< Назад к документу

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 846 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мынадай деп белгіленсін:

      1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету жағдайларына қолданылмайды;

      2) осы қаулының 1-тармағы 3) тармақшасының талаптары, әкімшілік персоналын қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдарына (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт) және халыққа қызмет көрсетумен байланысты ұйымдарға ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Назад к документу

Заңдар - "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (өзгертулер 30 қараша 2021) P2100000846

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 846 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мынадай деп белгіленсін:

      1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету жағдайларына қолданылмайды;

      2) осы қаулының 1-тармағы 3) тармақшасының талаптары, әкімшілік персоналын қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдарына (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт) және халыққа қызмет көрсетумен байланысты ұйымдарға ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Соңғы құжаттар
Соңғы рет өзгертілген
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 322534
    Қазақ тілінде 160121
    Орыс тілінде 160467
    Ағылшын тілінде 1946
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы