Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Көшi-қонға бақылау жасауды күшейту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 241 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Халықтың көшi-қон туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының  21-бабына  сәйкес, шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiн және онда болуын бақылауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат, N 27, 320-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi.
      Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс.
      Көшi-қон карточкалары:
      паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелетiн адамдарға;
      Қазақстан Республикасының визасы бар адамдарға;
      әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
      поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға;
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына;
      халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi.
      Көшi-қон карточкасын беру ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органдар айқындайды.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк азаматтар бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдiк азаматтарды тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Тiркеу шетелдiк азаматтың ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен аспайтын кезеңге ресiмделедi.
      Қазақстан Республикасымен келудiң және болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу тоқсан тәулiктен аспайтын мерзiмге жүргiзiледi және кейiннен дәл осындай мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар шетелдiк азаматтарды тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi.
      Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдiк азаматтарды тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi.
      Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін.";
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден мыналарға бас тартылуы мүмкiн:
      1) алдын ала заңсыз көшiп келушiлерге, сондай-ақ өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қылмыс жасағаны үшiн қудаланушы көшiп-келушілерге;
      2) тұрақты тұратын жерi қылмыс жасағанға дейiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
      3) адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған адамдарға;
      4) оралмандардан басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем қабiлеттiгiн растау қағазын ұсынбаған адамдарға;
      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкілеттi органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында эпидемияның туындауына себеп болуы мүмкiн ауруы бар адамдарға;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлeттi органның, iшкi iстер органдарының және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң дәлелдi шешiмiнiң негiзiнде Шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесi туралы заңнаманы бұзған адамдарға.
      Тұрақты тұру рұқсатын және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.";
      36-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Оларды ұстау Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген тәртiппен iшкi iстер органының арнайы мекемелерiнде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Кедендiк бақылау агенттiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 2003 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде көшi-қон карточкаларын берудiң бiрыңғай ережесiн әзiрлесiн, оларды ресiмдеу жөнiндегi функцияларды мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде ҰҚК Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерiне, ал олар болмаған жерлерде - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң қызметкерлерiне жүктесін.
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi шетел азаматтарына жолаушы көлiгiнiң жол жүру кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiне келгенге дейiн тасымалдаушылардың көшi-қон карточкаларының бланктерiн алдын ала беруiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының Жол қатынастары министрлiгiмен Қазақстан Республикасының бақылау органдарын Ресей темiр жол басқармасының қарамағындағы темiр жол учаскелерiндегi темiр жол өткiзу пункттерiнде орналастыруды келiссiн және жолаушы және жүк тасушы поездардың шекаралық және кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi уақытқа тоқтап тұруын белгілесiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Қаржы министрлiгi көшi-қон бақылауын жүзеге асыру кезiнде ведомстволық жүйелердiң, оның iшiнде "TAИC" және "Бүркiт" жүйелерiнiң пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38 Қаулысымен.

      5. Осы қаулы жарияланған сәттен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Назад к документу

Заңдар - Көшi-қонға бақылау жасауды күшейту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы (өзгертулер 13 наурыз 2003) P030000241_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы