Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қазандағы N 974 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
26 сәуірдегі N 329  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) 2-тармақ алып тасталсын;
      3) 5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
      4) 6-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы мыналарды:
      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасын;
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындалған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 25, 26-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 20 қазандағы 
N№974 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2006 жылғы 26 сәуірдегі 
N 329 қаулысымен    
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Спорт комитеті, Туризм индустриясы комитеті.
      Ведомствоның өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының құзыреті мен тәртібін Министр белгілейді.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-іс құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Министрліктің құрылымын Министрдің келісімінен кейін Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
      Ведомстволар, департаменттер мен басқармалар Министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
      Министрліктің департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Министрліктің аппараты болып табылады.

      8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33.

      9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Министрліктің негізгі міндеті туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.

      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік басқару;
      салааралық үйлестіру;
      халықаралық шарттарды әзірлейді және жасайды;
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады;
      өзінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманың қолданылу практикасын қорытады;
      өзінің құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      туристік қызметтер нарығындағы бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілеріне нарықта тең жағдайлар жасайды;
      туристерді тәрбиелеуге, білім беруге және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасайды;
      азаматтардың саяхат жасау кезіндегі қажеттілігін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамытуға жәрдемдеседі;
      туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының кірісін ұлғайтуға жәрдемдеседі;
      халықаралық туристік байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
      туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;
      ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдеседі;
      туризм индустриясын дамыту, туризмге инвестициялар тарту жөніндегі саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жүзеге асырады;
      отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдеседі;
      туристік өнімді ішкі және әлемдік туристік нарықтарда жылжытуға жәрдемдеседі;
      елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, оларды есепке алу мен қорғауды қамтамасыз етеді;
      мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп, туристердің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлейді;
      туристік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттаудың тәртібін белгілейді;
      техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, стандарттау мәселелерін реттейді;
      ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді;
      спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтар беру жөніндегі төртжылдық (олимпиадалық) циклге біліктілік талаптарын белгілейді;
      жаттықтырушылар, нұсқаушылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      тұрғын үй аудандарын, әкімшілік ғимараттарды, мектепке дейінгі мекемелерді және оқу орындарын қолданыстағы қала құрылысы нормалары негізінде спорттық ғимараттармен қамтамасыз етудің нормативтерін әзірлейді;
      дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
      спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
      жергілікті атқарушы органдардың, туристік және меншік нысанына қарамастан туристік қызмет саласындағы басқа да ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
      ведомстволық статистикалық есептілікті жүзеге асырады, спорттық ұйымдардан статистикалық ақпаратты алады;
      салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы құрмет атақтарын береді;
      спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің және республикалық спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің нормативтерін әзірлейді;
      спорттық ғимараттарды пайдаланудың нормалары мен ережелерін, спорттық ғимараттарға техникалық қызмет көрсету мен оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
      халықтың дене дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      спорттық ғимараттар құрылысына арналған жобалық құжаттаманы келіседі және спорттық жабдықты өндіру кезінде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында сертификаттау мен стандарттауға қатысады;
      спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолданудың тәртібін белгілейді;
      спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды берудің тәртібін айқындайды.

      15. Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функцияларды жүктейді:
      мемлекеттік саясатты іске асыру;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылау;
      лицензиялау;
      халықаралық шарттарды орындау, халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда Қазақстанды білдіру;
      туроператорларды, турагенттерді және туристерді уақытша тұратын елдегі (орындағы) олар үшін мүмкін болатын қауіптер туралы хабардар ету;
      туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарға туристік қызмет субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      туристердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру;
      туристік нарыққа зерттеулер жүргізу, Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және оны халықаралық туристік нарық пен мемлекет ішінде тарату;
      спорттық атақтар мен санаттар беру;
      спорт түрлерінен, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерінен, бұқаралық спорттан республикалық және халықаралық жарыстарды өткізу;
      Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстардан жарақат алған және мертіккен кезде бюджеттік қаражат есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға дайындау мен қатысу кезінде бюджеттік қаражат есебінен сақтандыруды жүзеге асыру;
      дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорттың практикасына енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды әрі қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу;
      жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыру;
      спорттағы допингке қарсы іс-шаралар жүргізуді бақылау;
      жыл сайын түрлі спорт түрлерінен федерациялардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамын бекіту;
      балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, олимпиадалық резервтің спорт мектептерінде, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында және олимпиадалық даярлық орталықтарында спорт резервін даярлау жөнінде жұмыс жүргізу;
      спорттық киімдер мен басқа да спорттық жабдықтарды безендіру кезінде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат беру.

      16. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      өзінің құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      17. Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.

      18. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің екі орынбасары (вице-министрлері) болады. Вице-министрлерді қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Үкіметі министрдің ұсынысы бойынша жүзеге асырады.

      19. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

      20. Осы мақсаттарда Министр:
      1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелеу шараларын қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      6) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді.

      21. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің немесе оның орнын алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.

      22. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      23. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттігінің тоқтауына әкелмейді.

      24. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      25. Жауапты хатшы:
      1) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласында министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орталық атқарушы орган штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорларын және басқармаларының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) Министрдің комитеттер төрағалары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер төрағаларының орынбасарларын тағайындауын келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрліктің басшысы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрмен келіскеннен кейін органды қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік органның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      26. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.

      27. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      28. Министрліктің министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан алқаның сандық және дербес құрамын бекітеді.

      29. Министрлік қызметін ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, Министрліктің қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Министрліктің регламентінде және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.

  4. Министрліктің мүлкі

      30. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

      31. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      32. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке республика заңнамасында белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

  5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      33. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан   Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (өзгертулер 20 қазан 2007) P070000974_

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341098
    Қазақ тілінде 169027
    Орыс тілінде 170064
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы