Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Ғылым" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 48 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ғылым» акционерлік қоғамы таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» және «Ғылым қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқықтарын тарату комиссиясы бергеннен кейін оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 832 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 653-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-131-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-154-жолмен толықтырылсын:
      «21-154. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы»;
      «Алматы қаласы» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-141-жолмен толықтырылсын:
      «123-141. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 222-39-3-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-5, 222-39-6-жолдармен толықтырылсын:
      «222-39-5. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ;
      222-39-6. «Ғылым қоры» АҚ».
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 24-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26, 27-жолдармен толықтырылсын:
      «26. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
      27. Ғылым қоры».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Назад к документу

Заңдар - "Ғылым" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (өзгертулер 28 қаңтар 2013) P1300000048

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341480
    Қазақ тілінде 169207
    Орыс тілінде 170253
    Ағылшын тілінде 2020
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы