Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.27. N 543 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерінің тiзбесi;
      2) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 43-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
      "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесi" деген І бөлiм мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
      "27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері";
      "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесі" деген ІІІ бөлім мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операциялары мен минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру бөлігінде)".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2004 жылғы 8 қаңтардағы    
N 19 қаулысымен       
бекiтілген       

  Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң
ТIЗБЕСI

  Жер пайдалану

      1. Улы, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды ластанған жерлердi қайта өңдеу.

  Су ресурстарын пайдалану

      2. Су объектiлерiнiң ластануы мен қоқысталуына әкеп соғатын ықтимал қауiптi химиялық әрi биологиялық заттарды және радиоактивтi материалдарды өндiрiстiк мақсатта пайдаланатын су жинау алаңдарында кәсiпорындар мен құрылыстар салу әрi орналастыру.
       3. (3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
      
  Мұнай операцияларын жүзеге асыру және техногендік минералдық құралымдарды пайдалану 

      Ескерту. Тарау және 4,5,6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

  Атмосфералық ауаға, Жердiң климаты мен озон қабатына әсер ету

      7. 1-2 қауiптiлiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру. 
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      8. Құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдаланып жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету.
      9. Экологиялық талаптар мен нормативтердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау туралы  Вена конвенциясы  және Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы бойынша мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен құрамында сондай заттар бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету.

  Өндiрiс қалдықтарын өңдеу, сақтау және жою

      10. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы  Базель конвенциясы  бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты 1-3 қауіптілік сыныбындағы қауіптi өндiрiс қалдықтарын өртеу, химиялық өңдеу, сақтау және көму, трансшекаралық тасымалдау.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
       10-1. Қоршаған ортаға Зиянды әсерiн тигізетiн техногендiк минералдық құралымдарды сақтау.
       Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

  Шаруашылық қызметтiң басқа да экологиялық қауiптi түрлерi

      11. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорықтық аймақ шегiндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыру, салу және қайта жаңарту және өзге де объектілердi пайдалану.
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      12. Қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетiн химиялық және биологиялық заттарды өндiру.
       Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 8 қаңтардағы   
N 19 қаулысымен      
бекiтiлген      

Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн мiндетті мемлекеттiк лицензиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес әзiрлендi, шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына заңды және жеке тұлғаларға лицензиялар берудің тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. Олар белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына лицензия берiледi.
      Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына белгiленген сондай шарттармен әрi сондай тәртiппен лицензия алады.
      3. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия басты болып табылады әрi иелiктен айырылмайды.
      Лицензия мерзiмi белгiленбей берiледi және оның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
      Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы мен Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен олардың құрамындағы өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге бiржолғы лицензия беріледi.

  2. Уытты, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды
заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары

       Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      Білiктілiк талаптары:
      1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
      2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
      білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) өлшемдер жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен):
      техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
      белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
      қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
      мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен, қауiптi зиянды заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалармен, үй-жайлармен және сыйымдылықтармен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
      3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органымен (бұдан әрi - аумақтық орган) келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламасының;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларының;
      6) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
      7) уәкілеттi органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
      8) қоршаған ортаға әсердi бағалау жобасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
      9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.

       2-1. Су объектілерiнiң ластануына әкеп соқтыратын ықтимал
қауiптi химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтi
материалдарды өндiрiстік мақсаттарда пайдаланатын
кәсiпорындар мен құрылыстардың су жинау алаңдарында салуды және орналастыруды жүзеге асыратын шаруашылық
 жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары

       Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      Бiлiктілiк талаптары:
      1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
      2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
      бiлiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
      техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдармен;

      қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
      мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
      аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
      санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
      су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен жарақталған тиiсті материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
      3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
      5) уәкілеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
      6) шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
      7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң болуын қамтиды.

       2-2. 1-2 қауiптілiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары

       Ескерту. 2-2-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      білiктілiк талаптарында көрсетiлген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
      белгіленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
      шектi жол берiлген шоғырланудан аспайтын деңгейлерге қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен;

      санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестігiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;

      5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
      6) шектi жол берілген төгiнділер мен қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;

       2-3. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдалана отырып
      жұмыстар жүргізудi, сондай-ақ құрамында озон бүлдiретiн
      заттары бар жабдықтарды жөндеудi, монтаждауды, оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары

       Ескерту. 2-3-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      Білiктілiк талаптары:
      1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, техникалық пайдалануды қолдану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн білуге білiктілiк тексерiсiнен өткен, озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
      2) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтардың технологиялық регламенттерi мен техникалық паспортының;
      3) озон қабатын бүлдiретiн заттарды алу және қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстік-техникалық базаның, мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, жабдықтардың;
      4) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың;
      5) жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бүлдiретiн заттарды есепке алу және тасымалдауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      6) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;
      7) өтiнiш берушiнiң бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.

  2-4. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасынан әкетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары

       Ескерту. 2-4-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      Білiктілiк талаптары:
      1) озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi жеткiзуге келiсiм-шарт, шарт көшiрмелерiнiң;
      2) озон қабатын бүлдiретiн заттарды әкелудiң болжалды көлемi мен олар құрамында бар өнiмдердiң мөлшерi (өрнегiн, сауда және химиялық атауын, СЭҚ ТН сауда нөмiрiнiң кодын, өнiм әкелiнетiн елдi көрсете отырып) туралы мәліметтердің;
      3) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;
      4) өтiнiш берушiнiң бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.

       2-5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және
оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты 1-3 қауiптілiк сыныбындағы өндiрiстiк қалдықтарды өңдеудi, сақтауды және жоюды, трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктілiк талаптары

       Ескерту. 2-5-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);

      белгiленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;

      мәлiмделiп отырған қызметтi жүргiзу қауiпсiздiгiне кепілдiк беретін инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивті қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);

      аумақтық органмен келiсілген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
      санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;

      4) аумақтық органмен келiсiлген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;

      6) зиянды (ластаушы) заттарды, өндiрiстік қауiпті қалдықтарды орналастыру, тасымалдау, тазалау және залалсыздандыру жөнiндегi объектілердің және қондырғылардың;
      7) өндiрiстік қалдықтарды орналастыру (жобада көзделген), қоршаған ортаның өндiрiстік қалдықтармен ластануы деңгейiн бағалау жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының;
      8) өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын сақтауға арналған паспорттардың болуын қамтиды.
      Өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын трансшекаралық тасымалдау кезiнде:
      1) өндiрiстік қалдықтарды пайдалану, қолдану туралы мәлiметтердiң;
      2) өндiрiстің қауiптi қалдықтарын тасымалдауға арналған лицензиялардың;

      4) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қауiптi заттарды есепке алу туралы ақпараттардың;
      5) өндiрiстiң қауіптi қалдықтарын қабылдауға кәсiпорындармен, ұйымдармен жасалған келiсiм-шарттар көшiрмелерiнiң болуын қамтиды;
      9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң;

       2-6. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлігіндегі мемлекеттік
қорықтық аймақтың шегіндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды
орналастыруды, салу мен қайта жаңартуды және өзге де
объектілердi пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары

       Ескерту. 2-6-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      Біліктілiк талаптары:

      білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық peттeу жөнiндегi уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
      техникаға қызмет көрсететін қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;

      қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгiленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
      мәлiмделiп отырған қызметті жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтік-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;

      санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен өтiнiш берушiнiң бiліктілік талаптарына сәйкестiгiн, растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;

      4) шекті жол берiлген шығарындылар, шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерінің жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
      5) аумақтық органмен келiсiлген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
      6) уәкілетті органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;

       2-7. Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигiзетiн химиялық және биологиялық заттар өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық
жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары

       Ескерту. 2-7-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.12.  N 340  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.05.18. N  423  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      білiктiлiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);

      белгіленген тәртіппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;

      мәлiмделiп отырған қызметтi жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);

      аумақтық органмен келiсiлген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
      санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;

      5) уәкілетті органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
      6) химиялық және биологиялық заттарды өндiру жөнiндегi жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;

  3. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар

      6. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға:
      1) нысанын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
      2) заңды немесе жеке тұлға туралы мәлiметтер - заңды тұлға үшiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің немесе заңды тұлға құрмай жұмыс iстеушi жеке кәсіпкердің мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      3) өтiнiш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      4) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты тапсырады.
      7. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше белгiленбесе, барлық құжаттармен бiрге өтiнiш берілген күннен бастап лицензия бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешіктiрілмей беріледi.
      8. Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеудiң ставкаларын, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық  кодексiне  сәйкес айқындалады.

  4. Лицензиялар беру тәртiбi мен шарттары

      9. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бiліктілiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сай субъектiге бередi.
      10. Лицензия қатаң есеп беру құжаты болып табылады әрi мемлекеттiк және орыс тілдерінде бiр данада ресімделедi.
      11. Жеке тұлғаның тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса беріп, бiр ай мерзімде лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      12. Атауы (Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның ішiнде ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерсе) өзгерген, заңды тұлғаның орналасқан жерi өзгерген (егер ол лицензияда көрсетiлсе) жағдайда ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса берiп, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш бередi.
      Лицензияны қайта ресімдеу лицензиат өтiнiшi тiркелген күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi. Лицензияны қайта ресiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым алынады.
      13. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиат оның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензия телнұсқасын берудi он күн iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi.
      14. Егер:
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн заңнамалық кесiмдермен қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға тыйым салынса;
      2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтiнiш беруші көрсетiлген кедергiлердi жойса, өтiнiшi жалпы негiздерде қаралады;
      3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым енгiзiлмесе;
      4) өтiнiш беруші белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
      5) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімi болса, лицензия берілмейдi.
      Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде уәждi жауап беріледi.
      15. Мынадай:
      1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
      2) лицензияда белгiленген қызмет түрiн лицензиаттың жүзеге асыруына сот тыйым салған;
      3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқта тұрған себептер жойылмаған;
      4) лицензия алу кезiнде лицензиат көпе-көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда лицензия қайтарып алынуы мүмкін.
      16. Лицензиар себептерiн көрсетiп, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұрады.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды сот лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша жүргiзедi.
      Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым беруге құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың орындылығы туралы сот шешiмi болған кезде оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиар осындай шешiмдi қабылдаған күннен бастап есептеледi.
      Олар бойынша лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қолданылуы жаңартылады.
      17. Мынадай:
      1) лицензия берiлген мерзiм аяқталған;
      2) лицензия жүзеге асыруға берiлген іс-әрекет толық көлемде жасалған;
      3) лицензия қайтарылған;
      4) заңды тұлға оның бip түрiнен екiншi түрiне қайта құрылған (ұйымдық құқықтық нысаны өзгерген) жағдайларды қоспағанда, лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азамат кәсiпкерлiк қызметi тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
      5) лицензия лицензиарға өз еркімен қайтарылған жағдайда лицензия күшiн тоқтатады.

  5. Есепке алу және бақылау

      18. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензия ережелерiн сақталуын лицензиар жүзеге асырады.
      Бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердiң сақталуын лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

  6. Ереженi бұзғаны үшін жауапкершілiк

      19. Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жауапкершiлiкке тартылады.

Назад к документу

Заңдар - Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiн бекiту туралы (өзгертулер 08 қаңтар 2004) P040000019_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341350
    Қазақ тілінде 169144
    Орыс тілінде 170191
    Ағылшын тілінде 2015
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы