Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 370 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 598-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ерікті түрде тапсырылған барлық атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар заңнамада белгіленген тәртіппен кәдеге жаратуға жатады.
      Антикварлық қару (орталық соққыдағы біртұтас патрондармен атуға арналып жасалған атыс қаруынан басқа, 1899 жылға дейін жасалған атыс қаруы) және мәдени құндылығы бар қару комиссияның шешімі бойынша Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің заттай коллекцияларына немесе мұражайларына берілуі мүмкін.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар үшін азаматтарға сыйақы белгілеу туралы мәселелерді комиссия шешеді.
      Комиссия құрамы облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі әрі тыл және қаржылық қамтамасыз ету, лицензиялық-рұқсат беру жұмысы, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, жедел-криминалистикалық және ақпараттық-техникалық қызметтер бөлімшелерінің қызметкерлерінен тұрады.
      Комиссия төрағасы болып қалалық немесе аудандық ішкі істер органының (бұдан әрі – ҚАІІО) бастығы орынбасарларының бірі тағайындалады.
      Комиссия хатшысы болып комиссия отырысын ұйымдастыратын ҚАІІО-ның лицензиялық-рұқсат беру жұмысының қызметкері тағайындалады.»;
      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Көзделген тексерулерді жүргізгеннен кейін комиссия тапсырылатын заттардың, құралдардың техникалық жай-күйі мен сыйақылар мөлшері туралы екі данада (1-қосымша) жазбаша қорытынды шығарады, оны ҚАІІО бастығы бекітеді және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. ҚАІІО комиссияларының жұмыс материалдарын апта сайын облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ішкі істер департаменттері жинақтайды, есептіліктің бекітілген нысандары бойынша Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының тиісті қызметтеріне (әкімшілік және криминалдық полиция комитеттері және қаржылық қамтамасыз ету департаментіне) жібереді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеруі қажет.»;
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      «18-1. Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін айқындау кезінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес 3 санатты қолданады.
      1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100 %-ы есебінен жүргізіледі.
      2-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі.
      3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 %-ы есебінен жүргізіледі.»;
      Ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң      
2013 жылғы 17 cәуірдегі
№ 370 қаулысына    
1-қосымша       

Ережеге 1-қосымша

                                       «БЕКІТЕМІН»
                                       __________________ ІІО бастығы
                                       ______________________________
                                       201   жылғы «  »

     Азаматтар тапсыратын атыс қаруының, жарылғыш заттардың,
   оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін
             сыйақы белгілеу жөніндегі комиссияның
                          ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Төрағасы: ___________________________________________________________
Комиссия мүшелері: 1) _______________________________________________
                   2) _______________________________________________
                   3) _______________________________________________
                   4) __________________________ құрамындағы комиссия
______________________________________ тұратын азамат _______________
         (үйінің мекенжайы)                               (Т.А.Ә.)
______________________________________________________________ қаруды
      (атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
___________________________________________________ жарылғыш заттарды
               (атауы, салмағы, саны)
____________________________________________________ оқ-дәріні ерікті
          (саны, калибрі, қандай қарудан)
түрде тапсыруы туралы материалдарды қарап, олардың техникалық
жай-күйін тексеріп, мыналарды

                              АНЫҚТАДЫ:

Азамат ____________________________________________________ тапсырған
                              (Т.А.Ә.)
________________________________ қаруға _____________________________
жарылғыш заттарға _________________________________________ оқ-дәріге
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы «___» _____ № __ қаулысы
қолданылды, оларды тапсырғаны үшін:
қаруға ______________ - еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
жарылғыш заттарға ___ - еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
оқ-дәріге ___________ - еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
сыйақы төлеу қажет.
Мынадай себептер бойынша ____________________________________________
_____________________________________________________________________
тапсырылған қаруға жоғарыда көрсетілген қаулының күші қолданылмайды

                   (қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар)
Төлеуге жататын жиыны: ______________________________________________
                                       (cомасы жазумен)

Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
                  ___________________________________________________

201__ жылғы «___» ______________

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң      
2013 жылғы 17 cәуірдегі
№ 370 қаулысына    
2-қосымша       

Ережеге 2-қосымша

Атыс қаруының санаттары

      1. 1-санаттағы қаруға:
      1) пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;
      2) бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.

      2. 2-санаттағы қаруға:
      пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.
      Оған:
      1) декоративтік, коррозияға қарсы жабындары мен элементтері ішінара (жергілікті) жоғалған; жөндеу арқылы жойылатын немесе орны толатын, зақымдаудан немесе жоғалудан болған жекелеген ақаулықтары;
      2) дұрыс жинамаудан, ретке келтірмеуден немесе кірлеуден туындайтын, ауыстырмай немесе қалпына келтірмей жөндеу не тазалау және майлау арқылы жойылатын, жекелеген тораптар мен тетіктердің қызмет көрсетуінде бұзушылықтары немесе ақаулықтары;
      3) жойылғаннан кейін бетінде айтарлықтай ақау қалдырмайтын бөлшектердің сыртқы және ішкі жабындарында аз байқалатын жергілікті коррозиясы бар қарулар жатады.

      3. 3-санаттағы қаруға:
      негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.
      Оған:
      1) бөлшектердің сыртқы және ішкі жабындарының кеңінен коррозияға ұшырауы немесе оның терең ойық түріндегі іздері; коррозиялық процестер салдарынан бөлшектердің пішіні мен көлемінің өзгеруі; сыналану және коррозиядан болған тетіктер функцияларының өзге де бұзылулары;
      2) ұңғының жабылуына кедергі келтіретін немесе қаруға механикалық әсер ету кезінде (шайқау, соғу, ұру, «қирауға» күш салу) олардың өздігінен ашылуына әкелетін тетікті жабатын бөлшектердің бұзылуы немесе болмауы;
      3) ұңғының кез келген бөлігіндегі жарылу, майысу, қампаю түріндегі бұзылулары;
      4) ұңғының стандарттық профилі мен көлеміне және оның арналарына, патрон салатын орындарға (қоспаларын қыру, жонып өңдеу, үлкейту, кеңейту, бұрғылау, тығыздау) енгізілген өзгерістері;
      5) мамандандырылған шеберханалар жағдайынан тыс жасалған (дәнекерлеу, балқыту, бандаждар орнату, сынықтарды біріктіру, жамаулар мен қаптамалардың, өздігінен жасалған қару бөлшектерінің немесе қарудың басқа модельдері бөлшектерінің және оларды басқа алмастырушылардың болуы) жөндеу белгілері бар;
      6) кездейсоқ атуға алып келетін (сыртқы шүріппелердің сақтандырушы взводтарының тозуы, сақтандырғыштардың өздігінен қосылуы немесе олардың оқталғаннан кейін жұмыс істемеуі) сақтандыру құрылғыларының ақаулықтары;
      7) соғу-басу тетігі бөлшектерінің тозуынан болған немесе оларға өзгерістер енгізу жолымен әдейі қол жеткізілген қарудың тиісті модельдері немесе топтары үшін белгіленген нормамен салыстырғанда оқталған жағдайдан шүріппені (сыртқы шүріппелердің) басу үшін қажет күштің 20 пайыздан астамға азаюы;
      8) қалыппен қосылған жерінде табанның қозғалуы (люфт); табанның бұзылуынан, жабу тетігі бөлшектерінің бұзылуынан туындаған қалыпқа қатысты ұңғының қозғалуы (люфт); ұңғының тұрақты бөлігі мен қалыптың арасында 0,2 мм-ден асатын саңылаудың болуы;
      9) табанның бұзылуы, табанның пішіні мен мөлшерін стандарттық түрмен салыстырғанда өздігінен өзгертулері бар қарулар жатады.

Назад к документу

Заңдар - "Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (өзгертулер 17 сәуір 2013) P1300000370

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341350
    Қазақ тілінде 169144
    Орыс тілінде 170191
    Ағылшын тілінде 2015
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы