1. Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залал сомасына бағалау жүргізсін, әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы Роман Васильевич Скляр Комиссия жұмысының нәтижелері мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министрдің міндетін атқарушы
|
Ә. Смайылов
|
| |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 2-ө өкіміне қосымша |
Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Скляр Роман Васильевич
|
-
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы, Комиссияның төрағасы
|
Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі, Комиссия төрағасының орынбасары
|
Бүркітбаев
Жандос Қонысұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
|
Ильин
Юрий Викторович
|
-
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
|
Таласов
Мұхамеджан Қадыржанұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
|
Сарсенов
Сакен Сейітжаппарұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
|
Каринова
Шолпан Таңатқызы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі
|
Біржанов
Ержан Ерікұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
|
Жаналинов
Данияр Еренғалиұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
|
Әбдіқадыров
Әлішер Елісұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
|
Мырзахметов
Абылай Исабекұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
|