Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 маусымда № 20809 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.01.2021 № ҚР ДСМ-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-43/2020
бұйрығына қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2022 № ҚР ДСМ -22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 73, 91-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      5. "Салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті телемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінін (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметі" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Стандарттың 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "www.egov.kz", "www.elicense.kz" (бұдан әрі –портал) жібереді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мынадай мәліметтерді алады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

      3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы;

      4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;

      5) ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;

      6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;

      7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

      8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

      9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

      10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;

      11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда) мәлімет алады.

      12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ болған жағдайда).

      9. Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың және портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

      Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.

      10. Егер құжаттар Стандарттың 8-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші:

      1) портал арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді келісу туралы сұрау салу жібереді;

      2) ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тәртіп бойынша тыңдау жүргізеді;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға алғаш өтінім берілген өндірістік базада рұқсат беру бақылауын (лицензия берілгенге дейін) жүргізеді.

      11. Медициналық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді келісу не келісуден бас тарту туралы жауапты келісуші орган көрсетілетін қызметті берушіден сұрау түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне (дәлелді бас тартуға) дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес ресімдейді.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.

      Ескертулер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасай отырып, әрбір ескертуді дәлелдейді және көрсетілетін қызметті алушыға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

      14. Рұқсат беру бақылауы медициналық қызметті жүзеге асыруға алғаш өтінім берілген бақылау объектісіне шыға отырып, профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, егер өндірістік базада медициналық қызмет лицензия (оған қосымша) негізінде жүзеге асырылса, онда көрсетілетін қызметті алушыдан лицензияға қосымшаны, оның ішінде Заңның 1-қосымшасымен бекітілген бірінші санаттағы рұқсаттар тізбесінің 15-тармағына сәйкес басқа да мамандықтар бойынша беруге өтінім келіп түскен кезде осы өндірістік базада рұқсат беру бақылауы жүргізілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы бақылау объектісіне бару уақыты мен күні туралы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе өтініште көрсетілген электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарлама жіберу арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, бару басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабардар етіледі.

      15. Рұқсаттық бақылау барысында (өндірістік базаға барған кезде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Стандарттың 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді.

      16. Рұқсаттық бақылау аудио, фото-немесе бейнефикасацияны қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің "лицензиялау порталы" ішкі ақпараттық жүйесінде сақталады.

      17. Рұқсаттық бақылаудың қорытындысында көрсетілетін қызметті берушінің атауы, рұқсаттық бақылауды жүргізген маманның деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы), бақылау объектісінің деректері (орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру коды немесе жеке сәйкестендіру коды, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы), сондай-ақ медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарының барлық тармақтары бойынша ақпарат көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР-ЖЖМ-148/2020 "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21502 болып тіркелген).

      18. Егер көрсетілетін қызметті алушының медициналық қызметтің кіші түрін жүзеге асыратын орны басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте болса, құжаттарды қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру бақылауын жүргізу үшін алдағы қызметті жүзеге асыру орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу мен құжаттарды жібереді.

      Бұл ретте, объектіге бару күні мен уақыты туралы рұқсат беру бақылауын жүргізетін көрсетілетін қызметті беруші хабарлайды.

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап порталға:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      қағаз нысанында берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, қайта ресімдеу, сондай-ақ лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      23. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ҚР Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      24. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      25. Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      26. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"www.egov.kz", "www.elіcense.kz" "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсетудің нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:
1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Құжаттар тізбесі

1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Стандартқа 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны;
жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда); меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда)куәландыратын растайтын құжат;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде;
осы Стандартқа 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаныңтелнұсқасын алу үшін:
осы Стандартқа 4-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 5-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғаның филиалының осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға сондай-ақ рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алды;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурсында көрсетілген kmfk@dsm.gov.kz.
4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

      Нысан

Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны

      Олардың бар/жоғын растайтын мәлімет:

            1. Меншік құқығына немесе жалдау шарты немесе жылжымайтын мүлікті (несиені)
өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шарты немесе мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарты құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар және көрсетілген үй-жайдың
(ғимараттың)қабаттық жоспары: Жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы мәліметтер
      1) кадастрлық нөмірі ________________
      2) орналасқан жері ___________________
      3) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі ______________
      4) жалдау туралы шарттың нөмірі__________________
      5) жалдау туралы шарттың күні __________________
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе өндірістік базаға
хабарлама талонының болуы:
      ___________________________________________________________________
(тіркеу нөмірі, берілген күні, берген орган)

            3. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және
(немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз,
мүкәммал, көлік және басқа да құралдар:

р/с №

Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, Көлік және басқа да құралдардың атауы (пайдалану құжаттамасы, паспорт бойынша)

Өндіруші ел (өндіруші, тіркеу куәлігінің нөмірі мен күні туралы мәліметтер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміндегі деректерге сәйкес көрсетіледі)

Өлшем бірлігі

Саны

Шығарылған жылы
(шығарылған күні (пайдалану мерзімі) туралы мәліметтер жабдыққа арналған пайдалану құжаттарына сәйкес көрсетіледі)

Жағдайы (жұмысқа жарамды / жұмысқа жарамсыз)*

            Ескертпе:
      * Көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттық бақылау барысында медициналық
жабдықтың жұмыс істеп тұрғанын (жұмыс істеп тұрғанын) көрсетеді, ол үшін инвестициялар
және даму министрінің бұйрығына сәйкес деректерді, құжатты (өлшем құралдарын тексеру
туралы сертификат) ұсынады
      Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 "Өлшем
құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің
кезеңділігін белгілеу қағидалары және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы
сертификат нысаны" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
18094 болып тіркелген). 
      4. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі:
      Медициналық білімі туралы мәліметтер
      1) диплом бойынша мамандығы _________________
      2) диплом бойынша біліктілігі __________________
      3) диплом нөмірі ____________________________
      4) диплом сериясы ____________________________
      5) білім беру ұйымының толық атауы ________________
      6) түскен жылы __________________________
      7) аяқтаған жылы ___________________________
      8) дипломды нострификациялау туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда) ________
      5. Мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда
      мамандандыру немесе жетілдіру және біліктілікті арттырудың басқа да түрлері:
      Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы мәліметтер     
      1) құжаттың нөмірі __________________________________
      2) цикл атауы _______________________________
      3) оқыту ұйымының толық атауы __________________
      4) оқудың басталуы ______________________________
      5) оқуды аяқтау ___________________________
      6) сағат саны______________________________     
      7. Тиісті маман сертификаты:
      Маман сертификаты туралы мәліметтер
      1) маман сертификаты берілген мамандықтың атауы
      2) біліктілік санаты (бар болса)
      3) маман сертификатын берген орган
      4) тіркеу нөмірі
      5) берілген күні _______________________________________________
      6) сертификаттың қолданылу мерзімі ___________________________     
      6. Заңды тұлғаларда:
      Медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина
қызметкерлерінің штаты:
      Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәліметтер (заңды тұлға
үшін)
      ____________________________________________________________________
      (Денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
      (20___ жылғы"___" __________ жағдай бойынша)

р/с №

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Лауазымы

Білімі

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Дипломның нөмірі, сериясы диплом бойынша Мамандығы және біліктілігі

Білім беру ұйымының толық атауы Түскен жылы Аяқталу жылы

Дипломды нострификациялау туралы куәлік (қажет болған жағдайда)

            7. Жеке тұлғаларда – медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша
мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі:
      Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (жеке тұлға үшін)
      1) медициналық ұйымның атауы________________________
      2) ұйымның орналасқан жері ________________________________
      3) атқаратын қызметі _______________________________________
      4) мәлімделген мамандық бойынша жұмысқа қабылдау күні________
      5) жұмыстан босатылған күні ____________________________

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

      Нысан

            Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу
үшін өтініші

      (лицензиардың толық атауы)

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
      _____________________________________________________________
      (Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)
жүзеге асыруға ___________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымша(лардың)ның нөмір(лері)і, берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керестісінің астын сызу)
мынадай негіз (дер) бойынша (тиісті жолға қою қажет Х):
20__ жылғы "___" __________ № _________________ берілген лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.
      Мынадай негіздер бойынша (тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х):
      1) лицензиаттың жеке тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгеруі
      _____________________________________________________________________
      2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының өзгеруі

      3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайының өзгеруі
      ______________________________________________________________
      4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда,
лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны
объектімен бірге үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруы

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін
немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей
оның орналасқан мекенжайының өзгеруі_________
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған
жағдайларда _________________________________________________
      7) қызмет түрі атауының өзгеруі _____________________
      8) қызметтің кіші түрінің атауының өзгеруі ____________________
      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы: ________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, нөмірі) үйлер / ғимараттар
(стационарлық үй-жайлар)
      Электрондық почта ____________________________________________
      Телефондары __________________________________________________
      Факс ____________________________________________________
      Банк шоты ____________________________________________
      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
      ___________________________________________________________

(стационарлық үй-жайлар) _________парақта қоса беріледі.
      Осымен:
      1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екенін;
2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып
табылатыны;
      4) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі
шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні, расталады.
      Жеке тұлға ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" _________

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

      Нысан

      Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеу үшін өтініші

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда
– шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
20__ жылғы "___" __________ № _________________ берілген

(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымша(лардың)ның нөмір(лері)і, берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керестісінің астын сызу) жүзеге асыруға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.
      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х):
      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 34-бабына сәйкес қайта ұйымдастыру:
      бірігу________________________________________________________
      қайта құру _________________________________________________
      қосу __________________________________________________
      бөлу ______________________________________________________
      айыру ____________________________________________________    
      2) заңды тұлға-лицензиаттың атауының өзгеруі ____________
      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі
      _______________________________________________________
      4) лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген
лицензияны, егер лицензияның иеліктен шығарылуы Заңға 1-қосымшада көзделген
жағдайларда, объектімен бірге үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруы
_________________________________________

оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту
      __________________________________________________________     
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың
болуы _________________________________________________
      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________
      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ___________________
      қағаз жеткізгіште ___________ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған
жағдайда тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х).
      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________
      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
      Электрондық почтасы ______________________________________
      Телефондары _________________________________________________
      Факс ________________________________________________________
      Банктік шоты ______________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
      Қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ____________________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі). ______парақта қоса беріледі.
      Осымен:
      1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларда беру
немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны беру мүмкін екені;

айналысуға сот тыйым салынбайтыны;
      3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні расталады;

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
      Басшы _____________ _____________________________________

4-қосымша

      Нысан

      Жеке тұлғаның лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу
үшін өтініші
______________________________________________________________________
(лицензиаттың толық атауы)

(қызмет түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін (кіші түрлерін) көрсету) жүзеге
асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді
сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________________

(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (мекенжайлары)

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, ғимарат үйінің
(стационарлық үй-жайдың нөмірі) _____ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатын және оларға
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екені расталады;
Ақпараттық ресурстарда қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ____________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" ________

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін өтініші

      _______________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________________
-дан/ден (заңды тұлғаның толық атауы, БСН)

(қызмет түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін (кіші түрлерін) көрсету) жүзеге асыруға
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________

(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы ______________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен:

      барлық көрсетілген мәліметтер ресми байланыс деректері болып табылатынын және оларға

бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екені;
өтініш иесіне қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сотпен тыйым салынбағаны;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатыны расталады;

      Ақпараттық ресурстарда қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы _______________________________________

Толтырылған күні: 20__ жылғы "___"_________

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші

      ________________________________________________________________________________

(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауын
көрсету) жүзеге асыруға
_______________________________________________________________________________
қағаз жеткізгіште (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда тиісті ұяшықты
көрсетіңіз Х) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ___________________________

(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, (стационарлық үй-
жайлар) нөмірі)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекен жайы)

(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
_________ парақта қоса беріледі.
Осымен:
1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін екендігі;

3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатыны расталады;

      4) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Толтырылған күні: 20 ___ жылғы "__" ______

  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуүшін өтініші

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, тұратын жері, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –
шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(кіші түрлерінің) толық атауын

Заңды тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________________________

(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,(стационарлық үй-

Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды)жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

жайының нөмірі)
_________ парақта қоса беріледі.

      Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

бойынша кез келген ақпаратты жіберу мүмкін екендігі;
1) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмайтыны;
2) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатыны расталады;
3) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық

Басшы ______________ _______________________________________

      Толтыру күні: 20__ жылғы "___"_____________

Назад к документу

Заңдар - "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы (өзгертулер 01 маусым 2020) V2000020809

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 334828
    Қазақ тілінде 166000
    Орыс тілінде 166873
    Ағылшын тілінде 1955
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы