125

Парагвай

191

Жапония

060

Иран

126

Перу

061

Ирландия

127

Польша

062

Исландия

128

Португалия

063

Испания

129

Оңтүстік Корея

064

Италия

130

Молдова

065

Кабо-Верде

131

Ресей

066

Йемен

132

Руанда

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздағы
№ 359 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізілімі

      1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2003 ж., № 43-48, 895-құжат жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3029 болып тіркелген);

      3. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      4. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4130 болып тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде № 61-62 (1041-1042) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      5. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 шілдедегі № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4316 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 тамызда № 147 (1127), 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 162 (1142) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      6. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 наурыздағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2007 ж., № 5, 258-құжат жарияланған);

      7. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5336 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазанда № 166 (1566) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      8. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5583 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1646) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      9. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2009 жылғы 18 мамырдағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5698 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда № 92 (1689) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      10. Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген).

Назад к документу

Заңдар - Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 13 тамыз 2010) V100006463_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 334669
    Қазақ тілінде 165929
    Орыс тілінде 166785
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы